Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMF_kaz_edistemelik_nuskau_2_kurs_Dokument_Mic.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
592 Кб
Скачать
☆

Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

1. Тақырып. Шеткері қанайналымы мен микроциркуляцияның бұзылыстары

2. Сабақтың мақсаты:

Шеткері қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын меңгеру

3. Оқыту міндеттері:

1. Микроциркуляция бұзылыстары: артериялық, веналық гиперемияның, ишемияның,

ишемиядан кейінгі репефузияның, тромбоз, эмболияның, стаздың туындау себептері,

даму тетіктері, ерекшеліктері, сыртқы көріністері, организм үшін маңызын зерттеу

  1. артериялық, веналық гиперемияны, ишемияны тәжірибеде алу

3. май эмболиясының үлгісін тәжірибеде алып, эмболдардың тамырмен қозғалуын және

одан туындаған қанайналым бұзылыстарын бақылау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Артериялық гиперемия, анықтамасы, пайда болу себептері, түрлері, даму тетіктері, микроциркуляция жағдайлары. Артериялық қан кернеуінің (гиперемияның) сыртқы көріністері, олардың патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

  2. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Веналық гиперемияның сыртқы қөріністері, олардың патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

  3. Ишемия, анықтамасы, себептері. Микроциркуляция жағдайлары. Ишемияның сыртқы көріністері және олардың патогенезі. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қан реперфузиясы туралы түсінік, анықтамасы, пайда болатын өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

  4. Стаз, анықтамасы, түрлері. Нағыз капиллярлық стаз кезіндегі қан ағымы токтауының тетіктері. Стаздың салдарлары.

  5. Тромбоз,анықтамасы. Тромбоз этиологиясы. Қан қатпары пайда болуының паттогенезі. Тромбоздың зардаптары мен салдары Теңгерілулік үрдістер: шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу мен емдеу жолдары.

  6. Эмболия, анықтамасы. Эмболия түрлері. Эмболдардың шығу тегі бойынша түрлері, сипаттамасы. Қанайналымының үлкен және кіші шеңберінің, қақпа көктамырының эмболиялары. Негізгі жүйелер мен ағзалардың қызметтері бұзылыстарының патогенезі. Эмболияның салдарлары.

  7. Микроциркуляцияның біртектес бұзылыстары (тамырішілік, тамырлық, тамырдан тыс). Қылтамырлық-нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.

5. Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:

Пікірталас, аз топтарды жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.

Тәжiрибе № 1. Қоян құлағындағы ишемияның сыртқы көрiнiстерiн зерттеу.

Альбинос-қоянды пайдаланады. Қоянның құлақ қалқанына екi жақты тығын бекiтемiз, ол құлақ ұшы венасына сәйкес келу керек. Одан кейiн лигатура көмегiмен қоян құлағын тығынға мықтап бекiтедi, ол қанмен қамтамасыз етiлудiн бұзылысына әкеледi. Жергiлiктi қаназдықты орталық құлақ артериясының тесiгiн жай саусақпен қысу арқылы шақыруға болады.

Күн көзiнде қалыпты құлақты және ишемияланған құлақты салыстыра отырып,

оның өзгерiсiн зерттеймiз. Ишемияға тән қанайналысының өзгерiсiнiң сыртқы көрiнiсi байқалады.

Ишемияланған және қалыпты құлақтағы температура айырмашылығын бақылайды.

Нәтижесi Ишемияланған және қалыпты құлақтың суретiн салу

Қорытынды (нәтижелердi және қорытындыларды жазу үшiн 0,5 бет қалдыру керек)

Тәжiрибе № 2. Қоян құлағындағы артериялық гиперемияның сыртқы көрiнiсi мен

даму механизмi.

Тәжiрибеге альбинос-қоян пайдаланады. Сау қояннын құлақ терiсiн механикалық және химиялық тiтiркендiру арқылы артериялық гиперемия шақырады. Ол үшiн қоян құлағын ксилолға немесе хфирге батырылған мақтамен үйкелеймiз және күн көзiнде екi құлақты салыстырады.

Нәтижесi: Гиперемияланған және қалыпты құлақтың суретін салу

Қорытынды: (нәтижелердi және қорытындыларды жазу үшiн 0,5 бет қалдыру керек)

Тәжiрибе № 3. Қоян құлағындағы веналық гиперемияның сыртқы көрiнiсi.

Қоян құлағының орталық артериясына сәйкестендiрiп, тығынды лигатура бекiтемiз

Одан кейiн жуан, бiрақ жұмсақ лигатурамен тығынды бекiтемiз. Нәтижесiнде венадағы

қан ағысы бұзылады.

Қоян құлағындағы веналық гиперемияның макроскопиялық көрiнiсiн зерттейдi.

Гиперемияланған және қалыпты құлағының температурасын салыстырады

Нәтижесi

Қорытынды

(нәтижелердi және қорытындыларды жазу үшiн 0,5 бет қалдыру керек)

Ескертпе:

- нәтижелердi түрлi түстi карандаштармен сурет ретiнде толтыру (әрбiр студентте

болу керек)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]