Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
найти 5 ошибок.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

VIII түрдегі түзетумектепкемәтіндік есептерді шығарғанда тірек сұлбаларын қолдану әдістемесін бейімдеу

Орындаған: Г.К.Асанова

Жетекші: оқытушы Ш.Т.Буркашева

Зерттеу мақсаты: акыл-есі кем оқушылардың мәтінді мәселе есепті шығару барысында тірек сұлбалары әдістемесін пайдалану жаңа жолдарын табу.

Зерттеу объектісі: көмекші мектеп оқушыларының мәтінді мәселе есепті шығару барысы.

Зерттеу пәні: көмекші мектеп оқушыларының мәтінді мәселе есепті шығару барысында тірек сұлбалары әдістемесі.

Зерттеу болжамы: егер көмекші мектеп оқушыларының мәтінді мәселе есепті шығару барысында тірек сұлбалары әдістемесін пайдалану жаңа жолдарын тапсақ оқушылардың математика сабағындағы мәтінді есепті шығару тиімді болады.

Зерттеу міндеттері:

  1. мәтінді мәселе есепті шығарудың теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;

  2. көмекші мектеп оқушыларында мәтінді мәселе есепті шығару ерекшеліктерін анықтау;

  3. мәтінді мәселе есепті шығару барысында қалыптасатын дағдыларөлшемдерін өңдеу;

  4. эксперименталды жұмыс барысында дифференциалды коррекцияның бағыттарын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау.

Зерттеу әдістері:

1)теориялық зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық және ғылыми- әдістемелік әдебиетті саралау;

2)эксперименталды әдістер: педагогикалық қалыптастыру әксперименті;

3)психодиагностикалық әдістер: ақыл-есі кем оқушылардың сөйлеу тілі, оның өзгерістерін бақылау, эксперттік бағалау;

4) сандық әдіс: көрсеткіштерді статистикалық өңдеу.

Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облыстық жетім балалар арнайы мектеп-интернатының 4 сыныбы.

Негізгі нәтижелер мен қорытынды

Қалыптастыру(оқыту) эксперименті барсында балалардың математика сабағына, арифметикалық мәселе есепке деген психологиялық факторлары өзгерді: белсенділік пайда болды, қорғу қасиеті жоғалды, балалардың әрқайсысы жұмысқа кірісіп өздігінен жұмыс жасайтын болды.

Екінші бақылаудың нәтижесі де әлде қайда жоғары болды.

Мәселе есептерді сабақ барысында біреу ғана емес, бірнешеуін шығаратын болды. Мәселе есепті шығару жұмыстары арқылы біз кестелік көбейту мен бөлу дағдыларын, разрядтан аттап және аттамай жазбаша, ауызша тәсілдері арқылы қосу мен азайту дағдыларын қалыптастырдық. Кесінділер арқылы мәселе есептерді шығардық. Жасаған жұмысымызды талдап, қойылған мақсаттарымызға жеткенімізді байқадық. Сонымен қатар болжамымыздың шындығын дәлелдедік.

Жоғарыда айтқанға байланысты біз келесі әдістемелік нұсқауларды ұсыныамыз:

  1. түзету және жалпы білім бері мектебінде пайдаланатын жаңа әдістермен танысу, меңгеру, бейімдеу;

  2. әр оқушының жеке мүмкіндігін ескере отырып оқу үдерісін ұйымдастыру, белсендіру;

  3. түрлі әдіс-тәсілдерді көмекші мектептің математика курсына бейімдеп, еңгізу.

Мұғалімнің әр сабақты жоғары деңгейде өткізу талабы келешекте оқушылардың оқу үдерісіне деген көз қарасын өзгертуге әкеледі. Ұстаздың шәкірттерімен жақсы қарым-қатынас құрауы оқудың бірінші мақсаты деп ойлаймыз. Оның негізінде мұғалім де, оқушылар да өз жұмысымен қанағатталады

Тәжірибелік маңызы

  1. мәтінді мәселе есепті шығару барысында тірек сұлбалары әдістемесін пайдалану жаңа жолдарын таптық;

  2. мәтінді мәселе есепті шығару барысында қалыптасатын дағдыларөлшемдерін өңдедік;

  3. болжамымыздың шындығын анықтадық.