Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Wpor_ot_Aibeka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
428 Кб
Скачать
☆

2.Айнымалы жұмыстық ток күші бар потенциометрдің сұлбасы.

Жұмысшы тоқ күші айнымалы потенциометрдің сұлбасы

5.4 суретте көрсетілген потенциометрдің сұлбасында EAB(t,to) мәні IБRab кернеуінің түсуімен компенсацияланады. Бұл жағдайда Rab белгілі және тұрақты, RБ өзгерту арқылы IБ тоғы  өзгертіледі.

RБ қозғалтқышы НИ нөл мәнін көрсеткенге дейін жылжып тұрады және IБ миллиамперметр шкаласы бойынша көрсетіледі. Яғни EAB(t,to) мәні миллиамперметр дәлдігіне байланысты, сондықтан бұл потенциометрдің дәлдігі алдыңғыға қарағанда төмен.

  

5.4 сурет - Жұмысшы тоқ күші айнымалы потенциометрдің сұлбасы

Емтихан билеті № 18

1. Кедергі термотүрлендіргіштер (ктт). Металдық және жартылайөткізгіштік ктт.

Кедергілік термотүрлендіргіштер (КТТ)

КТТ көмегімен температураны өлшеу – ол температура өзгергенде металлдар мен жартылай өткізгіштердің өзінің электрлік кедергісін өзгерту қасиетіне негізделген: егер градуирлеу сипаттамасы (түрлендіру функциясы)   белгілі болса Rt=f(t), онда Rt-ні өлшеу арқылы КТТ салынған ортаның температурасын анықтауға болады.

КТТ -260 +1100 оС шектеріндегі температураны сенімді өлшейді.

Металл КТТ-тер: стандартталған КТТ жасау үшін платина (КТП) және мыс (КТМ) қолданады.

Платина – КТТ үшін ең күшті материал: α = 3,94∙10-3 (оС-1); ρ = 0,1∙10-6 Ом∙м; өлшеу диапазоны Δtо = -260 +1100оС. Pt жасалған КТТ – ең дәл бірінші реттік түрлендіргіштер болып табылады, сым диаметрі 0,05 0,5мм. Олар жұмысшы, үлгілік, эталондық термометрлер ретінде қолданылады.

Мыс – таза түрде оңай алынады, арзан металл, Rt=f(t) тәуелділігі сызықты, α = 4,26∙10-3 (оС-1); өлшеу диапазоны Δtо = -50 +200 оС. t >200оС болғанда мыс тотығады, сондықтан қолданылмайды.

Никель және темір:  өлшеу ауқымы Δtо = -50 +250 оС; α жоғары, бірақ бұл КТТ кең қолданылмайды, себебі градуирлеу сипаттамасы сызықсыз, ал ең бастысы – тұрақсыз және қайталанылмайды, сондықтан никельден және темірден жасалған КТТ стандартталмаған.

Жартылай өткізгішті КТТ: өлшеу ауқымы Δtо=-100 +300оС. Қолданылатын жартылай өткізгіштер:  магний, кобальт, марганец, титан, мыс оксидтері, германий кристалдары.

Жартылай өткізгішті КТТ температураны өлшеуде сирек қолданылады. Олар температура жайлы сигнал беру үшін қолданылады, өйткені өздеріне тән релелік эффект береді, яғни белгілі бір температураға жеткенде кедергі секірмелі өзгере бастайды. Олар әртүрлі автоматты газталдауыш аспаптарда сезімтал элементтер ретінде қолданылады. Жартылай өткізгіштен жасалатын сезгіш элементтер цилиндр, шайба, кішкентай моншақ түрінде жасалынады.

2. Электромагниттік шығынөлшеуіштер. Сұлбасы және жұмыс істеу принципы.

 Электромагниттік шығынөлшегіштер

Электромагниттік шығынөлшегіштердің жұмыс істеу принципі (11.4 сурет) электромагниттік индукция заңына негізделген (Фарадей заңы). Заңға сәйкес магниттік күшпен қиылысатын өткізгіштерде өткізгіштің қозғалыс жылдамдығына пропорционал болатын ЭҚК пайда болады. Егер өткізгіш ретінде магниттік полюстер ортасында ағатын электртоғын өткізетін сұйықтықты қолдансақ және сұйықта пайда болған ЭҚК өлшесек, ағын жылдамдығын немесе сұйықтық шығынын анықтауға болады.

11.4 Сурет -  Электромагниттік шығынөлшегіш сұлбасы

 

Суреттегі белгілеулер: 1 – магнит емес металл түтік; 2,3 – электродтар; 4 – өлшегіш аспап. Түтіктің ішкі беті электрқорғағыш материалмен қапталған  (эмаль, шыныпластик, резина).

Электромагниттік шығынөлшегіштер электрлік өткізгіштігі 10 10 См/м төмен емес сұйықтықтар үшін қолданыла алады.

Тұрақты магнит өрісі бар электромагниттік шығынөлшегіштердің елерліктей кемшілігі бар – электродтарда гальваникалық ЭҚК және полярлық ЭҚК пайда болуы. Бұл кемшілікті жою үшін магнит өрісі айнымалы болатын электромагниттік шығынөлшегіштер қолданылады. Бірақ кемшіліктердің көп болғанына қарамай пайдалы сигналды бүлдіретін эффекттер, мысалы трансформаторлық бөгет және оларды жою қиындығына қарамастан өнеркәсіпте айнымалы магнит өрісі бар электромагниттік шығынөлшегіштер қолданыс табуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]