- •Аналитикалық химияға кіріспе
- •Сапалық химиялық талдау Сапалық талдау әдістерінің жіктелінуі
- •Аналитикалық реакциялар мен реагенттер
- •Талдаудың жүйелік және бөлшектеу әдістері
- •Катиондардың аналитикалық топтары және элементтердің периодтық жүйесі
- •Аниондардың аналитикалық топтары
- •І аналитикалық топ аниондарының жеке реакциялары
- •Ерітінділердегі химиялық реакцияларға жалпы сипаттама
- •Идеалды және реалды жүйелер
- •Материалдық балланс және электронейтралдық принципы
- •Талдаудағы протолиттік реакциялар. Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы
- •Күшті және әлсіз протолитер
- •Қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің рН-ын есептеу. Буферлі жүйелер
- •Буферлі жүйелердің рН-ын есептеу
- •Сандық талдаудың мақсаттары мен міндеттері. Титрметриялық талдаудың негіздері
- •Титриметриялық анализ әдістерінің классификациясы (жіктелуі)
- •Титриметрлік талдау
- •Титрметрлік талдаудағы протолиттік реакциялар
- •Көппротонды қышқылдар мен негіздерді және олардың тұздарын титрлеу.
- •Титрлеуге қажетті индикаторды таңдау
- •Индикаторлық қателіктер
- •Комплекс түзу тепе-теңдіктері
- •Комплексті иондарды түзу жэне ыдырату процестеріне түрлі жағдайлардың әсері
- •Комплексометриялық титрлеу әдісі.
- •Комплексонометрлік титрлеу қисықтары
- •Металохромды индикаторлар
- •Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі
- •Тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын анықтау
- •Тотығу-тотықсыздану потенциалға әртүрлі жағдайлардың әсері
- •Тотығу-тотықсыздану титрлеуі әдістері.
- •Тотығу-тотықсыздану әдісіндегі титрлеу қисықтары.
- •Жиі қолданылатын тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері.
- •Кейбір жиі пайдаланылатын тотығу-тотықсыздану индикаторлары
- •Гетерогенді тепе-теңдік.
- •Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі
- •Тұнба түзілу процесіне әсер ететін жағдайлар
- •Тұнбаларды еріту шарттары
- •Комплекстүзу және тотығу-тотықсыздану реакциялардың
- •Титрметрлік талдауда тұнба түзу реакциялардың қолдануы
- •Эквивалентті нүктені анықтау жолдары
- •Сандық анализ. Гравиметрлік әдіс
- •Тұнбаның ластануы.
- •Тұндыру және тұндырылған түрге қойылатын талаптар.
- •Химиялық талдаудың метрологиялық негіздері Аналитикалық сигнал, оны өлшеу
- •Химиялық анализдің қателері. Қателер классификациясы
- •Жүйелі қателер
- •Кездейсоқ қателер
- •Анализ нәтижелерінің дұрыстығы, жинақтылығы, қайталанымдылығы, дәлдігі, орта мән және стандартты ауытқу
- •Стьюдент коэффициенттері (t p, f)
- •Оптикалық талдау әдістері
- •Электромагниттік толқын табиғаты
- •Электромагниттік сәулеленудің корпускулалық қасиеті
- •Молекулярлы адсорбциялық спектроскопия
- •Жарық жұтудың негізгі заңы
- •Жарық жұту заңынан ауытқылар себептері
- •Аддитивтілік заңы
- •Анализдің практикада қолданылуы
- •23 Дәріс Потенциометрия және потенциометрлік титрлеу әдісі
- •Потенциометрияда қолданылатын электродтар
- •Индикаторлық электродтар
- •Шыны электроды
- •Сұйық мембраналы электродтар
- •Қатты мембраналы электродтар
- •Индикаторлық электродтардың негізгі сипаттамалары
- •Потенциометрлік титрлеу әдісі
- •Вольтамперометрлік әдістер.Полярография
- •Полярографиялық әдісті талдауда қолдану
- •Инверсионды вольтамперометрия
- •Бөлу және концентрлеу әдістері
- •Экстракция
- •Хроматографиялық талдау әдістері
Электромагниттік сәулеленудің корпускулалық қасиеті
Сәулелену
дискретті бөлшектер шоғынан тұрады
(жарық кванты немесе фотон). Фотон жарық
жылдамдығы бойынша қозғалады. Ол –
материальды бөлшек, өзінің массасы және
импульсы болады. Ол өзінің түзу сызықты
жолынан ауырлық күшінің әсерінен
ауытқиды, бірақ оның басқа материалды
денелерден айырмашылығы, ол жарық
жылдамдығымен ғана қозғалады. Әрбір
фотонның энергиясы болады, ол
немесе
h
– Планк тұрақтысы, оның мәні: 6,624· 10-27
эрг·с
= 6,6·10-34
Дж·с
= 4,1·10-15эВ·с
Кез келген дененің массасы, жылдамдығы және толқын узындығы арасында фотондағы сияқты, байланыс болады:
бұндағы:
–
дене қозғалысының жылдамдығы. Осыдан,
;
Массаға және дене жылдамдығына байланысты бірде толқындық немесе бірде корпускулалық қасиет басым болады.
Масса үлкен болып, жылдамдық аз болғанда материалды дененің толқын ұзындығы өте аз шама болады да, толқындық қасиетті құрылғы көмегімен байқау мүмкін болмайды. Ал жылдамдық мәні жарық жылдамдығына жақын болса және материалды дене массасы өте азғантай болса, (мысалы, электрон немесе позитрон үшін) онда толқындық табиғаты байқалады. Жарық шоғы затпен түгел әрекеттескенде (екі орта шекарасында сыну, беттік қабаттан шағылу, дифракция, шашырау) жарықтың толқындық табиғаты басым болады да, ал жарық шоғы жеке атом немесе молекуламен әрекеттескенде корпускулалық табиғат басым болады.
Толқын ұзындықтары немесе толқын жиіліктері әртүрлі электромагниттік сәулелер жиынтығын электромагниттік спектр деп атайды. Жиіліктері бірдей фотондар шоғы – монохраматты, ал әртүрлі жиіліктегі фотондарды – полихроматты дейді. Әдетте қатты қызған денеден тарайтын сәулеленулер полихроматты болады, мысал ретінде күн сәулесін айтуға болады.
Толқын ұзындықтары немесе жиіліктері әртүрлі электромагниттік сәулелер жиынтығын электромагниттік спектр деп атайды.
Толқын ұзындықтарының шамасына байланысты электромагнитті сәулелерді бірнеше ауданға бөледі: ультракүлгін (УК) аудан – бұл толқын ұзындықтары 10-380 нм. болатын жарық сәулелері; инфрақызыл (ИҚ) – бұл 750-105нм. болатын жарық сәулелері. Көрінетін жарық сәулелері – бұлар анализ әдістерінде жиі қолданылады және тар ауданды алады: 380-750 нм.
Электромагнитті спектр аудандары
Егер зерттелетін заттың l қабаты арқылы I0 интенсивтілігі бар монохромды жарық жіберілсе, оның dI шамасы жұтылады, өйткені ол электрондарды қозған күйге ауыстыруға жұмсалады.
Бұндай жұтылу жіберілген жарық интенсивтілігіне, зерттелетін зат концентрациясына және жұтатын қабаттың қалындығына тәуелді:
Бұл теңдеу негізгі электромагниттік сәулеленуді жұту заңының (Бугер-Ламберт-Бер) математкалық өрнегі.
21 дәріс
Молекулярлы адсорбциялық спектроскопия
Молекулалар екі немесе одан да көп атомдардан тұрады, атомдар бір-бірімен белгілі бір бағытта және химиялық байланыстар арқылы байланысады. Бұндай байланыстар сыртқы электрондардың әсерлерінен пайда болады. Бұл кезде атомдар бір-біріне жақындайды, бірақ олардың толған қабаттары бір-бірімен жанаспайды. Атомға қарағанда молекуланың энергетикалық деңгейі күрделірек. Электрондардың қозғалысынан басқа атомдардың өздерінің, дәлірек айтқанда оның ядросының тербелісі болады және сонымен бірге молекуланың өзінің тұтас дене ретіндегі айналуы болады. Сондықтан кез келген қалыпты жағдайда молекуланың энергиясы электрондық, тербелмелі және айналмалы энергиялардың қосындысынан тұрады: Е=Еэл +Етерб.+Еайн.
Ең көп үлесті электрондар энергиясы қосса, ең аз үлесті молекуланың айналмалы энергиясы қосады: Еэл >> Етерб.>>Еайн.
Спектроскопияда көбінесе молекуланың электромагниттік өрістің әсерінен қозуын қолданады. Бұл кезде молекула фотонды жұтады, фотонның энергиясы оның орбитальдарының энергиялар айырымына тең болады. Барлық жұтылған жиіліктер жиынтығы молекуланың жұту спектрін құрайды, оны молекулалық абсорбциялық спектр деп атайды. Заттың бұзылуына әкеліп соғатын қоздыру көздері (мысалы, плазма) қолданылмайды. Молекуланың энергетикалық жағдайының саны көп болады және жеке ауысулардың энергияларының шамалары да бір-біріне жақын болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату қиынға соғады. Сондықтан молекулалық спектрде спектральды сызықтар бір-бірімен қосылып, бірігіп кеткен болады да, біртұтас жұту жолағын береді.
Фотондарды жұту мүмкіншілігі жұту жолағының спектральды сызықтарының қанықтығын анықтайды. Жолақтың максимумы қанықтығы ең жоғары сызыққа сәйкес келеді.
Молекулалық-спектроскопиялық анализ әдісі. Аналитикалық сигналдың шығу тегіне байланысты молекулалық-спектроскопиялық әдістерді бірнеше түрге бөледі:
1. Абсорбциялық молекулалық спектроскопия валенттілік электрондарының энергетикалық ауысуына негізделген, олардың сигналдары көрінетін және УК аудандарда байқалады. Молекуланың көрінетін және УК сәулелерді жұтуына негізделген аналитикалық әдістерді спектрофотометриялық және фотометриялық әдістер деп атайды.
2. Абсорбциялық молекулалық спектрометрия (инфрақызыл спектрометрия) – бұл тербемелі ауысуларға негізделген, олардың сигналдары ИҚ ауданда байқалады. ИҚ спектрометрия – бұл қосылыстарды идентификациялау мен молекула құрылысын зерттеудің ең тиімді жолы.
3. Люминесцентті спектрометрия қозған молекуланың жарықты шығаруына негізделген әдіс. Егер энергетикалық ауысу электронның спин санын өзгертпей жүзеге асатын болса әдіс флуоресцентті спектрометрия деп аталады, ал егер энергетикалық ауысу электронның спин санын өзгертіп жүзеге асатын болса оны фосфоресцентті спектрометрия деп атайды.
4. Магнитті резонансты спектроскопия магнитті өріске орналастырылған молекуладан сигнал алуға негізделген әдіс.
5. Фотоакустикалық спектроскопия – бұл әдіс сәуле шығармайтын ауысулардағы жылуды өлшеуге негізделген.
6. Рентгенді спектроскопия молекуланың ішкі электрондарын қоздыруға негізделген әдіс.
