- •Тақырып 1. Қр қылмыстық саясатын жүзеге асырудың түсінігі, міндеттері, қағидалары және нысаны
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Қылмыстық - құқықтық саясат Мақсаты: Қылмыстың саясаттың түсінігі мен құылмыс құрамының арақатынасын анықтау.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясат Мақсаты: қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясатты оқып білу.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Қылмыстық іс жүргізу саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Қылмыстық атқарушылық саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес аясындағы қылмыстық саясат Мақсат: Қылмыстылық жауаптылық пен жазадан босату ерекшеліктерін ажырата білу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Жеке адамдарға қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 9. Меншікке қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясатМақсаты: меншікке қарсы қылмыстарды бір-бірінен ажырата білуді үйрену.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 10. Экономикалық қылмыстармен күресу аясындағы қылмыстық саясат Мақсаты: Экономикалық қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін зерттеу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып. 14. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Әдебиеттер:
- •Қылмыстық саясат пәні тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •4 Вариант
- •5 Вариант
- •6 Вариант
- •7 Вариант
- •8 Вариант
Әдебиеттер:
Глистин В.К. Проблемы уголовно - правовой охраны общественных отношений. Л., 1979
Коржанский Н.И. Объект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960; Объект и предмет уголовно-правовой охраны. М., 1980
Никифоров Б.С. Объект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960
Таций В.Я. Объект и предмет преступления по советскому уголовному праву. Харьков, 1982
Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. М., 1960
Михлин Н.И. Способ совершения преступления и уголовная ответственность. Харьков, 1982
Землюков С.В. Уголовно-правовые проблемы преступного вреда. Новосибирск, 1991
Волков Б.С. Мотивы преступлении. Казань, 1982
Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления и ее установление. Воронеж, 1974
Джекебаев У.С., Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. Алма-Ата, 1987
Нуртаев Р.Т. Борьба с неосторожными видами преступлений. Алма-Ата, 1990
Мұқажанова М. Қылмыс құрамының субъективтiк жағы. Алматы, 2001
Тақырып 4. Қылмыстық іс жүргізу саясаты
Мақсаты: Қылмыстық іс жүргізу саясатын зерттеу.
Қылмыстылықпен күресу тәжiрибесiнде қасақана қылмыс жасаған адамның өзiнiң қылмыстық ниетiн және ойлаған әрекетiн соңына дейiн толық жүзеге асыра алмау жағдайлары жиi кездеседi. Мұндай жағдайларда қылмыстық әрекет қай сатыда үзiлгендiгiн анықтау қажеттiлiгi туады. Осы мақсатта қылмыстық құқық теориясы мен сот тәжiрибесi қылмыстық заңға сүйене отырып қылмыс жасау сатыларын қарастырады.
Қылмыс жасау сатылары дегенiмiз—қылмыскердiң өз ниетiн жүзеге асыру дәрежесi мен нақты бiр қылмыстың обьективтiк жағын жүзеге асыруды бiр-бiрiнен ажырататын қасақана қылмыстың дамуының белгiлi бiр кезеңдерi. Аталған сатыларды анықтау қылмыскердiң қылмыстық жауаптылығын және жазасы жөнiндегi мәселенi шешу үшiн қажет болып табылады.
ҚР қылмыстық заңы қылмыс жасаудағы қылмыскердiң ниетiн жүзеге асыруды үш сатыға бөледi:
1).Қылмысқа дайындалу,
2).Қылмысқа оқталу;
3).Аяқталған қылмыс.
Қылмыс жасау сатылары терминiн заңшығарушы қылмыстық заңда «аяқталған« және «аяқталмаған« қылмыстар терминiмен сипаттайды. ҚК-ң 25-бабына сәйкес аяқталған қылмыс деп – адамның жасаған әрекетiнде қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi болса танылады. Ал аяқталмаған қылмысқа қылмыстық әрекеттiң 2 түрiн жатқызады;
а). адамның еркiнен тыс себептермен үзiлген қылмыстар қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу;
б). әрекет етушiнiң еркiмен тоқтатылған қылмыс, яғни қылмысты аяғына дейiн жасаудан адамның өз еркiмен бас тартуы.
Дегенмен, аяқталмаған қылмысты құрайтын қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу әрекеттерiне адам ойындағы қылмыстық ниеттi табуды, бiлiп қоюды жатқызуға болмайды. Себебi, адамның ҚК-ң Ерекше бөлiмiнде қарастырылған қылмысты жасауға бағытталған, бiрақ зиянды әрекеттермен нақты көрiнбеген қылмыс жасау ниетiн қылмыстық iс-әрекет деп тануға болмайды. Iс-әрекетпен көрiнбегеннiң барлығы қылмыстық құқықтық реттеуден тыс жатады.
Сондықтан, қоғамға қауiптi iс-әрекетте көрiнбеген қылмыстық ниеттi табу (мысалы,күнделiктi жазбалардан белгiлi болған ойлар) қылмыстық жауаптылықты көздемейдi. Алайда, қылмыс жасауға деген кiнәлiнiң ниетiн алдын-ала табу құқық қорғау органдарының қылмыстылықпен күресу қызметтерi үшiн маңызды болып табылады.
Қылмыс жасау сатыларының қылмыстық құқықтық маңызы ең алдымен, қылмысты саралау кезiнде байқалады. Белгiлi бiр қылмыс аяқталды ма, жоқ әлде аяқталмаған қылмыс па, егер аяқталмаса қандай сатыда тоқтатылды деген мәселенi шешу үшiн маңызды. Бұл жағдайда қылмыс жасаудың әрбiр алдыңғы сатысын екiншiсi сiңiрiп отыратынын ескеру қажет. Басқаша айтқанда, адам алдымен дайындық әрекеттерiн жасайды, содан соң адам өмiрiне қол сұғады және соңында оны өлтiредi. Мұнда дайындық сатысы оқталу сатысына сiңiрiлiп, адам аяқталған адам өлтiру қылмысы үшiн жауапқа тартылады.
Сонымен бiрге қылмыс жасау сатыларын анықтаудың елеулi тәжiрибелiк мәнi бар. Қылмыстық құқықта жауаптылық пен жазаны жекелеу iстiң барлық мән-жайларын, соның iшiнде қылмысқа дайындалу дәрежесi мен қылмыстық ниеттi жүзеге асыру туралы мәселенi ескеруге негiзделедi.
ҚК 24-бабына сәйкес «тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп таныладың.
Қылмысқа дайындалу - бұл қылмыс жасауға жағдайлар туғызатын қасақана әрекеттер. Ол қасақана қылмыс жасаудың бiрiншi сатысын құрайды.
Дайындалу әрекеттерiне мына ерекшелiктер тән:
- Олар тек қылмыстың жасалуына жағдайлар туғызады,
- Қылмыстық-құқықтың қорғау обьектiсiне өздiгiнен тiкелей қауiп тудырмайды;
- Кiнәлiнiң еркiнен тыс себептермен мәжбүрлi түрде тоқтатылады.
Қылмысқа дайындалу ҚК-ң 24-бабының 1-бөлiгiне сәйкес, мына әрекеттермен сипатталады:
а). қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, яғни кез келген тәсiлмен (заңды немесе заңсыз) аталған құралдарды иемдену әрекеттерi. Мысалы, қаруды заңға сәйкес сатып алу, сыйға алу, тауып алу, ұрлап алу ,ауыстыру және т.б.,
б). қылмыс құралдарын немесе қаруларын әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау—оларды ойлаған қылмысты табысты жүзеге асыру үшiн жарамды қалыпқа келтiру әрекеттерi. Мысалы, кiлттi өзгертiп жасау,қарудың қасиетiн өзгерту және т.б.;
в). қылмысқа қатысушыларды iздестiру—басқа бiр немесе бiрнеше адамды, орындаушы, айдап салушы не көмектесушi ретiнде қылмыс жасауға тарту әрекеттерi. Ол кез келген тәсiлмен (сатып алу, қорқыту, бопсалау, алдау, ұсыныс айту) жүзеге асырылуы мүмкiн.
г). қылмыс жасауға сөз байласу—нақты қылмысты бiрiгiп жасауға алдын-ала уәделескен кемiнде екi адамнан тұратын топты ұйымдастыру;
д). қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау,яғни қылмыстық ниеттi жүзеге асыруға бағытталған жоғарыда аталған әрекеттерден өзге кез келген әрекеттердi жасау. Мысалы, қылмыс жасау жағдайын алдын-ала зерттеу, ойластырылған қылмысты жасыруға бағытталған әрекеттердi жасау, қылмыс жасау орнының жоспарын дайындау және т.б.
Аяқталған қылмысты жасау үшiн жағдайлар туғызатын дайындық әрекеттерiнiң түпкiлiктi тiзiмiн көрсету мүмкiн еместiгiн заңның өзiнде заңшығарушы тiкелей баяндаған.
Қылмысқа дайындалу бiр әрекетпен немесе жоғарыдағы аталған әрекеттердiң жүйесiмен де жасалуы мүмкiн. Көбiнесе дайындалу белсендi әрекетпен, ал кейбiр жағдайларда әрекетсiздiкпен де жасалады. Мысалы, қойма қарауылы қылмыстың басқа қатысушыларына ұрлық жасау үшiн қасақана жағдайлар туғызу мақсатында кезекшiлiктен уақытша кетiп қалады.
Мерзiмi бойынша дайындық әрекеттерi қылмыстың жүзеге асырылуынан бұрын жасалады. Мұндағы уақыт аралығы бiрнеше минуттан бiрнеше айларға дейiн созылуы мүмкiн. Дайындық әрекеттерiнiң жасалу орны қылмыстың жасалу орнымен сәйкес келмеуi, кейде олар бiр-бiрiне жақын маңда жасалуы да мүмкiн.
Субьективтiк жағынан қылмысқа дайындалу кiнәнiң тiкелей қасақаналығымен сипатталады, яғни дайындалушы адам өз iс-әрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатының бар екендiгiн ұғынады, осы iс-әрекеттер қылмыстың жасалуына жағдай туғызатынын алдын-ала бiледi және соны тiлейдi.
Сот тәжiрибесiнде қылмысқа дайындалғандық үшiн сотталған дар сирек кездеседi, бұл дайындық әрекеттерiнiң қылмыстық қол сұғушылықтың аяқталуынан алшақ жатқандығымен және оның қоғамға қауiптiлiк дәрежесiнiң шамалылығымен де түсiндiрiледi. Бiр жағынан, қылмысқа дайындалуды дәлелдеу қиындық туғызады, себебi дайындалу әрекеттерi өздiгiнен қылмыскердiң қылмыстық ниетiн барлық уақытта дәлелдей бермейдi. Осыған байланысты заңшығарушының қылмысқа дайындықты жалпы жазалаудан бас тартуы негiздi. ҚР ҚК-ң 24-бабының 2-бөлiгi бойынша тек ауыр немесе аса ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылық басталады.
Қылмысқа дайындалу үшiн жауаптылық сол дайындалып жатқан қылмыс бойынша жауаптылықты көздейтiн ҚК Ерекше бөлiмiнiң бабымен және ҚК 24-бабына мiндеттi түрде сiлтеме жасалып сараланады. Ал егер дайындық әрекеттерi жеке қылмыс құрамын құрайтын болса, онда ҚК-тiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабымен аяқталған қылмыс ретiнде саралауды қажет етедi.
