Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рубежка.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
290 Кб
Скачать
☆

3 Вопрос

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды.

Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.

Бірінші кезең — бастапқы тас (палеолит) дәуірін қамтиды. Бұл кезенде алғашқы кауымдық қоғам қалыптасып, адамдар аң аулауды және өсімдіктерді жинауды кәсіп етті. Осы дәуірдің өзінде-ақ адамның өсімдіктер мен жануарларға әсері байқала бастады. Мысалы, ретсіз көптеп аулаудың нәтижесінде мамонттар, алып бұғылар, жүнді мүйізтұмсықтар және т.б. аңдар жойылды.

Екінші кезең — неолит дәуіріндегі (VIII—VII б.з.д. мыңжылдық) егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуымен ерекшеленді. Мұндай шаруашылықтар үшін бұрын пайдаланылмаған жаңа жерлер игерілді, орманды алқаптар қырқылды, шалғындықтар жыртылды және т.б. Осындай іс-әрекеттердің әсерінен бір кездегі табиғаты шұрайлы жерлер (Сахара, Гоби, Қарақұм, Қызылқұм өңірлері) бірте-бірте шөлге айналды. Бұл дәуірдің соңында адамдар жаңа жерлерге саяхаттар ұйымдастырып, бұрын белгісіз құрлықтарға қоныстанып, сол аймақтардың табиғатын игере бастады.

Үшінші кезең — өнеркәсіптің қарқынды дамуымен ерекшеленді. Бұл кезең XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың орта кезіне дейінгі аралықты камтиды. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін жаңа шикізат көздері пайдаланыла бастады. Соның нәтижесінде жаңа отын мен пайдалы қазба түрлерін пайдалану еселеп арта түсті. Бұл кезеңде адам санының артуы, түрлі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының кең өріс алуы, адамның табиғатқа әсер етуін күшейтіп, пайдалы қазбалар қорының азаюына, биосфераның ластануына ықпал етті.

4 Вопрос

  • І. Әлеуметтік – экологиялық дағдарыс. Экологиялық апатта адам пассивті рольге ие болып, қайтымсыз табиғат құбылысынан зардап көретін жақ болса, әлеуметтік- экологиялық дағдарыс кезінде адам белсенді субъект болып, бұл құбылыстың бетін қайтара алатын механизмге айналады.

  • Экологиялық дағдарыс – адамзат қоғамындағы өндірістік күштер мен қарым-қатынастардың дамуы биосфераның ресурсты –экологиялық потенциалына сай келмейтін табиғат пен адамзат арасындағы тығырыққа тірелген жағдай.

  • Экологиялық дағдарыстың кең мағынасы – ол биосфераның даму фазасы, мұнда тірі заттың сапалық тұрғыдан жаңаруы байқалады (бір түрдің жойылып, екінші бір түрдің пайда болуы). Ресей экологы Реймерс биосфера эволюциясында болған 6 дағдарысты және болашақта болатын 2 дағдарысты бөліп көрсетті.

  • 1-ші экологиялық дағдарыс немесе аридизацияның (лат. “құрғақ”) доантропогенді экологиялық кризисі осыдан 3 млн. жыл бұрын болған.

  • 2-ші экологиялық дағдарыс осыдан 35-50 мың жыл бұрын болған. Бұл дағдарыс алғашқы адамның теріп жейтін ресурсының салыстырмалы түрде азаюымен байланысты болып келеді. Осы сипаттағы тығырықтан шығу үшін адам алғашқы биотехникалық іс-шараларды қолдана бастады. (Мерзімінен ерте және мол өнім алу үшін өсімдік жамылғысын өртеу биотехникалық әрекеті). Адам және табиғат арасындағы дағдарысты жағдай кезінде адам бұл жағдайға жауапты реакция қайтаратын болса, оны экологиялық революция деп атайды. Экологиялық революция шаруашылықтың барлық жақтарын қамтып, адмның табиғатқа деген көзқарасын және оны пайдалану мен қолдану көзқарасын түбірімен өзгертеді. Биотехникалық революция адамзат тарихындағы алғашқы экологиялық революция болды. Мұнда табиғаттың жаратылыстық өнімдерінің жетіспеушілігіне адамның жауапты реакциясы таза биологиялық тіршілік етуден шығу түрінде байқалды.

  • 3-ші экологиялық дағдарыс немесе алғашқы антропогенді дағдарыс ірі жануарлардың жаппай жойылуымен байланысты. “Консументтер кризисінен” шығу үшін адамзат екінші ауыл шаруашылық революциясын жасайды. Бұл революция қарапайым суармалы жер өңдеу мен мал шаруашылығының пайда болуымен сипатталады. 3-ші экологиялық дағдарыс плейстоценоз кезеңі (гр. pleistos - өте көп, өте ірі және kainos – жаңа ұзақ антропогенді период, бұл уақытта Жердің орташа температурасы төмендеп, ірі материктердің пайда болуымен сипатталады) ірі жануарларының түрлерінің жаппай жойылуымен байланысты болуы уақыт бойынша олардың мекенің палеолит (гр. palaios – ежелгі және lithos - тас) аңшыларының игеруімен сәйкестенеді. Бұл сәйкестік сол жануарлардың жойылуына себепкер адам екенін дәлелдейді.

  • 4-ші экологиялық дағдарыс –топырақтың тұздануымен және қарабайыр жер өңдеудің салдарынан жер ресурсының деградациясымен байланысты. Адам санының артуына байланысты суармалы шаруашылық тиімсіз болып, адамзат суарылмайтын егістіке ауысуға мәжбүр болды. Бұл кризис Жер шарында осыдан 2 мың жыл бұрын болған.

  • 5-ші экологиялық дағдарыс немесе “продуценттер дағдарысы” – ормандарды жаппай жоюмен және өсімдік әлемінің азаюымен байланысты. Бұл дағдарыс осыдан 350-150 мың жыл бұрын болған.Орман ресурстарын жоюының негізігі екі себебі бар:

  • 1. тұрмыстағы ең қажет ресурс;

  • 2. егісті алқаптарды ормандарды кесу арқылы кеңейту.

  • Қалыптасқан тығырықтан шығу үшін адамзаттың өндірістік күші қарқынды дамып, минералды ресурстарды игеру кеңінен қолдана бастады. Бұл құбылыс өндірістік революцияға, ал революция өз кезінде қазіргі кезеңнің ғылыми-техникалық реаолюциясына алып келді.

  • 6-шы экологиялық дағдарыс немесе “редуценттер дағдарысы” биосфераның кең ауқымды ластануымен, Жер бетіндегі энергияның максималды пайдалагылуымен және экологиялық тепе-теңдіктің күрт бұзылуымен сипатталады. Экологиялық тепе-теңдік дегеніміз – табиғи немесе адаммен өзгертілген орта түзуші компоненттер мен табиғи процестер арасындағы баланс. Бұл баланс кез-келген экожүйенің ұзақ өмірін қамтамасыз етеді. Биосфераның ғаламдық деңгейде табиғаттың өз компоненттерімен және адам қолымен жасалған табиғи айналымға енбейтін синтетикалық заттармен ластануы редуценттер жұмысын қиындатты. Биосфераның негізгі санитарлары болып табылатын ыдыратуыш микроағзалар табиғаты бөлек ксенобионттар алдында дәрменсіз.

  • Болжамалы экологиялық дағдарыстар. Қазіргі таңда қалыптасқан ластану кризисі (редуценттер дағдарысы) мен минералды ресурстардың жетіспеушілік қаупі негізінде жер бетінде 2 дағдарысты жағдай түзілуі мүмкін:

  • 1. Ғаламдық жылыну (термодинамикалық) кризис;

  • 2. Экологиялық жүйелер беріктігінің ғаламдық кризисі.

  • Бұл мүмкін болатын дағдарыстардың алдын алу үшін адамзат энергетикалық революция жасауы керек немесе экологиялық жоспарлау қопраылысын орындау керек.

 

5 вопрос

Үшінші Әлем

“Үшінші Әлем” — әлемдегі дамушы елдердің шартты атауы. Шамамен 1945 — 1990 ж. дүние жүзі мемлекеттері капит. және соц. болып 2 лагерьге бөлінді. Осы жылдар аралығында отарлық езгіден енді ғана құтылып шыққан Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы елдері шартты түрде “Үшінші Әлемге” жатқызылды. 1989 — 1991 ж. Оңтүстік-Шығыс және Орталығы Еуропа мен КСРО-дағы социалдық жүйе ыдырағаннан кейін екі лагерьге бөліну өз-өзінен жойылды. Оның орнына аса жоғары технол. жетістіктерге жеткен мемлекеттерде (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, т.б.) постиндустриалды елдер деген атау орнықты (қара Постиндустриалды қоғам). Ал дамушы елдерде “Үшінші Әлем” деген түсініктер қалып қойды. Қазіргі кезде “Үшінші Әлемге” негізінен Азияның, Африканың, Латын Америкасының артта қалған дамушы елдері жатқызылады.

Қоршаған  табиғи ортаны қорғау мен табиғатты тиімді  пайдаланудың негізгі принциптері 

        Табиғатты қорғау концепциясының  қалыптасу тарихында бірнеше  кезекті этаптарды бөлуге болады: түрлі және қорықтық табиғатты  қорғау – ресурсты қорғау –  табиғатты қорғау – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – адамның тіршілік ортасын қорғау – қоршаған табиғи ортаны қорғау.Соған сәйкес табиғат қорғау іс-шараларының түсінігі де кеңейді.

         Табиғатты қорғау – атмосфераны,  өсімдік және жануарлар әлемін,топырақты,суды жәнежер асты қойнауын сақтауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралардың жиынтығы.

         Табиғат байлықтарын қарқынды  пайдалану табиғат қорғау іс-әрекеттерінің  жаңа түрінің – табиғи ресурстарды  тиімді пайдаланудың қажеттілігіне  әкеліп соқтырды.Мұнда қорғауға қойылатын талаптар сол табиғи ресурстарды қорғау бойынша шаруашылық іс-әрекеттің процесіне кіреді.

        Шет елдерде 20ғ 50 жылдарында  қорғаудың тағы да бір формасы  – адамның тіршілік ортасын  қорғау пайда болды.Бұл ұғым  қоршаған ортаны қорғау түсінігіне жақын.Бұл адамның тіршілік үшін қолайлы табиғи жағдайларды, денсаулығын және қолайлы тіршілік ортасын қалыптастыру және сақтау.

        Қоршаған табиғи  ортаны қорғау – қазіргі кезеңде пайда болған адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуіндегі жаңа форма. Ол қоғам мен табиғаттың гармониялық өзара әрекеттесуіне,экологиялық бірлестіктер және сақтауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық (технологиялық, экономикалық, әкімшіліктік-құықтық, оқу-ағарту, халықаралық) шаралардың жүйесінен тұрады.

        Соңғы жылдары «қоршаған табиғи ортаны қорғау» термині жиі қолданылады. Мазмұны мен көлемі бойынша осы ұғымға бірқатар авторлармен қабылданған «биосфераны қорғау» термині өте жақын. Биосфераны қорғау – ұлттық және халықаралық деңгейде жүргізілетін және биосфераның функционалды өзара байланысқан бөлігіне антропогендік немесе бейталды әсерлерді болдырмауға бағытталған (атмосфера, гидросфера, топырақ жабындысы, литосфераға, органикалық тіршілік ортасына) шаралардың жүйесі.

       Қоршаған табиғи  ортаны қорғау табиғатты пайдаланумен тығыз байланысты.

       Табиғатты пайдалану – түрлі  табиғи ресурстар мен табиғи  жағдайларды қолдану жолымен  қоғамның материалдық және мәдени  қажетін қанағаттандыруға бағытталған  қоғамдық-өндірістік іс-әрекеттер.  

  Н.Ф.Реймерс (1992) бойынша табиғатты пайдалану а)табиғи ресурстарды қайта өндіру, жаңғырту және қорғау, оларды бөліп алу және қайта өңдеуден;  б)адамның тіршілік ортасындағы табиғи шарттарды пайдалану және қорғаудан; в) табиғи жүйелердің тепе-теңдігін тиімді өзгерту,қайта қалпына келтіру және сақтаудан; г) адам саны мен адамның өнімділігін реттеуден тұрады.

      Табиғатты пайдалану тиімді және  тиімсіз болуы мүмкін.Тиімсіз  табиғатты пайдалану табиғи –  ресурсты потенциалдың сақталуын  қамтамасыз етпейді, табиғи ортаның сапасының нашарлауына және тозуына әкеліп соқтырады,табиғи жүйелердің азуы мен ластануы және экологиялық тепе-теңдік пен экожүйелердің бұзылуымен қатар жүретін.Тиімді табиғатты пайдалану табиғи байлықтарын кешенді ғылыми негізбен пайдалануды білдіреді.Бұл жағдайда табиғи – ресурсты потенциалдың сақталуының мүмкіндігі жоғары және экожүйелердің өзін-өзі реттеуі және өзін-өзі қалпына келтіруі қабілетінің бұзылуы аз.

      Ю.Одум (1975) бойынша тиімді табиғатты пайдалану екі жақты мақсатты қарастырады:

    • Эстетика және демалыс сұраныстарының материалдық қабілеттіліктерін қанағаттандыра алатын қоршаған ортаның жай-күйімен қамтамасыз ету;

    • Тұтыну мен жаңартудың балансты циклін анықтау жолымен пайдалы өсімдіктің, жануар және түрлі материалдар өндірісінің үздіксіз өнімін алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

       Қазіргі таңда қоршаған табиғи  ортаны қорғау проблемасының  даму этапында экологиялық қауіпсіздік  деген жаңа түсінік туындап  отыр. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз  – бұл адамның өмірлік маңызды  экологиялық,мүддесінің біріншіден оның қолайлы табиғи ортаға құқығының қорғалу жағдайы.

       Тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін  және тиімді табиғатты пайдаланумен  қамтамасыз ету бойынша барлық  шаралардың ғылыми негізі болып,  маңызды принциптері экожүйенің  гомеостазын ұстауға бағытталған теориялық экология саналады

        Экожүйенің антропогендік әсер  кезінде есепке алынатын экзистенцияларының  шектеулі шекаралары бар:

    • Антропотолеранттық шегі – негативті антропогендік әсерге тұрақтылығы, мыс: орнитоорауна және сүтқоректілер үшін зиянды пестицидтің әсері;

    • Стохетолеранттық шегі – беталды құбылыстарға қарсы тұрақтылығы, мыс: ураганды жерлердің қаркөшкіннің орман экожүйелеріне әсері;

    • Гамеостаз шегі - өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі;

    • Потенциалды регенеративтік шегі - өзін-өзі қалпына келтіруге қабілеттілігі;

Экологиялық реттелген табиғатты пайдалану  тек экоценоз және адам, орта арасындағы өзара байланыс және әсердің барлық түрін есепке алатын экожүйелік ықпалды  жасағанда ғана мүмкін.

       Тиімсіз табиғатты пайдалану  соңында экологиялық  дағдарысқа әкеліп соқтырды, ал экологиялық реттелген табиғатты пайдалану одан шығуға мүмкіндік туғызады.

       Глобальды экологиялық дағдарыстан  шығу – қазіргі кездің маңызды  ғылыми және практикалық проблемасы.Оны  шешу жолында мыңдаған ғалымдар, саясаткерлер және мамандар жұмыс істеуде.

       ТМД елдерінде экологиялық дағдарыстан  шығудың бес негізгі бағыттары  қарастырылған. 

        Бірінші бағыт ретінде – технологияны жақсарту – экологиялық технология, аз қалдықты және қалдықсыз өндірісті ендіру, негізгі қорларды жаңарту т.б.

        Екінші бағыт – қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін дамыту және жақсарту.

        Үшінші бағыт – экологиялық құқық бұзушылыққа заң алдында жауапкершілік шараларын қолдану.

         Төртінші бағыт – экологиялық сананың гармонизациясы.

         Бесінші бағыт – экологиялық халықаралық қатынастардың гармонизациясы.   

Инженерлік  экологиялық қорғау 

        Қоршаған табиғи ортаны ластанудан және антропогендік әсерден инженерлік қорғаудың негізгі бағыты – ресурс үнемдеуші,аз қалдықты және қалдықсыз технологияны, биотехнологияны ендіру, қалдықтарды утипизациялау және детоксикациялау және ең бастысы барлық өндірісті экологизациялау.

       Бұл принциптік бағыттар циклдік  материалдық ресурстарға негізделген  және табиғаттағы тұйық циклдік  процесімен тығыз байланысты. Қоршаған  ортамен барлық өзара әсерлесуді  толық мөлшерде есепке алатын  және онда теріс әсерлерді болдырмау шаралары қарастырылған технологиялық процестерді экологизациаланған деп атайды.

       Зат және энергия үнемді шығындалатын  және бір организмнің қалдығы  басқаларының тіршілік етуіне  маңызды шарт болып табылатын  кез-келген ұқсас экологиялық жүйелер, адаммен басқарылатын өндірістік экологизацияланған процесс биосфера заңдарына және бірінші кезекте заттардың айналым заңына сүйенуі керек.

        Басқа жол, мысалы, барлық мүмкін  жағдайлардың құрылуы,яғни ең  тиімді тазарту қондырғысының өзі проблеманы шешпейді,себебі,бұл күрес себеппен емес,керісінше соның салдарымен күрес.Биосфераның ластануының негізгі себебі – шикізатты пайдаланудың және қайта өңдеудің ресурс шығынданушы және ластаушы технологиясы. Нақты осы дәстүрлі технологиялар қалдығының көп жиналуына және ағынды суларды тазартудың қатты қалдықтарды жоюдың қажеттігіне әкеліп соқтырады.

        Барлық өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы  өндірісі дамуындағы жаңа принциптік  ықпал-аз қалдықты және қалдықсыз  технологияны құру. БҰҰ Европалық экономикалық комиссияның (1979) декларациясына сәйкес қалдықсыз технология ұғымы адамдардың тұтынушылығында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және  

қоршаған  ортаны қорғауды қамтамасыз етуде білімді  әдіс пен құралдарды практикалық  қолдануды білдіреді.

        1984 ж  БҰҰ-ның осы комиссиясы  берілген түсініктің нақты анықтамасын  қабылдады: «Қалдықсыз тезнология»  - өнім өндірісінің әдісі (процесс,кәсіпорын,территориальды  өндірістік комплекс), яғни шикізат  ресурсы - өндіріс – тұтынушы  – екінші ресурстар циклінде – шикізат және энергия тиімді және кешенді қолданылатын,оның кез-келген әсері қоршаған ортаның қалыпты функциясын бұзбайтын әдіс болып табылады.

     Қалдықсыз технология деп - өндірістің  өңделетін шикізатты және онда  түзелетін қалдықты максималды толық пайдалануын қамтамасыз ететін әдісін түсінеді.  

6 вопрос    Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа

Биосфералық қорықтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.

Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.