Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рубежка.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
290 Кб
Скачать
☆

22 Вопрос

Демографиялық болжам — әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы демографиялық болжам аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрі - демографиялық дүмпу мен демографиялық дағдарыс және сол елдің демографиялык саясаты ескеріле отырып, демографиялық болжам қысқа (1 - 10 жылдық) және ұзақ (1 ғасырлық) уақытқа жасалынады. Адамзат тарихының бүкіл өн бойында дерлік Жер шарында халықтың саны өте баяу өсті. Оның жедел өсуі XX ғасырда басталды.

  • Соңғы мың жылда халық санының бірінші рет екі еселенуі үшін 600 жыл қажет болса

  • екінші рет еселенуі үшін - 230 жыл керек.

  • Үшінші рет еселенуі үшін шамамен 100 жыл,

  • төртінші рет еселенуі үшін - 40 жылдан сол артық уақыт керек болды.

Дүниежүзі халқының саны 1000 жылы - 275 млн., 1500 жылы 450млн, 1900 жылы 1617 млн., 1950 жылы 2,5 млрд–қа. XX ғасырдың соңында 6,2 млрдқа жетті. Демографиялық болжам бойынша Жер бетіндегі халықтың саны XXI ғасырдың соңында 32 млрд-ка жетпек. Қазақ халқының саны 2015 жылға қарай (сыртқы көші-қонды есептегенде) 15 млн-ға, ал XXI ғасырдың соңында 30 млн-ға жетеді деп болжанып отыр. Қазақстанда 2015 жылы 13 млн. қазақ тұратын болады, ол еліміздің жалпы түрғыңдарының 65%-ын құрайды.[1]

  • Әлеуметтік дағдарыстың бір түрі - халық санының артуы.

  • Халық санының ерекше сипаттағы қатты тербелістері – демографиялық қопарылыс немесе жарылыс деп аталады. Ауданы жағынан кішкентай болып келетін қалаларда тұрғындардың жоғары концентрациясы (Индия, Шри-Ланкадаға орташа көрсеткіш 200 адам/ км2 осындай болса, онда қалаларындағы көрсеткіш бірнеше есе жоғары болады) санитарлық жағдайлардың және экологиялық ортаның нашарлауына, жергілікті ресурстардың тез жойылуына лаып келеді.

  • Үшінші әлем мемлекттеріне тән оысндай демографиялық хал-аһуал жағдайына екі қарам-қайшы көзқарастар қалыптасқан.

  • 1. Неомальтузиандық көзқарас (пессимистер). 1789 жылы ағылшын экономисті Томас Роберт Мальтус гипотезасы негізінде жасалған, заман талаптарына сай өзгертіліп ұсынған. Бұл жақтастар ойынша, егер қазіргі уақыт тенденциялары сақталса, халық саны күрт өсіп, ластанулар тез тарап, ресурстардың көп түрі жойылып кетеді.

  • 2. Корнукопиандық көзқарас (лат. cornucopia – байлық нышаны, “молшылық мүйізі” рог изобилия) оптимистер. Бұл көзқарасты жақтайдынтар негізінен экономист мамандар болып келеді. Олардың айтуы бойынша, қазіргі тенденциялар сақаталатын болса, онда технологиялық жетістіктер адам саны тұрақтанған, қоршаған орта аз ластанатын және табиғат ресурстары сақаталатын әлемге алып келеді.

  • ХХ ғасырға тән әлемдегі халық санның тез өсуі, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Азия, Оңтүстік және Орталық Америка, тропикалық Африка мемлекеттерінде жарылыстық сипатқа ие болды. Қазіргі таңда аталмыш региондарда әлем халқының 70 %-ы шоғырланған.

  • Дамушы мемлекеттердегі әлі азаю тенденциясын байқатпаған демографиялық жарылыс, өте нашар экологиялық және экономикалық жағдайлар кешенінде даму үстінде. “Отар болған ел” желімін таяуда ғана тастаған артта қалған елдерде жер басқарудың консервативті формалары сақталған аграрлы экономика, қарабайыр агротехника элементтері қалып, капиталдың, маман кадрлардың жетіспеушілігі өткір тұрған мәселелер санатында.

  • Адам санының күрт артуына байланысты, оларды тезірек тағамдық ресурспен қамтамысыз ету өз кезегінде экологиялық халдің нашарлауына әкеп соғады. Академик, экология саласындағы білікті маман С.С. Шварц: “Биосфера бұзылуының бірден – бір себебі – прмитивті халық шаруашылығын ғасырлар бойы пайдалану және оның ауданын сұранысқа байланысты ессіз кеңейте беру” деген болатын.

  • Әрбір секунд сайын халық саны 3 адамға артып отырады.

  • Статистикалық сараптама.

  • 1950-1996 жж. Аралығында дамыған мемлекеттер халқы 1,5 есеге артса, дамушы мемлекттерде – 2,7 есеге, соның ішінде Африка мен Латын Америкасында – 3 есеге, Азияда – 2,5 есеге артқан. Қорытындылай келгенде, әлем халқы санының өсуінде олардың үлесі 2/3 –ден 4/5-ке дейін артқан.

  • Халық тығыздығының артуына байланысты ауыл шаурашылық жерлері тарылып, бір алқапты үздікісіз пайдалану көбейді. Ол өз кезегінде топырақ құнарлығының төмендеуіне, алынатын өнім сапасының нашарлауына, құнарлы жерлердің шөлді немесе шөлейтті аймақтарға айналуына алып келеді. 1970 жылдардан бастап Азия мен африка құрлықтарында шөлді далалардың ауданы 120 млн га.-ға ұлғайған. Қарапайым жұмыс құралын пайдалануына байланысты бір африкандық шаруа маусымына 600 кг бидай жинаса, американдық фермер – 80 т. өнім алады.

  • Жер планетасында халық санының тұрақтану көрсеткіші 2050-2075 жылдарда байқалып, 12,0-12,5 млрд. деңгейінде болмақ деген болжам бар.

  • Туылуыды шектейтін отбасын жоспарлау мемлекеттік бағдарламалары жалпы 20 мемлекетте бар және ол бағдарламалар БҰҰ қызметкерлерінің қатаң қадағалауымен жүреді.

Ғаламдық экологиялық проблемалар

Атмосфераның озон мәселесінің адам қызметіне өзара байланысты екі аспектісі бар: жоғары қабаттағы бұзылу («озон қабаты») және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда – 18-32 км биіктікте орналасқан. Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса, оның қалыңдығы 3 мм құрайды. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекулаларының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1%-ға кемуі терінің ісігімен ауыру деңгейін 5-7%-ға арттыруы мүмкін. Озонның ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған. Мұнда соңғы 30 жылда озонның мөлшері 40-50% -ға кеміген. Озонның концентрациясының кемуі нәтижесінде түзілетін тесіктерді «озон тесіктері» деп атайды. «Тесіктің» көлемі жылына 4%-ға артып отыр. Қазіргі кезде оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық. Сонымен қатар, көшіп жүретін тесіктердің пайда болуы жиілеп барады. Оның мөлшері 10-100мың км2. «Озон тесіктерінің» пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған. Олар алғаш рет осы ғасырдың 80-жылдарында байқалған. Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Қазіргі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар (хладондар) болып есептеледі. Бұл хлорфтор көміртектер бөлме температурасында қайнайды. Олар тоңазытқыш құрылғыларда, әр түрлі баллондарда тасымалдаушы газ ретінде, т.б. қолданылады. Көптеген мемлекеттер фреондардың өнідірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қолданды. Бірақ, жоғары дәрежедегі тұрақтылығына байланысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады. Сонымен қатар, озонның түзілуі мен жиналуына электромагнитті сәулелер, лазер сәулелері, электр разрядтары әсер етеді. Озон қабаты интенсиві түрде көктемде бұзыла бастайды. Себебі, қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі. Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады. Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандардағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшерде жабылуына байланысты. Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады. Космосқа ұшу апппараттарын шығару атмосферадағы ядролық жарылыс, атмосфераның жоғарғы қабаттарына азот оксидтері мен кейбір көмірсулардың шығарылуына әкелетін ірі өрттердің озон қабатының бұзылуын Галлей кометасымен де байланыстырады. Атмосфераның төменгі қабаттарында озон күшті антиоксидант және бактериоцид болып табылады. Ол жағымсыз иістерді, кейбір канценрогенді заттарды бұзуға қабілетті. Бірақ, жоғары концентрацияда озон күшті у болып табылады. Адамда ол тыныс алуды қиындатады, көзді тітіркендіреді, өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап, хлорофилді бұзады.

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын – парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі мәліметтер бойынша 50%-дан 65%-ға дейін жетеді. Басқа парниктік газдарға метан, (шамамен 20%), азот оксидтері (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа да газдар (парниктік эффектінің шамамен 10-25%) жатады. Барлығы 30-ға жуық парниктік газдар, олардың атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап атмосферадағы СО2 мөлшерінің өзгерісі 12-15% артқан.

Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына әкеліп соқтырады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта Жердің орташа жылдық температурасы 0,3-0,60С –ға артқан. Әр түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әсерінен, мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит 1,5 -2 м көтерілуі мүмкін, ол шамамен 5 млн. км2 құрлықтың су астында қалуына әкеледі. Ауа райының жылынуы әлемдік мұхитттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануарлармен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Көмірқышқыл газының атмосфераға түсуінің негізгі техногенді көзі - органикалық отынды жандыру болып табылады. Қазір тек жылу энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір адамға 1 т көміртегі немесе Жер шарында жылына 6 млрд. т бөлініп шығады. Атмосферадағы көміртегінің мөлшерін кемітетін негізгі факторлар фотосинтез бен мұхиттың сіңіруі болып табылады. Мұхит адам қызметінің нәтижесінде түзілген көмірқышқыл газының 50%-ын сіңіреді.

24сурак-