Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMF_kaz_edistemelik_nuskau_2_kurs_Dokument_Mic.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
592 Кб
Скачать
☆

Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

1. Тақырып: Аллергия

2. Сабақ мақсаты: Аллергиялық әсерленістердің хтиологиясын, патогенезін меңгеру

3. Оқытудың міндеттері:

  • аллергиялық серпілістердің себептерін, даму тетіктерін, көріністерін және алдын алудың негізгі ұстанымдарын оқып-білу.

  • үй қоянында анафилактикалық сілейменің үлгісінде аллергиялық серпілістердің негізгі клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіре алу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның хтиологиясы ( себептері мен жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы. Балалардың аллергияға ұшырауының қайнар көздері.

  2. Аллергиялық серпілістердің Кук, Джелл және Р.Кумбс бойынша жіктелуі.

  3. Аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.

  4. Сезімталдықты жоғарылату, түрлері, патогенезі.

  5. Аллергиялық серпілістердің I, II, III, IV түрі патогенезінің ерекшеліктері;

а) аллергендердің табиғаты, сезімталдықтың жоғарылау тетіктері;

б) негізгі дәнекерлер, олардың шығу тегі және биологиялық әсерлері.

6. Аллергиялық әсерленістердің алдын алу және емдеудің патогенездік ұстанымдары. Сезімталдықты төмендетудің арнайы және бейнақты түрлері және тетіктері.

5. Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: Пікірталас, тәжірибелер жасау немесе «үй қоянда анафилактикалық сілеймені үлгілеу» бейнефильмін көру, нәтижелерді талқылау.

Тәжірибе № 1.Үй қоянда анафилактикалық сілеймені шақырту

Қоянды сенсибилизацияланған соң 12 күннен кейін вивекция столына байлап, ұйқы мойнына 0,25% новокаин жіберіп, анестезия жасайды. Жалпы ұйқы артериясы мен мойынтырық венасы ашылып, канюлялар (іші қуыс түтікшелер) кіргізіледі. ұйқы артерияға жалғастырылған сынап манометрі және кеңірдекке жіберілген ине арқылы артериялық қысыммен тыныс алу қозғалысының саны бастапқы көрсеткіштері жазылады. Вена ішіне 1 кг салмаққа 5 мл жылқының қалыпты сары суын жібереміз. Жануардың артериялық қысымдағы, тыныс алу қозғалысының санының өзгерістерін және тәртібін тіркеп алады.

Алынған нәтижелер дәптерге жазылады. Нәтижені жазу үшін дәптер бетінің 1/3 бөлігін қалтыру керек.

Нәтижесі: 1/3 беттер қалдыру керек кестеге

Қорытынды:

6. Әдебиеттер

Негізгі:

1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 293-311.

2. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том. ун-та,

1994. – С. 50-73.

3. Патофизиология под ред. А.Д.Адо и Л.М. Ишимовой –М.,1980. - Б.144-158

4. Дәрiстер, К.А.Шаймарданов, 2-шi бөлiм, Семей қаласы

Қосымша

1. А.Д.Адо «Частная аллергология» -М., Медицина, 1976 г.

2. А.Д.Адо «Патогенез аллергических процессов в хксперименте и в клинике».–М.,1979г.

3. Беклемишев Н.Д. и др. Поллинозы. – М.: Медицина, 1985. – 240с.

4. Беклемишев Н.Д. Иммунопатология и иммунорегуляция. – М.: Медицина, 1986. –

225с.

5. Пыцкий В.И. и др. Аллергические заболевания. (Библиотека практического врача.

Важнейшие вопросы внутренней медицины).– М.: Медицина, -1991. – 366с.

6. Белозеров Е.С. и др. Клиническая иммунология и аллергология : Учебник для

мед.институтов. – Алма- Ата : Кайнар, 1992. – 406с.

  1. Нурмухамедов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах - Алматы.- 2003 - 110.

  2. Фролова В.А., Дроздовой Г.А., Билибина Д.П. Патофизиология в схемах и таблицах - Москва. - 2004 - 403.

  3. Шанин В.Ю. Патофизиология - С-Петербург. «Хлби-СПб», 2005.- 639.

  4. Шанин В.Ю. Практикум патологическая физиология - «Питер», С-Петербург, 2002.- 724.

  5. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П., Утехин В.И., Ирошников Г.П., Фокин А.С., Беляева А.В. Введение в хкспериментальную патологию. - С-Петербург, 2003.- 380.

  6. Рубцовенко А.В. Патологическая физиология. - Москва. Медпрес-информ, 2006.- 608.

  7. Зайчик А.Ш., Чурилов А.П. Механизмы развития болезней и синдромов - «Хлби-СПб» - 2005.- 507.

  8. Воложин А.И., Субботин Ю.К. Болезнь и здоровье: две стороны приспособления. - М.: Медицина. - 1998. - 480 .

7. Бақылау. Тесттілер. Сабақ тақырыбының сұрақтары бойынша әңгімелесу, Джелл

және Кумбс жіктеулері бойынша аллергиялық серпілістердің патогенез түрлеріне

есептер шығару.

Тесттілер

1. Аллергия реактивтiлiктiң әртүрлiлiгiне жатады:

1. физиологиялық

2. физиологиялық арнаулы емес

3. арнаулы емес

4. арнаулы,патологиялық

5. биологиялық

2. Тiндердiң бiрлiк аутоаллергендерiне жатады:

1. көз бұршағы, қалқанша без коллоидтары, көру жүйесі

2. бүйрек тiндерi

3. бауыр

4. көздің нұрлы қабығы

5. өкпе

3. Ағза аллергиясын тудыратын факторлар:

1. турғылықты халықты кен вакцинациясы,тағамдық заттарда консерванттарды кен түрде қолдану

2. емдеу мақсатында массажды, сары суларды кенiнен қолдану

3. турғылықты халықтын өмiрлiк деңгейiнiң төмендеуi

4. тамақтануының жетiспеушiлiгi

5. ретсіз тамақтану

4. Атопиялық реакцияларға жатады:

1. Артюс феноменi

2. Квинке iсiнуi, поллиноз

3. трансплантатты жатсыну реакциясы

4. жүйелі қызыл-жиек ауруы

5. Овери феноменi

5. Жедел типтi аллергиялық реакцияларға жатады:

1. туберкулинге реакция

2. сарысумен ауру, Квинке iсiнуi

3. трансплантат түзiлу реакциясы

4. микозды аллергия

5. Бюрне реакциясы

6. Пассивтi сенсибилизация қалай туады:

1. жануар организмiне парентералды бөтен белокты енгiзгенде

2. рецепиентке басқа сенсибилизденген жануар сарысуын енгiзгенде

3. анафилактогендi қайталап енгiзгенде

4. анафилаксиялық естентануды өткiзген соң

5. антианафилаксия дамығанда

7. Баяу типтi аллергиялық реакциялар медиаторларына жатады:

1. гистамин

2. серотонин

3. лейкотриендер

4. тромбоциттер агрегация факторлары

5. лимфокиндер

8. Терi мен терi асты шелдiр майындағы жергiлiктi қабыну-некротикалық серпілістер бiрнеше рет үлкен дозадағы белокты жiбергенде жауап ретiнде туындайды. Осы аллергиялық серпілістер қалай аталады және қай түрге жатады:

1. Артюс феноменi, жергiлiктi жедел типтi серпілістер

2. Квинке iсiнуi

3. Овери феноменi

4. жергiлiктi баяу типтi серпілістер

5. жалпы жедел типтi аллергия

9. Шырышты қабықтарға өсiмдiк шаңдары түскен кезде ауырсыну мен iсiну пайда болады. Бұл аллергиялық серпілістердің қай түрi:

1. полиноз, атопиялық серпілістер

2. анафилаксия

3. Квинке iсiнуi

4. анафилаксиялық серпілістер

5. иммунокомплекстi серпілістер

10. Джелл және Кумбс жiктеуi бойынша 1-реагиндi түрдегi аллергиялық серпілістерге жатады:

1. лейкопения, аллергиялық генез азоспермиясы

2. атопиялық реакциялар, анафилактикалық серпілістер

3. хндокардит,миокардит

4. гранулоцитопения

5. иммунокомплексті түрлі серпілістер

11. Жергiлiктi анафилактикалық серпілістерге жатады:

1. Артюс феномены, Шульца-Дейля серпілісі

2. туберкулиндi типтi аллергиялық серпілістер

3. поллиноздар

4. анафилаксиялық естен тану

5. Квинке ісінуі

12. Аллергендi қайталап парентералды енгiзгенде дамиды:

1. контактi дерматит

2. туберкулиндi типтi аллергиялық серпілістер

3. трансплантат түзiлу серпілісі

4. анафилаксиялық естен тану,сарысулық ауру

5. қышыма

13. Жедел типтi аллергиялық серпілістердің сипаттамасы:

1. нысана жасуша мен Т-лимфоциттердiң сәйкестiгi

2. аллергендi парентеральды қайталап жiбергенде бiрнеше минут немесе сағаттан сон туындайды, бұлтты жасушалар мен базофилдер мембранасында аллергендiк антиденелермен қосылуы

3. нысана жасушалардың цитокиндермен зақымдалуы

4. моноциттермен жасушалардың зақымдануы

5. иммуноглобулиндердің түзілуінің бұзылуы

14. Цитотоксикалық түрдегi аллергиялық серпілістерге жатады:

1. поллиноз

2. Квинке iсiнуi

3. дәрiлiк агранулоцитоз, аллергиялық генездiң гемолитикалық анемиясы

4. гломерулонефрит

5. миокардит

15. Джелл және Кумбс жiктеуi бойынша II- цитотоксикалық түрдегi аллергиялық реакцияларға жатады:

1. анафилактикалық естен тану

2. алергиялық сипаттағы гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, лейкопения, инфарктан кейiнгi миокардит

3. атопиялық реакциялар

4. иммунорецепторлы типті серпілістер

5. иммунокомплексті типті серпілістер

16. Джелл және Кумбс жiктеуi бойынша III-иммунокомплекстi аллергиялық серпілістерге жатады:

1. Артюс феноменi

2. анафилактикалық естентану

3. жүйелi қызыл жегi (волчанка), ревматоидты артрит

4. поллиноз

5. Квинке ісінуі

17. Джелл және Кумбс жiктеуi бойынша IV клеткалық-аллергиялық серпілістерге жатады:

1. байланысты дерматит, трансплантациялық айырылу серпілісі, аутоиммунды тиреоидит

2. гемолитикалық анемия

3. миокардит инфарктан кейiн

4. анафилактикалық сілейме, Квинке ісінуі

5. қышыма

18. Жаңа туған баланың гемолитикалық анемиясы және гемолитикалық ауруы аллергиялық реакцияның мына түрі сияқты өтеді:

1. реагинді түрі

2. цитотоксикалық түрі

3. баяу тұрі

4. иммунокигенді түрі

5. циторецепторлы түрі

19. Сенсибилизирленген лимфоциттердің түзілуі қандай аллергиялық реакцияға жатады:

1. реагинді типті

2. цитолитикалық типті

3. циторецепторлық типті

4. баяу типті

5. цитотоксикалық типті

20. Баяу типті аллергиялық реакция медиаторына жатады:

1. гистамин

2. брадикинин

3. лимфокин

4. лейкотриен

5. азот тотығы

№ 17-ші тәжірибелік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]