Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГЛОССАРИЙ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
542 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды саралау?

  2. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарды саралау?

Әдебиеттер:

  1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Алм 2007

  2. Алауханов Е. Қылмыстық құқық Ерекше бөл. Оқулық. Алм, 2009.

  3. Бұғыбайқызы Д.Б. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: лекциялар курсы

  4. Ветров Н.И. Уголовное право. Особенная часть.

  5. Ещанов А.Ш. Уголовное право (Общая и особенная часть)

  6. Жунусов Б.Ж.Уголовное право РК. Особенная часть. Учеб. Пособие.

Тақырып. 14. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат

Қоғамның түбегейлі қайта қаралуы кезінде әлеумет­тік-саяси тұрғыдағы дамуы мен экономикасының өсуіне бас­ты себептердің бірі ретінде мемлекеттік басқару орган­дары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ат­қа­­ратын қызметі ерекше роль атқарады.

Мемлекеттік қызметтің әділ жүзеге асырылуы оның қыз­меткерлерінің өз міндеттеріне жауаптылықпен қарауы қоғам мен мемлекеттің елеулі мәселелерін шешуде орасан се­бептігін тигізеді. Осыған байланысты мемлекеттік ор­ган­­дар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызмет­кер­лерінің арасындағы қылмыстылықтың орын алуы елеу­лі қауіптілікті туғызып отыр. Сонымен қатар әсіресе эко­номикалық қызмет саласында, саяси, әлеуметтік өмір­де, соның ішінде, мемлекеттік қызмет саласында, жергі­лік­ті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлері арасында ұйымдасқан қылмыстылықтың бас сұғуы басты мәселе­нің бірі болып отырғандығы біздерге мәлім.

Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқа­ру органдарының қызметкерлері өздерінің қылмыстық әре­кеттері мен еліміздің қалыпты тұрғыдағы дамып жеті­луі­не кедергі келтіреді.Осы аталған қылмыс түрлерімен кү­­ресу немесе оларды алдын алу үшін мемлекеттік қыз­мет мүдделеріне қарсы қылмыстардың түсінігі мен олар­дың бас­қа қылмыс түрлерінен айырмашылығын білуіміз қа­жет. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі ”Мем­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ле­кеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарды” жеке та­раулардың бірі ретінде айырықша белгілеп отыр.

Мемлекеттік қызмет мүдделері - коммерциялық жә­­не өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерімен ұқсас бо­лып келеді. Бірақ коммерциялық ұйымдардың лауазым­ды тұл­ға­ларының билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асы­ра пайдалануы, азаматтардың немесе ұйымдардың құқық­тары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырғаны мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне және де мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруына ке­дергі келтіре алмайтындығымен айрықшаланады. Мемле­кет­тік аппараттың лауазымды тұлғалары өздерінің қызмет өкі­леттігін теріс пайдалануы арқылы мемлекеттің мүд­десіне, яғни заң атқарушы, соттық билікке, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың қалыпты қызмет жүйелеріне және де азаматтың алдында қоғам мүддесін әлсірету мен кері тартушылығымен сипатталынады. Де­мек, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүд­де­леріне қарсы қылмыстардың ерекшелігі сол, яғни осы атал­ған ұйымдардың тұлғалары, ең алдымен, өздерінің ком­мерциялық құрылымдарына, сонымен қатар, қоғам­дық бір­лестіктер немесе сол сияқты ұйымдардың, яғни мем­ле­кет­тік емес органдардың қызметтік емес органдары қыз­мет­тік дәрежесіне нұқсан келтіреді.

Қылмыстық заңмен, яғни мемлекеттік қызмет мүд­де­леріне қарсы қылмыстарға тікелей анықтама берілген, сон­дықтан теориялық тұрғыда аталған қылмыстардың тобын лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін пай­да­ланып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне және мемлекеттік аппараттың қа­лып­ты қызмет атқаруына қарсы қол сұғушылығын ”Мем­ле­кеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар„ деп тү­сі­нуімізге болады.

Қылмыстық кодекстің аталған тарауындағы қыл­мыс­тардың жасалуына қарай, өзіне тән арнайы белгілерге ие бола алады: 1) мемлекеттік аппараттың заңды қалыпты тұр­ғыдағы қызмет мүдделеріне қол сұғылуы, яғни заңмен қорғалатын объектілерге қол сұғылуы; 2) лауазымды адам­­­ның өз қызметтік өкілеттігін, қызмет мүдделеріне қар­­­сы азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заң­ды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқтырған әре­кет немесе әрекетсіздік (қылмыстың объективтік жағы); 3) қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың лауазымды тұлға­лармен, мемлекеттік қызметкерлер арқылы жаса­лы­нуы (қылмыс субъектісі); 4) қоғамға қауіпті қол сұғушы­лық­тың кінәлі түрде, яғни қасақана немесе абайсыздық түрде жүзеге асырылуы (қылмыстың субъективтік жағы).

Осы тараудағы барлық көзделген қылмыстардың нұқ­сан келтіретін объектісі болып - жергілікті өзін-өзі бас­қарушы органдардың мемлекеттік аппараттың қалып­ты тұрғыдағы қызметі табылады.

Аталған қылмыстардың тікелей объектісі болып -та­рау­дағы қарайтын нақты айқындалған (қылмыс құра­мы­­ның түрлері), яғни мемлекеттік басқару орган­дары, мем­ле­­кет­тік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару орган­да­ры­ның қызметі табылады.

Қылмыстардың қосымша объектісі болып - азамат­тар­дың немесе ұйымдардың меншігі, жеке басы мүдделері табылады. Кейбір қылмыстардың міндетті белгісі болып олардың заты танылады: мүліктік сыйақы (ҚК ЗІ1-ЗІЗ- баптары), ресми құжаттар (ҚК 314-баптары).

Басқару органдары немесе мемлекеттік органдар­дың қызметіне нұқсан келтірілуіне байланысты, аталған тарау бо­йынша қылмыстың объективтік жағы әр түрлі нысан­дар­дан құралған. Аталған қылмыстардың басым көпшілігі белсенді әрекет ретінде, ал кейбір қылмыстар (салақтық, қызметтегі әрекетсіздік) әрекетсіздік ретінде жасалынады.

Осы тараудағы қылмыстардың объективтік жағы, арнаулы белгілерге ие бола отырып, материалды құрам­да­ғы қылмыстарды (ҚК 307-309, 315, 316-баптары) және фор­мальды құрамды қылмыстарды (ҚК 310-314-баптары) қамтиды.

Қылмыстың материалды құрамының міндетті бел­гі­лері болып - қоғамға қауіпті әрекет пен түскен зардап­тың ара­сындағы себептік байланысы табылады.

Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заң­мен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтіруі -қылмыс­тың ерек­ше белгілерінің бірі ретінде танылады.

Біріншіден, лауазымды тұлға немесе өкімет өкілі қыз­метін жүзеге асыруында,өзіне жүктелген қызметтік мін­­­деттерін қылмыстық жолға, яғни кереғар пайда­ла­нуы­нан тұратындығымен көрінеді.

Екіншіден, (қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар) өкі­леттілік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асы­рушы не мемлекеттік органдар қызметтерін жүзеге асы­ру­шы адамдар, азаматтардың немесе ұйымдардың құ­қық­тары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мем­лекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуы, заңды бостандықтарын, құқықтары мен мүдде­ле­рін кемсітуі, елеулі түрдегі мүліктік зардап келтіруі, өнді­ріс­терді тоқтатуымен сипатталынады.

Қылмыстың субъективтік жағы - ҚК аталған тарау­да көзделген қылмыстардың барлық түрлері кінәнің ны­са­ны бойынша тек қасақаналық болып танылады. Қыл­мыс­тық кодекстің 316-бабында көзделген қылмыс құ­ра­мы, кінәнің абайсыздықтағы нысанын құрайды.

Кейбір қылмыстар (мысалы, ҚК 307, 310, 314- баптары) пайдакүнемдікпен немесе жеке басының мүд­десі үшін немесе (ҚК 311-б) пайдақорлық мақсатпен жа­са­лынады.

Қылмыстың субъектісі -заңға сәйкес лауазымды тұлғалар және мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, яғни арнайы субъектілері болып, ал ҚК 312, 313-баптары бойынша - 16 жасқа толған қандай да болмасын есі дұрыс адам танылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару қызметіне қарсы қылмыстарды саралау ерекшеліктері?

  2. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару қызметіне қарсы қылмыстарды объективтік белгілері бойынша саралау ерекшеліктері?

  3. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару қызметіне қарсы қылмыстарды субъективтік белгілері бойынша саралау ерекшеліктері?

Әдебиеттер:

Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Алм 2007

Алауханов Е. Қылмыстық құқық Ерекше бөл. Оқулық. Алм, 2009.

Бұғыбайқызы Д.Б. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: лекциялар курсы

Ветров Н.И. Уголовное право. Особенная часть.

Ещанов А.Ш. Уголовное право (Общая и особенная часть)

Жунусов Б.Ж.Уголовное право РК. Особенная часть. Учеб. Пособие.

Тақырып 16. Сот төрелігіне және жазалардың

орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар. Әскери қылмыстар.

Мақсаты: Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың түрлерін оқып білу.

Жоспар:

1. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың түсінігі және түрлері.

2. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың объектісі.

3.Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың объективтік жағы.

4. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың субъектісі.

5.Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың субъективтік жағы.

Құқық қорғау органдары елімізде заңдылықпен құ­қықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, жеке адамды, оның заңды құқықтары мен мүдделерін, жеке меншікті, қоғам­дық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылы­сын және оның аумақтық тұтастығын қорғау ісіне басты рөл атқарады.

Құқық қорғау органдарының қызметтеріне заңды­лықтың сақталуына Қазақстан Республикасының ҚК 15-тарауында қамтылатын сот төрелігіне және жаза­лар­дың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жауап­кер­шілігі туралы Қылмыстық кодекстің қалыптары (норма­лары) жүзеге асырады.

Қылмыстық кодекс әділ сот органдары деп – сотты ғана емес, сонымен бірге қылмыстық және азаматтық істер­ді соттың дұрыс шешілуін қамтамасыз ететін орган­дары; прокуратура, әділет, алдын ала анықтау, алдын ала тергеу органдары, сондай-ақ соттың тағайындаған жаза­сы­ның орындалуын қамтамасыз ететін мекемелер түсінді­ріледі. Сот төрелігі мен жазалардың орындалу тәртібіне қар­сы қылмыстар аталған органдардың қалыпты қызме­тін айтарлықтай бұзады, олардың беделін түсіреді және жеке адамның, сондай-ақ ұйымның мүдделеріне елеулі зиян келтіреді.

Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың туыстық объектісі болып – әділ сотты жүзеге асырудағы құқық қорғау органдарының қа­лыпты қызметі табылады.

Әділ сотты жүзеге асыру кең мағынада түсін­діріледі, яғни тікелей сот органдарының қызметі ғана емес, соны­мен қатар әділ сотты оларсыз жүзеге асыру мүмкін емес органдардың қызметі (прокуратура, алдын ала анықтау органдары, үкімдерді орындау және т.б.).

Қазіргі кезде қалыптасқан әділ сотқа қарсы қыл­мыс­тар жүйесі әділ сотты, прокуратура қызметін, тергеу және алдын ала анықтау органдарының, сондай-ақ заңды күшіне енген үкімдер мен шешімдерді орындауға келтіре­тін органдардың қызметінің қылмыстық-құқықтық қор­ғауын қамтамасыз етуге арналған қалыптарды енгізу.

Сот төрелігін және олардың жазаларының орында­лу тәртібіне қарсы қарсы кейбір қылмыстар басқа тікелей объектіге, яғни құқықтары мен мүдделері заңмен қорға­латын жеке адамға да қол сұғады. Мұндай қылмыстарға: сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (ҚК 340-бабы), көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (ҚК 344-бабы), көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (ҚК 346-бабы), көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін не­ме­се өзге де сот актісін шығару (ҚК 350-бабы), жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қо­ры­тынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (ҚК 354-бабы) жатады.

Қылмыс объективтік жағынан көбінесе әрекет жа­сау жолымен жасалады. Тек кейбір мынадай қылмыстар: куә­нің не жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы не­ме­се жалтаруы (ҚК 353-бабы), сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау (ҚК 362-бабы), қыл­­мыс туралы хабарламау (ҚК 364-бабы), әрекетсіздік жо­лы­мен жасалады.

Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың субъектісінің бірі болып – лауа­зым­ды адамдар ғана табылады: көрінеу кінәсіз адамды қылмыс­тық жауаптылыққа тарту (ҚК 344-бабы), қыл­мыс­тық жауап­тылықтан көрінеу заңсыз босату (ҚК 345-бабы), кө­рі­неу заңсыз ұстау, қамауға алу не қамауда ұстау (ҚК 346-бабы), жауап беруге мәжбүр ету (ҚК 347-бабы), көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығару (ҚК 350-бабы), ал екіншісі: лауазымды адам болып табылмайтын, бірақ арнайы субъектінің өзге­дей белгілеріне ие адамдар: көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (ҚК 352-бабы), куәнің немесе жәбірленушінің жауап бе­ру­ден бас тартуы немесе жалтаруы (ҚК 353-бабы), алдын ала анықтау немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (ҚК 356-бабы), судьяға және қылмыстық процеске қа­ты­сушыларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шара­лары туралы мәліметтерді жария ету (ҚК 356-бабы), бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қа­маудан қашу (ҚК 358-бабы), қылмысты атқару мекемесі әкім­шілігінің талаптарына қасақана бағынбау (ҚК 360-бабы).

Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналық ниет­пен жасалады.

Құқықтық әдебиетте сот төрелегіне және жазалар­дың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың түрліше дә­­­ре­желеуін кездестіруге болады. Кейбір ғалымдар атал­ған қылмысты қылмыс субъектісінен тәуелді топтарға бөледі, ал басқалары – тікелей объект бойынша топтарға бөледі. Біздің заң үшін осы қылмысты тікелей объект бойын­ша төрт топқа бөліп қарау ыңғайлы.

Әділ соттың Конституциялық принциптерінің жүзе­ге асыруын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғу – қылмыстың 1-ші тобы, бұларға сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (ҚК 339-бабы), көрінеу кінәсіз адамды жауап­ты­лық­қа тарту (ҚК 344-бабы), қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (ҚК 345-бабы), көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (ҚК 346-бабы), жауап беруге мәжбүрлеу (ҚК 347-бабы), параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату (ҚК 349-бабы), көрі­неу әділетсіз сот үкімін, шешімін не өзгедей сот актісін шы­ғару (ҚК 350-бабы), адвокаттар мен өзге адамдарды, азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасауды (ҚК 365-ба­бы) жатқызуға болады.

Сот төрелігін және жазалардың орындалу тәртібін қар­сы қылмыстардың екінші тобы олардың міндеттері мен мақсаттарына сәйкес құқық қорғау органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғады.Бұларға: сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырумен адамдардың өміріне қол сұғу (ҚК 340-ба­бы), сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тер­геу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (ҚК 341-бабы), сотты құрметтемеу (ҚК 342-ба­­бы), судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анық­тауды жүргізуші адамға, сот приставына, сот орындау­шысына қатысты жала жабу (ҚК 343-бабы), судьяға қыл­мыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын тәуелсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (ҚК 356-бабы), қылмысты жасыру (ҚК 363-бабы), қыл­мыс­ туралы хабарламау (ҚК 364-бабы) жатады.

Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың үшінші тобы іс бойынша ең анық дә­лелдерді алуды қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғады: айғақтарды бұрмалау (ҚК 348-бабы), көрінеу жал­­ған сөз жеткізу (ҚК 351-бабы), көрінеу жалған жауап бе­­ру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аударуы (ҚК 352-бабы), куәнің немесе жәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (ҚК 353-ба­бы), жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалта­руға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (ҚК 354-бабы).

Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың төртінші тобы сот актісін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғады: сотталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркі­леуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (ҚК 357-ба­­бы), бас бостандығынан айыру орнынан тұт­қын­даудан немесе қамаудан қашу (ҚК 358-бабы), бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару (ҚК 359-бабы), қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігі­нің талаптарына қасақана бағынбау (ҚК 360-бабы), қо­ғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қор­ғау мемлекеттің ең маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. Конституцияның 36-ба­бының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын қорғау, ұл­­тына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік жә­­не лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, ді­н­­ге қатынасына, кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси жә­не өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бір­лес­тік­тер­ге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты бо­ры­шы және міндеті болып келеді.

Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қыз­­метті заңмен белгіленген тәртіпте және түрлерде ат­қа­ра­ды (Конституцияның 36-бабының 2-бөлігі).

Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бө­лім­­дері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әс­ке­ри қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәр­ті­бін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұ­зу­шылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, ма­те­риалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін кө­тереді.

Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.

ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келі­сім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қа­рулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әс­кер­лері мен әскери құрамаларында әскери қызмет ат­қа­ру­шы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-мат­тардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқа-рудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қыл­мыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".

Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әс­ке­ри қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әс­кери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.

Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұза­қы­лық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және жа­уап­кершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бо­йын­ша тудырады.

Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі бо­лып – әскери қызметті өтудің бір немесе өзге жақтарын ор­на­татын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әске­ри қылмыстарды алты топқа бөлуге болады:

1. Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағыну­шы­лық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қия­нат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап); бастыққа қар­сы­лық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәж­бүр ету (ҚК 368-бап); бастыққа қарсы күш қолдану әре­кеттері (ҚК 369-бап); бір-бірінің бағыныштық қаты­нас­тары болмаған кезде әскери қызметшілердің ара­сын­да­ғы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұ­зу (ҚК 370-бап); әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-бап);

2. Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қыл­мыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тас-тап кету (ҚК 372-бап); қашқындық (ҚК 373-бап); дене мү­шесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әс­кери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап);

3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағыт­тал­ған қылмыстар: жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ере­жесін бұзу (ҚК 375-бап); шекаралық қызмет ат­қа­ру-дың ережесін бұзу (ҚК 376-бап); қарауыл (вахта) қыз­ме­тін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 377-бап); ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ере­желерін бұзу (ҚК 378-бап); қоғамдық тәртіпті қорғау жә­не қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қыз­мет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 379-бап);

4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұс­таудың тәртібіне және әскери техниканы пайдалану ерек­шеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: құрып ба­ра жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 382-бап); әс­кери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап); әскери мүлікті абайсыздықта құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап); әскери мүлікті жоғалту (ҚК 389-бап); ай­на­ла­дағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ зат­тар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 390-бап); ма­шиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 391-бап); ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (ҚК 392-бап); кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 393-бап);

5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қа­рулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қыл­мыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қол­да­ны­луы немесе әрекетсіздігі (ҚК 380-бап); қызметке сел­қос қарау (ҚК 381-бап); жауға соғыс жүргізу құралдарын бе­ру немесе тастап кету (ҚК 383-бап); әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жа­рия ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғал­ту (ҚК 386-бап);

6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу (ҚК 384-бап); тонаушылық (ҚК 385-бап);

Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекет­тер­ден, мысалы бастыққа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 369-бап), әскери қызметшіге тіл тигізуде (ҚК 371-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос қарағанда (ҚК 381-бап) тұруы мүмкін.

Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құ­рамдары – формальды (ҚК 373-бап), материалды (ҚК 390-бап) немесе формальды-материалды болуы мүмкін (ҚК 376-бап).

Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады, мысалы: бөлімді немесе қыз­мет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бап), қаш­қындық (ҚК 373-бап), әскери мүлікті қасақана құрту не­ме­се бүлдіру (ҚК 387-бап) және басқалары. Кейбір әс­ке­ри қылмыстар абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін, мы­салы: әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап). Бөлек қылмыстар қасақана да, абайсыз да жа­са­лынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап), жауынгершілік кезек­шілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 375-бап).

Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып қылмысты жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап), жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-бап) және с.с.

Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы, яғни әс­кер­ге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қа­зақ-стан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрама­ла­рын­да әскери қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды өтіп жатқан азаматтар.

1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Респуб­ли­ка­сының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-бабына сай Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күш­тердің түрлерін – құрлық әскерлерін, ауаға қарсы қорға­ныс әскерлерін, әскері – ауа күштерді, тылды, әскери - құ­рылыс бөлімдерін, әскери-оқу орындарды кіргізеді.

Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және ішкі әскерлер, Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің әскерлері, азаматтық қорғаныстың басқару ор­гандары мен бөлімдері.

Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қа­рас­тырған құқыққа қайшы әрекеттерден әскери қыл­мыс­тар екі ерекшеліктермен – сұғынушылықтың ерекше объек­тісімен және қылмыстың арнайы субъектісімен айы­рылады.

Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасау бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін көтеріңкі жауап­кершілікті тудырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың түсінігі және түрлері.

  2. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың объективтік белгілері

  3. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар мен әскери қылмыстардың субъективтік белгілері.

Әдебиеттер:

  1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Алм 2007

  2. Алауханов Е. Қылмыстық құқық Ерекше бөл. Оқулық. Алм, 2009.

  3. Бұғыбайқызы Д.Б. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: лекциялар курсы

  4. Ветров Н.И. Уголовное право. Особенная часть.

  5. Ещанов А.Ш. Уголовное право (Общая и особенная часть)

  6. Жунусов Б.Ж.Уголовное право РК. Особенная часть. Учеб. Пособие.

15 тақырып. Әскери қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат

Мақсаты: Әскери қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат зерттеу.

Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қор­ғау мемлекеттің ең маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. Конституцияның 36-ба­бының 1-бөлігіне сай Қазақстан Республикасын қорғау, ұл­­тына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліктік жә­­не лауазымды жағдайына, нәсіліне, тіліне, біліміне, ді­н­­ге қатынасына, кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси жә­не өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бір­лес­тік­тер­ге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты бо­ры­шы және міндеті болып келеді.

Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қыз­­метті заңмен белгіленген тәртіпте және түрлерде ат­қа­ра­ды (Конституцияның 36-бабының 2-бөлігі).

Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бө­лім­­дері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әс­ке­ри қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәр­ті­бін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұ­зу­шылықтар жасау үшін әскери қызметшілері тәртіптік, ма­те­риалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін кө­тереді.

Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 16-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.

ҚК 336-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келі­сім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қа­рулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әс­кер­лері мен әскери құрамаларында әскери қызмет ат­қа­ру­шы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-мат­тардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқа-рудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қыл­мыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".

Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әс­ке­ри қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әс­кери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.

Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа қайшы іс-қимылды жасауы, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұза­қы­лық және с.с. әскери қылмыстарға жатпайды және жа­уап­кершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бо­йын­ша тудырады.

Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі бо­лып – әскери қызметті өтудің бір немесе өзге жақтарын ор­на­татын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әске­ри қылмыстарды алты топқа бөлуге болады:

1. Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағыну­шы­лық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қия­нат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап); бастыққа қар­сы­лық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәж­бүр ету (ҚК 368-бап); бастыққа қарсы күш қолдану әре­кеттері (ҚК 369-бап); бір-бірінің бағыныштық қаты­нас­тары болмаған кезде әскери қызметшілердің ара­сын­да­ғы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұ­зу (ҚК 370-бап); әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-бап);

2. Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қыл­мыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тас-тап кету (ҚК 372-бап); қашқындық (ҚК 373-бап); дене мү­шесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әс­кери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап);

3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағыт­тал­ған қылмыстар: жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ере­жесін бұзу (ҚК 375-бап); шекаралық қызмет ат­қа­ру-дың ережесін бұзу (ҚК 376-бап); қарауыл (вахта) қыз­ме­тін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 377-бап); ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ере­желерін бұзу (ҚК 378-бап); қоғамдық тәртіпті қорғау жә­не қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қыз­мет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 379-бап);

4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұс­таудың тәртібіне және әскери техниканы пайдалану ерек­шеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: құрып ба­ра жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 382-бап); әс­кери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап); әскери мүлікті абайсыздықта құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап); әскери мүлікті жоғалту (ҚК 389-бап); ай­на­ла­дағыларға қауіп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ зат­тар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 390-бап); ма­шиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 391-бап); ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (ҚК 392-бап); кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 393-бап);

5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қа­рулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қыл­мыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қол­да­ны­луы немесе әрекетсіздігі (ҚК 380-бап); қызметке сел­қос қарау (ҚК 381-бап); жауға соғыс жүргізу құралдарын бе­ру немесе тастап кету (ҚК 383-бап); әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жа­рия ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғал­ту (ҚК 386-бап);

6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу (ҚК 384-бап); тонаушылық (ҚК 385-бап);

Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекет­тер­ден, мысалы бастыққа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 369-бап), әскери қызметшіге тіл тигізуде (ҚК 371-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос қарағанда (ҚК 381-бап) тұруы мүмкін.

Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құ­рамдары – формальды (ҚК 373-бап), материалды (ҚК 390-бап) немесе формальды-материалды болуы мүмкін (ҚК 376-бап).

Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады, мысалы: бөлімді немесе қыз­мет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бап), қаш­қындық (ҚК 373-бап), әскери мүлікті қасақана құрту не­ме­се бүлдіру (ҚК 387-бап) және басқалары. Кейбір әс­ке­ри қылмыстар абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін, мы­салы: әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап). Бөлек қылмыстар қасақана да, абайсыз да жа­са­лынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап), жауынгершілік кезек­шілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 375-бап).

Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып қылмысты жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап), жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-бап) және с.с.

Әскери қылмыстардың субъектісі арнайы, яғни әс­кер­ге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қа­зақ-стан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрама­ла­рын­да әскери қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды өтіп жатқан азаматтар.

1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Респуб­ли­ка­сының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-бабына сай Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күш­тердің түрлерін – құрлық әскерлерін, ауаға қарсы қорға­ныс әскерлерін, әскері – ауа күштерді, тылды, әскери - құ­рылыс бөлімдерін, әскери-оқу орындарды кіргізеді.

Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және ішкі әскерлер, Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік ко­митетінің әскерлері, азаматтық қорғаныстың басқару ор­гандары мен бөлімдері.

Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қа­рас­тырған құқыққа қайшы әрекеттерден әскери қыл­мыс­тар екі ерекшеліктермен – сұғынушылықтың ерекше объек­тісімен және қылмыстың арнайы субъектісімен айы­рылады.

Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасау бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін көтеріңкі жауап­кершілікті тудырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]