- •Тақырып 1. Қр қылмыстық саясатын жүзеге асырудың түсінігі, міндеттері, қағидалары және нысаны
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Қылмыстық - құқықтық саясат Мақсаты: Қылмыстың саясаттың түсінігі мен құылмыс құрамының арақатынасын анықтау.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясат Мақсаты: қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясатты оқып білу.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Қылмыстық іс жүргізу саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Қылмыстық атқарушылық саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес аясындағы қылмыстық саясат Мақсат: Қылмыстылық жауаптылық пен жазадан босату ерекшеліктерін ажырата білу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Жеке адамдарға қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 9. Меншікке қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясатМақсаты: меншікке қарсы қылмыстарды бір-бірінен ажырата білуді үйрену.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 10. Экономикалық қылмыстармен күресу аясындағы қылмыстық саясат Мақсаты: Экономикалық қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін зерттеу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып. 14. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Әдебиеттер:
- •Қылмыстық саясат пәні тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •4 Вариант
- •5 Вариант
- •6 Вариант
- •7 Вариант
- •8 Вариант
Бақылау сұрақтары:
Талан-таражбен байланысты қылмыстарды саралау ерекшеліктері?
Талан-таражбен баланысты емес қылмыстарды саралау ерекшеліктері?
Әдебиеттер:
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Алм 2007
Алауханов Е. Қылмыстық құқық Ерекше бөл. Оқулық. Алм, 2009.
Бұғыбайқызы Д.Б. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: лекциялар курсы
Ветров Н.И. Уголовное право. Особенная часть.
Ещанов А.Ш. Уголовное право (Общая и особенная часть)
Жунусов Б.Ж.Уголовное право РК. Особенная часть. Учеб. Пособие.
Тақырып 10. Экономикалық қылмыстармен күресу аясындағы қылмыстық саясат Мақсаты: Экономикалық қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін зерттеу.
Жоспар:
1.Экономикалық қылмыстардың түсінігі және түрлері.
2.Экономикалық қылмыстардың объектісі .
3.Экономикалық қылмыстардың объективтік жағы.
4.Экономикалық қылмыстардың субъектісі.
5.Экономикалық қылмыстардың субъективтік жағы.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті өндіруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚК-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.
Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың мін-детті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚК-тің 199-бабы,) коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202, 205-бап), жалған ақша (206-бап), төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).
Қарастырылатын қылмыстың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚК-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222-баптарында көзделген қылмыстар.
ҚК-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚК-тің 197, 205, 218-баптары.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі, қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚК-тің 192, 193, 198, 204-баптары).
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар-дың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбі-реулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар (ҚК-тің 198, 225-баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 225- баптары) болады.
Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түр-лерге бөлуге болады:
1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіп-керлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190- бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауар-лық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстары-ның және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға не-месе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226-бабы);
2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194-бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап), баға-лы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізі-летін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ере-желерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207-бабы);
3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алым маркаларын қолдан жасау және пайдалану (208-бап), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәлі-меттер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалта-руы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222-бабы);
4) сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (197-бабы), тұ-тынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тің 224-бабы);
5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227- бабы).
Бақылау сұрақтары:
Эконмикалық қылмыстарды саралау ерекшеліктері?
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты қылмыстарды саралау?
Банктік қызмет саласындағы қылмыстарды саралау?
Әдебиеттер:
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Алм 2007
Алауханов Е. Қылмыстық құқық Ерекше бөл. Оқулық. Алм, 2009.
Бұғыбайқызы Д.Б. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: лекциялар курсы
Ветров Н.И. Уголовное право. Особенная часть.
Ещанов А.Ш. Уголовное право (Общая и особенная часть)
Жунусов Б.Ж.Уголовное право РК. Особенная часть. Учеб. Пособие.
Тақырып 12. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
Мақсаты: Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін анықтау
Жоспар:
1.Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.
2.Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың объектісі.
3.Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың объективтік жағы.
4.Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың субъектісі .
5.Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың субъективтік жағы.
Адамды, оның құқықтары мен бостандығын ең жоғарғы әлеуметтік құндылық деп тану адамдардың қауіпсіз тіршілігін, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ете алатын, тиісті әлеуметтік жағдайлар құрылуына байланысты. Азаматтардың еңбек етуі мен демалуы, мемлекеттік тәртіпті қорғау үшін қажетті жағдайлар құруға бағытталған құқықтық шаралар жүйесі адамдардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке бағыттылған қол сұғушылық үшін жауаптылық көздейтін ҚР ҚК 9-тарауының нормалары осындай шаралардың қатарына жатады.
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ерекшелігі олардың қоғамдық қатынастардың қалың тобы үшін зиянды екендігінде (жеке бастың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және басқа әлеуметтік құрылымдардың қалыпты жұмыс атқаруының қауіпсіздігі үшін). Бұл санаттағы қылмыстарды жасау кезінде тек жеке бір адамның мүддесіне ғана емес, қоғам өмірінің қауіпсіз жағдайларына тұтасынан, яғни қоғамдық маңызды мүдделерге зиян келтіреді. Осыған байланысты, түгел қоғам өмірінің қалыпты және қауіпсіз жағдайлары, қоғамдық тәртіп, түрлі жұмыстар жүргізу және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік сияқты әлеуметтік құндылықтар тікелей қылмыстық ықпалға ұшырауы мүмкін.
ҚР жаңа ҚК жалпыға бірдей қауіпсіздікті қоғамдық қауіптілікті оның тар мағынасында ғана емес, сол сияқты қоғамдық тәртіпті, халық денсаулығын, қоғамдық адамгершілікті, т.б. қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастардың үлкен тобының құрамдас бөлшегі ретінде қарастырады. Бұл қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы ҚК-те қоғамдық қауіпсіздік (кең мағынасында) және қоғамдық тәртіп деп аталып, ҚР ҚК 9-тарауына кіретін қылмыстардың текті объектісін құрайды.
Заңға сәйкес, ҚК 9-тарауының нормаларымен қарастырылған қылмыстардың объектісі – қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп болып табылады, яғни, қоғамның әр мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін, әр түрлі жұмыстар жүргізу кезінде және жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану барысында жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Объективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы жасалады:
а) терроризм (ҚК 233-б), адамды кепілге алу (ҚК 234-б), бұзақылық (ҚК 257-б), және басқалары. Жекеленген қылмыстар тек әрекетсіздік арқылы жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253-б). Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы бірқатар қылмыстар әрекет арқылы да, әрі әрекетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін: атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 244-б), тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу (ҚК 245-б) және басқалары.
Қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі формальды құрамдас қылмыстар қатарына жатады: заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (ҚК236-б), қаруды заңсыз жасау (ҚК 252-б), т.б. Кейбір қылмыстардың құрамы материалды болып құрастырылған, мысалы, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (ҚК 256-б).
Субъективті жағынан алғанда, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың көпшілігі кінәнің қасақана түрінің болуымен сипатталады. Бірқатар қылмыстар тек абайсызда жасалады, мысалы, атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК 253-б). ҚК-тің 233, 234-2 бөлім, 235,237,238,239 және 240-баптарында көзделген қылмыстарда мақсат міндетті белгі болып табылады.
Қарастырылушы қылмыстардың субъектілері – 16 жасқа толған тұлғалар. Ал ҚК-тің 233, 234,242,255 - 1,2-бөлімдері, 257,258-баптарымен көзделген қылмыстардың субъектілері – 14 жасқа толған тұлғалар болып табылады. Көп жағдайларда бұл қылмыстардың субъектілері жеке тұлғалар болса, жекеленген жағдайларда – арнайы белгілері бар тұлғалар болуы мүмкін.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар қоғамдық тыныштық жағдайын, әлеуметтік құрылымдардың қалыпты қызмет атқаруын, түрлі жұмыстар жүргізу кезінде немесе қоғамдық заттарды қолдану кезінде жеке бастың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастарға елеулі зиян келтіруші немесе мұндай зиян келтіру қаупін тудырушы, қылмыстық заңға көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттерден тұрады.
Қарастырылушы қылмыстарды тікелей объектілерге байланысты төмендегідей топтарға бөлуге болады:
1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қылмыстардың аталған тобы қоғамдық өмірдің кез-келген бөлігінде жасалып, тұтас қоғам өмірінің қалыпты, қауіпсіз жағдайын сақтау саласындағы ең маңызды мүдделерді қозғауы мүмкін. Олардың қатарына Қазақстан Респуб-ликасы ҚК 233,234,235,236,237,238,239,240,241, 242,243-баптарымен көзделген қылмысты әрекеттер жатады.
2. Түрлі жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар. Бұл топты Қазақстан Республикасы ҚК 244,245,246-баптарымен көзделген қылмыстар құрайды.
3. Жалпыға бірдей қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар. Бұл топқа Қазақстан Республикасы ҚК 247,248,249,250,251,252, 253, 254,255,256-баптарымен көзделген әрекеттер кіреді.
4. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық тәртіп – қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық тыныштықты, азаматтардың еңбектенуі, демалуы, тұрмысы үшін, сонымен қатар, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысы үшін қалыпты жағдай қамтамасыз ете алатын қоғамдық қатынастар жүйесінен тұрады. Бұл топтағы қылмыстарға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257 және 258-баптарымен көзделген әрекеттер жатады.
