- •2 Вопрос
- •3 Вопрос
- •4 Вопрос
- •7 Вопрос
- •17 Вопрос
- •1. Жалпы ережелер мен ұғымдар
- •2. Жқп мбмж құру тәртiбi
- •22 Вопрос
- •2. Озон қабатының жұқаруы.
- •4.Азық-түлік проблемасы.
- •3. Ноосфера туралы пікірлер.
- •1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
- •3. Энергетикалық дағдарыс.
- •36 ВопросБазель конвенциясы
36 ВопросБазель конвенциясы
Базель конвенциясы -[Basel Convention on the Control of Transboundary Movements of Hazardous Wastes and Their Disposal] - қауіпті қалдықтарды шекаралардан тасымалдау мен пайдаға асыру жөніндегі көпжақты (71 мемлекет пен Еуропалық экономиикалық қауымдастық, Ресей 1992 жылдан) келісім (1989, Базель, Швейцария). Конвенцияның тізімінде қалдықтарды трансшекаралық тасымалды барынша қысқарту және олардың көлемін, улылығын азайту мақсатымен, дамушы елдерге улы, қауіпті қалдықтарды пайдаға асыруда көмек көрсету мәселелері қарастырылған. [1]
38 вопрос-Экологиялық Сараптама
Экологиялық сараптама, экологиялық экспертиза (лат. expertus – тәжірибелі) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997). [1]
41,
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері
Олар:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
- экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы;
- жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;
- табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.
Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.
