Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Wpor_ot_Aibeka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428 Кб
Скачать
☆

2)Бірорамды құбырлы серіппесі бар өлшеу аспабы

Бірорамды түтікшелі серіппелі ӨА

Өлшеуіш аспап (ӨА) агрессивті емес сұйық және газ тәрізді орталардың артық қысымын және вакуумдық күйін (разряжение) өлшеуге арналған. 10.1 суретте бірорамды түтікшелі серіппесі және секторлы беріліс механизмі бар ӨА сұлбасы келтірілген.

1 – ұстағыш;

2 – плата;

3 – шкала;

4 – аспап тілі (стрелка);

5 – түтікшелі серіппе;

6 – спираль серіппе;

7 – тісті доңғалақ;

8 – тісті сектор;

9 – ұштама;

10 – тартқыш.

10.1сурет – Секторлы беріліс механизмді ӨА

Деформацияланған СЭ бос шетінің орын ауыстыруын манометр шкаласында тілшемен көрсету үшін секторлы немесе рычагты беріліс механизмдері қолданылады. Осы беріліс механизмдері түтікшелі серіппенің бос шетінің бірнеше градусқа немесе мм орын ауысуын тілшенің бұрыштық орын ауысуына 270 300 градусқа түрлендіреді. Рычагты беріліс механизмдері өлшеудің жоғары дәлдігі қажет емес болса және вибрация жағдайы мүмкін аспаптарда қолданылады. Секторлы беріліс механизмдері үлгілік және қолдану шарты бойынша вибрация болмайтын аспаптарда қолданылады.

Бірорамды түтікшелі серіппелі вакуумметрлер манометрлерге ұқсайды, бірақ аспап тілшесі сағат тілімен де, сағат тіліне қарсы да қозғала алады.

4-билет

  1. Температураны өлшеу құрылғылардың классификациясы. 8 билеттің 1 cұрағы

  2. Қысымды деформациялық өлшеу құрылғының сезгіш элементтері

Деформациялық манометрлерде сезімтал элементтің дкформациясының немесе сезімтал элемент үдететін күштің өлшеніп жатқан қысымға тәуелділігі қолданылады. Деформацияның немесе күштің мәндері көрсеткіштерге түрленеді, шығу сигналының сәйкес келетін мәндері ретінде өлшенеді. Бұл манометрлердің өлшеу диапазоны 0,005-1000МПа. Практикада ең көп тараған сезімтал элементтер: түтікшелі серіппе, жазық және горфленген мембраналар, сильфондар, т.б. Негізгі сипаттамасы : λр =F(р). Статикалық сипаттаманың пішіні мен иілуі сезімтал элементтің конструкциясына, материалына, температурасына байланысты болады

Силфондық және мембраналық сезімтал элементтер қажетті күшті таңдап алу үшін тиімді ауданды арттыруға көбірек мүмкіндік береді. Сондықтан оларды аз шамала артық қысымды немесе сирелуді өлшеуге қолдануға болады. Суретте силфон келтірілген. Сильфон деген – бүйір қабырғасында көлденең сақиналы гофрлары бар жұқа қабырғалы түтік. Сильфонның қатаңдығы материалға, түтіктің ішкі, сыртқы диаметрлеріне, қабырғасының қалыңдығына, гофрдың қисықтық R радиусына, тығыздалу α бұрышына, гофрлар санына тәуелді. Сильфондардың көмегімен 0,04МПа дейінгі аз қысымды, 60Мпа дейінгі артық қысымды, 25Мпа шамасындағы қысым құламасын өлшнуге болады

.

5-билет

1)Манометрлік термометрлер түрлері, жұмыс істеу принципі.

Манометрлік термометрлер жұмыс затына байланысты 150-6000С аралығындағы температураларды өлшейтін техникалық құрылғы болып табылады ж/е техниканың әр түрлі салаларында қолданылады.Негізгі қателігі 1,5% аспайды.Манометрлік термометрдің қолданылуы заттың қысымының тұрақты көлемдегі температураға тәуелділігіне негізделген.Тұықталған өлшегіш жүйеде манометрлік термометрлер сезгіш элементтен,металдық термобаллоннан,метал капиллярдан, шеңбер бойымен майыстырылған маномертлік серіппеден,оның қимасы эллипс тәріздес ж/е ұстағышқа бекітілген.Ішкі қуысы термобаллон мен капилляр арқылы байланысқан,ол терможүйені құрайды. Манометрлік серіппенің бос ұштары герметизирленген ж/е шарнирленген. Термометрлердің капиллярларын сыртқы диаметрі 2,5ж/е ішкі диаметрі 0,35мм болатын латун мен болаттан жасалынады.Өлшенетін ортаның температурасы өзгерген кезде жүйенің қысымыда өзгереді,нәтежесінде сезгіш элемент манометрдің шкаласы бойынша нұсқағышты(стрелканы) температураның градуирленген градусында жылжытады.Жұмыс істеу принципі:манометрлік термометрдің терможүйесі жұмыс затымен толтырылған,мысалы,белгілі бір бастапқы қысымдағы газбен(сұйық).Тұықталған герметизирленген терможүйеде термобаллонда қыздырған кезде газдың қысымы ұлғаяды,нәтижесінде серіппе деформацияланады ж/е оның бос ұштары ауысады. Серіппенің бос ұштарының қозғалысы қосалқы механизм(жіп,сектор ж/е трибок)арқылы құрылғы шкаласының нұсқағышына түрленеді.Нұсқағыштың термометр шкаласындағы орны бойынша терператураны санау жүзеге асады. Манометрлік термометрлер температураны автоматты реттеу жүйесінде жиі қолданылады.Негізгі 3 түрі бар:1.сұйық,онда өлшенетін жүйе сұйықпен толтырылған(темобаллон, манометр ж/е жалғағыш капилляр).2.конденцациялық,онда термобаллон аздап конденсатпен толтырылған(0,7-0,75 көлемде).3.газ,онда барлық өлшенетін жүйе инертті газдармен толтырылған. Манометрлік термометрледің артықшылықтары: конструкциясы мен қолданылуы қарапайым,температураны дистанционды өлшеу ж/е корсетулерді автоматты жазу мүмкіндігі,өрт қауіпсіздігі бар.Кемшіліктері:өлшеу дәлдігінің төмендігі(дәлдік класы 1.6;2.5;4.0 ж/е көбінесе 1.0);өлшеулердің дистационды берілуінің арақашықтығының төмендігі(60 м аспайды),бұзылған жағдайда(капилляр сынса) жөндеу қиынға соғады.Жылуэлектрлік станцияларда көп қолданылмайды.,Жарылыс шартына н/е өрт қауірсіз жерлерде температураны дистационды өлшеу электрлік әдіспен мүмкін болмаған кезде өндірістік жылуэнергетикада көптеп кездеседі.

Өлшеу аспабының абсолюттік қателігі – аспаптың көрсетімі мен өлшенетін шаманың нақты мәнінің арасындағы айырым

, (4.7)

үлгілі аспап көмегімен анықталады немесе өлшеуішпен жаңғыртылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]