Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рубежка.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
290 Кб
Скачать
☆

17 Вопрос

Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингінiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1444 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1396 Қаулысымен

  • Мәтін

  • Қосымша ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Екі тілде

  • Көшіру

  • Басып шығару

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470  қаулысымен   бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.1.2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру тәртiбi бекітілсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау және орындау жөнiндегi құзыреттi орган ретiнде 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    Үкiметiнiң          2002 жылға 29 желтоқсандағы N 1444 қаулысымен      бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингiнің бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн құру тәртiбi

1. Жалпы ережелер мен ұғымдар

      1. Осы тәртiп Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингiнің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру рәсiмiн анықтайды.

      2. Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi (бұдан әрi - ЖҚП МБМЖ) лицензиялық және/немесе келiсiм-шарттық ережелердiң орындалуын бақылау үшiн құрылады. ЖҚП МБМЖ-де қолданылатын ережелер мен ұғымдар Қазақстан Республикасы Президентінің " Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы " 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің " Мұнай туралы " 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы " 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына сәйкес келедi. Z100291 қараңыз

2. Жқп мбмж құру тәртiбi

      3. ЖҚП МБМЖ алып қарағанда бiрыңғай тұтас (жүйе) ретiнде қарастырылатын және жалпы басты мақсатқа қол жеткiзуге арналған белгiлi бiр құрылымға өзара байланысқан элементтердің жиынтығын бiлдiредi. Жүйенiң элементi - бұл жүйенің бұдан әрi бөлшектеуге жатпайтын бір бөлiгi. Кіші жүйе - жүйенiң жалпы мақсатына бағынған жұмыс iстеудiң белгiлi бiр мақсатын иемденген, өзара байланысты элементтердiң оқшауланған құрылымын бiлдiретiн бөлiгi. Жүйенiң құрылымы - олардың элементтерiнің (кiшi жүйелерінің) өзара байланысы мен таралу тәсiлi.

      4. ЖҚП МБМЖ-нi құру жүйе синтезiнен тұрады, бұдан жүйе құрылымын оның жұмыс iстеуiнiң берiлген мақсаты бойынша құру түсiніледi. ЖҚП МБМЖ өзiнiң құрылымы бойынша, әрқайсысы белгілi бiр деңгейде мониторингтiң белгiлi бiр мiндетiн шешетiн, дербес өзара байланысты кiшi жүйелердiң жиынтығын бiлдiредi. ЖҚП МБМЖ құру өзара байланысты мынадай үш мiндеттi шешуден тұрады:       жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасын құру;       жер қойнауын пайдалану мониторингiнiң нормативтiк-әдiстемелiк базасын жетілдiру;       жер қойнауын пайдалану саласында лицензиялық және келiсiм-шарттық ережелердi орындау мониторингінiң ақпараттық-коммуникациялық жүйесiн (бұдан әрi - ЛКЕОМ АКЖ) құру.

      5. Жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасын Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушылардың лицензия және/немесе келiсiм-шарт шеңберiндегi қызметi туралы ақпараттың негiзінде қалыптастырады және өзiне мынадай кiшi жүйелердi қамтиды:       "Жер қойнауын пайдалану объектiсi" кiшi жүйесi олардың шектерiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге рұқсат етілген келiсiм-шарттық аумақтар туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;       "Жер қойнауын пайдалану субъектiсi" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылар туралы қажеттi мәлiметтердi қамтиды;       "Жер қойнауын пайдалану құқығы" кiшi жүйесiнде жер қойнауын пайдалануға арналып берілген лицензиялар мен жасатылған келiсiм-шарттар туралы қажеттi мәлiметтер болады және ол өз кезегiнде "Лицензия" және "Келiсiм-шарт" кiшi жүйелерiнен тұрады;       "Жұмыс бағдарламасы" кiшi жүйесi лицензиялардың ең аз жұмыс бағдарламалары және келiсiм-шарттардың жұмыс бағдарламалары (TЭH - техникалық-экономикалық негiздеме) туралы қажеттi деректердi, сондай-ақ оларға енгiзілген барлық толықтырулар мен өзгерiстердi қамтиды;       "Барлау жобасы" кiшi жүйесi жер қойнауы телiмдерiн (блоктарды) зерделеу және кен орындарын барлау жөнiндегi геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзуге арналған жобалар туралы қажеттi деректердi, сондай-ақ оларға енгiзілген барлық толықтырулар мен өзгерiстердi қамтиды;       "Өңдеу жобасы" кiшi жүйесi өзiне кен орындарын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк және өнеркәсіптiк өңдеу жобалары туралы, сондай-ақ оларға енгiзілген барлық толықтырулар мен өзгерiстер туралы қажеттi ақпаратты қамтиды;       "Жылдық жұмыс бағдарламасы" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық жұмыс бағдарламалары жөнiндегi қажеттi мәлiметтен тұрады;       "ЛКЕ есебi" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың ЛКЕ N 1, 2, 3 нысандары бойынша мемлекеттiк статистикалық есептілігiнің деректерiн пайдаланады;       "Қаржы" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушы қызметiнің қаржылық көрсеткiштерi туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;       "Салық салу" кiшi жүйесi қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялардың және/немесе келiсiм-шарттардың ережелерi бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен бюджетке төлемдердi төлегендерi туралы мәлiметтердi қамтиды;       "Экономика" кiшi жүйесi қызметтiң экономикалық көрсеткiштерi туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;       "Экология" кiшi жүйесi пайдаланушылардың жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегi шараларды орындағаны туралы қажеттi мәліметтердi қамтиды;       "Сақтандыру" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың сақтандыру жөніндегi міндеттемелерін орындағаны туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;       "Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өнеркәсiптiк санитария" кiші жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың еңбектi қорғау, қауіпсiздік техникасы, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсiздiк және өнеркәсіптік санитария жөніндегi шараларды орындағаны туралы қажеттi мәлiметтердi қамтиды;       "Әлеуметтiк сала" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi мiндеттемелердi орындағаны туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;       "Бiлiм беру" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандарды оқыту жөнiндегi мiндеттемелердi орындағаны туралы қажеттi мәлiметтердi қамтиды;       "Қосалқы мердiгерлiк" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың қызметтердi, тауарларды және жабдықтарды жеткiзушi мердiгерлердi тарту жөнiндегi мiндеттемелерiн орындағаны туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;       "Нормативтiк-құқықтық база" кiшi жүйесi Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтiк-құқықтық кесiмдерi туралы қажеттi мәлiметтердi қамтиды;       "Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құжат айналымы" кiшi жүйесi өз құзыретiнiң шектерiнде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметiн бақылайтын Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан келетiн ақпараттар мен құжаттардан тұрады;       "Әртүрлi" кiшi жүйесi Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланудың жай-күйiне ықпал ететiн әртүрлi факторлар (әлеуметтiк, экономикалық, халықаралық, құқықтық, ғылыми-техникалық және басқалары) туралы ақпараттан тұрады;       ЖҚП МБМЖ-ны әзiрлеу және дамыту барысына қарай онда жаңа кiшi жүйелер қалыптасуы мүмкiн.

      6. Өз құзыретiнің шектерiнде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметiн бақылайтын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Құзыреттi органға тиiстi ақпарат ұсынуға міндеттi.

      7. Құзыреттi органға ақпарат (мәлiметтер) беру Құзыреттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп шығаратын ақпарат алмасу туралы бұйрықтардың негiзiнде жүзеге асырылады. Ақпарат беру форматтары, мерзiмдерi, мазмұны және мерзiмділігi бұйрықтарда анықталады.

      8. Жер қойнауын пайдалану мониторингiнiң нормативтiк-әдiстемелiк базасы ЖҚП МБМЖ-ның қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрiктiрiлген жүйе ретiнде жұмыс iстеуiн сипаттайды. ЖҚП МБМЖ мақсатын iске асыру, әрқайсысы белгiлi бiр кезеңде шешiлетiн жер қойнауын пайдалану мониторингінің түрлi деңгейдегi бiрқатар өзара байланысты мiндеттерiн шешудi көздейдi. ЖҚП МБМЖ-да жер қойнауын пайдалану мониторингінің бес деңгейi белгіленген. Мiндеттердiң әр деңгейi ЖҚП МБМЖ-ның кiшi жүйесi ретiнде қарастырылады.       "Лицензиялық - келiсiм-шарттық ережелер" (бұдан әрi - "ЛКЕ") кіші жүйесi жер қойнауын пайдалану мониторингi 1-деңгейiнiң мiндетiн шешедi. Кiшi жүйенiң элементтерi "ЛКЕ есеп беруi" ақпараттық кiшi жүйесiнiң деректерi болып табылады. "ЛКЕ" кiшi жүйесi пайдаланушылардың сұрау салуы бойынша оның элементтерiне сұрыптауды жүргiзуге арналған. Кiшi жүйе 2001 жылы құрылды.       "Талдау" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдалану мониторингi 2-деңгейінің мiндетiн шешедi. Кiшi жүйенiң элементтерi жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасының "Жер қойнауын пайдалану объектiсi", "Жер қойнауын пайдалану субъектiсi", "Жер қойнауын пайдалану құқығы", "ЛКЕ есеп беруi", "Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құжат айналымы" кiшi жүйелерiнiң деректерi болып табылады. "Талдау" кiшi жүйесi жеке лицензиялық-келiсім-шарттық ережелер үшiн оның элементтерiнiң арасындағы өзара байланысы мiндетiн шешедi. Кiшi жүйе 2002 жылы құрылды.       "Бағалау" кiшi жүйесi жеке лицензиялық-келiсiм-шарттық ережелердiң орындалу дәрежесiн бағалау жөнiндегi өлшемдердi әзiрлеуден тұратын жер қойнауын пайдалану мониторингi 2-деңгейінің мiндетiн шешедi. "Бағалау" кiшi жүйесінің элементтерi жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасының барлық кiшi жүйелерi болып табылады. "Бағалау" кiшi жүйесiн құру мерзiмi - 2003 жыл.       "Лицензия/Келiсiм-шарт" кiшi жүйесi жол берiлген лицензиялық -келiсiм-шарттық ережелердің бұзушылықтары салдарын кешендi бағалаудан; тұтастай алғанда жер қойнауын пайдаланушының лицензиялар және/немесе келiсiм-шарт шеңберiндегi жұмысының тиімділігін бағалаудан; лицензия/келiсiм-шарт тараптарының теңгерiмiн сақтаудан тұратын жер қойнауын пайдаланудың мониторингi 4-деңгейінің мiндеттерiн шешедi. "Лицензия/Келiсiм-шарт" кiшi жүйесiн құру мерзiмi - 2004 жыл.       "Жер қойнауын пайдалану мониторингi" кiшi жүйесi онда болып жатқан өзгерiстердi анықтау және оның бұдан әрi дамуын болжау үшiн жер қойнауын пайдалану саласының жай-күйiне талдау жүргiзуден тұратын 5-деңгейдің мiндетiн шешедi. Жер қойнауын пайдалану жай-күйінің деректерiн талдау негiзiнде мемлекет мүддесiн және оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жағымсыз процестердiң алдын алу және оларды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мүмкiншiлiгi бар. "Жер қойнауын пайдалану мониторингi" кiшi жүйесiн құру мерзiмi - 2004 жыл.

      9. Жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасы мен жер қойнауын пайдалану мониторингiнің нормативтiк-әдiстемелiк базасы ЛКЕОМ АКЖ-ны құру жолымен iске асырылады.

      10. ЛКЕОМ АКЖ көп деңгейлi иерархиялық ақпараттық жүйе болып табылады. ЛКЕОМ АКЖ құрамына фактографикалық, құжаттық, ақпараттық-iздеу жүйелерi және деректердi өңдеу жүйесi кіредi.

      11. Құрылымы жағынан ЛКЕОМ АКЖ SQL ақпараттық технологиясы негiзінде ақпараттық ресурстардың ауыстырмалылығын, өзара байланысын және ауқымдылығын қамтамасыз ететiн "клиент-сервер" жүйесiн бiлдiредi.

      12. ЛКЕОМ АКЖ деректер банкi жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасының гомоморфтiк моделi болып табылады. ЛКЕОМ АКЖ деректер банкiнде жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасының кiшi жүйелерi фактографикалық және құжаттық жүйелердiң тиiстi дерекқорлары ретiнде берiлген.

      13. ЖҚП МБМЖ әртүрлi деңгейдегi кiшi жүйелерi ЛКЕОМ АКЖ-да тиiстi ақпараттық-iздестiру жүйелерi және деректердi өңдеу жүйелерi ретiнде берiлген. ЛКЕОМ АКЖ-ды құру ЖҚП МБМЖ-нiң кiшi жүйелерiн құру кезеңдерiне сәйкес кезең-кезеңiмен жүргiзiледi. Әр кезеңде тиiстi деңгейдегi ақпараттық-коммуникациялық жүйе (бұдан әрi- АКЖ) құрылады: 2001 жылы - "ЛКЕ" АКЖ-сi (1-деңгей) құрылды, 2002 жылы - "Талдау" АКЖ-сын (2-деңгей) құру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлдi, 2003 жылы - "Бағалау" АКЖ-сын (3-деңгей), 2004 жылы - "Лицензия/Келiсiм-шарт" АКЖ-сын (4-деңгей) және "Жер қойнауын пайдалану мониторингi" АКЖ-сын (5-деңгей) құру.

      14. Құзыреттi органның оқшау желiсiнде ЛКЕОМ АКЖ-ның сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi қолданыстағы операциялық жүйелердiң және коммуникациялардың стандарттық құралдары арқылы iске асырылады.

      15. ЛКЕОМ АКЖ құру 601 "Жер қойнауын пайдалану саласында лицензиялық және келiсім-шарттық ережелердің орындалуы мониторингiнiң ақпараттық-коммуникациялық жүйесiн құру" бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүргiзiледi.

18 вопрос

 Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі

МАЗМҰНЫ

ЖАЛПЫ БӨЛIМ

Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «жануарлар мен өсімдіктер», «жануарлар мен өсiмдiктердi» деген сөздер тиісінше «өсімдіктер мен жануарлар», «өсімдіктер мен жануарларды» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі - әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар;

2) байқау пункті - қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті;

3) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;

4) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;

5) биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясындағы, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi өсімдіктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi;

6) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi;

7) бірлесіп жүзеге асыру тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртегі бірліктерін беруге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бірлесіп жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық шарттарында көзделген рәсім;

8) валидация (детерминация) - аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттамалардың әдістемелерін пайдаланудың және оларды дайындау тәртібінің Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру;

9) верификация - парниктік газдар шығарындыларын азайту саласында қабылданған ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген тәуелсіз ұйым жүзеге асыратын, парниктік газдар шығарындыларының көлемін азайтуға қатысты деректерді растау процесі;

10) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;

11) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе олардың компоненттерi бар, гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып, өсiмдiктерден және (немесе) жануарлардан алынған өнiмдер;

12) ең озық қолжетiмдi технологиялар - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге дейiн шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық;

13) жойылуы қиын органикалық ластауыштар - ыдырауға төзімді, биожинақтағыштығымен сипатталатын және ауа, су және көшпелі түрлері арқылы трансшекаралық таралу объектісі болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала келіп, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйесінің бұзылуына және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, түрлі ауруларға алып келетін неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар;

14) квота бірлігі - квота көлемін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;

15) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;

16) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

17) көміртегі бірлігі - көміртегі қостотығының бір тоннасына тең келетін есептік бірлік;

18) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;

19) көміртегі бірліктерінің қайталама айналымы - парниктік газдар шығарындылары нарығы субъектілерінің арасында көміртегі бірліктерін беру, сату және басқа да айналымы процесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар;

20) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі - көміртегі бірліктерін айналымға енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, жоюға, айналымнан шығаруға байланысты операцияларды есепке алу жүйесі;

21) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi;

22) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;

23) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;

24) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;

25) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;

26) қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес ортақ белгiлерi бар, қалдықтар сыныптауышы негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;

27) қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;

28) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;

29) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою;

30) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртiбi;

31) қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi;

32) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;

33) қауiптi емес қалдықтар - қауiптi қасиеті жоқ қалдықтар;

34) қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттарды қамтитын және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiретiн қалдықтар;

35) қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, олармен жұмыс iстеу қағидаларының, оларды бақылау әдiстерiнiң, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат;

36) қауіпті химиялық заттар - адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе ықтимал зиянды әсер ете алатын қасиеттері бар заттар;

37) қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта;

38) қондырғы - парниктік газдар шығарындыларының нақты көзі;

39) қондырғы операторы - жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, Қазақстан Республикасы аумағында меншігінде немесе заңды пайдалануында қондырғысы бар заңды тұлға;

40) қондырғы паспорты - парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асыратын қондырғының географиялық орналасқан жері туралы деректерді, пайдаланылатын технологияның қызмет түрлері мен сипаттамаларын, шығарындылардың базалық көлемі мен оларды есептеу әдістемесін, сондай-ақ мониторинг жоспары мен қондырғыларды есепке алу үшін қажетті өзге де мәліметтерді қамтитын құжат;

41) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара іс-әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;

42) қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;

43) қоршаған ортаға эмиссиялар - ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;

44) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - қоршаған ортаға белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемi;

45) қоршаған ортаға эмиссияларға квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгiлi бiр мерзiмге бөлiнетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттiң бөлiгi;

46) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

47) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi бойынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

48) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластаушы заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға әсері;

49) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы кезiнде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер бетi учаскесiнде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластаушы заттардың жайылуы немесе иiстiң, шудың, тербелiстiң, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берiлетiн деңгейден асатын электромагниттiк, температуралық әсер ету, жарықтың әсерi немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы;

50) қоршаған ортаның ластану учаскелерi - жер бетін, жер қойнауын және жерасты суларын ластауды болдырмайтын, қалдықтарды орналастыру және сарқынды суларды ағызу үшін жабдықталған және соған арналған объектілерді қоспағанда, белгiленген нормативтерден артық қауiптi химиялық заттармен ластанған жер бетiнiң шектеулi учаскелерi және су объектiлерiнiң учаскелерi;

51) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған орта жай-күйінің сипаттамасы;

52) қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;

53) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi - қоршаған ортаның сапасын бiртiндеп жақсарту қажеттiгiн ескере отырып, қоршаған ортаның белгiлi бiр уақыт кезеңiне нормаланатын параметрлерiнiң шектi деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер;

54) мекендеу ортасы – қандай да бір организмнiң немесе популяцияның табиғи мекендейтiн жерiнiң тұрпаты немесе орны;

55) мемлекеттік бақылау жасау желісі - қоршаған ортада болып жатқан физикалық және химиялық процестерді қадағалауға, оның метрологиялық, климаттық, аэрологиялық, гидрологиялық, гелиогеофизикалық, агрометеорологиялық сипаттамаларын айқындауға арналған қадағалаудың стационарлық және жылжымалы пункттер, зертханалар, орталықтар жүйесі;

56) мемлекеттiк экологиялық бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

57) озонды бұзатын заттар - өз бетінше немесе қоспада болатын, шаруашылық және өзге қызметте пайдаланылатын не осы қызметтің өнімі болып табылатын және озон қабатына зиянды әсер етуі мүмкін химиялық зат;

58) озонды бұзатын заттарды залалсыздандыру - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін, үнемі түрленуіне немесе компоненттерге бөлінуіне әкелетіндей бұзу арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою;

59) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату - қалпына келтіруге болмайтын озонды бұзатын заттарды қайтадан пайдалану немесе залалсыздандыру мақсатында, оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығару алдында тетіктерден, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан алынатын озонды бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

60) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;

61) өндiрiс пен тұтынудың орнықты моделi - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтiру және қоршаған ортаның антропогендiк ластануын азайту кезiнде өндiрiстiң өсуiмен сипатталатын әлеуметтiк-экономикалық модель;

62) парниктік газдар - атмосфераның табиғи және (немесе) антропогендік түрде шығатын, жылу беретін инфрақызыл сәулені сіңіретін және (немесе) оның шығу көзі болып табылатын, газ тәрізді құрамдас бөліктері;

63) парниктік газдарды сіңіру бірлігі - парниктік газдардың сіңірілуін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;

64) парниктік газдарды түгендеу - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көлемін айқындау;

65) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры - парниктік газдар шығарындылары көздерін, олар шығарған шығарындылар мөлшерін, сондай-ақ қондырғы операторы үшін белгіленген шекара шегіндегі парниктік газдар сіңірулері мөлшерін есепке алу жүйесі;

66) радиоактивтi қалдықтар - мөлшерi мен жинақталуы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгiленген радиоактивтi заттар үшiн регламенттелген мәндерден асатын радиоактивтi заттарды қамтитын қалдықтар;

67) сараптама объектiсiн iске асыру - жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасында көзделген шешiмдерге сәйкес өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердi салу, пайдалану, жою, қызметтер көрсету, бұйымдар мен технологиялардың шаруашылық айналымға түсуi жөнiндегi жұмыстардың басталуы мен жүргізілу барысы, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiнiң қолданысқа енгiзiлуi, сараптама объектiсiнiң өзге де нақты жүзеге асырылуы;

68) сарқынды сулар - өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте олардың бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгерткен қосымша қоспа (кір) қосылған сулар. Атмосфералық жауын-шашын түскен сәтте елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағынан, көшелерге су себу кезінде немесе одан кейін ағатын сулар, пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болған сулар да сарқынды сулар болып есептеледі;

69) су объектілері - құрлық бетінің рельефінде және жер қойнауында шоғырланған, шекаралары, көлемі мен су режимі бар сулар;

70) сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;

71) табиғат пайдаланушы - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

72) табиғи объектiлер - шекарасы, көлемi және тiршiлiк режимi бар табиғи объектiлер;

73) табиғи ресурстар - тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi;

74) табиғи ресурстарды қорғау - табиғи ресурстардың әрбiр түрiн олардың тұтыну қасиеттерiн жоғалтуға әкеп соғатын тиiмсiз пайдаланудан, құрып кетуден, жұтаңданудан қорғауға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

75) табиғи ресурстардың сарқылуы - табиғи ресурстар қорларының сандық және сапалық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы;

76) таза даму тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері жоқ елдер аумағында парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары қаржыландыратын, парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру тетігі;

77) тәуелсіз ақпарат беруші - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласында жобалық тетіктерді есепке алу, мониторингтеу және іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

78) тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;

79) тұтыну қалдықтары - өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнім);

80) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi - нәтижесiнде қоршаған ортаны авариялық ластайтын немесе ластауы мүмкiн жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi;

81) шығарындылар квоталарымен сауда - парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және сіңірудің нарықтық тетігі шеңберінде парниктік газдар шығарындылары квоталарын сатып алу және сату;

82) шығарындыларды азайту бірлігі - бірлесіп жүзеге асыру тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі;

83) шығарындылардың сертификатталған азайту бірлігі - таза даму тетігі шеңберінде жүзеге асырылатын жобаны іске асыру нәтижесінде алынған көміртегі бірлігі;

84) шығарындыларды ішкі азайту бірлігі - парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және (немесе) сіңірудің ішкі жобаларын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілген, парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және (немесе) сіңірудің көлемін айқындау мақсатында қолданылатын көміртегі бірлігі;

85) экологиялық ағарту iсi - қоғамда экологиялық мәдениет негiздерiн қалыптастыру мақсатында экологиялық бiлiмді, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйi, экологиялық қауiпсiздiк туралы ақпаратты тарату;

86) экологиялық аудит – аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру;

87) экологиялық бiлiм беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай-күйi үшiн экологиялық жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiм мен дағды жүйесiн, құндылық бағдарларын, адамгершілік-эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудiң, оқытудың, оның өз бетінше бiлiм алуының және дамуының үздiксiз процесi;

88) экологиялық (жасыл) инвестициялар - бірліктердің белгіленген мөлшерін беруден, Парниктік газдар шығарындаларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін басқарудан алынған қаражатты парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе сіңірілуін арттыруға бағытталған жобаларға, бағдарламаларға және іс-шараларға инвестициялау;

89) экологиялық жүйе (экожүйе) - бiрыңғай функционалдық тұтастық ретiнде өзара іс-әрекет ететін организмдердiң және олар мекендейтiн тіршіліксіз ортаның өзара байланысты жиынтығы;

90) экологиялық қауiп - антропогендiк және табиғи әсерлер ықпалынан, оның iшiнде дүлей зiлзалаларды қоса алғанда, зiлзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйi бұзылуының, өзгеруiнiң болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмiрлiк маңызы бар мүдделерiне қауiп төндiретiн жай-күй;

91) экологиялық қауiпсiздiк - қоршаған ортаға антропогендiк және табиғи әсер ету нәтижесiнде туындайтын қатерлерден жеке адамның, қоғамның және мемлекеттiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерi мен құқықтарының қорғалуының жай-күйi;

92) экологиялық қауiптi объект - салынуы және қызметi адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзуi мүмкiн немесе зиянды әсерiн тигiзетiн шаруашылық объектiсi және өзге де объект;

93) экологиялық қауiптi техника мен жабдық - шаруашылық немесе өзге де қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн тетіктер, машиналар, құрылғылар, аспаптар;

94) экологиялық қауiптi технологиялар - өндiрiс процесiнде жүзеге асырылатын және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн шикiзатты, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай-күйiн, қасиеттерiн, нысанын өзгерту әдiстерiнiң жиынтығы;

95) экологиялық менеджмент - қоршаған ортаны қорғауды әкiмшiлiк басқару, ол кәсiпорынның экологиялық саясатын әзiрлеуге, енгiзуге, орындауға, талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын, жоспарлауды, жауапкершiлiктi, әдiстердi, рәсiмдердi, процестер мен ресурстарды қамтиды;

96) экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде қадағалау мен бағалау;

97) экологиялық нормалау - қағидалардың (нормалардың) және олардағы қамтылған қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiнің (нормативтерiнің) жүйесi;

98) экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;

99) экологиялық сараптама - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және олармен байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiн айқындау;

100) экологиялық таза өнiм белгiсi - таңбаланған өнiмнiң экологиялық таза өнiм стандарттарына сәйкестiгiн растайтын тiркелген белгi;

101) экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу және оларға тыйым салу;

102) экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi растаудан өткен өнiмге экологиялық таза өнiм белгiсiн беру;

103) экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың әсері салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы;

104) эмиссиялардың техникалық үлестiк нормативтерi - ел экономикасы үшiн қолдануға болатын шығындар кезiнде қоршаған ортаға эмиссияларды нақты техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн негiзге ала отырып айқындалатын, олардың уақыт бiрлiгiндегі немесе шығарылатын өнiм бiрлiгiндегі немесе басқа да көрсеткiштердегі шамалары;

105) эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.

4. Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарыменреттеледi. Z040593, K030442, K030481, K030477

3-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар

1. Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi.

2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.

4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуыныңэкологиялық негiздерi

Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:

1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;

2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;

3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау;

4) қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру;

5) өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту;

6) қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi;

7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;

8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

9) Жердiң экожүйесiнiң салауатты жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтiру мақсатындағы жаhандық әрiптестiк;

10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасыныңнегiзгi принциптерi

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;

5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;

6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;

8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;

12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

6-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiкреттеудiң және табиғи ресурстарды пайдаланусаласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгiережелерi

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялауды;

2) экологиялық нормалауды;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы;

5) экологиялық рұқсаттар берудi;

6) мемлекеттiк экологиялық бақылауды;

7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесiн, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгiзудi ынталандыруды, табиғат қорғау iс-шараларын қаржыландыру жүйесiн;

7-1) парниктік газдар шығарындыларын квоталауды;

7-2) парниктік газдарды түгендеуді;

7-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңірудің нарықтық тетігін белгілеуді;

7-4) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемінің мониторингі жүйесін;

8) мемлекеттiк экологиялық мониторингтi;

9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздерi мен учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды;

10) экологиялық бiлiм беру мен ағарту iсiн қамтиды.

2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару:

1) табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк жоспарлауды;

2) табиғи ресурстарды қорғауға, пайдалануға және молықтыруға мемлекеттiк бақылау жасауды;

3) табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар берудi және шарттар (келiсiмшарттар) жасасуды;

4) табиғи ресурстарды қалпына келтiру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтiн технологияларды енгiзудi ұйымдастыруды;

5) табиғи ресурстардың мониторингi мен кадастрларын жүргiзудi;

6) табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгiлеу мен квоталар бөлудi;

7) табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтiру мен молықтыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғаларды басқаруды;

8) табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектiлерi

1. Жер, жер қойнауы, жер үстi және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсiмдiктер; жануарлар дүниесi, тiрi организмдердiң гендiк қоры; табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердiң озон қабаты жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға тиiс.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi айрықша қорғалуға тиiс.

8-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры

1. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм мен рекреация нысанасы ретiнде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған орта объектiлерiнiң жиынтығы.

2. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

3. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектiлерiн пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.

9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерiнiң және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлерi, құру тәртiбi, қорғау режимiнiң түрi, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнiң қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

ЖАЛПЫ БӨЛІМ

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы

3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негіздерi

5-бап. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптерi

6-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгi ережелерi

7-бап. Қоршаған ортаны қорғау объектілерi

8-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры

9-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ

10-бап. Табиғат пайдалану ұғымы және оның түрлерi

19сурак

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

Экологиялық қауіпсіздік – қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі

Омар Бауыржан Мұсаханұлы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Заң факультеті оқытушы, құқық магистрі. Түркістан қаласы.

Сайдахмет Эльдар, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы,

Түркістан қаласы.

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi бүгiнгi таңда маңызды орын алып отыр. Сондай-ақ мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.

Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланған болатын. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Атап айтар болсақ, қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарының негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi [1, 1 б.].

Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылығымен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Каспийді қорғау бағдарламаларын халықаралық деңгейде ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын алатын қоршаған ортаны залалды әсерлерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақтары болып табылады [2, 1 б.].

Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы, баршамызға ортақ ұлы мақсаттарға бірге жетудің дұрыс жолын айқындап отырады.

Елбасы 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Үкіметке тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа принциптегі бағдарлама әзірлеуді және оны қабылдауды тапсырған болатын. Қазіргі таңда, республика тұрғындарының 20 пайызы нормативтік стандарт сапасына сәйкес келмейтін суды пайдаланады. Елде жыл сайын су пайдаланушылар көлемі ұлғаюда. Негізгі су пайдаланушылар ауыл шаруашылығы (75%) және өндірістер (20%) болып табылады. Бұдан басқа, өзен суларының жартысынан көбі көршілес елдердің аумақтарынан келетіндігін, транс-шекаралық сипаты және климаттың өзгеруі салдарынан болашақта проблема туындайтынын атап кеткеніміз дұрыс. Еліміз жер асты суларына, гидротермалды энергияның минералды көздеріне және ресурстарына бай. Казіргі таңда өнеркәсіп кәсіпорындарын айналмалы су жабдықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы әзірленуде. Ол су ресурстарын ұтымды пайдалануға септігін тигізетін болады [3, 1 б.].

«Жер қойнауының байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі… Бәріміз мұндай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз»,- деп Елбасымыз атап өткендей, еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл өсу» жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруда Азия және Тынық мұхит, Еуропа елдеріне серіктестік жәрдемдесу жолындағы «Жасыл көпір» атты Астана бастамасы жүзеге асырылуда. Бастама сектораралық, ішкі аймақтық және аймақаралық бекініске бағытталған. Қазіргі заманғы құралдар байланысымен сараптамалық және ақпараттандыруды қамтамасыз ететін «Жа­сыл өсу» кеңсесі құрылды. «Жасыл өсу» кеңсесі Қазақстан және Орталық Азия, Еуропа аймағында қызмет бағыттары тәжірибелері жөнінде толық ақпарат таратуға мүмкіндік береді [4, 5 б.].

Қазақстанның энергиялық тиімді және төмен эмиссиялық технологияларды қолдану арқылы «Жасыл даму» жолын таңдауы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының жаңа сапалық деңгейіне шығуға өз септігін тигізеді деп айтуға болады. Осы мақсатта Үкімет 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасын бекітті. Бағдарлама жасыл экономиканы дамытуға, қоршаған орта мен денсаулыққа зиян келтіретін антропогендік ықпалды азайтуға, табиғи экожүйені қалпына келтіру мен сақтауға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуды басқару жүйесін дамытуға бағытталып отыр. «Жасыл даму» бағдарламасы шеңберінде шешілетін тағы бір мәселе – Каспий теңізінен өндірілетін мұнайдың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл Мексика шығанағындағы соңғы жаңалықтармен өзекті екендігі баршамызға мәлім. Осындай мәселелер көп елдердің қызығушылығын танытып, оны бірлесіп шешуге мүмкіндік тудырады. 2007 жылы барлық Каспий жағалауындағы мемлекеттермен арадағы Каспий теңізінің су айдынын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенция күшіне енді. Осы Конвенция Каспий теңізіне антропогендік ықпалды реттеудің негізгі бағытын анықтау, Каспий теңізінің биологиялық және басқа коммерциялық ресурстарын қалпына келтіру, сонымен қатар, Каспий бойы мемлекеттерімен бірлесіп, кешенді мәселелерді шешу мақсатында қабылданған бірінші аймақтық конвенция болып табылады. Халықаралық ұйымдар мен донорлардың қолдауымен барлық Каспий бойы мемлекеттерімен Каспий экологиялық бағдарламасы жұмысын бастады. Бұл бастамаларға халықаралық қолдау қажет екендігін атап кеткеніміз жөн болар. Сол себептен үкімет өкілдері мен ғалымдар Астана қаласында өткен ЭСКАТО мемлекеттері министрлері конференциясында және 2011 жылы Астана қаласында өтетін Жалпыеуропалық конференцияда төмен көміртекті экономиканы дамыту және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін қарауды ұсынған болатын. Астанадағы ЭСКАТО сессиясында ең басты мәселелер «жасыл өсуді» талқылауды жалғастыру немесе 2005 жылғы Сеулдегі 5-ші министрлер конференциясында өзекті болып табылған «экономика дамуының экологиялық қауіпсіздігі» тақырыптары болып табылды. 6-шы конференцияны өткізу барысында Астана бастамасы, Министрліктер декларациясы және 2010-2015 жылдарға арналған аймақтық іс-шаралар жоспары сияқты маңызды құжаттар қабылданған болатын. Қазақстан Еуропа және Азия арасында «жасыл көпір» атты жаңа эколо­гиялық декларация құру бастамасын көтерді [5, 11 б.].

Экологиялық қауіпсіздік мәселесі – бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты – қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі – экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткен V Халықаралық экологиялық конгресс (Жапония, 1990), Қоршаған ортаны қоғау жөніндегі конференция (Бразилия, 1992), ХХҮІІ Халықаралық географиялық конгресс (АҚШ, 1992) және Йоханнесбург (ОАР, 2003) қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экологиялық форум – аталмыш мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр [6, 8 б.].

Әлемдік дағдарысты ескере отырып, бағдарламамыздың негізгі тірегі ретінде біз экономикалық құралдарды табиғат қорғауға пайдалану, экологиялық стандарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізу мақсатына оңтайластыруды қарастырдық. Бұл бағыт 2006 жылы 14 қарашада республика Президентінің Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдар аралығында орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес орындалды. Осы бағдарлама шеңберінде күрделі экологиялық мәселе – қалдықтарды өңдеу мен тұтыну мәселесін шешудің жолдары қарастырылды.

Қазақстан 2007 жылы Стокгольм конвенциясын бекітіп, 200 мың тоннаға дейін жинақталған берік органикалық ластаушыларды жоюды өз міндетіне алды. Премьер-Министр К.Мәсімовтің тапсырмасы бойынша түрлі саладағы қалдықтармен жұмыс мәселесін реттейтін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізілді және қалдықтарды өңдеу бөлігі бойынша қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларының коммуналдық тазалау құрылыстары құбырларының ағысын тазалау мәселесі де күрделі жағдайда. Еліміздің көптеген аймақтарында су шаруашылығы жағдайы қиын кезеңді кешуде. Себебі, көптеген су нысандары өздігінен тазару және өздігінен қалпына келу сияқты табиғи қасиеттерін жоғалтқан [7, 15 б.].

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған орта-табиғатқа орны толмас орасан зор зиян да тигізіп келеді. Осы тұста Бэконның: «Адам табиғатты бағындырумен бірге оған бағыну керек»,- деген сөзін еске алсақ болады. Біздер осы қағиданы есте сақтамағандықтан қазіргі таңда табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық дәрежеден көтеріліп, бүкіл дүниежүзілік аса маңызды проблемаға айналып отыр. Әлі де болса адамзаттың экологиялық зияны ескерілмей, бірыңғай қоршаған ортаны қорғау шаралары оң бағытта дамымай отыр.

Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің табиғи-тарихи негізі және құрамдас бөлігі ретінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсердің салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардан өнеркәсіптік авариялар мен күйреулерден қорғалу дәрежесімен айқындалады.

Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы осылардың экологиялық құқығының тетіктері болып саналады [8, 10 б.].

Экологиялық қауіпсіздік – жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Сондықтан Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 1) табиғи-тарихи негіздері, 2) принциптері (қағидаттары), 3)стратегиялық мақсаты, 4) басқару жүйесі; 5) экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдылықтары бар. Ендеше осы кезеңдерге жеке-жеке тоқтала кетсек.

1. Табиғи-тарихи негіздерге – Қазақстан Республикасының табиғи ерекшеліктері, оның жартысынан астамы шөл және шөлейт аумақтар, табиғатты пайдаланудың ресурстық-шикізаттық жүйесі, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіптердің, әскери объектілердің, табиғи техногендік процестердің зиянды әсерлері мен шетін табиғат жүйелері жатады.

2. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің принциптері Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында жер планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара байланыстылығын мойындай отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген. Олардың қатарында мыналар бар: адамдардың табиғатпен үйлесімдікте салауатты және жемісті өмір сүру құқығы, мемлекеттің өз табиғи ресурстарын игеру жөніндегі егеменді құқығын іске асыруы және ұлттық юрисдикцияның қолдануы шегінен тыс басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортаға келтірілген залалы үшін жауапкершілікті мойындауы; мемлекеттің қоршаған ортаны дамыту мен қорғау жөніндегі құқығын іске асыру қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін әділетті қанағаттандыруды қамтамасыз етуі, мемлекеттің экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін ел ретінде Қазақстан саясатында оның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін пайдалану және басым түрде еске алуы; барлық мүдделі азаматтардың экологиялық мәселелерді шешуге пәрменді қатысуы үшін жағдайлар туғызу, мемлекеттің қоршаған ортаның сапасы мен оған әсер ететін қауіпті материалдар жөнінде ресми ақпараттың ашық болуын, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процестеріне қатысу мүмкінділігін қамтамасыз ету, жұртшылықтың хабарлылығын дамыту және қуаттау.

3. Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеті:

- халықаралық қатынастарда, интеграциялық процестерде экологиялық мәртебенің ерекшеліктерін тиісінше есепке алу;

- қоршаған ортаның жай-күйіне жүргізілетін бірыңғай мониторинггің жүйесін енгізу;

- экологиялық қауіпсіздік пен табиғат тұрақты пайдалану жөніндегі аса маңызды, соның ішінде, іргелі (фундаментальный) проблемалар жөніндегі ғылыми зерттеулердің өзара орнатылуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының табиғи орта сапасының жай-күйін бағалауды, оның аумағын экологиялық аудандастыру мен арнаулы картаға түсіру;

- қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқаруды реттейтін табиғат қорғау заңының жүйесін жасау, экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру;

- табиғат пайдалану жоспарларын қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты пайдаланудың экологиялық бағдарламаларын, жүйелерің әзірлеу;

- экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін дамытуды;

- қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін (механизімін) жасау;

- қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мен дүлей апаттардан сақтану проблемалары жөнінде халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу [9, 5 б.].

Экологиялық қауіпсіздікті арттырудың бірден-бір көзі экологиялық білімді жетілдіру, құқықтық мәденитетті жоғарылату, келешек ұрпақтың санасына сіңіру, сонда ғана біздің ұрпақ экологиялық қауіпсіздікті жетілдірудің қажеттілігін сезініп өседі. Осыған орай табиғатты тиімді пайдалануға әрекет етеді деп, ойлаймын.

Осы тұста Республикамыздың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мынадай ұсыныстар айтуға болады:

20 вопрос

Урбанизация – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы “қалалық” деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.