Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMF_kaz_edistemelik_nuskau_2_kurs_Dokument_Mic.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
592 Кб
Скачать
☆

Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

1. Тақырып. Мерзімдік бақылау № 1. Патологиялық физиология пәні мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология, Жалпы хтиология мен патогенез. Төмен барометрлік қысымның организмге әсері. Организм реактивтілігі мен тұқымқуалаушылықтың дерттанудағы маңызы. Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің зақымдануға жалпы әсерленістері

2. Мақсаты:

  • аудиториялық және аудиториядан тыс өткен сабақтар бойынша студенттердің білімін бағалау

3. Бақылау міндеттері:

  • өткен тақырыптар бойынша білімді бекіту

  • патофизиологиялық хкспериментті жоспарлау және орындау дағдыларын бекіту

  • ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізу мүмкіншілігін дамыту

4. Студенттердің білімін бақылау сұрақтары:

1. Патологиялық физиология пәні. Патофизиологияның жоғары медициналық білім беру

саласында алатын орны және маңызы, оның басқа пәндермен байланысы. Патологиялық

физиологияның негізгі міндеттері.

2. Патологиялық физиологияның зерттеу әдістері. Тәжірибелік әдістің маңызы,

жануарларда дерттік үрдістердің үлгісін алудың адам ауруларын зерттеудегі

жетістіктері мен кемшіліктері. Жануарларда тәжірибе жасаудың өнегелік-әдептік

жақтары.

3. Жалпы нозологияның негізгі түсініктері: денсаулық, ауру, ауруалды, дерттік әсерленіс,

дерттік үрдіс, дерттік жағдай.

4. Ауру - организмнің зақымдану және қорғану-икемделу әсерленістерінің

диалектикалық бірлігі ретінде (И.П.Павлов айтқандай "зақымдану" және

"қорғаныстық физиологиялық шара").

5. Ауруларды жіктеудің негізгі ұстанымдары.

6. Аурудың өту кезеңдері, олардың сипаттамасы

7. Өлім аурудың аяқталуы ретінде. Өлімнің түрлері. Өлімнің сатылары, сипаттамасы.

Организмді тірілтудің (реанимация) патофизиологиялық негіздері. "Тірілтілген

организмнің ауруы" туралы түсінік, дамуының негізгі жолдары

  1. Этиология туралы түсінік. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Ауруларды алдын алудың және емдеудің этиотроптық ұстанымдары.

  2. Этиологиялық жайттардың жіктелуі және олардың сипаттамасы. Ауру туындауында сыртқы орта жайттары мен организмнің ерекшеліктерінің маңызы. Жалпы хтиологияның хкологиялық аспектілері.

  3. Пcихогендік патогенді жайттар. Патрогенді аурулар туралы түсінік. Денсулықты сақтау мен адам аурулары туындауындағы әлеуметтік жайттардың рөлі. Балалар патологиясындағы және балалар өлімін төмендетудегі әлеуметтік жайттардың маңызы.

  4. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс патогенездің бастапқы тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Патогенездің негізгі тізбегі, «кері айналып соғу шеңбері» туралы түсініктер, мысалдар келтіру.

  5. Ұрықтық даму патофизиологиясы: жіктелуі, хтиологиясы, ұрықтық даму кезеңінде дерттік үрдістер дамуының жалпы заңдылықтары.

  6. Организмге төмен барометрлік қысымның әсері. Биіктік ауруың негізгі көріністері, патогенезі.

  7. Организм реактивтілігі мен төзімділігі туралы түсінік. Қоздырғышқа организмнің жауап қайтару түрлері

  8. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Реактивтілікті анықтайтын жағдайлар (тұқым қуалаушылық, дене бітімі, жас мөлшері, жыныс, жүйке, ішікі сөлденіс, иммундық т.б. жүйелердің ерекшелігі).

  9. Организм конституциясы туралы түсінік. Сиго, Кречмер Х., Павлов И.П., Черноруцкий А.А. бойынша конституцияның жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы. Диатездер туралы түсінік. Диатездер түрлері және олардың сипаттамасы.

  10. Реактивтіліктегі адам жасының маңызы. Балалар мен қарттардың реактивтілігінің ерекшеліктері.

  11. Реактивтіліктегі адам жынысының маңызы. Ерлер мен әйелдер организмі реактивтілігінің ерекшеліктері.

  12. Организм реактивтілігін бағдарлы түрде өзгерту аурулардың алдын алу мен емдеудің маңызды жолы.

  13. Тұқым қуалайтын және туа пайда болған аурулар, себептері. Тұқым қуалайтын аурулардың жіктелуі.

  14. Тұқым қуалайтын аурулар туындауының жалпы механизмдері. Бидл-Татума және Жакоба-Мано-Львов тұқым қуалайтын аурулар патогенезінің теориялары.

  15. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу, диагноздау және емдеу ұстанымдары.

  16. Жасушаның бүлінуі, анықтамасы. Жасушаның бүлінісін туындататын себептер. Бүліністерге жасушаның төзімділігін анықтайтын жайттар.

  17. Жасуша бүліністерінің түрлері, сипаттамасы. Жасушаның жіті және созылмалы бүліністерінің сатылары.

  18. Жасуша өлімінің түрлері. Некроз және апоптоз, даму тетіктері.

  19. Жасуша бүліністерінің арнайы және арнайыланбаған (иондық дисбаланс, қажыммен қамтамасыз етілуінің азаюы, рН, мембраналық потенциалдың, сіңірулік қабілеттің өзгеруі) көріністері, даму тетіктері.

  20. Жасуша мембранасы бүлінулерінің патогенезі (МАТ, фосфолипаза және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық бүліністер).

  21. Жасуша мембранасы мен жасушаішілік құрылымдар мембраналары бүліністерінің салдарлары.

  22. Бүліністер кезіндегі жасушадағы теңгерілулік тетіктер.

30. Патогенді жайттардың әсеріне жасушаның төзімділігін арттыратын және зақымданған

жасушада қалпына келтіру үрдістерін күшейтетін алдын алу және емдік шаралар.

31. Зақымдануға жалпы әсерленістер туралы түсінік, мысалдар келтіру.

32. «Жауаптың жедел кезеңі», себептері, дәнекерлері және олардың әсері. «Жауаптың

жедел кезеңінің» нәруыздары, олардың қызметі. Организм үшін жауаптың «жауаптың

жедел кезеңінің» маңызы. Жүйелік қабынулық жауап синдромы туралы түсінік.

33. Қан плазмасының протелиздік жүйесінің белсенденуі. Калликреин-кинин жүйесінің

және комплемент жүйесінің маңызы.

34. Жалпы адаптациялық синдром ( стресс), себептері, кезеңдері, даму тетіктері. Стрестің

қорғаныстық – бейімделулік және дерттуындатулық маңызы. Адаптация дерттері

туралы түсінік.

35. Сілейме. Хтиологиясы және патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық сілейме,

себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.

36. Кома, түрлері, даму тетіктері.

37. Естен тану: себептері, қауіп-қатер жайттары, түрлері, патогенезі, организм

функцияларының бұзылуы, алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық негіздері

№ 7-ші тәжірибелік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]