- •Аналитикалық химияға кіріспе
- •Сапалық химиялық талдау Сапалық талдау әдістерінің жіктелінуі
- •Аналитикалық реакциялар мен реагенттер
- •Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері
- •Катиондардың аналитикалық топтары және элементтердің периодтық жүйесі
- •Аниондардың аналитикалық топтары
- •І аналитикалық топ аниондарының жеке реакциялары
- •Ерітінділердегі химиялық реакцияларға жалпы сипаттама
- •Идеалды және реалды жүйелер
- •Материалдық балланс және электронейтралдық принципы
- •Талдаудағы протолиттік реакциялар. Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы
- •Күшті және әлсіз протолитер
- •Қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің рН-ын есептеу. Буферлі жүйелер
- •Буферлі жүйелердің рН-ын есептеу
- •Сандық талдаудың мақсаттары мен міндеттері. Титрметриялық талдаудың негіздері
- •Титриметриялық анализ әдістерінің классификациясы (жіктелуі)
- •Титриметрлік талдау
- •Титрметрлік талдаудағы протолиттік реакциялар
- •Көппротонды қышқылдар мен негіздерді және олардың тұздарын титрлеу.
- •Титрлеуге қажетті индикаторды таңдау
- •Индикаторлық қателіктер
- •Комплекс түзу тепе-теңдіктері
- •Комплексті иондарды түзу жэне ыдырату процестеріне түрлі жағдайлардың әсері
- •Комплексометриялық титрлеу әдісі.
- •Комплексонометрлік титрлеу қисықтары
- •Металохромды индикаторлар
- •Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі
- •Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын анықтау
- •Тотығу-тотықсыздану потенциалға әртүрлі жағдайлардың әсері
- •Тотығу-тотықсыздану титрлеуі әдістері.
- •Тотығу-тотықсыздану әдісіндегі титрлеу қисықтары.
- •Жиі қолданылатын тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері.
- •Кейбір жиі пайдаланылатын тотығу-тотықсыздану индикаторлары
- •Гетерогенді тепе-теңдік.
- •Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі
- •Тұнба түзілу процесіне әсер ететін жағдайлар
- •Тұнбаларды еріту шарттары
- •Комплекстүзу және тотығу-тотықсыздану реакциялардың
- •Титрметрлік талдауда тұнба түзу реакциялардың қолдануы
- •Эквивалентті нүктені анықтау жолдары
- •Сандық анализ. Гравиметрлік әдіс
- •Тұнбаның ластануы.
- •Тұндыру және тұндырылған түрге қойылатын талаптар.
- •Химиялық талдаудың метрологиялық негіздері Аналитикалық сигнал, оны өлшеу
- •Химиялық анализдің қателері. Қателер классификациясы
- •Жүйелі қателер
- •Кездейсоқ қателер
- •Анализ нәтижелерінің дұрыстығы, жинақтылығы, қайталанымдылығы, дәлдігі, орта мән және стандартты ауытқу
- •Стьюдент коэффициенттері (t p, f)
- •Оптикалық талдау әдістері
- •Электромагниттік толқын табиғаты
- •Электромагниттік сәулеленудің корпускулалық қасиеті
- •Молекулярлы адсорбциялық спектроскопия
- •Жарық жұтудың негізгі заңы
- •Жарық жұту заңынан ауытқылар себептері
- •Аддитивтілік заңы
- •Анализдің практикада қолданылуы
- •23 Дәріс Потенциометрия және потенциометрлік титрлеу әдісі
- •Потенциометрияда қолданылатын электродтар
- •Индикаторлық электродтар
- •Шыны электроды
- •Сұйық мембраналы электродтар
- •Қатты мембраналы электродтар
- •Индикаторлық электродтардың негізгі сипаттамалары
- •Потенциометрлік титрлеу әдісі
- •Вольтамперометрлік әдістер.Полярография
- •Полярографиялық әдісті талдауда қолдану
- •Инверсионды вольтамперометрия
- •Бөлу және концентрлеу әдістері
- •Экстракция
- •Хроматографиялық талдау әдістері
Күшті және әлсіз протолитер
Қышқылдар мен негіздер күшті және әлсіз протолиттер болып бөлінеді. Күшті протолиттер еріткішпен толық әрекеттеседі, ал әлсіз протолиттердің аз мөлшері әрекеттеседі де, едауір бөлігі өзгермеген түрде қалады. Мысалы, тұз қышқылының протолиздену тепе-теңдігі оң бағытқа ығысады
HCl + H2O→H3O+ + Cl- ,
ал сірке қышқылының 1%-дай мөлшері ионданады.
Қышқылдар мен негіздердің күштерін сипаттау үшін протолиттік теорияда қышқылдық және негіздік константалар енгізілген
Қосарласқан негіздің протолизденуінің тепе-теңдік константасы негіздік константасы болып табылады
Сl- + H2O → HCl + OH-
.
Қосарласқан қышқылды-негіздік жұптың константаларының көбейтіндісін актівтіліктері арқылы өрнектесе
Қосарласқан қышқылды-негіздік жұптың константаларының көбейтіндісі еріткіштің автопротолиздену константасына тең болып шығады.
Яғни су ерітіндісі үшін:
KA.KB = KW = 10-14 pKA + pKB = pKW = 14.
Күшті протолиттер үшін KA >1; KB > 1 , сонда рКА < 0; pKB < 0.
Әлсіз притолиттер үшін рКА >0; pKB >0.
Осыдан келесі қорытынды шығады: қосарласқан қышқылды-негіздік жұпты құрайтын қышқыл неғурлым күшті болса, оған сәйкес негіз соғурлым әлсіз. Өте күшті қышқылдарға өте әлсіз негіздер сәйкес келеді, ал өте әлсіз қышқылдарға өте күшті негіздер сәйкес келеді.
Сол себептен өте күшті және өте әлсіз қышқылдар ерітінділерінің рН мәндері рКА (қышқылдық константаға ) тәуелсіз, өйткені протолиздену тепе-теңдігі толық бір жаққа қарай ығысады. Күшті қышқылдар ерітіндісінде НА молекулары жоқ деп есептеуге болады, олардың орнына эквивалентті мөлшерде Н3О+ -иондары түзіледі. Негіздер үшін де сондай қорытынды жасауға болады. Еріткіштің бұндай әсері еріткіштің нивелирлеу эффектісі деп аталады. HCl, HBr, HNO3 , HClO4 , H2SO4 қышқылдарының күштері суда еріткенде теңеседі, себебі протолиз нәтитжесінде барлығында түзілетін бір зат - Н3О+ -иондары. Күшті негіздердің де күштері (КOH, NaOH, LiOH) теңеседі, себебі протолиздену тепе-теңдігі толық ОН--иондары түзілетін бағытқа қарай ығысады. Ал су ерітіндісінде Н3О+ -иондары ең күшті қышқыл болып табылады (лионий), ОН—иондары – ең күшті негіз (лиат).
Басқа да амфипротты еріткіштер үшін
KA. KB = K HSolv
Сондықтан күшті қышқылдар мен негіздер эквивалентті мөлшерде еріткіштерге сәйкес лионий H2Solv+ және лиат-иондарына Solv- айналады. Лионий иондары берілген еріткіште ең күшті қышқыл болып табылады, ал лиат-иондары - ең күшті негіз.
Егер басқа еріткіштің суға қарағанда акцепторлық қасиеті күштірек болса (мысалы NH3), онда қышқылдардың рКa мәндері төмендейді, яғни қышқылдық қасиеттері артады. Ал егер еріткіштің протонды қосып алу қабілеті (акцепторлық) суға қарағанда әлсіздеу болса (мысалы сусыз СН3СООН), күшті қышқылдар әлсіз қышқылдарға айналады да олардың рКb мәндері әртүрлі болып өзгереді. Негіздер үшін де сондай мысалдарды келтіруге болады. Еріткіштердің бұндай әсері дифференцирлеу эффектісі деп аталады.
5 дәріс
