Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Гиперсілтемелер:

Гипермәтіндік құжат олай аталу себебі, онда бір құжаттан басқа да құжаттарға сілтемелер жасауға болады. Мұндай сілтемеден шерткенде басқа құжатқа ауысамыз.

<a href="..." title="..." target="...">ШЕРТ</a> - қарапайым гиперсілтеме

href="жол" - басқа құжатқа жол

title="жазба" - шерту нұсқауы

target="аумақ" - құжат көрсетілетін аумақ:

"_top" - барлық терезеде

"_self" - терезенің ағымдағы бөлігінде (үнсіз)

"_blank" - жаңа ашылған терезеде

"фрейм аты" - көрсетілген фреймде (кейін қарастырамыз)

<a>...</a> тегтерінің арасындағы барлық сөздер, гиперсілтеме болып табылады.

Оған тек мәтін емес, сурет және басқа да тегтерді орналастыруға болады.

Сілтемелер түсі:

Құжаттағы сілтемелер түсін <body> тегінің аттрибуттарының көмегімен беруге болады:

<body link=#RRGGBB alink=#RRGGBB vlink=#RRGGBB>

link - сілтеме түсі

alink – шертулі сілтеменің түсі

vlink – қолданылған сілтеме түсі

6.2.2 Фреймдер

Басында біз барлық экранды алып тұратын жалғыз ғана құжатпен жұмыс істедік.

Негізінде экранды бірнеше бөлікке бөлуге (фреймдерге)және әрқайсысына өз құжатыңызды жүктеуге болады.

Мұны қолдану,әрқашан экранда қажет болатын статикалық ақпараттар үшін тиімді.

Мысалы, батырмалары бар, оларды басқанда бір бөлімнен келесісіне көшу орындалатын навигациялық панель берілген.

HTML тілінде фреймдердің екі түрі бар:ішкі және сыртқы.

Ішкілер:

<iframe name="..." src="..." frameborder="..." width="..." height="..." scrolling="..."></iframe>

name="..." - аты (<a> тегінде көрсетіледі)

src="..." - фреймде гі құжатқа жол

frameborder="..." - сызық қалыңдығы(пиксель)

width="..." - фрейм ұзындығы (пиксель немесе пайыз)

height="..." - фрейм биіктігі (пиксель немесе пайыз)

scrolling="..." - айналдыру сызықтары қажет пе? ("yes"/"no"/"auto")

Тілдің тиімді элементі. Өкінішке орай тек MS Internet Explorer версии 4.0 және одан жоғары браузерлерімен қолдалады

Сыртқылар:

Ал бұлар HTML стандартына қосылған және барлық браузерлермен қолдалуы керек.

Оларды құру үшін бет құрылымын келтіретін жаңа құжат құру қажет.

Мысалы, оның құрамы мынадай:

<html>

<head>

<title>терезе тақырыбы</title>

</head>

<frameset>

<frame>

<frameset>

<frame>

<frame>

</frameset>

</frameset>

</html>

Ол экранды бірнеше терезелер аумақтарына бөледі. Оның әрқайсысына өз құжатыңызды жүктеуге болады.

6.3 Java тілінің негізгі ұғымдары

JavaScript- бұл объектілі- бағытталған сценарийлердің бағдарламалау тілі. Бұл тілдің синтаксисі С, Perl немесе Python сияқты тілдердің синтаксисіне өте ұқсас болып келеді және атауы Java-ға ұқсас болғанымен жалпы жұмыс істеу ұқсастықтары жоқ. Қазіргі кезде JavaScript көбінесе әртүрлі браузерлермен басқарылатын сценарийлердің веб-беттерін құруға қолданылады. Демек, JavaScript тілі- интерактивті веб-беттер мен веб-қосымшалар, клиент-серверлік сценарийлер құру үшін арналған тіл.

JavaScript – браузерге түсінікті бағдарламалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар.

JavaScript тілінің алғашқы нұсқалары 1996 жылдардың басында пайда болды. Бастапқы кезде бұл тіл LiveScript деген атауға ие болды және оның интерпретаторы Netscape Navigator еді.