Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Apple Talk - АррIе Computer фирмасы хаттамаларының жеке стегi. Ол желiлiк ортада компьютерге файл мен принтердi бiрiгiп қолдануға көмектеседi.

OSI хатаммалар жиынтығы – бұл әрбiр хаттама жоғарғы деңгейдегi OSI моделiне сәйкес келетiн толық хаттамалар стегi. Яғни, олар маршруттық және транспорттық хаттамалар жиынтығы немесе IEEE Project 802 сеанстық хаттамалар жиынтығы болуы мүмкiн.

DEСnet - бұл Digatat Eguipment Conporation фирмасының жеке хаттамалар стегi. Бұл Digatat Net - аппараттар мен бағдарламалардың өндiрiстiк архитектураға өткiзу жиынтығы. DESnet-ті TCP/ІP және OSI хаттамасы ретiнде қолдануға болады.. Бұл хаттама маршруттық хаттамаға жатады.

2.1.2 Хаттамалар стегi

Хаттамалар стегi (protocol stack) - бұл кейбiр хаттамалар комбинациясы. Әрбiр деңгейдегi стек, әртүрлi хаттамалардың функцияларын немесе жүйеастын басқару үшiн қолданылады.

  • Қолданбалы деңгей - инициализациялау немесе сұранысты қабылдау;

  • Ұсынылатын деңгей - ақпараттарды пiшiндеу, бейнелеу, шифрлеу;

  • Сеанстық деңгей - пакеттiң жiберiлген уақыты бойынша трафиктi ақпаратқа қосу;

  • Транспорттық деңгей - қателердi өңдеу үшiн ақпараттарды қосу;

  • Желiлiк деңгей - адрестiк ақпаратты және пакеттiң орны туралы ақпаратты қосу;

  • Арналық деңгей - қателердi тексеру және деректердi дайындау, физикалық бiрiктiрiп жiберу үшiн ақпараттарды қосу;

  • Физикалық деңгей - биттiң ағымы бойынша пакеттi жiберу.

Стандартты стектер

Компьютерлiк өндiрiсте сапалық стандарттық модельдегi хаттамалары ретiнде бiрнеше стектер зерттелген. Ең негiзгiлерi:

  • ISO / OSI хаттамалар жиыны;

  • IBM System Network Architecture SNA;

  • Digital DECnet;

  • Novell NetWare;

  • Apple Talk;

  • TCP / IP интернет хаттамаларының жиыны.

Бұл стектердiң хаттамалары өзiнiң деңгейiнде спецификалық жұмыстарды орындайды. Желiнiң iшiнде жатқан коммуникациялық хаттамалардың iшiнен үш типтi бөлiп алуға болады:

  1. Қолданбалы хаттамалар;

  2. Транспорттық хаттамалар;

  3. Желiлiк хаттамалар.

Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейдегi OSI моделiнде жұмыс iстейдi. Олар деректердiң бiр-бiрiмен ауыстырылуы мен өзара қозғалысын қамтамасыз етедi. Ең негiзгi белгiлi хаттамалар:

  • APPC (Advanked Program - to-Program Communication) - IBM фирмасының бiррангтi SNA -хаттамасы, көбiнесе AS/ 400-де қолданылады;

  • FTAM (File Transfer Access and Managment) - файлдарға қатынау OSI хаттамасы;

  • X.400 - CCITT электронды почта арқылы халықаралық алмасу хаттамасы;

  • X.500 - бiрнеше жүйедегi CCITT файл қызметтерi мен каталогтары хаттамасы;

  • SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) - электронды почтамен алмасу үшiн интернет хаттамасы;

  • FTP (File Transfer Protocol) - файлдарды жеткiзу үшiн интернет хаттамасы;

  • SNMP (Simple Network Management Protocol) - желi компаненттерi мен желi мониторинг үшiн интернет хаттамасы;

  • Telnet - өшiрiлген түйiндердi және оларда мәлiметтердi өңдеу, тiркеу үшiн интернет хаттамасы;

  • Microsoft SMBs (Server Message Blocks, сервердiң хабарлау блоктары) және клиенттiк қоршамдар немесе редиректорлар;

  • NCP (Novell NetWare Core Protocol) және клиенттiк қоршамдар немесе Novell фирмасының редикторы;

  • Apple Talk және Apple Share - Apple фирмасының желiлi хаттамалар жиыны;

  • AFP (Apple Talk Filling Protocol) - Apple фирмасының жойылған файлға қатынау хаттамасы;

  • DAP (Data Access Protocol)- DECnet желiсiнiң файлдарға қатынау хаттамасы;

Транспорттық хаттамалар компьютердегі аралық байланыстарды және сеанстарды, берiлген деректердi өзара алмасуына кепiлдiк бередi. Ең негiзгi транспорттық хаттамаларға мыналар кiредi:

  • TCP (Transmission Control Protocol) TCP/IP - деректердiң жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн хаттамалар;

  • SPX - IPX/SPX (Internetwork Packet Exchange / Sequential Packet Exchange) деректер үшiн Novell фирмасының тiзбектелген фрагменттi мәлiметтерi үшiн хаттамалар жиынының бөлiгi;

  • NWLink - Microsoft фирмасының IPX/SPX өткiзу хаттамасы;

  • NetBEUI [NetBIOS (Network Basic Input/Output System) Extended User Interface - қолданушының кеңiнен тараған интерфейсi] компьютер арасында қатынасты орнатады (NetBIOS) және (NetBEUI) жоғарғы деңгейге транспорттық қызмет көрсетедi;

  • ATP (Apple Talk Transaction Protocol), NBP (Name Binding Protocol) - Apple фирмасының транспорттық деректерi мен хаттамалар сеансының байланыстары.

Желiлiк хаттамалар байланыс жүйесiн қамтамасыз етедi. Бұл хаттамалар мекен-жай (адрес) және маршрут ақпараттарымен жұмыс iстейдi, қатенi тексеруге және сұрақтарды қайталауға мүмкіндік бередi. Сонымен қатар желiлiк хаттамалар нақты байланыс орталарында қолданылатын ережелердi анықтайды. Мысалы: Еthernet немесе Token Ring.

Ең жақсы танымал желiлiк хаттамаларға мыналар жатады:

  • IP (Internet protocol) –TCP/IP пакеті беретiн хаттамалар желiсi;

  • IPX (InternetWork Pocket Exchange) –бұл NetWore фирмасының пакеттерiн маршруттау үшiн тасымалдау хаттамасынан және NWLink - IPX/SPX Microsoft фирмасының өткiзу хаттамасынан тұрады;

  • Not BEVI – транспорттық хаттамасы, транспорттық мәлiметтердi сеанстық және NETBIOS қосымшаларын қамтамасыз етедi;

  • DDP (Datagram Delivery Protocol) – мәлiметтердi тасымалдайтын Apple Talk хаттамасы.

2.2 IP – адресіндегі адресация

Желі түйінінің адресациясы үшін адрестің үш типі қоланылады:

Адрес типтері физикалық (МАС-адресі) желілік (IP-адрес) және символдық (DNS-аты). Әр компьютерде TCP/IP желісінде үш деңгейлі адресі болады.

  • Технологиямен анықталатын түйіннің жергілікті адресі, ол техника арқылы құрамына берілген түйін кіретін жеке желіден құрылған. Жергілікті желіге кіретін түйіндер үшін – бұл желілік адаптердің немесе маршруттар портының МАС-адресі, мысалы. 11- АО-17-30-ВС-01. Бұл адрестер жабдық өндірушілермен тағайындалады және уникалды адрес болып табылады. Жергілікті желінің барлық технологиялары үшін МАС-адресі 6 байттық формат болады: үлкен 3 байт-өндіруші форманың идентификаторы, ал кіші 3 байт өндірушілердің өздерімен уникалды түрде тағайындалады. Ауқымды желіге кіретін түйіндер үшін, яғни х.25 немесе Frame relay сияқты, жергілікті адрес ауқымды желі әкімшілігімен тағайындалады.

  • Төрт байттан тұратын IP адресі, мысалы, 109.26.17.100. бұл адрес желілік деңгейде құрылады. Ол компьютерде және жол жоспарлағышты (Маршруттар) конфигурациялау кезінде әкімшілікпен тағайындалады.

IP адрес екі бөліктен тұрады: желі нөмірлері және түйіндер нөмірлері. Желі нөмірлері әкімшілікпен еркін түрде таңдалынады немесе internet (Network information center, NIC) арнайы кеңесінің бөлімшесі бойынша тағайындалуы мүмкін, егерде желі internet құрама бөлігі ретінде жұмыс істеу керек болса.

Internet қызметінің провайдерлері NIC бөлімшесінен адрестер диапазондарын алады, содан кейін өз абоненттері арасында бөліседі.

IP хаттамасындағы түйін нөмірі түйіннің жергілікті желісінен тәуелсіз тағайындалады. IP адресінің желі нөмірі және түйін нөмірі өрістеріне бөлу-иілгіш болатын сандары және бұл өрістерінің арасындағы шекара еркін орнатылады. Түйін бірнеше IP желілерге кіре алады. Мұндай жағдайда түйінде желі байланысының саны бойынша бірнеше IP адрестер болу керек. Осылайша, IP адрес бір желілік біріктіруді сипаттайды.

  • Символдық идентификатор-атау, мысал,STRV1.IBM.COM. бұл адрес әкішілігімен тағайындалады және бірнеше бөліктен тұрады, мысалы, машина атаулары, ұйым атаулары, домен атаулары.

Сондай-ақ DNS- деп аталатын мұндай адрес қолданбалы деңгейде пайдаланылады,мысалы, telnet немесе FTP хаттамасында.