Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЛОССАРИЙ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
542 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері мен тәртібі?

  2. Шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату?

  3. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату?

  4. Жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату.

  5. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату. Бұл босатудың түрлері.

  6. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру.

Әдебиеттер:

Зельдов С.И. Освобождение от наказания и его отбывания. М., 1989

Ефимов М.А. Условное осуждение и условно-досрочное освобождение от наказания. М., 1969

Коробков Г.Д.  Освобождение  от уголовной ответственности  и наказания по советскому уголовному  праву. М., 1981

Михлин А.С. Проблемы досрочного освобождения от отбывания  наказания. М., 1982

Тютюгин В.Н.  Условно - досрочное  освобождение от наказания. Харьков, 1981

Ткачевский  Ю.М. Освобождение от отбывания наказания. М., 1970

Аликперов К.Д. Освобождение от уголовной ответственности. М., 2001

Григорьев Н.В., Сабитов Р.А.  Освобождение от  уголовной  ответственности  по нормам Особенной части УК  РСФСР. Харьков, 1993

Келина С.Г.  Теоретические  вопросы освобождения от уголовной ответственности. М. 1974

Келина С.Г. Освобождение от уголовной ответственности  в связи с изменением обстановки. М., 1969

Магомедов А.Т. Правовые последствия освобождения от уголовной ответственности.  Саратов, 1994

Скибицский В.В. Освобождение от уголовной ответственности и отбывания наказания.  Киев, 1987

Смольников В.Е. Давность в уголовном праве.  М., 1973

Щерба С.П., Савкин А.В. Деятельное раскаяние в совершенном преступлении. Практическое пособие /Под. ред. С.П. Щерба М., 1997

 

Тақырып 8. Жеке адамдарға қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат

Мақсаты: Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін анықтау

Жоспар:

1.Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

2.Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың объектісі .

3.Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың объективтік жағы .

4.Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың субъектісі .

5.Жеке адамдарға қарсы қылмыстардың субъективтік жағы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең жоғарғы құндылықтар деп жариялайды. 1961 жылғы Қаз ССР ҚК қарағанда бұл ҚР ҚК "Жеке адамға қарсы қылмыстар" бірінші тұр, ҚК Ерекше бөлімі содан басталады.

Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар-намысы мен қадір-қа-сиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Бұл текті қылмыстар жасалынғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтары мен бостандығына қауіп төнеді. Мұндай қылмыстардың тектік (түрлік) объектісі – адамның жеке басы, ал тікелей объектісі – оның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті. Қылмыстың тікелей объектісіне байланысты бұл тарауды мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Өмірге қарсы қылмыстар (ҚК 96-102-баптары);

2. Денсаулыққа қарсы қылмыстар (ҚК 103-111,114-116-баптары);

3. Өмірге және денсаулыққа қауіп төндіретін қыл-мыстар (ҚК 112, 113, 117-119-баптары);

4. Адамның жыныстық тазалығына және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар (ҚК 120-124-баптары);

5. Адамның және азаматтың жеке басының бостандығына қарсы қылмыстар (ҚК 125-128-баптары);

6. Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар (ҚК 129, 130-баптары).

"Жеке адамға қарсы қылмыстар" тарауына Заң шығарушы жеке адамға қарсы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген жаңа құрамдар енгізілген, оларда қоғамға қа-уіпті мұндай іс-әрекеттердің қылмыстық-құқықтық нышандарға нақтыланған, сот практикасына сүйене отырып нақты қылмыстық іс-әрекет үшін қылмыстық жаза түрі қарастырылған.

Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген ҚК бойынша өмірге қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (ҚК 96-бабы); жаңа туған сәбиді ана-сының өлтіруі (ҚК 97-бабы); жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру (ҚК 98-бабы); қажетті қорғанс шегі-нен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК 99-бабы); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті щаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК 100-бабы); абайсызда кісі өлтіру (ҚК 101-бабы); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚК 102-бабы). Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар, соңғы екеуінен басқасы, адам өлтірумен байланысты.

Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституциясының 27-бабында: "неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады" – делінгені мәлім. Қоғам мүшелерінің, оның ішінде, жас мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғаудың нысандары мен тәсілдері әр алуан және бұл игіліктерді қамтамасыз етуде жалпы құ-қықтың, оның ішінде, қылмыстық құқық саласының орны ерекше. Сондықтан да мемлекет қылмыстық-құқықтық шараларды пайдаланып кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына, сонымен бірге отбасылық қаты-настарға қол сұғатын қоғамға қауіпті әрекет-әрекетсіз-діктермен күрес жүргізеді.

Қылмыстық-құқықтық шаралардың күшімен аталған қоғамдық қатынастарды қорғаудың мәні кәмелетке толмаған адамның мүддесін қорғау, оның жеке тұлғасы-ның дұрыс қалыпта интеллектуалдық және адамгершілік жағынан қалыптасуы үшін жеткілікті жағдайлар туғызумен байланысты. Өз кезегінде бұл жағдайлар отбасында қалыптасатын өзара қарым-қатынастардың сәттілігімен ұштасады. Міне, сондықтан да кәмелетке толмағандарды қорғау – жалпы отбасылық қатынастарды қорғаумен біртұтас мәселе.

Қазіргі өткінші тарихи кезеңде жаңа қоғамдық қатынастарға көшу және осыған байланысты туындаған күрделі өзгерістер қарапайым халықтың өмір сүру деңгейін күрт төмендетіп, кедейлікке ұшыраған отбасылар санының күннен күнге өсуіне алып келеді. Ал мұндай отбасыларында олардың балаларының үйінен кетіп қалуы-на, тіпті ата-ана некесінің бұзылуына ықпал ететін күрде-лі психологиялық жағдайлар орын алатыны белгілі. Ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілері жиілеп, ал некесіз туылған балалардың саны өсе түсуде. Елде етек алып келе жатқан "әлеуметтік жетімдік", яғни ата-аналары бар, бірақ көшеде қалған немесе мемлекеттік тәрбиелену мекемелерінде (балалар үйінде) тәрбиеленіп жатқан балалар санының өсуіне әкеледі.

Кәмелетке толмағандарды қылмыстық қол сұғынушылықтан қорғауға бағытталған нормалардың Қазақстан Республикасы қылмыстық заңында орын алуы 1989 жылғы дүниежүзілік "Балалардың құқықтары туралы" Конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді. Мұндай нормалардың қылмыстық заңға енгізілуі жас тұлғаның дене құрылысының толық жетілмеуімен, сондай-ақ ересек адам-дарға қарағанда кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғынушылыққа төтеп беру мүмкіндіктерінің белгілі шамада шектелгендігімен және олардың жас, психоло-гиялық және әлеуметтік жағынан әлі де болса толық дамып қалыптаспағандығымен түсіндіріледі.

Бұрынғы 1959 жылғы 22 июльдегі Қазақ ССР-нің Қылмыстық кодексімен салыстырғанда 1998 жылы 1-қаңтарда күшіне енген қазір қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандар мен отбасына қарсы жасалатын қылмыстар үшін жауаптылық қарастырған баптардың саны едәуір өс-кен. Мысалы, 1959 жылғы Заңда тек жасы кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың небәрі алты түрі ғана көрсетілген еді. Олар –жасы он алтыға толмаған қызбен жыныс қатынасын жасау (102-бап), жас балаларды аздыру (103-бап), неке жасына жетпеген қызбен іс жүзінде некелі жағдайда тұру (105-бап), балаларды асырау-дан немесе тәрбиелеуден бұлтару (112-бап), опекундық праволарын пайдаланып, қиянат жасау (113-бап), біреудің баласын ұрлау (116-бап).

Ең бастысы, жаңа заңда отбасы мен кәмелетке тол-мағандарға қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарас-тыратын нормаларға, өз алдына бір тарау арналған. Бұл біздің жаңа қылмыстық заңымыздың отбасы мен кәме-летке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жоғарғы деңгейге көтеріп отырғанын дәлелдейді.

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодек-сінің 131-140-баптарында көрсетілген қылмыстарды қам-тиды.

Бұл тарауға кіретін қылмыстардың топтық объектісі отбасын қорғау, ата-аналардың және асырап алушылар-дың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың дене, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыда дамып қалыптасуын реттей-тін қоғамдық қатынастар болып табылады. Ескеретін жағдай мынада – бұл тарауда түрлі мүдде қорғалған деп айтуға болады. Олар: отбасының мүддесі, ата-ана және асырап алушының мүддесі, жасы кәмелетке толмағандардың мүддесі.

Бұл қылмыстың тікелей объектісі – кәмелетке тол-маған адамның жеке тұлғасының қалыптасуымен немесе отбасының қалыпты өмір сүруімен байланысты нақты қоғамдық қатынастар.

Топтық объектілеріне байланысты бұл тарауға кіретін қылмыстарды мынадай топтарға жіктеуге болады:

1.Кәмелетке толмағанның жеке тұлғасының қалыпты адамгершілік және денесінің дұрыс дамуына қол сұғатын қылмыстар: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (131-бап), кәмелетке толмаған адамды қоғамға қар-сы іс-әрекеттер жасауға тарту (132-бап), кәмелетке толма-ған адамды саудаға салу (133-бап), баланы ауыстыру (134-бап).

2. Кәмелетке толмағандардың мүддесіне және отба-сылық құқықтық қатынастар саласындағы басқа да адам-дардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын қылмыстар: бала асырап алу құпиясын жария ету (135-бап), балаларын немесе еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару (136-бап), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнін-дегі міндеттерді орындамау (137-бап), балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау (138-бап), қамқор-шы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану (139-бап), еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару (140-бап).

Жәбірленушілер ретінде жасөспірімдер, кәмелетке толмағандар, ата-аналар және асырап алушылар таны-лады. Жәбірленушілердің заңды мүдделері олардың жасы-на, интеллектуалдық даму деңгейіне, денсаулық жағдайы-на қарамастан заңмен қорғалады.

Жасөспірімдер деп жасы он төртке толмаған балалар саналады. Ал кәмелетке толмағандар қатарына жасы он төртке толған, бірақ он сегізге жетпеген адамдар жатады.

Бұл қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағы әр түрлі әрекеттермен жасалады. Он қылмыстың төртеуі ("балаларын және еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару", "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау"‚ "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" және "еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару)" әрекетсіздік жолмен де жаса-лады.

Аталған қылмыстар өзінің құрылымы жағынан фор-мальды құрамды болып есептеледі, яғни объективтік жағының міндетті белгісі ретінде қандай да бір қоғамға қауіпті зардаптың тууын қарастырмайды.

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың субъективтік жағы 138-бапта қарастырыл-ған "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" қылмысынан басқа қылмыстар кінәнің тікелей қасақаналық түрімен сипатталады. Бірқатар қылмыстарда субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде пайдакүнемдік немесе опасыз арам ниеттер көрсетілген.

Бұл қылмыстардың субъектілері болып жасы 18-ге толған кез келген есі дұрыс адам, не ата-аналар, педагог немесе кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да адамдар, еңбекке қабілетті кәмелетке толғандар және мемлекет қызметкерлері саналады. Ал кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу және баланы ауыстыру қылмыстары бойынша жауаптылық он алты жастан белгіленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]