Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на каз ВВСТ_Не трогать.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1.3 Желілік модельдер

1.3.1 Osi ашық жүйелердің қарым-қатынас моделі

Желілердің жұмыс істеуі, ол – мәліметтердің бір компьютерден екінші компьютерге берілуі. Желілік операциялық жүйесі осындай жұмыстарды орындауда процедураның қатаң терімділігіне сүйенеді. Бұл процедуралар хаттамалар немесе тәртіптің ережесі деп аталады. Стандартты хаттамалар әртүрлі мекемелердің бағдарламалық және аппараттық қатынастарын реттейді. Екі негізгі терімді (набор) стандарт бар. Олар: OSI желілік моделі және оның IEEE Project 802 деп аталатын модификациясы.

OSI моделi

International Standards Organization 1978 жылы бiркелкi емес құралдардың желiлiк архитектурасын сипаттайтын арнайы спецификациялық жиынды шығарды. Бұл құжат бiркелкi хаттамалармен және ақпаратты стандартты айырбастауда қолданылатын ашық жүйеге жатады. 1984 жылғы ұсыныс халық аралық стандартқа айналды. Көптеген шығарушылар желiлiк құралдарды шығаруда осы спецификацияны қолданады, және әр түрлi желiлердi құруда негiз болып есептеледi.

Бұл модель - желiлер ортасын бейнелейтiн өте кеңейтiлген әдiс. Бұл көп деңгейлi жүйе бағдармалық және аппаратық қамтамасыздандыру байланыстарын және әр түрлi мәселелердi шешуге мүмкiндiк бередi.

Көп деңгейлi архитектура

OSI жүйелiк моделiнiң функциялары жетi деңгейге бөлiнедi. Әр деңгейге әр түрлi желiлiк операциялар, құрылғылар және хаттамалар сәйкес келедi. ОSI моделiнiң көп деңгейлi архитектурасы:

7. Қолданбалы деңгей;

6. Ұсынылатын деңгей;

5. Сеанстық деңгей;

4. Транспорттық деңгей;

3. Желілік деңгей;

2. Арналық деңгей;

1. Физикалық деңгей.

Әр деңгейде анықталған белгiлi бiр желiлiк функциялар орындалады және олар көршi деңгейлермен қарым-қатынаста болады. (Жоғарғы және төменгi деңгейлер). Мысалы: сеанстық деңгей ұсынылатын деңгей және транспорттық деңгеймен қарым- қатынас жасауы қажет. Бiрiншi және екiншi – төменгi деңгейлер физикалық ортадағы берiлгендердi анықтаумен және сәйкес есептердi шығарумен айналысады. Жоғарғы деңгейлер байланыс қызметтерiне қосымшалардың енуiн анықтайды. Деңгейдiң жоғарлауына байланысты күрделi есептер шығарылады. Әрбiр деңгей басқа компьютерге желi арқылы берiлгендердi ұсыну және т.б. қызметтердi атқарады. Деңгейлер бiр-бiрiнен интерфейспен - шекара арқылы бөлiнедi. Бiр деңгейден екiншi деңгейге сұраныстар интерфейс арқылы өткiзiледi. Көрсетiлген деңгей өзiнен төменгi деңгейдi қолданады.

Қолданбалы деңгей

Қолданбалы ( APPLI CATION) деңгей - OSI моделiндегi ең жоғарғы деңгей. Ол арқылы желiлiк қызметтегi қолданбалы процестерге кiруге болады. Бұл деңгей мынандай қызметтердi көрсетедi: файлға берiлетiн ақпараттармен қамтамасыз етедi, деректер қоры мен электрондық почталарға кiру мүмкiндiгiн туғызады. Төмендегi деңгейлердiң барлығы қолданбалы деңгейде орындалады. Қолданбалы деңгей желiлерге қатынауды басқарады, байланыстар бұзылғанда қайтып қалпына келтiредi.

Ұсынылатын деңгей

Ұсынылатын (PRESENTATION) деңгей компьютерлiк желiлер арасындағы деректердi айырбастап отыру үшiн қолданылатын форматты анықтайды. Бұл деңгейдi аудармашы деп те атауға болады. Ұсынылатын деңгейде қолданбалы деңгейден келген мәлiметтер ортақ түсiнiктi аралық форматқа аударылады.

Сеанстық деңгей

Сеанстық (SESSION) деңгей әртүрлi компьютердегi екi қосымшаларды орналастыруға, қолдануға және аяқтауға мүмкiндiк бередi. Бұл деңгейде желiдегi екi қосымшаны байланыстыруда қорғау және олардың аттарын игеру сияқты функциялар жүргiзiледi. Сеанстық деңгей мәлiметтермен қолдануға берiлген топтағы бақылау нүктелерiнiң синхронизациясын қамтамасыз етедi. Қате болса тек қана берiлгендердi соңғы бақылау нүктесiнде жазу керек. Бұл деңгей берiлгендердi қай жерде, қашан, қашанға дейiн т.б орындау керектiгiн бақылайтын диолог және бiрлескен процестерден тұрады.

Транспорттық деңгей

Транспорттық (TRANSPORT) деңгей ақпараттарды қатесiз, өз кезегiнде жоғалмай және көшiрмесiз жеткiзуiне кепiлдiк бередi. Бұл деңгейде жiберушi компьютердiң хабарлары реттеледi: көлемдi хабарлар бiрнеше бөлiктерге бөлiнедi, ал қысқасы бiр пакетке жиналады. Бұл пакеттердiң желi бойынша таралуын ұлғайтады. Транспорттық деңгей хабарлар ағымын басқарады, пакеттердiң қателерiн тексерiп, оларды жiберу және қабылдаудағы мәселелердi шешуге қатысады.

Желiлiк деңгей

Желiлiк (NETWORK) деңгей хабарлардың адрестерiне жауап бередi, функциялық адрестердiң аттарын және логикалық адрестердi аударады. Бiр сөзбен айтқанда желiлiк деңгейде жiберушi компьютер мен қабылдаушы компьютердiң маршруты анықталады. Бұл деңгейде желiлiк трафикпен байланысты буманы коммутациялау, маршрутизациялау және жүктеу сияқты мәселелер шешiледi, Егер желiлiк адаптер маршрутизациясы жiберушi компьютерден берiлген көлемдi мәлiметтер блогын жiбере алмаса, онда осы желiлiк деңгейде бұл блоктар кiшкене мөлшерге бөлiнедi. Ал қабылдаушы компьютер осы мәлiметтердi қалпына келтiрiп жинайды.

Арналық деңгей

Арналық (DATA LINK) деңгей берiлген мәлiметтер кадрын желiлiк деңгейiнен физикалық деңгейге өтуiн қамтамасыз етедi. Кадрлар - бұл берiлген мәлiметтердi тiркейтiн логикалық бiрлескен құрылым. Арналық деңгей физикалық деңгей арқылы компьютерлер арасында кадрлар берiлген кездегi нақтылықты қамтамасыз етедi.

Физикалық деңгей

Физикалық (PHYSICAL) деңгей - OSI моделiнiң соңғы деңгейi. Бұл деңгей толықтырылмаған биттердiң ағымын физикалық ортада берiлуiн айқындайды. Мұнда электрикалық, оптикалық, механикалық және функциялық интерфейстердi кабельмен айқындайды. Сонымен қатар физикалық деңгейде жоғарғы деңгейлерге түскен хабарлардың берiлу сигналдары қалыптасады. Физикалық деңгей – бұл бiр компьютерден екiншi компьютерге биттердi (нөлдiк және бiрлiк) жiберуге арналған. Бұл биттердiң мазмұны ешқандай мағына бермейдi. Ендеше физикалық деңгей желiлiк кабельмен берiлетiн биттердiң амалын құрады.

Бақылау сұрақтары

1. OSI моделдің қызметі мен мүмкіншілігі қандай?

2. OSI жүйелiк моделiнiң функциялары неше деңгейге бөлінеді?

3. OSI моделінің ең жоғарғы деңгейі?

4. Физикалық деңгей қалай жұмыс атқарады?

5. PRESENTATION деңгейі қандай деңгей?

2 Бөлім