Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Wpor_ot_Aibeka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті № 20

  1. Тэт тізбегіне өлшеу аспабын қосу.

ТЭТ-тің термоЭҚК-ін өлшеу үшін оның тізбегіне өлшеуіш құралды ӨҚ көрсетілген екі сұлба бойынша қосу керек.

 Екі сұлбада да өлшеуіш құралды тізбекке С өткізгіші арқылы қосылған деп қарастыруға болады (4.2 сурет).

Бірінші сұлбада (4.2 сурет, А) ТЭТ-те бір 1-жұмысшы дәнекер және 2, 3 екі бос дәнекер бар. Мұндай тұйық тізбектің термоЭҚК-і мынаған тең

 

                                  ЕАВC(t, tо, to) = еАВ(t) + еВC(tо) + еCA(tо).                          (4.4)

 

немесе t = tо (яғни, дәнекердің температуралары бірдей), онда

 

                             ЕАВC(tо, tо, to) = 0 = еАВ(tо) + еВC(tо) + еCA(tо),                      (4.5)

 

                                              еВC(tо) + еCA(tо) = еВА(tо)

болғандықтан

                          ЕАВC(t, tо, to) = еАВ(t) + еВА(tо) = еАВ(t) - еАВ(tо)                     (4.6)

 

(4.6) теңдеуі – ТЭТ-тің негізгі теңдеуі.

 

А)

Б)

4

 

        4.2 Сурет – ТЭТ тізбегіне өлшеу құралын қосу сұлбалары        

 

Екінші сұлбада (сурет 4.2, Б) ТЭТ-тің 1- жұмысшы дәнекер, 2-бос дәнекер, 3,4 екі бейтарап дәнекер. 3 және 4 ұштарының t1 температуралары бірдей болуы тиіс.  t1 тұрақты температурасы болса   

ЕАВC(t, t1, to) = еАВ(t) + еВC(t1) + еCВ(t1) + еВA(tо).              (4.7)

 

еВC(t1) = - еCВ(t1)   және   еВA(tо) = - еAВ(tо) болғандықтан,

ЕАВC(t, t1, to) = еАВ(t) - еAВ(tо)                               (4.8)

 

(4.8) теңдеуі - ТЭТ-тің негізгі теңдеуі.

Сонымен, егер де А және В термоэлектродтары бірдей болса, және де жұмысшы және бос ұштарының температурасы бірдей болса, онда ТЭТ тізбегіне ӨҚ-дың қосылу сұлбаларының айырмашылығына қарамастан, термоэлектрлік термометрлер арқылы түзілетін термоЭҚК екі жағдайда да бірдей болады.

Жоғарыда көрсетілгендей, егер өткізгіштің ұштарының температурасы бірдей болатын болса, онда термометрдің термоЭҚК-і сол тізбекке жаңа С өткізгішін енгізген жағдайда да өзгермейді.

Тақырыпқа байланысты қосымша мағлұматтарды [1,4-7] қарауға болады.

  1. Сұйықтың, газдың, будың мөлшерін және шығынын өлшеу. Жалпы мәліметтер. Мөлшерін және шығынын өлшеу құрылғылардың классификациясы. Сұйықтықтар мен газдар тығыздығын өқ

Сұйықтықтар мен газдардың тығыздығын өлшеу химия технологиялық үрдістерді басқару мен шикізат, отын, реагенттердің мөлшерін санау операцияларын орындау мақсатында жүзеге асырылады. Заттың тығыздығы – заттың массасының m оның алатын көлеміне v қатынасы.

Тығыздықты ӨҚ-ын тығыздықөлшегіштер немесе денсиметрлер (денситометрлер) деп атайды, латынның densus – тығыз, қою деген сөзінен.

         Тығыздықөлшегіштер: салмақтық, қалытқылы, гидроаэростатикалық,         гидрогазодинамикалық, радиоизотопты, акустикалық, вибрациалық және т.б.

 

Салмақтық тығыздықөлшегіштер

         Салмақтық немесе пикнометриялық тығыздықөлшегіш сұлбасы 13.1 суретте көрсетілген. Суреттегі белгілеулер: 1 - сильфондар; 2 – жылжымайтын құбырлықтар; 3 - U-бейнелі құбыр; 4 – ауырлық; 5 – рычаг; 6 – түрлендіргіш; 7 – қарсы салмақ.

 

13.1 Сурет -  Салмақтық тығыздықөлшегіш сұлбасы

 Өлшеу диапозоны 0,5  2,5 г/см .  Дәлдік класы 11,5. Maксимал жұмыс істеу  температурасы  tжұм=100С.

 13.1.2 Гидростатикалық тығыздықөлшегіш

         Гидростатикалық тығыздықөлшегіш жұмыс істеу принципі талданатын газ немесе сұйықтықтың P қысым бағанының осы ортаның  тығыздығына тәуелділігіне негізделген P = *g* h.

  

 

13.2 Сурет - Гидростатикалық тығыздықөлшегіштің сұлбасы

 Суреттегі белгілеулер: 1 – тіректік плата; 2,3,4 - сильфондар; 5 – камера; 6 –түрлендіргіш; 7 – өлшеуіш рычаг; 8 – рычаг.

Өлшеу диапазоны 00,5 г/см . Дәлдік класы 1. Сұйықтықтың  мaксимал температурасы  200C.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]