- •2 Вопрос
- •3 Вопрос
- •4 Вопрос
- •7 Вопрос
- •17 Вопрос
- •1. Жалпы ережелер мен ұғымдар
- •2. Жқп мбмж құру тәртiбi
- •22 Вопрос
- •2. Озон қабатының жұқаруы.
- •4.Азық-түлік проблемасы.
- •3. Ноосфера туралы пікірлер.
- •1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
- •3. Энергетикалық дағдарыс.
- •36 ВопросБазель конвенциясы
3. Энергетикалық дағдарыс.
Энергетикалық және шикізат проблемалары бұл бәрінен бұрын адамзатты отынмен және шикізатпен сенімді түрде қамтамасыз ету проблемасы. Бұрын да қорлармен қамтамасыз етудің белгілі бір шиеленіскен кездері болған. Бірақ әдетте бұл табиғат қорлары құрамы жасақталмаған аудандар мен елдерге қатысты болатын. Ғаламдық көлемде ол бірінші рет 70-жылдары туды деуге болады. Оның өзінің бірнеше себептері бар. Оларға мұнайдың, табиғи газ бен отын және шикізаттың кейбір басқа түрлерінің барланған қорының айтарлықтай шектеулігі, өндірудің кен - геологиялық жағдайларының нашарлауы, өндіру және тұтыну аудандары арасындағы териториялық алшақтықтың артуы, өндіруді табиғат жағдайлары өте қатаң жаңадан игерілген аудандарға қарай жылжыту және т.б жатады. Демек қазіргі дәуірде минералдық қорларды бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде тиімді пайдаланып ұдайы өндіру қажет. Жер қойнауында бар және Жер мен жер төңірегі кеңістігінде пайда болып отыратын әнергия мен шикізаттың жалпы мөлшерінің молдығы соншалық теория жүзінде олардың сарқылуы жөнінде айтылатын ойлар баршылық. Табиғат байлығын игеру қарқыны, табиғи ортаның ластануы, табиғат пайдаланудың болашағы туралы әр түрлі теориялар туғызды.
Олардың ішінде әсіресе көп тарағаны табиғат байлығының сарқылатыны туралы, өнеркәсіпке шикізаттың жетіспеушілік туралы оның ішінде минералдық шикізат пен отын қорының жетіспеушілігі туралы жорамалдар. Бұл теорияға дәлел ретінде ашылған минералдық шикізаттың таусылуы, жердің құнарлығының кемуі, ормандардың кесіліп жойылуы, тұщы су қорының азаюы, т.б. факттер келтірілген.
Мысалы, "Рим клубы" деп аталатын Италия кәсіпкері Аурелио Печчей құрған ұйымның теориялары (Дж. Форрестор, Д. Медоуза) бойынша ашылған пайдалы қазба байлықтар таяу уақытта таусылады, оның үстіне өнеркәсіптің, жалпы шаруашылықтың дамуын табиғи ортаның ластануы шектейді. Соның нәтижесінде XXI г. тоқырау басталады. Халықтық өсімі кемиді, апаттар болады деп есептеледі. Олардың ойынша ең тиімді вариант капиталды ауыл шаруашылығына бағыттау, халықтың өсуін тоқтату және өнеркәсіпті тек тозған құрал жабдықты жақсарту дәрежесінде ғана дамыту.
БҰҰ-ның тапсырмасымен жұмыс көптеген мамандардың қорытындысы бойынша әлемдік экономикалық прогресс ұзақ уақытқа созылды. "Әлемдік экономикалық болашағы" деген ұжымдық, еңбек (жетекшісі Америка экономисі - В. Леонтьев) бойынша 2000 жылға дейін табиғат ресурстарының. қорының тапшылығы болмайды. Елдердің экономикаларының дамуының, жылдық қарқыны, 3,3-9% болады деп есептейді. Сонымен қатар дамыған елдер мен дамушы елдер экономикасының арасы жақындай түседі деп санайды.
1980 жылы үлкен ұжымдық еңбек "Табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік стретегиясы" жарияланды. Ол еңбек халықаралық табиғатты қорғау одағының Бас ассамблеясында талқыланып қабылданды. Онда жерді, орманды пайдаланудың қазіргі жағдайы сақталса, таяу 20 жылда егістік жерді 1/3%-1 жарамсыз болатыны, орманның 2 есе азаятыны, ал халықтың саны 1,5 есе өсетіні туралы ескерту жасалды.
Америка ғалымы Д.В. Нордхауздың "Табиғат қоры өсудің шектеушісі" атты еңбегінде жерден алуға болатын минералдық шикізат қорының казіргі ашылған қорынан әлдеқайда көп екені және бұны қарқынмен ұзақ уақыт пайдалануға жететіні туралы дәлелдер келтірілген (Мысалы, көмір - 5119, мыс - 340, темір -2657, алюминий - 6866 жылға жетеді деп есептейді). Және бұл жерден пайдалы қазбалар бұрыннан көп емес. Жалпы қор миллион жылдарға жетеді деп есептедік.
В. Нордхауздың пікіріне, адамзат қазба байлықтармен өте шексіз ұзақ мерзімге қамтамасыз өтілген. Тіпті отын бағасының жылма - жылғы 2,2% артуы да өнеркәсіп токырауын туғызбайтын көрінеді, өйткені еңбек етімді 2,5% өседі деп есептейді Бағаның өсуі тек қана отын қорын үнемдеп пайдалануды туғызады дейді.
Сонымен қорытындылай келе, мынаны айтуымызға болады: әлемде табиғат байлығы таяу уакытта таусылады деп айтуға негіз жоқ. Сонымен қатар, адамзат, жан - жануарлар өміріне, жалпы Тіршілікке, табиғатқа қауіп төндірмеу үшін табиғи ортаны қорғап, табиғат байлығын тиімдейді, үнемдеп пайдалана білуміз керек. Бұл екі барлық; мемлекеттердің, барлық ха-лықтың күш – жігері жұмылдырылуы тиіс.
