Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рубежка.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
290 Кб
Скачать
☆
  • 2. Озон қабатының жұқаруы.

  • Қазіргі таңның актуальды мәселелерінің бірі - Озон қабатының жұқаруы. Озон қабаты жерден 20-30 км биіктікте орналасып, құрамына озон молекуласының мол концентрациясын жинақтаған. 30 км биіктіктен кейін озон қабатымен 90 % ультракүлгін сәулелері сіңіріліп, 20-25 км биіктікке тіршілік үшін қауіпті радиация жетпейді.

  • Озон молекулалары атмосферада түзіліп, күрделі химиялық процестер нәтижесінде сол ортада ыдырайды. Ультракүлгін сәулесінің болмауы озонның қарқынды түрде түзіліп, мол мөлшерде шоғырлануына себепкер болады.

  • Осы факторға байланысты Антарктика мен Арктиканың стратосфера қабатында полярлы қыс кезінде озон көп мөлшерде түзіледі. Антарктиданың көктемгі “озон тесіктерінің” пайда болуы Күн-Жер жүйесіндегі процестермен негізделген. Озон қабатының жұқаруына себепкер факторлар екіге жіктеледі:

  • 1. Табиғи факторлар;

  • 2. Антропогендік факторлар.

  • Бір көзқарас негізінде – қыс айларында Антарктикада тұрақты циклон қалыптасып, оның ішінде мұз кристалдарының және хлорлы қослыстардың интенсивті түрде шоғырлануы жүреді. Көктем айы келгенде Күн сәулесі ол қосылыстарды ыдыратып, нәтижесінде хлордың атомдары түзіледі.

  • Табиғаты бойынша хлор 1 валентті болғандықтан, қасындағы молекулалардың атомдарын өзіне тартып, олардың беріктігін бұзады. Озон молекуласындағы 1 атомды өзіне қосып, оның атомарлы (О) және 2 атомды молекулаға (О2) айналуына себепкер болады.

  • 15-18 км биіктікте Антарктида үстінде озон қабаты қатты жұқарып, ауаның жылынуы қарқынды түрде жүріп, сол қалыптасқан “озон тесіктернің” Оңтүстік жартылай шарға ығысуы байқалады.

  • Екінші көзқарас бойынша озон молекуласының ыдырауында антропогендік фактор шешуші роль атқарады. Ұшудың жоғарғы шегін игерген авиалайнерлер отындарының шығарындылары, құрамында озон бұзушы және аэрозольді қоспасы бар ракета қондырғыларының жіберілуі – озон қабатын жұқартуда бірінші орынға ие.

  • Ғарыш кеңістігін игеру барысында адамзат атмосфера қабаттарында космостық қоқысты млн-ған тоннамен жинақтаған болатын. Ғарыштық қоқыс – ракеталардың екінші сатысының жарылуы нәтижесінде түзілген ксенобионтты табиғаты бар заттар және спутниктердің жарықшақтары. Қазіргі таңда Жер орбитасының 400-800 км аймағында мөлшері 10 см-ге жетпейтін 70-150 мыңға жуық жасанды денелер мен мөлшері 10 см-ден асатын 10 мыңнан астам жасанды денелер кездеседі.

  • Сонымен қатар, атмосфераның стратосфера қабатында адамзат өзінің игілігі үшін бірнеше күрделі физикалық және биохимиялық процестерді жүзеге асырады. Олар- техникалық әдістер көмегімен бұлттардан мезгілсіз жауын-шашын мен қар жаудыру, бұлттар мен тұмандарды сейілту, бұршақты түзілістердің алдын-алу, атмосфераның газдық және аэрозольдық құрамын өзгерту.

25-вопрос

Kышқылды жаңбыр

Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., SO2, NO2, HCl, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады..Атмосфера құрамына еңген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және азот қышқылдарын түзеді.Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.Әдетте рН 5,6 кем болса жауын- шашын «қышқыл жаңбыр» деп аталады.Күкірт және азот оксидтері металургия өндірісінде және көмір, мұнай мен әр түрлі газдар жиналған кезде түзіліп атмосфера құрамына енеді, күкірт оксиді жылу электр станциясынан бөлінсе ,азот оксиді автомобиль көлігінде жанармай жанаған кезде түзіледі.Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек бір тонна отын жанғанда , жылу электр станциясында орта есеппен 150кг, ал автомобиль моторында 1кг бензин жанғанда , 270 г ластағыш заттар бөлінеді. Көмірді және мұнайды жаққан кезде түзілетін күкірт диоксиді газы атмосферада күкірт триоксидіне дейін тотығады.Түзілген оксид ауадағы су буымен әрекеттесіп , күкірт қышқылын түзеді.

2SO2 +О2 → 2SO3

SO3 +Н2О→ Н2 SO4

Күкірт қышқылы ауа құрамында аэрозоль және майда тамшы түрінде болады.

Азот оксиді де ауадағы ылғалмен әрекеттесіп,азот қышқылына айналады.

2 NO + O2 →2 NO2

4 NO2 + 2 Н2О+О2 → 4 Н NO3

Қышқыл жаңбырлар топырақ құрамына еніп,өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қорек

болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың еруіне мүм-кіндік туғызады. Өз кезегінде улы заттар келеңсіз жағдайларға алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л балықтар

үшін өте қауіпті, сонымен қатар ағаштардың өсуін тежейді.Қышқыл жаңбыр әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі нашарлайды.Ал орман – табиғат санитары.Барлық тірі ағзаның тыныс алуына қажетті оттегінің мөлшеріне де әсер ететіні белгілі. Жаңбыр тамшыларында еріген күкірт қышқылы атмосферада тұман түзіп, адамдардың аллергия және басқа аурулармен науқастануына әкеледі. Қышқыл жаңбырларды болдырмаудың негізгі тәсілі техникалық қондырғыларды қолдану арқылы күкірт және азот оксидтерін атмосфераға жібермеу.

  • Қышқыл жауын-шашындар.

  • Алғаш рет “қышқыл жауындар” терминін 1872 жылы ағылшын зерттеушісі Ангус Смитт енгізген болатын. Ол өзінің зерттеулерін Манчестердегі смогтан бастаған болатын.

  • Қалыпты жауын суы ортасының орташа рН көрсеткіші – 5,6 –ға тең. Осыған байланысты метеорологиялық шашындардың барлық түрлері – қар, бұршақ, жауын, қар аралас жауындардың орташа рН көрсеткіші 5,6-дан төмен болса “қышқыл жауындар” категориясына енеді. Әдетте таза жауын әлсіз қышқыл ортаға ие, себебі, ауадағы СО2 жауын суымен реакцияға түсіп, әлсіз көмір қышқылын түзеді.

  • Қышқыл жауындарды түзілуінің себебі - табиғи және антропогендік сипаттарға ие.

  • Атмосфераның құрамында әр алуан заттардың болуына байланысты жауын ешқашан абсолютті “таза” болмайды, яғни оның рН ортасы 4,9-дан 6,5-ке дейін өзгеріп отырады. Орташа көрсеткіші (5,0) қоңыржай белдеулерніе тән.

  • Атмосфераға СО2 – ден басқа табиғи жолмен күкірт және азоттың әр алуан қоспалары түседі (жанартау атқылаулары). Бұл заттар да жауын суымен реакцияласып, оның ортасын қышқылдандырады.

  • Табиғи жолмен қатар атмосфераға қышқылды рекция туындадатын әр алуан оксидтердің түсуінің антропогендік көздері де жетіп артылады. Антропогендік заттардың эмиссиясы табиғи заттардың қуаттылығынан бірнеше есе артық болып келеді. Техногенді жолмен түскен азот және күкірт тотықтарының жоғары концентрациясы жауын суының қышқылдығын 4,0-ге дейін төмендетіп, оның тіршілік үшін уыттылығын бірнеше есе артып жібереді.

  • Қышқыл жауындарды туындататны негізгі химиялық қоспалар – SO2 мен NO2.

  • Жер атмосферасының құрамындағы күкірт қосылыстарының кейбір түрлері:

  • Күкірттің қос оксиді – SO2;

  • Көміртегінің оксисульфиді - COS;

  • Күкіртті көміртегі – CS2;

  • Күкіртсутек – H2S;

  • Диметилсульфид – (CH3)2S;

  • Сульфат –ион – SO42-.

  • Атмосфераға күкірттің табиғи эмиссиясы:

  • 1. Биологиялық бөліну –30-40 млн т/жыл;

  • 2. Жанартау қызметі – 2 млн т/жыл;

  • 3. Мұхит беттері 50-ден 200 млн т/жыл.

  • Атмосфераға күкірттің антропогендік эмиссиясы:

  • 1. Көмір отынын жағу (70%);

  • 2. Мұнай өнімдерін жағу (25-40 %);

  • Адамның іс -әрекеті нәтижесінде атмосфераға жыл сайын 60-70 млн т күкірт қоспалары түсіп отырады, бұл көрсеткіш табиғидан 2 есе артық.

  • Жер атмосферасының құрамындағы азот қосылыстарының кейбір түрлері:

  • Азоттың қос тотығы – NO2;

  • Азот тотығы - NO;

  • Азотты ангидрид – N2O3;

  • Азот оксиді - N2O5.

  • Атмосфераға азоттың табиғи эмиссиясы:

  • 1. Азот оксидтерінің топырақты эмиссиясы –8 млн т/жыл;

  • 2. Найзағай разрядтары – 8 млн т/жыл;

  • 3. Биомассаның жануы - 12 млн т/жыл.

  • Атмосфераға азоттың антропогендік эмиссиясы:

  • 1. Көмір отынын жағу - 12 млн т/жыл;

  • 2. Мұнай өнімдерін жағу - 8 млн т/жыл;

  • Адамның іс -әрекеті нәтижесінде атмосфераға жыл сайын 56 млн т азот қоспалары түсіп отырады.

  • Қышқылды жауындардың үнемі түсуіне байланысты топырақ және су орталарының қышқылдануы байқалады. Бұл өзгеріс өз кезегінде ауыр металдар мен токсиканттардың қарқынды еруін туындатып, топырақ пен су ортасының уыттылығын арттырады. Қоректік тізбек бойымен еріген токсиканттар жануарлар мен адам ағзаларына түседі.

  • Қышқыл әсерінен топырақтың биохимиялық құрылымы өзгеріп, ондағы биотаның тіршілігіне қауіп төнеді.

  • ҚЖ әсерінен өсімдік бойынан барлық бейорганикалық заттардың (негізгі микро- және макроэлементтер) шайылуы жүреді. Мысалы, көп мөлшерде өсімдік денесінен калий, кальций, магний және марганец элементтері шайылады.

  • Сонымен қатар, өсімдік бойынан қанттар, аминоқышқылдар, органикалық қышқылдар, гормондар, витаминдер, пектинді және фенолды заттар сияқты органикалық табиғаты бар қосындылар шайылады.

  • Өзендер мен көлдердің жаппай қышқылдануы бірқатар дамыған елдерде байқалады: Швеция, Норвегия, АҚШ, Канада, Дания, Бельгия, Голландия, Германия, Шотландия және т.б. Европа мемлекеттерінде. Норвегияда зерттелген 5000 көлдердің 1750-де балықтар популяциясы мүлдем кездеспейтіндігі айқындалған. Швецияның 2500 –ге жуық оңтүстік және орталық көлдерінде балықтар популяциясы мүлдем жойылып кеткен.

  • Адам денсаулығына аса қауіпті қышқыл сипаттағы аэрозольді бөлшектер болып табылады. Олардың қауіптілік деңгейі көлеміне байланысты болып келеді. Ірі аэрозольді бөлшектер жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдаса, 1мкм-ден кіші бөлшектер өкпенің ең алыс бөліктеріне еніп, айтарлықтай зардап тигізуі мүмкін. Нормадан асып кетсе аса уытты болып келетін аллюминий қоспалары трофтық тізбек бойымен адам ағзасына түсіп, оның улануының себепкері болады.

27-вопрос

Шөлейттену

Шөлейттену – адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. мысалы ,Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 – 700 км шамасында жылжыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Шөлейттену процесі Орталық Азия елдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 миллион га-дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 миллион т тұз желмен көтеріліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан Шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр. Арал түбінің тұзы Тянь-Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде; Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қи¬мыл¬ға (орман-мелиорац., гидро-тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды реттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады. Шөлейттену процесінің кең етек алуына байланысты дүние жүзінде 17 маусым –Шөлейттенумен күрес күні деп белгіленіп, 1997 жылы “Шөлейттенуге қарсы күресу” туралы Конвенция қабылданған. Қазіргі уақытта дүние жүзінің эколог-ғалымдары Шөлейттенуді мүмкіндігінше тежеу үшін күш салуда. мысалы , ауыл шаруашығы әдісі, яғни, тақырланып қалған және адам пайдаланбайтын жерлердің көлемін азайту үшін – терраса салу жиі қолданылады, т.б.

28 вопрос

Мұхит ластануы

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

29 сурак-

  • V. Энергетикалық дағдарыс.

  • Жетіспеушілігі болмаса ешбір энергия көзі сондай қымбатқа түспейді.

  • Гоми Баба, 1964.

  • Адамзаттың өркендеуі үшін энергия маңызды орын алады. Энергияға деген сұраныс жыл сайын кемімесе артуда.Ал ол ресурстар таусылудың аз-ақ алдында тұр. Одан шығудың тек екі жолы ғана бар: энергия ресурстарын тиімді пайдалану немесе қалпына келетін альтернативті энергия көздерін пайдалану.

  • 1960-шы жылдары адамзат қазір біз пайдаланатын энергияның тек жартысын ғана пайдаланған.

  • Әлемде өндірілетін коммерциялық энергияның 80 пайызын бай мемлекеттер пайдаланады.

  • Европада энергия пайдалану әлемде энергия пайдаланудың орташа мөлшерінен 2,3 есе артық болса, АҚШ 5,4 есе артық.

  • 1 американдық азамат 2 европалық, 35 үнділік, 210 танзаниялық немесе 600 бутандық азаматтар пайдаланатын энергияны қолданады екен.

  • Бутандықтар тура осыншама шамада энергия қолданғысы келгенде не туындайды?

  • Қазіргі таңда адамзат энергия қорына қаншалықты тәуелді екенін байқай бермейді.

  • Компьтерлер өшіп, машиналар тоқтап, телевизорлар сөйлемей, электр ламапалары сөніп қалғанда не болатынын елестетіп көріңіз.

30- вопрос

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ААҰ) мәліметінше, әлемде азық-түлік өнімдері қымбаттап барады. Өткен жылдың соңында бұл тауарлардың көтерілу индексі соңғы 20 жыл ішіндегі ең жоғары деңгейге жетіпті. Ол тіпті азық-түлік дағдарысы туралы алғаш айтыла бастаған 2008 жылдың маусымындағы бағалар шегінен де асып түскен. Сөйтіп, көптеген тамақ өнімдерінің бағасы соңғы 6 айда қауіпті жоғары деңгейге дейін көтерілген. Оның үстіне болжап болмайтын ауа райының қолайсыздығы жағдайында бағалардың өсуі биылғы жылы да жалғасуы мүмкін.

ААҰ - азық-түлік өнімдерінің 55 түрі бойынша бағалар индексін белгілейді. Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуіне, негізінен қант, дәнді дақылдар, май мен еттің қымбаттауы тікелей әсер етіп отыр. Мәселен, 2009 жылдың маусымындағы бағаға салыстырғанда жүгері 94 пайызға, майбұршақ 51 пайызға, ал бидай 80 пайызға қымбаттапты. Басқа шикізат тауарларының бағасы да көтеріліп келеді. АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігі жаһандық қор мен сұраныстың арақатынасы биылғы жылы 55 пайызға дейін төмендейтінін мәлімдеді. Бұл - өткен ғасырдың 70-жылдарының ортасындағы деңгей. АҚШ-тың жүгері қоры соңғы 15 жылдағы ең төменгі мөлшерге түскен, ал бидай қоры 2009 жылға салыстырғанда 16 пайызға төмендепті. Дамушы экономикасы бар елдерде бағаның өсуі ең негізгі проблемаға айналып отыр. Африканың кейбір елдерінде азық-түлік тауарларының қымбаттауы ереуілдер толқынын туғызуда. Ал Азия елдерінің үкіметтері күріш бағасының өсуін қолдан тежеп отыр. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, 2008 жылы байқалған азық-түлік инфляциясының күрт өсуі тағы да қайталануы ғажап емес. ААҰ-ның деректеріне жүгінсек, бүгінгі күні әлемде 1 миллиардқа жуық адам тоя тамақ ішпейді екен. Ал зерттеушілер соңғы он жылда азық-түлікке баға индексінің 2,2 есе немесе 220 пайыз артқанын айтып отыр. Соның ішінде адам ағзасы үшін аса қажетті саналатын ет бағасы - 1,5 есе, сүт өнімдері - 2,1 есе, астық - 2,6 есе, май мен тоңмайлар - 3,2 есе, қант - 3 есеге өскен. ААҰ әсіресе, 2010 жылдың соңғы айларында азық-түлік бағасының күрт қымбаттауына байланысты дабыл қағып жатыр. Қазақстан, Беларусьпен Кедендік одаққа біріккен, алдағы жылдың қаңтарынан осы елдермен Біртұтас экономикалық кеңістік құруға талпынып жатқан Ресейдегі БАҚ-тар да әлемде азық-түлік қымбаттап бара жатқанын жазып жатыр. Ал Дүниежүзілік банк бұл елдегі кедейлер санының артып келе жатқанына назар аударды. Банктің болжамына сәйкес, 1,4 миллиондай ресейліктің жағдайы кедейлік шегінен де түсіп кетуі мүмкін. Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы Қазақстанда 1 триллион 441 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға артық. Соның ішінде 787,6 миллиард теңгенің малшаруашылық өнімдері өндіріліп, ол 2009 жылмен салыстырғанда дерлік 3 пайызға артық болғанымен, егін өнімдерін өндіру 22,7 пайызға төмендеп, ақшалай мөлшерде 648 миллиард теңгені құрапты. Ірі қара, қой, құс басы біраз өскенмен, ешкі мен жылқы, шошқа басы керісінше, кеміп кетіпті. Жалпы, соңғы жылдарда Қазақстандағы азық-түлік өнімдерінің қымбаттау динамикасы бағаның 2003 жылы - 7,1 пайызға, 2004 жылы - 7,4 пайызға, 2005 жылы - 8,1 пайызға, 2006 жылы - 7,3 пайызға, 2008 жылы - 10,8 пайызға, 2009 жылы - 3 пайызға қымбаттағанын көрсетеді. 2010 жылы да баға біраз көтерілді. Азық-түлік бағасының күрделі мәселе күйінде қалып отырғаны сонша, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің деректеріне сәйкес, өткен жылы тіркелген 7,8 пайыз деңгейіндегі инфляцияның 5,5 пайыздан астамы азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты орын алған. Әрине, Үкімет азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесін үнемі назарда ұстап, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бірақ ел ішінде сұранысты ұсыныс қанағаттандыратындай өндіріс қалыптаспағандықтан, оны толық жүзеге асыру мүмкін болмай тұр. Алдағы жылы ең керекті азық-түлік өнімдерінің бағасы заң тұрғысынан реттеледі деп күтудің де айтарлықтай нәтиже берері күмәнді. Ал базарда өнім қанша көп болса, баға сонша арзандайтынын бүгінгі тұтынушының бәрі біледі. Сондықтан барлық күшті Елбасы тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ең кемінде екі есе ұлғайтып, ауыл өндірісін дамытуға жұмылдырған жөн. Біздіңше, бағаны тұрақтандыратын ең тура жол - осы!

  • . Әлемдік азық -түлік проблемасы, шешілу жолдары.

  • Аштық құбылыс ретінде бұл әлемге таңсық жаңалық емес. Мысалы, ХІХ ғасырда Қытай елінде аштықтан 100 млн адам көз жұмса, Үндістанда соңғы 50 жыл ішінде 20 млн-ға жуық адам көз жұмған.

  • Қазіргі таңда аштық тек жергілікті көлемде ғана өтпей, барлық континентті жайлап, астрономиялық масштабтарға ие. Аштықтың әр түрлі формаларынан зардап шегетін зона әлемдік картада Экватордың екі жағын да қамтып шектерін кемітпесе, ұлғайтуда. Африка құрлығын “аштық полюсі” десе артық болмас.

  • Жалпы аштыққа ұшыраған адамдардың нақты санын беру күрделі де кешенді жұмыс болып табылады. Біріншіден, құрғақшылық жылдар тез арада мол жауын-шашын жылдарымен алмасып, ашыққандар саны құбылмалы түрде өзгеріп отырады (бірде күрт көбейіп, бірде күрт кеміп (сандар миллиондап өлшенеді)). Екіншіден, ашыққандарға статистика жүргізетін ұйымдардың есептемелері әрқашан әр қилы болып келеді.

  • Мысалы, БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық мәселелерімен айналысатын құрылымының (ФАО) есептемесі бойынша ашыққан адамдар саны - 800 млн-ге жетті десе, Қайта құру және даму халықаралық банкі эксперттерінің есепеуі бойынша – 1 млрд-қа жетті дейді.

  • Дамушы мемлекеттер әлем халқының 70 %-ын құрап, қолдарында әлемдік азық түлік айналымның тек 30 % - ын ғана шоғырландырған.

  • Яғни, бұл статистикаға жүгінетін болсақ, дамушы елдің бір азаматына орташа есеппен алғанда дамыған елдің азаматынан 3 есе кем тағам өнімі келеді деген сөз.

  • Әрбір минут сайын бір адам аштықтан көз жұмып отырады.

  • 1 тәулік сайын 35 мың адам.

  • Жыл сайын 30-40 млн адам.

  • Ашыққан региондардың дәстүрлі ауыл шаруашылығы біртектілігімен және консервативтілігімен (ескіні жақтау) айрықшаланады. Қалыптасқан тенденция бойынша “Үшінші әлем” мемлекеттер еңбегінің өнімділігі антикалық Греция мен Римнің өнімділігінен әлдеқайда төмен болып келеді. Тәжірибелер мен тәуекелге барғысы келмейтін шаруалар техникалық және агрономиялық жаңалықтарды елеп-ескергісі келмейді.

  • Әлемдік азық-түлік мәселесінің өткірлігі тек оның жетіспеушілігінде ғана емес, сонымен қатар, оның төмен сапасында. Ашыққан мемлекеттерге сапасы нашар өнімдерді арзан бағаға өткізу кең етек алған проблемалардың бірі. Ауыр металдармен, пестицидтермен, канцерогендермен ластанған тағам өнімдері демікпе, туберкулез, асқорыту органдарының ауруына, мидың дисфункциясына алып келеді.