Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер.Ан.х.физ.хим.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жиі қолданылатын тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері.

1.Перманганатометриялық титрлеу. Перманганатометрия әдісі тотықсыздандырғыштарды перманганатпен көбінесе қышқыл ортада тотықтыру реакцияларына негізделген:

MnO4- + 8H+ → Mn2+ + 4H2O

fэкв =1/5; Е0(MnO4- / Mn2+) = +1.51B

KMnO4 стандарт ерітіндісін тұздың нақты мөлшерін алып дайындауға болмайды (MnO2) бар. 7-10 күнге қараңғы жерге қойылады, MnO2 тұнба түрінде бөліп алып, KMnO4 натрий оксолаты ерітіндісімен титрленіп стандартталады:

2MnO4- + 5H2C2O4 + 6H+ → 2Mn2+ + 10CO2 + 8H2O

fэкв (H2C2O4·2H2O) = ½

Қатарласу реакциясын болдырмау үшін анализдейтін ерітіндіге Циммерман-Рейнгардтың қоспасын қосады. Оның құрамында: Mn(II) сульфатының ерітіндісі, H3PO4 және H2SO4 қышқылдары бар.

2. Бихроматометриялық титрлеу.

Қышқылдық ортада бихромат-иондарымен тотықсыздандырғыштарды тотықтыру реакцияларына негізделген.

Cr2O72- + 14H+ → 2Cr3+ + 7H2O

fэкв (Cr2O72) = 1/6; Е0(Cr2O72- /2Cr3+) = 1,33В.

K2Cr2O7 стандартты ерітіндісі нақты өлшем мөлшерінен дайындалады. Fe(II) иондарын анықтауда жиі қолданылады. Алдын ала Fe(III) –ті Fe(II) иондарына дейін алдында айтылға. әдістермен тотықсыздандырады. Бұл әдісте тотығу-тотықсыздану индикаторлары дифениламин, фенантролин қышқылы қолданылады. K2Cr2O7 реактивінің бір кемшілігі э.н. анықтауды қиындататын жасыл түске боялған Cr3+ түзілуі.

3. Иодометриялық титрлеу. Бұл әдіс J2-нің J--иондарына дейін тотықсыздану немесе J-- иондарының J2-қа дейін тотығу реакцияларына негізделген.

J2 + 2e ↔ 2J-

f(J2)=1/2

2J- → J2

f(J-) = 1

E0 J2/2J- = +0.54B

Тотығу-тотықсыздану титрлеуіндегі индикаторлық қателер.

Тотығу-тотықсыздану титрлеуіндегі индикаторлы қателер титрленудің соңғы нүктесі (т.с.н.) мен эквивалентті нүктенің (э.н.) сәйкес келмеуіне байланысты. Титрлеудің соңғы нүктесіндегі потенциал тотығу-тотықсыздану индикаторының потенциалына тең деп алынады. Индикаторлы қатені есептеу үшін реакцияласатын тотығу-тотықсыздану системаларының стандартты потенциалдарын, эквивалентті нүктедегі потенциалды (ЕЭ.Н)

және тотығу-тотықсыздану индикаторының түсін өзгерту аралығына сәйкес потенциалдарды (E ) бөлу керек. Реакцияласатын системалардың потенциалдарын пайдаланып ЕЭ.Н мәнін есептейді. Индикатордың потенциалын E анықтамалық таблицалардан табады. ЕЭ.Н мен E мәндерін салыстырып қатенің таңбасын және т.с.н. есептеуге қажетті тотығу-тотықсыздану жұбын анықтайды. Содан кейін заттың тотыққан және тотықсызданған түрінің қоспасын 100 0/0 деп алып, артық титрленген, не титрленбей қалған заттың процентік мөлшерін табады. Индикаторлық қате 0,1-0,20/0-тен аспаса, не қатынасы 103-не тең, не одан үлкен болса, индикатор дұрыс таңдап алынған.

Кейбір жиі пайдаланылатын тотығу-тотықсыздану индикаторлары

Индикатор

Бояуы

Стандартты потенциал Е0, В

Жағдайы

Тотыққан түрі

Тотықсыздан-ған түрі

Темірдің 5-нитро-1,10-фенантролинаты

Көк

қызыл

+1,25

IM H2SO4

2,3-дифениламино-карбон қышқылы

күлгін

түссіз

+1,12

7-10M H2SO4

Фенилантронил қышқылы

қызыл

түссіз

+1,08

IM H2SO4

Дифениламин

Көк

түссіз

+0,76

IM H2SO4

Метиленді көк

Көк

түссіз

+0,53

IM қышқыл

Мысалы, FeSO4 ерітіндісін K2Cr2O7 ерітіндісімен дифениламин (ДФА) индикаторы қатысында титрлеудің индикаторлық қатесін табайық:1) ерітіндіге Н3РО4 қосылмаған 2) ерітіндіге Н3РО4 қосылған.

Титрлеудің жартылай реакциялары: Ғе3++ Ғе2+, Е0Ғе3+/Ғе2+=0,77В, n=1

Cr2O +14Н++6 2 Cr3++7Н2О, E0Cr O /Cr =1.33B, n=6

E0ДФА=0,76В, түсінің ауысу аралығы (0,73+0,79)В.

1. Н3РО4 қоспай титрлегенде: ЕЭ.Н.=0,77+1,33*6/1+6=1,25В

Қатенің табысы «-»ЕЭ.Н.> E0ДФА,1,25>0,76В.Ғе2+ аяғына дейін титрленбей, яғни э.н.-ге дейін индикатор өзінің түсін өзгертеді. Т.с.н.-не сәйкес / қатынасын табамыз:

ЕТ.С.Н. = E0ДФА =0,79В = Е0Ғе3+/Ғе2++0,058 lg * / =0,77+0,058 lg * / ,

бұдан lg * / =0,79-0,77/0,058=0,3; / =100,3=2

Сондықтан =2 ; + =100%, енді пропорция құрып қатені табамыз:

+ ------100%

----х%

х= *100/ + = *100/2 + =100/3=33%

2. Н3РО4 қосып титрлегенде: ЕҒе3+/Ғе2+=0,53В; ЕЭ.Н.=0,53+6*1,33/7=0,93В.

Қатенің табысы «-»ЕЭ.Н.> E0ДФА, 0,93В>0,76В.

ЕТ.С.Н. = E0ДФА =0,79=0,53+0,058 lg * / ;

lg * / =0,79-0,53/0,058=4,4; / =104,4; =104,4*

+ ------100%

----х%

х= *100/ + = *100/ + *104,4=100/1+104,4=0,004%

13 дәріс