Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMF_kaz_edistemelik_nuskau_2_kurs_Dokument_Mic.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
592 Кб
Скачать
☆

Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

1. Тақырып. Қышқылдық- негіздік жағдайдың бұзылыстары

2. Сабақтың мақсаты:

- қышқылдық- негіздік жағдайы бұзылыстарының негізгі түрлері бойынша студенттердің білімін бекіту.

3. Оқыту міндеттері:

- қышқылдық - негіздік жағдайы бұзылыстарының көрсеткіштеріне және анықтау

ұстанымдарына білім беру;

- студенттерге қышқылдық негіздік жағдайы бұзылыстарын жоюдың патогенездік

ұстанымдарын анықтауды үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Организмнің ішкі ортасының қышқылдық- негіздік жағдайы бұзылыстарының жіктелу ұстанымдары және негізгі түрлері.

  2. Қышқылдық- негіздік тепе - теңдік бұзылыстарының теңгерілген және теңгерілмеген түрлерін анықтау ұстанымдары және көрсеткіштері.

  3. Газдық ацидоз және алкалоздың себептері, даму жолдары, көрсеткіштердің өзгеруі.

  4. Газдық емес ацидоз және алкалоздар себептері, даму жолдары, көрсеткіштердің өзгеруі.

  5. Қышқылдық- негіздік жағдайдың бұзылыстары кезіндегі теңгерулік әсерленістері.

  6. Ацидоз бен алкалоздардың әр алуан түрі кезіндегі организмдегі бұзылыстар. Қышқыл- негіз жағдайы бұзылыстарын жоюдың патогенездік ұстанымдары.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

Пікірталас, тәжірибені жүргізу, ситуациялық есептер шығару.

Тәжірибе №1. Сутегі иондарының әртүрлі концептрациялы орталарында

фибриннің ісінуі

5 пробирка 0,08 г-нан кепкен фибрин ұнтағын себеді, содан кейін пробиркаларға 5 мл-ден сутегі иондарының әртүрлі концентрациясын құямыз (0,1 л және 0,01л HCI ерітіндісі; 0,1л және 0,01л KOH ерітіндісі және су (бақылау). Фибринннің ісінуін бақылайды.

Нәтижесі

Қорытындысы

Тәжірибе № 2. Сутегі иондарының әртүрлі концентрациялы орталарында

желатиннің ісінуі.

(№ 1 тәжірибедегі сияқты). Петри тостағаншасына 10-20мл ерітінді құямыз. Содан кейін әрбір тостағаншаға желатин пластинкаларын саламыз және ісінуді бақылаймыз.

Нәтижесі

Қорытындысы

6. Әдебиеттер:

Негізгі

  1. Нұрмұхамбетов Ә.Н. Патофизиология- Алматы- 2007

2. Нұрмұхамбетов Ә.Н. Патофизиология Алматы- 2000

  1. Нұрмұхамбетов Ә.Н., Дәленов Е. Патологиялық физиология, -Алматы, 1995.

Қосымша

  1. Шаймарданов Қ.А. Патофизиология (дәрістер)- Семей, 1991

  2. Хасенова К. Патологиялық физиологиядан дәрістер жинағы - Түркістан, 2005

  1. Бақылау. Тест- бақылау, сабақ тақырыбының сұрақтары бойынша әңгімелесу.

Тестілер:

1. Газдық ацидозда келесi бұзылыстар байқалады:

1. бронх қуысының тарылуы, сыртқы тыныстың бұзылуы

2. қанның осмотикалық қысымының төмендеуi

3. тыныс алу орталығының төменгi қозғыштығы

4. дiрiлдер

5. брадикардия

2. Газдық алкалоз кезiнде келесi бұзылыстар байқалады:

1. диурездiң азаюы

2. периодты тыныс алу, қанның осмотикалық қысымының төмендеуi

3. артериялық қысымның жоғарылауы

4. сүйектердiң декальцинациясы

5. АДГ секрециясының жоғарылауы

3. Аталған факторлардың қайсысы газды алкалоздың дамуына әсер етедi:

1. тау ауруы,гипервентиляция

2.нефриттер

3. гиповентиляция

4. дем алатын ауада оттегі мөлшерінің жоғарылауы

5. глюкокортикоидтардың гиперпродукциясы

4. Аталған факторлардың қайсысы газдық емес ацидозды шақыра алады:

1. ағзаға көп мөлшерде натрий цитратын енгiзу

2. ауадағы СО2 жоғарғы мөлшерi

3. бикарбонат енгізу

4. қызу

5. қантты диабет кезіндегі кетонемия, қан айналым жетіспеушілігі кезінде лактат жиналуы

5. Газдық емес алкалоз кезiнде қандай компенсаторлы механизм дамиды:

1. тыныс алудың жиiлеуi және тереңдеуi

2. Са2+ иондарының сүйек тiндерiнен шығуы

3. биокарбонаттық каналдың реасорбциясының тежелуі

4. қышқыл өнiмдерiнiң артығының бикарбонаттармен бейтараптануы

5. бауырда мочевинаның көп түзілуі

6. Газдық емес ацидоз кезiнде қандай компенсаторлы механизм дамиды:

1. плазмаға хритроциттерден хлор ионының шығуы және бикарбонаттардан натрий хлорының шығарылуы

2. бүйректе бикарбонаттың қайта сiңiрiлуiнiң тежелуi

3. бүйрекпен қышқыл өнiмдерiнiң бос қышқылдар түрiнде еселеп шығуы, белок буферiмен Н2+ иондарының байланысуы

4. тыныс алу орталығының көмір қышқыл газына сезімталдықтың төмендеуі

5. көмір қышқылының организмде ұсталуы

7. Науқас стационарға түскенде келесi клиникалық көрiнiстер байқалады: iштiң төменгi бөлiгiнiң қатты ауырсынуы, iш өтуiнiң жалғасуы, жоғары дене ыстығы. Мынандай диагноз қойылды: Дизентерия. Науқаста қандай патологиялық қышқылды-сiлтiлi тепе-теңдiк дамиды:

1. газдық ацидоз

2. газдық емес алкалоз

3. газдық емес ацидоз

4. газдық алкалоз

5. қанның рН қалыптылығы

8. рН өмiрлiк сәйкестiктiң төменгi және жоғарғы шекараларын көрсетiңiз:

1. 6,95-7,34.

2. 6,40-7,30.

3. 7,80-7,95.

4. 6,80-7,80.

5. 6,50-7,40.

9. Қышқылды-негiздiк жағдайдың бүйректiк реттелуi бекiтiледi:

1. сутек иондарының секрециясының Na+ иондарының алмасуы, аммониогенез, фосфаттардың секрециясы газды емес алкалозда

2. сүт қышқылының гликогенге айналуы

3. органикалық қышқылдардың тәулiк-аралық өнiмдердiң қышқылдық еместерiне айналуы

4. төмен молекулярлы белок катоболизмі

5. калий хкскрециясы

10. Газдық емес ацидоз кезiндегi өте маңызды және тез көмектесетiн компенсаторлы механизмдi атаңыз:

1. өкпелiк физиологиялық механизм

2. клетка iшiлiк сұйықтықтармен қышқыл өнiмдерiнiң артығын бейтараптау, бүйректiк физиологиялық механизм

3. терiлiк физиологиялық механизм

4. бауырлық физиологиялық механизм

5. тыныс алу орталығының СО2- ге сезімталдығының төмендеуі

№ 9-шы тәжірибелік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]