Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚЕ-1-2 лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

1.5. Ақша эквиваленттерінің есебі

Ақша эквиваленттері – бұл депозиттік сертификаттар, мемлекеттік немесе өзге бағалы қағаздар, сондай-ақ қатаң есептіліктегі бланкілер түріндегі қысқа мерзімді, жоғары ликвидті инвестициялар.

Ақша эквиваленттері өзінің экономикалық маңызы бойынша халықаралық тәжірибеде ақшаға теңестіріледі. Сондықтан да олардың қозғалысын ұйымдастыру мен оған бақылау жасау – бір мезгілде, эмитент, сол сияқты инвестор болып қатысатын, ұйымдардың бухгалтерлік қызметінің ажырағысыз атрибуты болып саналады.

Инвестициялау процесін жақсы түсіну үшін мынадай белгілерге назар аудару қажет:

  • қағаздардың айналыс мерзімі мен кәсіпорын кассасында бағалы қағаздардың 1 жылдан аспайтын мерзімде сақталуы;

  • ұйымдардың кассаларында бағалы қағаздардың болуы, уақытша жұмсалмайтын қол ақшаның болуы мен онымен еркін монипуляция жасауды және салым жасауды растайды;

  • бағалы қағаздарға салынатын кез келген салым маңызды кіріс әкеліп, салған сомалдарды жоғалтып алу тәуекелін жоққа шығарады, мұндай инвестициялар қаржылық инвестициялар болып аталады.

Экономикалық әдебиеттерде инвестициялар, бағалы қағаздар жеткілікті түрде толық және егжей-тегжейлі жіктеледі. Сондықтан да бұл жерде оған тоқталып жатудың қажеттілігі жоқ. Бізге, ұйымның кассасында сақталатын, акциялар, облигациялар және өзге қаржылық инвестициялар сияқты, бағалы қағаздар – қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар есебі маңызды болып саналады. Бағалы қағаздарға салымдар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болады. Оны кем дегенде 1 жыл иелену ниетімен бағалы қағаздарға салатын салымдар қысқа мерзімдіге жатады. Мысалы, инвестор, бағам құнының көтерілуі нәтижесінде, алдағы уақытта оны қайта көтеріп сату мақсатымен оларды сатып алады, сөйтіп инвестор құндағы бағамдық айырмашылықтан кіріс алады.

Бағалы қағаздар есебінен бағалы қағаздар қозғалысы бойынша операцияларды дәл анықтау және инвестор мен эмитент тұлғалардан оларды қор нарықтарында өткізуден алған нәтижелерді бағалау сондай-ақ дивидендтердің көлемі мен есебі маңызды болып саналады. Кассирдің материалдық жауапкершілігіндегі кассадағы бағалы қағаздар ұйымның инвестор ретіндегі ақша салымдарының көлемін білдіреді.

Егер әңгіме эмитенттің бағалы қағаздар есебі туралы болып отырса, онда біз меншікті (өз) акцияларымыз бен облигацияларымызды және өзге бағалы қағаздарды шығару және орналастыру операцияларын жүзеге асырамыз. Ұйымның арнаулы қызметкері – тіркеушісі болады немесе олардың көлемі шағын және акционерлердің, инвесторлардың саны аз болғанда, бағалы қағаздардың есебін жүргізу, сақтау және оның қозғалысына жауаптылық міндеттері, әдетте ұйымның референт-хатшысына, хатшы-машинисткаға немесе менеджерге бекітіліп беріледі.

Эмитент тұлғадан бағалы қағаздар есебі – «Озық қаржылық есеп» курсында қарастырылады.

Инвестор тұлғадан қаржылық инвестициялар есебі 1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар» ішкі бөлімінің:

  • 1120 «Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері»

  • 1130 «Өтегенге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар»

  • 1140 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді инвестициялар»

  • 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» шоттарында жүргізіледі.

2-ТАҚЫРЫП. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІ

№ 3 Лекция тақырыбы «Дебиторлық қарыздар есебі»

Лекция жоспары

3.1.Дебиторлық берешектердің түсінігі, оның түрлері және мінездемесі

3.2.Алынуға шоттардың есебі және оны тану

2.3.Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі

2.4. Алынуға тиісті вексельдер есебі

№4 Лекция тақырыбы «Күмәнді талаптар есебі»

Лекция жоспары

2.5.Күмәнді талаптар түсінігі,резерв құру тәсілдері

2.6 .Күмәнді талаптар есебі

Лекция мақсаты: дебиторлық қарыз (берешек) ұғымы, оның түрлері мен сипаттамасын,тану және алуға арналған шоттар есебін,тану, бағалау және векселдер есебін оқып білу, күмәнді талаптар есебінің тәсілдерін, бағалау әдістерін тәртіптерін оқып білу.

Лекция тақырыбына кілттік сөздер: қарыз, дебиторлық берешек, түсім, есептеу әдісі, вексель, қарапайым вексель, аударылмалы вексель, күмәнді талап, күмәнді талап.