Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рубежка.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
290 Кб
Скачать
☆

3. Ноосфера туралы пікірлер.

Қоршаған ортаның және қоғамның дамуы біртұтас процеске айналған. Биосфераның келешектегі геологиялық кезеңін – ноосфера деп атайды. Ноосфера кезінде адамның саналы іс-әрекеті табиғаттағы басым бағыттаушы күш болып табылады.

  • Француз математигі Леруа 1927 жылы ноосфера туралы түсінікті қалыптастырады (гр. “ноос” - сана). Биосфераның ноосфераға ауысуы – адамзаттың биосфераны тек жартылай ғана игеруімен сипатталады. Кейін бұл терминді француз палеонтологы Пьер Тейяр де Шарден дамытып, өзінің эволюция бойынша жұмыстарында пайдаланды.

  • В.И. Вернадский ноосфера туралы ой-пікірлерін тек өмірінің соңына қарай қарастырған болатын. Оның ойы бойынша қоғамның табиғат жағдайларын ескере отрыпы дамуы үшін арнайы құрылымдық ұйымдар мен комиссиялардың құрылуы қажет. В.И.Вернадскийдің “Ғылыми ой – планеталық құбылыс” атты еңбегінде ноосфераны қалыптастыру үшін нақты жағдайлар қатары келтірілген:

  • Адам Жердің барлық аудандарында орналасу керек;

  • Мемлекеттер арасында ақпараттармен алмасу құралдарын алмастыру;

  • Мемлекеттре арасындағы саяси байланыстарды нығайту;

  • Адам өзінің геологиялық іс-әрекетін өзге әрекеттерге қарағанда жоғары қою керек;

  • 5. Биосфера шектерін кеңейтіп, ғарыштық кеңістікті игеру;

  • 6. Энергияның жаңа көздерін ашу;

  • 7. Әр дінге және нәсілге жататын адамдардың арасында теңдіктің орнауы;

  • 8. Ішкі және сыртқы саяси сұрақтарды шешуде қоғамның ролінің басым болуы;

  • 9. Қоғам өмірінде соғыстарды болдырмау;

  • 10. Ғылыми ойдың тар шеңбердең шығуы;

  • 11. Халықтық білім берудің ойластырылған жүйесін қалыптастыру.

32 вопрос

Қоршаған ортаның химиялық ластануы. Адамдардың шаруашылық әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары таралып отырады. Бізді қоршаған ортаның ластануы төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. Химиялық ластану (көміртек өнімдері, күкірт, көмірсулар, ақаба сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыл металдар, аэрозольдер). 2. Физикалық ластану (радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу жарық, шу және тербелістер). 3. Биологиялық ластану (ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдар, зиянкес жәндіктер). 4. Эстетикалық ластану (табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының өзгеруі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.).

33 вопрос

Экологиялық тәуекелді сақтандыру

Экологиялық тәуекелді сақтандыру – өндірісте болған апаттан қоршаған табиғи ортаның ластануы және кейіннен ықтимал азуы үшін жауапкершілігін сақтандыру түрі. Мұндай жағдайды тудырған апаттың салдары еңбек етуге қабілетті азаматтардың өмірден өтуіне, денсаулығынан айрылуына, еңбек ету қабілетін жоғалтуына, мүлкінен айрылуына, пайданы кем алуына, басқа да залал шегуіне себеп болады. Апаттық ластануға әдетте апаттық оқиғалардың салдарынан атмосфераға (гидросфераға) зиянды заттектердің шығарылуы (сарқындының ағызылуы), бұл заттектердің топыраққа жайылып сіңуі (суға жайылып араласуы), шуыл, діріл, радиация, темп-раның өзгеруі, басқа да жайсыз әсерлер жатады. Экологиялық тәуекелді сақтандырудың мақсаты – сақтанушылар мен сақтандырушылардың өзара қоршаған ортаны апаттық сипатта ластау қатерін азайтуға экономикалық мүдделілігін қалыптастыру және табиғат қорғау шараларын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестіру. Ол ерікті негізде де, міндетті негізде де сақтандырылады. Міндетті сақтандырудың мақсаты – сақтандыру жарналарын өндірістік шығынға жатқызу мүмкіндігін жасау және сол арқылы кәсіпорындарды осы сомадан салық төлеуден босатады. Қазақстанда Экологиялық тәуекелді сақтандыру “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Қазақстан Республикасы заңында (1997) көзделген.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ