Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЛОССАРИЙ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
542 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды саралау ерекшеліктері?

  2. Адамның өміріне қарсы қылтарды саралау?

  3. Адамның денсаулығына қарсы қылмыстарды саралау?

  4. Отбасына қарсы қылмыстарды саралау?

  5. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарды саралау ?

Әдебиеттер:

  1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Алм 2007

  2. Алауханов Е. Қылмыстық құқық Ерекше бөл. Оқулық. Алм, 2009.

  3. Бұғыбайқызы Д.Б. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: лекциялар курсы

  4. Ветров Н.И. Уголовное право. Особенная часть.

  5. Ещанов А.Ш. Уголовное право (Общая и особенная часть)

  6. Жунусов Б.Ж.Уголовное право РК. Особенная часть. Учеб. Пособие.

Тақырып 9. Меншікке қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясатМақсаты: меншікке қарсы қылмыстарды бір-бірінен ажырата білуді үйрену.

Жоспар:

1.Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

2.Меншікке қарсы қылмыстардың объектісі.

3.Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы.

4.Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі.

5.Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік жағы.

Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, сон­дықтан да олардың атқаратын міндеті көп.

Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыз-дысы ретінде саналады. Сондықтан да, бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен пара-пар (кең мағынада алғанда). Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табылады (ҚР ҚК-нің 2-бабы).

Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926-жылдардағы қыл­мыс­тық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бердей, себебі меншік­ке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мү­лік болып табылады.

Бөтен мүлікті ұрлаудың мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс.

Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дұрыс саралауға бағыт береді. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде, меншік­ке қарсы қылмыстардың тектік объектісін – меншік деп қа­рас­ты­руға болады. Қазақстан Республикасының Аза­мат­­тық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз – су­бъек­тінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы заңдағы заң нормаларымен қорғалатын тікелей объект ретіндегі меншіктер қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды.

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.

Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда – кіріс, өсім түрінде, жеміс – өнім сипатында болуы мүмкін.

Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі. (ҚР АК-нің 188-бабының 2-бөлігі).

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүмкіндікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (ҚР АК-нің 188- бабының 3-бөлігі). Меншікке қарсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген қатынастарды бұзады.

Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекеттік түрлері мойындалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің ”Меншікке қарсы қылмыстар” тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін көрсетеді.

Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық, т.б.) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақ-ты формасын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, муниципалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған. Мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен-шіктің кез келген формасын бірдей қарауды жариялап отыр. Сондықтан да, ұрлықты, бөтен мүлікті иемденуді, тағы басқадай әрекеттерді саралау үшін ұрланған мүліктің қандай формадағы меншік екендігінің маңызы жоқ.

Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объек-тивтік жағы үш міндетті нышаннан тұрады: іс-әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті нышаны – тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс құра-мының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқа-шанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туын-дайды.

Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамның объективтік жағының міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолдан-бай, жасырын немесе ашық) болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғ-ни қылмыс субъектісі жалпы. Бір қылмыста – мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуде – қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамның нышаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (ҚК-тің 177-бабы 2-бөлігінің ”в” тармағы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабының 1-бөлігі), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабының 3-бөлігі).

Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыс-тарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауап-тылық көзделген қылмыстарға: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК-тің 176-бабы), алаяқтық (ҚК-тің 177-бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабы), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК-тің 183-бабы), интеллектуал­дық меншік құқықтарын бұзу (ҚК-тің 184- бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабы), бөтен адам­ның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұр­лау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (ҚК-тің 185-бабының 1-бөлігі), ауыр­лататын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қаса­қана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 1-бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыс­тарға: ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы), қарақшылық (ҚК-тің 179-бабы), қорқытып алушылық (ҚК-тің 181-бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену (ҚК-тің 185-бабының 2-4-бөліктері), ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның мүл­кін қасақана жағу немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабы­ның 2, 3-бөліктері).

Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана – бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы) кінәнің абайсыз формасында жасалуы мүмкін.

Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.

Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті нышаны – пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақ-сатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алумен байланысты ұрлау деп аталған қылмыстарға және ұрлаумен байланысты емес қылмыс-тарға бөлуге болады. Ұрлауға мына қылмыстар жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады: алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интел-лектуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді не-месе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал, бөтен мү-лікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]