Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Wpor_ot_Aibeka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428 Кб
Скачать
☆

13 Билет

1-сурак

ТермоЭҚК –ні милливольтметрмен өлшеу.

ТермоЭҚК-ті милливольтметрмен өлшеу

Милливольтметрдің ТЭТ-ке қосылу сұлбасы және милливольтметрмен термоЭҚК өлшеу 5.1 суретте көрсетілген.

Rу – теңестіруші катушканың кедергісі;

Rp – рамканың кедергісі;

Rд – қосымша катушканың кедергісі;

Rм=Rp+Rд – mV ішкі кедергісі;

Rс = (RAB + RFD + Rc + Ry) –

аспаптың а, b қысқыштарына

қатысты тізбектің сыртқы

кедергісі.

mV

5.1 Сурет – ТермоЭҚК-ті милливольтметрмен (mV) өлшеу сұлбасы

Егер ТЭТ градуировкасы, шкаладағы көрсетілген градуировкаға сәйкес келсе, онда милливольтметрдің градустік шкаласын қолдануға болады. Ол үшін сыртқы линияның кедергісін Rу кедергісінің көмегімен Rс кедергісіне жуықтату керек.

Өнеркәсіпте градус шкаласының дәлдік дәрежесі 0,5; 1,0; 1,5; 2,0 болатын стационарлы милливольтметрлер шығарылады.

Магнитоэлектрлік жүйедегі милливольтметрдің сұлбасы А қосымшасы, А.2 суретінде келтірілген және СӨЖ-да қарастырылады.

2- сурак

Магниттік газоанализатор.

Магниттік газталдауыштар.Олардың жұмыс істеу негізінде талданып жатқан қоспаның магниттік өріс әсері кезінде байқалатын құбылыстар жатыр.Магниттік өріске тартылатын газдарды парамагнитті, ал кері ығыстырылатын газдарды диамагнитті деп атайды. Парамагнитті газдардың магниттік сезгіштігі оң шама, ал диамагнитті газдардікі теріс шама болады. Магнитті сезгіштік аддитивті қасиетке ие. Парамагнитті қасиетке оттегі, азот тотығы ие және де олардың магниттік сезгіштігі абсолютті мәнінде басқа газдар мен булардың магниттік сезгіштігінен 100 есе артық. Сондықтан көпқұрамды қоспада оттегі концентрациясын анықтау осыған негізделген.Ең көп тараған термомагнитті газталдауыштың сұлбасы 12.3 суретте көрсетілген.12.3 суреттегі белгілеулер: 1 – дайындау блогы; 2 – тұрақты магнит; 3 – сақиналы камера; 4 – жұқа қабатты шыны түтік; 5 - терморезисторлар;   6 – теңеспеген көпір; 7 – потенциометр.

  

 

 

 12.3 Сурет -  Термомагнитті газталдауыш сұлбасы

  Өлшеу диапазоны 0 –1%  бастап 0 – 100% дейін.  Дәлдік класы 2,5 – 5.

14 Билет

1-сурак

Магнитоэлектрлік милливольтметр. Сұлбасы, жұмыс істеу принципі.

ТЭТ-пен бірге жұмыс істейтін екінші реттік аспаптар:

а) магнитоэлектрлік жүйенің милливольтметрлері;

б) потенциометрлер;

в) нормалаушы түрлендіргіштер.

ТермоЭҚК-ті милливольтметрмен өлшеу

Милливольтметрдің ТЭТ-ке қосылу сұлбасы және милливольтметрмен термоЭҚК өлшеу 5.1 суретте көрсетілген.

Rу – теңестіруші катушканың кедергісі;

Rp – рамканың кедергісі;

Rд – қосымша катушканың кедергісі;

Rм=Rp+Rд – mV ішкі кедергісі;

Rс = (RAB + RFD + Rc + Ry) –

аспаптың а, b қысқыштарына

қатысты тізбектің сыртқы

кедергісі.

mV

5.1 Сурет – ТермоЭҚК-ті милливольтметрмен (mV) өлшеу сұлбасы

Егер ТЭТ градуировкасы, шкаладағы көрсетілген градуировкаға сәйкес келсе, онда милливольтметрдің градустік шкаласын қолдануға болады. Ол үшін сыртқы линияның кедергісін Rу кедергісінің көмегімен Rс кедергісіне жуықтату керек.

Өнеркәсіпте градус шкаласының дәлдік дәрежесі 0,5; 1,0; 1,5; 2,0 болатын стационарлы милливольтметрлер шығарылады.

Магнитоэлектрлік жүйедегі милливольтметрдің сұлбасы А қосымшасы, А.2 суретінде келтірілген және СӨЖ-да қарастырылады.

2- сурак

Физикалық шама. Физикалық шаманың шындық және нағыз мәндері.

Физикалық шама Өлшеулер әдетте өлшеу объектінде жасалынады. Өлшеу объекті (ӨО) – бұл физикалық шама. Метрология облысында терминдер және анықтамалар стандартында физикалық шама - физикалық объектінің (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі, ол сапа жағынан көптеген физикалық объекттеріне ортақ, ал мөлшер жағынан әрқайсысына (физикалық шамалардың, мысалы, температура, меншікті салмақ, тығыздық, ұзындық және т.б.) жекеленген болып табылады.

Өлшеудің мақсаты және оның соңғы нәтижесі – физикалық шаманың мәнін табу. Физикалық шаманың мәні – берілген шаманы өлшеу үшін мақулданған бірліктерінде физикалық шаманы бағалауы. Түсінікті, өлшеу нәтижесінің сандық мәні физикалық шаманың бірлігін таңдауына тәуелді.

Физикалық шамалардың іске асырылатын және туынды бірліктері бар болуы мүмкін жағдайда, сондай физикалық шамаларды өлшеуін ғана метрология оқиды және олармен істейді. Кейбір жағдайларда, келтірілген физикалық шама анықтамасына жататын бірақ, сәйкес келетін бірлігін іске асыру мүмкіндігі жоқ болатын әртүрлі қасиеттерді бағалауын өлшеу деп санағаны заңсыз. Сондай, психологияда кең таралған адамның ақыл дамуын бағалауын интеллектті өлшеу деп атайды; өнім сапасын бағалауын сапаны өлшеу дейді. Бұл процедураларында кейбір метрологиялық идеялар және әдістер пайдаланса да, оларды метрологиядағы өлшеулер деп санауға болмайды: интеллект бірлігін немесе сапа бірлігн ойға келтіру мүмкін емес. Сонымен, келтірілген анықтамасына қосымша ретінде белгілейік: «физикалық шама» ұғымын анықтайтын қасиеті деп физкалық бірлігін іске асыру мүмкіншілігі табылады.

Физикалық шама өлшемі – «физикалық шама» ұғымына сәйкес келетін қасиеттің осы объектіндегі мөлшерлік мағынасы. Физикалық шама бірлігінің өлшемі, жалпы айтқанда, әрбіреу болуы мүмкін. Бірақ өлшеулер жалпы қабылданған бірліктерде жасалу керек.

Өлшеу теориясында физикалық шаманың шындық өлшенген және нағыз мәндері еңгізіледі.

Өлшенетін физикалық шаманың шындық мәнін табу метрологияда орталық проблема болып табылады. Стандарт шындық мәнін былай анықтайды - сапалық және мөлшерлік жағынан объекттің сәйкес қасиетін шынайы бейнелейтін физикалық шаманың мәні. Метрология тұрғысында физикалық шаманың шындық мәні бар, бірақ оны өлшеу жолымен анықтау мүмкін емес.

Мысалы, дөңгелек дисктің диаметрін өлшеуін қарастырайық. Бір жағынан, былай көрінеді - өлшеу құралдың дәлдігін сәйкес таңдап алсақ, диск диаметрін өлшеудің дәлдігін жоғары және оданда жоғары дәлдікпен жүргізуге болатын сияқты. Бірақ, өлшеу құралдың қателігі молекула өлшемі деңгейінде болған кезде, дисктің шегі молекулалардың ретсіздік қозғалуы себебінен өзгеріп тұрады, сондықтан, ары қарай дәлдікті жоғарылатуы пайдасыз. Сірә, диаметрдің «шындық» мәнінің ықтималдық маңызы шығып атыр, сондықтан, тек анықталған ықтималдықпен шындық мәні болатын мәндер интервалын белгілеуге болады. Сонда, стандартта келтірілген шындық мәннің анықталуы тек макроәлем үшін пайдалануға болады.

Физикалық шаманың шындық мәнін анықтауы болмағандықтан, өлшеу тәжиребесінде нағыз мәні ұғымменен пайдаланылады. Физикалық шаманың нағыз мәні – эксперименталды жолымен табылған және шындық мәніне сонша жақын болғанынан – берілген мақсат үшін оның орнына қолдануға болады. Өлшеу құралдың есептеуіш құрылғысымен есептелген шаманың мәні өлшенген мәні болып табылады.

Қойылған өлшеу мақсатына сәйкес өлшенетін физикалық шаманы - өлшенетін физикалық шама деп атайды.

Әсер етуші физикалық шама – бұл физикалық шама тікелей өлшеу құралымен өлшенбейді, бірақ осы құралдың өлшеу нәтижесін бұрмалайды. Мысалы, резистордың кедергісі температураға тәуелді болса, онда резистордың кедергісін өлшеген кезде температура әсер етуші шама болып табылады.

Тұрақты шама – бұл физикалық шаманың өлшемі өлшеу мақсатының шарттарына бойынша өлшеу уақытынан асатын уақытта өзгермейді деп санауға болады.

Айнымалы шама - өлшеу барысы бойынша өлшемі өзгеретін физикалық шама.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]