Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер.Ан.х.физ.хим.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Аниондардың аналитикалық топтары

Ерітіндіден аниондарды кезекпен бөліп алу мүмкін емес, себебі аниондарды аналитикалық топтарға сандық түрінде бөлетін реактив жоқ. Көп жағдайда аниондарды талдау кезінде олар бір-біріне кедергі жасамайды. Сондықтан оларды бөлшектеу өдісімен табады, яғни зерттелетін ерітіндінің жеке бөлігінен. Осыған орай аниондарды анықтауда реагенттер оларды топқа бөлуге ғана пайдаланылмай, сол топтардың бар жоғын анықтауға да колданылады.

Аниондар барий және күміс катиондарымен түзетін тұздарының әртүрлі ерігіштітіне қарай үш топқа жіктелінеді.

8-кесте

Аниондар жіктелінуі

Топ

Аниондар

Топтык реагент

Топқа сипаттама

I

СО32-, SO42- , SO32- , PO43-, SiO32-

ВаС12 бейтарап немесе әлсіз негізді ерітінді

Барий тұздары қышқылдарда ериді, суда аз ериді (BaS04-тен басқасы)

II

Cl-, Br-, I-, CNS-, S2-

AgN03 (HN03 қатысында)

Күміс тұздары суда және сұйытылған HN03-тe аздап ериді.

III

N03-, N02- , CH3COO-

Топтық реагент жоқ

Барий, күміс тұздары суда жақсы ериді.

Сонымен қатар аниондардың тотықтырғыш (KMnO4 + H2SO4, I2) немесе тотықсыздандырғыштарға (KI + H2SO4) әртүрлі қатысы аниондарды тотығу-тотықсыздану қасиеті бойынша топтарға бөлуге мүмкіндік береді. Яғни, топтық реагент аниондарды топтарға бөлу үшін емес, олар аниондардың қай топтарының бар екендігін алдын-ала зерттеулерге қолданылады.

Аниондарды талдауда төменде көрсетілген реакцияларды орындау қажет. (СӨЖ).

І аналитикалық топ аниондарының жеке реакциялары

SO42- анионы

Мына реакцияны орындау керек:

1. ВаС12-мен. Түзілген тұнбаға НСІ-дың әсерін тексеріңіз.

РО43- анионы

Мына реакцияларды орындау керек:

1. ВаС12-мен. Түзілген тұнбаға СН3СООН пен НСІ-дың әсерін тексеріңіз.

2. Молибденді сұйықтың – (NH4 )2Mo04 ерітіндісін HN03-тe, (t°)

3. AgN03-пен. Тұнбаға HN03 пен NH4ОН-тың әсерін тексеріңіз.

CO32- анионы

Мына реакцияларды орындау керек:

1. ВаС12-мен.Түзілген тұнбаға СН3СООН пен НСІ-дың әсерін тексеріңіз.

2. AgN03-пен. Түзілген тұнбаға HN03 пен NH4OH-тың әсерін тексеріңіз.

3. 3% H2O2 + 2M H2SO4 (t°)7 ілетін СО2 газынан Са(ОН)2 қаныққан ерітіндісінің лайлануын байқау.

SO32—анионы

1. ВаС12-мен + HCl (HNO3)

2. 2 M HCl (t°). Күкірт иісі бар газдың бөлінуі (SO2 ↑)

SiO32- - анионы

Мына реакцияларды орындау керек:

1. NH4OH +NH4Cl қаныққан ерітіндісімен (t°). Кремний қышқылының қоймалжыңданған тұнбасы түзілгенін байқау.

IІ-III аналитикалық топ аниондарының жеке реакциялары

Сl- анионы

Мына реакцияларды орындау керек:

1. AgN03-пен . Тұнбаға HN03 пен NH4OH-тың әсерін тексеріңіз.

2. РЬ(NO3)2-мен реакцияны білу керек.

I- анионы

Мына реакцияны орындау қажет:

1. AgN03-пен . Түзілген тұнбаға HN03 пен NH4OH-тың әсерін тексеріңіз.

2. РЬ(NO3)2-мен реакцияны білу керек.

NO3- анионы

Мына реакцияларды орындау керек:

1.Темір сульфатымен /II/

2. Дифениламинмен /реакция сагат шынысында конц.

H2S04 қатысында орындалады/.

Ac- анионы

1. 3-5 тамшы ерітіндіге + 3-5 тамшы этил спирті + 3-4 тамшы концентрлі H 2SO4

2. FeCl3 –пен реакцияны білу керек

Кейбір аниондарға реакциялар 9 кестеде келтірілген.

3 дәріс