- •Тақырып 1. Қр қылмыстық саясатын жүзеге асырудың түсінігі, міндеттері, қағидалары және нысаны
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 2. Қылмыстық - құқықтық саясат Мақсаты: Қылмыстың саясаттың түсінігі мен құылмыс құрамының арақатынасын анықтау.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 3. Қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясат Мақсаты: қр заңнамаларын жетілдіру саласындағы қылмыстық саясатты оқып білу.
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 4. Қылмыстық іс жүргізу саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 5. Қылмыстық атқарушылық саясаты
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес аясындағы қылмыстық саясат Мақсат: Қылмыстылық жауаптылық пен жазадан босату ерекшеліктерін ажырата білу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 8. Жеке адамдарға қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 9. Меншікке қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясатМақсаты: меншікке қарсы қылмыстарды бір-бірінен ажырата білуді үйрену.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 10. Экономикалық қылмыстармен күресу аясындағы қылмыстық саясат Мақсаты: Экономикалық қылмыстарды саралаудың ерекшеліктерін зерттеу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып. 14. Сот төрелігі және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстармен күрес аясындағы қылмыстық саясат
- •Әдебиеттер:
- •Қылмыстық саясат пәні тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1 Вариант
- •2 Вариант
- •3 Вариант
- •4 Вариант
- •5 Вариант
- •6 Вариант
- •7 Вариант
- •8 Вариант
Әдебиеттер:
Иванов В.Д. Ответственность за покушение на преступление. Караганда, 1974
Караулов В.Ф. Стадии совершения преступления. М., 1982
Колодкин Л.М. Стадии преступления и предупреждение преступлений. Киев, 1972
Панько К.А. Добровольный отказ от преступления по советскому уголовному праву. Воронеж, 1975
Тер-Акопов А.А. Добровольный отказ от преступления по советскому уголовному праву. М., 1982
Апенов С.М. Қылмысқа қатысушылық. Әдiстемелiк құрал. Алматы.: ҚазМЗА, 2000
Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлению. Алма-Ата, 1968
Бурчак Ф.Г. Учение о соучастии по советскому уголовному праву. Киев, 1969
Бурчак Ф.Г. Соучастие: социальные, криминологические и правовые проблемы. Киев, 1986
Гаухман Л.Д., Максимов С.В. Уголовная ответственность за организацию преступного сообщества. М., 1997
Галиакбаров Р.Р. Совершение преступления группой лиц. М., 1980
Галиакбаров Р.Р. Квалификация групповых преступлений. М., 1980
Джекебаев У.С., Вайсберг Л.М., Судакова Р.Н. Соучастие в преступлении: криминологические и уголовно-правовые проблемы. Алма-Ата, 1982
Иванов Н.Г. Понятие и формы соучастия. Саратов, 1991 г.
Тельнов П.Ф. Ответственность за соучастие в преступлении. М., 1974
Нургалиев Б.М. Организованная преступная деятельность. Караганда, 1997
Нормативтi актiлер:
ҚР Жоғары Соты Пленумының « Бандитизм және қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшiн жауаптылықты қарастыратын заңдылықты соттардың қолданудың кейбiр мәселелерi туралың 21.06.2001 жылғы нормативтiк қаулысы
Тақырып 5. Қылмыстық атқарушылық саясаты
Мақсаты: Қылмыстық атқарушылық саясатты оқып білу.
Қылмыстық жазаны орындау заңда бекітілген қолданылатын жаза түрлерінің тізімі бойынша жазалау қажеттігіне ғана емес, сол жазаның мақсатына, оның мазмұнына, сондай-ақ жазаның өзінің орындалуына байланысты. Саяси талаптар Қазақстан Республикасы Конститутциясындағы ресми мәлімделген қылмыстық жазаны атқару саласының негізгі қағидаларын, қызмет бағыттарын, мемлекет стратегиясын қамтамасыз етуден, сондай-ақ сотталғандарды тузеудің ғылыми негізделген нормалары мен әдістерін, жазаны атқару кезіндегі сотталғандармен қарым-қатынас ережелерін қамтамсыз етуден туындайды.
Мемлекет қызметінің бағыты ретіндегі жазаны атқару, өз кезегінде арнайы құқықтық реттеуді, сондай-ақ құқықтың өз алдына бөлек, дербес саласының құрылуын және болуын талап етеді. Құқықтың дербес саласының белгілері болып мыналар саналады: өзіне тән құқықтық реттелетін нәрсесінің; құқықтық реттеудің әдістері мен құықтық нормалардың өзіне тән жүйесінің болуы. Бұл белгілердің бәрі де толық көлемінде қылмыстық-атақару құқығына да тән.
Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеудің нәрсесі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қарастырылған қылмыстық жазалардың барлық түрін атқару (өтеу) болып танылады. Жазаны орындау соны атқару міндеттері жүктелген мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың әкімшіліктерімен ғана жүзеге асырылып қоймай, жекелеген азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың да әрекеттерімен жүзеге асырылады. Осыған байланысты қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу нәрсесі қоғамдық қатынастар деп те айтуға болады.
Жазаны атқару мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі қылмыстық-құқықтық шара болып саналатындықтан және осыған орай құқықтық қатынас субъектілерін атақаратын қызметіне орай теңестіруге болмайтындықтан оның негізгі әдісі императивтік (императивтік – әміршілдік, сөзсіз бағынуды талап ететін) әдіс болып табылады. Құқықтың өзге де салалары сияқты қылмыстық-атқару құқығы да жазаны атқару мен өтеуге байланысы бар қатынастарды реттейтін өзінің нориалар жүйесіне ие болған. Шындығына келгенде айта кету керек, қылмыстық-атқару құқығының құқықтың басқа да салаларынан (қылмыстық, еңбек, азаматтық және де басқа заңдардан) алған нормалары да бар. Олар қолдану барысында осы салаға қарай бейімделіп, мазмұнын өзгертіп, етене араласып та кетті.
Қылмыстық-атқару құқығы құқықтың өзге де барлық дерлік салаларымен тығыз байланысып, етене араласып кеткен деп айттық қой. Міне, осыған байланысты ол басқалармен бірігіп құқықтың кешенді салаларын құрайды. Атап айтқанда: қылмыстық іс жүргізу құқығымен – үкімді орындау, мерзімінен бұрын немесе ауруына байланысты босату мәселелерін реттеуде; әкімшілік құқықпен – мекемелерді басқару саласында; еңбек құқығымен – сотталғандарды еңбекке тарту және олардың еңбегіне ақы төлеу мәселелерін шешкенде, азаматтық, отбасылық, қаржы, авторлық және басқа да құқық салаларымен тиісті мәселелерді шешкенде қоян-қолтық араласады.
Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары
Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы тұрғысынан алғанда, қағидалар құқықтың жетекші идеяларын, негізгі ережелері мен дербес құқықтық жүйе құру үшін ғана емес, құқықтық нормаларды жүзеге асыратын бастауларды көрсетеді.
Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары құқықтың жалпы қағидаларынан және қылмыстылыққа қарсы күреске байланысты құқық салаларының қағидаларынан орын алады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңнамаларының құқықтық қағидаларының негізіне 1948 жылғы адам құқығының жалпыға бірдей декларациясымен; БҰҰ Бас Ассамблеясының 1988 жылғы 9-желтоқсандағы 43/173 қарарымен бекітілген қандайда болмасын жолмен ұстауға немесе қамауға алынған барлық адамдарды қорғау қағидаларының Жинағы және басқа да сол сияқты халықаралық түрлі актілермен айғақталатын жалпы адамзаттық құндылық жатады.
ҚР ҚАК 6-бабы мына төмендегі қағидаларға негізделген ережелерді бекітеді:
- заңдылық,
- әркімнің заң алдындағы теңдігі;
- гуманизм;
- демократизм мен жариялылық;
- жазаны атқаруды бөлектеу мен жекелеу;
- жазаны түзеу әсерімен байланыстыру.
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен халықаралық құқықтық актілер сотталғандармен қарым-қатынас қағидаларын қарастырады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігі жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Осы сияқты қылмыстық жазаны атқару заңда көрсетілгеннен басқа мақсатты бетке ұстамайды, ал жазаны орындау ісінің өзі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген шеңберде жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге ҚР ҚК 39-бабында көрсетілген қылмыстық жаза түрлері жеткілікті тізім саналады және қылмыс жасағаны үшін сот бұдан артық басқа жаза қолдана алмайды, осында көрсетілген қылмыстық жазаларды атқару Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексімен реттелген, ол бас бостандығынан айыру орындары әкімшіліктері мен жазаны атқару органдарының құқықтарын белгілеп қана қоймайды, сонымен қатар әртүрлі жағдайдағы заңның қолдналу шеңберін нақты белгілеп, жазасын өтеушілердің құқықтық жағдайларын, әкімшіліктің қызметіне бақылау жасаудың жолдарын және жазаны атқару заңдылығының қағидаларына жататын басқа да ережелерді анықтайды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында мемлекет азаматтарының заң мен сот алдында бәрі тең делінсе, Конституцияның 12-бабы осы қағиданы күшейте түсіп, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдақ имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс дейді.
Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм қағидасы еліміздің заңнамаларында ғана емес, адам құқықтары және сотталғандармен тіл табысу туралы көптеген халықаралық актілерден көрініс тапқан. Атап айтқанда, Азаматтық құқық туралы халықаралық пактісінің 10-бабында мұндай қағида мынадай мазмұнда қалыптасқан: «Бас бостандығынан айырылған адамдардың бәрінің де өздеріне адамзаттық тұлғаларға лайықты гуманистік көзқараспен қаралуына және абыройының құрметтелуіне құқысы бар». Сотталғандардың мүмкіндіктерінің шектелуі мен қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымды адамдарына тәуелділігі ескеріле отырып, сотталғандарға қатысты гуманизм кез келген жағдайда оларға қатысты әдепті қараумен, мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін шешуге көңіл аударумен, уақытында және толық мәнде дәрігерлік, заңгерлік, өзге де көмектер көрсетумен, жазасын өтеуден бостандық алып шыққан соң жұмысқа орналасу мәселесін шешуге араласумен көрінуі тиіс.
Қылмыстық жазаның мақсатына жетіп, кері ықпалын тигізбеуін ескерту үшін заң мәні түрлі санаттағы сотталғандардың бұрынғы жасаған қылмыстарының ауырлық дәрежесіне, бұрын сотталғандығына мен қылмыстық әрекеттерін, сондай-ақ мінез-құлықтарына келіп саятын жазаны атқарудың бәріне бірдей болуы мен жеке өзіне сайықтау қағидасын қолдануды қарастырады.
Сотталған адамның жазасын өтеу кезіндегі мінез-құлқына байланысты әрбір сотталған адамның түзелу дәрежесі, қоғамдық еңбекке араласуы жеке-жеке бағаланады және заң осыған байланысты жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату, жағдайы жақсартылған орынға ауыстыру немесе теріс тәртібі үшін режимдік шектеуді күшейтуді қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.
Сотталған адамның жазасын түзеу ықпалымен байланыстыру қағидасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексіндегі түзеу құралдарын қолдану туралы ережеге сәйкес, жазаның түрін, жасалған қылмыстың сипатын, қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінә нысаны мен себептерін, сотталушының жеке басы мен мінез-құлқын ескере отырып жүзеге асырылады (ҚР ҚАК 7-б).
Түйіндей келгенде, мынадай қорытынды жасауға болады: қылмыстық-атқару құқығының қағидалары жалпы, салааралық, салалылақ және институциальдық құқықтық болып бөлінеді.
