- •Тақырып 1. Қр қылмыстық саясатын жүзеге асырудың түсінігі, міндеттері, қағидалары және нысаны
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Қылмыстық - құқықтық саясат Мақсаты: Қылмыстың саясаттың түсінігі мен құылмыс құрамының арақатынасын анықтау.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясат Мақсаты: қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясатты оқып білу.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Қылмыстық іс жүргізу саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Қылмыстық атқарушылық саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес аясындағы қылмыстық саясат Мақсат: Қылмыстылық жауаптылық пен жазадан босату ерекшеліктерін ажырата білу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Жеке адамдарға қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 9. Меншікке қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясатМақсаты: меншікке қарсы қылмыстарды бір-бірінен ажырата білуді үйрену.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 10. Экономикалық қылмыстармен күресу аясындағы қылмыстық саясат Мақсаты: Экономикалық қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін зерттеу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып. 14. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Әдебиеттер:
- •Қылмыстық саясат пәні тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •4 Вариант
- •5 Вариант
- •6 Вариант
- •7 Вариант
- •8 Вариант
Әдебиеттер:
Бузынова С.А. Множественность преступлений и ее виды. М., 1988.
Блум М.И. Понятие и признаки совокупности преступлений. Рига, 1969
Малков В.П. Множественность преступлений и ее формы по советскому уголовному праву. Казань, 1982
Каиржанов Е.И., Накипов Б. Рецидивная преступность: состояние и профилактика. Алматы, 1996
Красиков Ю.А. Множественность преступлений. М., 1988
Караев Т.Э. Повторность преступлений. М., 1983
Криволапов Г.Г. Множественность преступлений по советскому уголовному праву и установление ее признаков органами внутренних дел. М., 1989
Алауов Е.О, Каракетов Ю.И. Как уберечься от преступника. Алматы, 1996
Гринберг М.С. Проблема производственного риска в уголовном праве. М., 1963
Козак В.Н. Вопросы теории и практики крайней необходимости, Саратов, 1986
Козак В.Н. Право граждан на необходимую оборону. Саратов, 1972
Рахметов С., Турецкий Н. Необходимая оборона. Алматы, 1996 г.
Тишкевич И.С. Условия и пределы необходимой обороны. М., 1969; Тишкевич И.С. Право граждан на задержание преступника. Минск, 1974
Тақырып 6. Қылмыстың алдын алу аясындғы қылмыстық саясат
Мақсаты: Қылмыстылықтың жалпы және арнайы алдын алу шараларын зерттеу.
Жоспар:
1. Қылмыстылықтың күрес жүргізудіңі негізгі бағыттары
2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі
3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері
4. Қылмыстылықтың алдын алу субъектілері.
1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары. Қылмыстылықпен күрес - қылмыс пен қылмыстылықты туындататын себептер мен жағдайларға, қылмыс жасаған тұлғаларға ықпал ету. А.И.Долгованың пайымдауынша қылмыстылықпен күрес мынандай үш негізгі бағытты құрайды:
күрестің жалпы ұйымдастырылуы;
қылмыстылықтың алдын алу;
құқық қорғау қызметі.
Алғашқы қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдасытырылуы төмендегідей бағыттарды түзеді:
а) қылмыстылықтың көріністерін тіркеуге, осы көріністерді зерттеуге, олардың себептері мен детерминациясын, бұған дейінгі жүргізілген қылмыстылықпен күрестің нәтижелерін зерттеуге және сәйкес мәліметтерді талдауға байланысты ақпараттық-талдау қызметі;
ә) криминологиялық болжау (криминогендік құбылыстардың болашақтағы жәй-күйі туралы негізді тұжырымдар);
б) қылмыстылықпен күрес жүргізудің стратегиясын, яғни мақсатқа жетудің тәсілін, күрес жүргізу өнерін, анықтау. Оны мемлекет кримогендік жағдайды, мамандардың ұсынысын, криминогендік болжау нәтижелерін салмақтай келе анықтайды.
в) қылмыстылықпен күресті жоспарлау (ұзақ, орташа, қысқа мерзімге);
г) қылмыстылықпен күрестегі заң шығармашылық;
д) қылмыстылықпен күрестің бағдарламасын жүзеге асыру, оларды тиянақтау және осы жолдағы қызметті үйлестіру;
е) қылмыстылықпен күреске байланысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен дамыту.
Қылмыстылықпен күрестің келесі бағыты, яғни қылмыстылықтың алдын алу қазіргі тақырыптың арқауы болады.
Ал үшінші бағыты (құқық қорғау қызметі) де мыналардан тұрады:
а) ''жазалау'' қызметі, яғни қылмыстарды ашуға, бұлтартпауға, тергеуге, қылмыс жасаған тұлғаларға қылмыстық жауаптылық шараларын және жаза қолдануға байланысты әрекеттер;
ә) құқық қалпына келтіруші қызмет, қылмыс арқылы бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге байланысты әрекеттер.
2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі. Қылмыстылықтың салдарымен күресуден гөрі себебімен күресу әлдеқайда тиімді. Қылмыстылықтың алдын алу құлашты кеңге сермейтін ауқымы кең шаралардың кешені. Ол тікелей қылмыстылықты ауыздықтауға бағытталған әрекеттерді де, тіпті, онымен жанама қатысты құбылыстарға да бағыттлаған шараларды қамтиды. Мысалға, осы таяу арада ғана мектеп бағдарламаасына салауатты өмір салтын үйрететін ''Валиология'' пәні енгізілді, осы пән оны игерген мектеп оқушыларының соз ауруларымен байланысты қылмыстарды жасамауы мен оларды жасаушылармен күресуге жәрдем көрсететіні анық. Не болмаса, бір әкімшілік аумақтық бірліктегі ашылған зауыттан жұмыссыздардың саны азаяды да қылмыстылықтың азаюына да сеп болады, бірақ ол шара қылмыстылық азайсын деп емес, халықтың әл-ауқаты жақсарсын деп жасалады, дегенмен ол да қылмыстылықтың алдын алушы шаралардың қатарына енеді.
Кеңес криминологиясы курсының авторлары кең көлемді анықтама береді:
а) қылмыстылықпен күрес процесінде сендіру мен көндіруді үйлестіретін экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени-тәрбиелік, құқықтық заңшығарушылық сипаттағы жалпымемлекеттік шаралар.
ә) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың. қылмыс жасалуының себептері мен жағдайларын анықтауға, оларды жоюға бағытталған шараларды қолдануға, қылмыстарды ашуға, тергеуге және сотта қарауға, қылмыскерлерді жазалауға, оларды түзеу мен қайта тәрбиелеуге, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдардың мінез-құлқының заңдылығын қадағалауға, сондай-ақ бас бостандығымен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғаларды немесе әлі қылмыс жасамаған, бірақ қоғамға қарсы не моральға жат қылық жасап жүрген тұрақсыз тұлғаларды тәрбиелеуге бағытталған қызметі.
в) нақты жағдай қажет еткен басқа да шараларды жүзеге асыру.
Криминологияда, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық циклдегі пәндерде қылмыстылықтың алдын алумен қоса, қылмыстың алдын орағыту, бұлтартпау, профилактика терминдері қатар қолданылады. Олардың арақатынасына байланысты авторлардың әр түрлі пікірталастары да жоқ емес.
3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері. Олар кең көлемді болғандықтан да әр түрлі критерий бойынша топтастыруға болады. Ең алдымен тілге оралатыны - ол деңгейіне қарай топтастырылуы.
а) Деңгейіне қарай:
жалпы әлеуметтік немесе жалпы алдын алу;
арнайы алдын алу.
Алғашқысы оның тікелей қылмыстылықтың алдын алу үшін емес, басқа жалпыәлеуметтік мақсаттарда, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жүргізіледі (жұмыссыздықты, кедейшілікті жою, қараусыз балалардың санын азайту т.б.).
Ал арнайы алдын алу болса, тікелей қылмыстылықпен күресуге бағытталады.
Жалпы әлеуметтік шаралардың белгілері:
масштабтылығы;
кеңқамтылатындығы мен жан жақты сипатқа иелілігі;
өзара тәуелділігі;
тоқтаусыздығы;
түбірлілігі.
