Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ys_1179_asha_d_1241_ris__1240_kimshilik_Ad...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы

Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы органдарды басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғары органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдық табиғатын ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның қызмет сипатын бағалайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігін бейнелейді. Үкіметтің сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар. Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да ведомостволардың жұмысын бағыттайды. Үкімет атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Президенттің конституциялық заң күші бар Жарлықтарымен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оның қарауына жатқызылған мәселелерді жеке шешеді. Үкімет өз құзыретінің шегінде нормативтік және өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын ұйымдастырады, өзге де халықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы билік органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады. Конституцияда көзделген тәртіппен Үкіметті Призедент құрады. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттігін тоқтатады, Үкімет өз міндетін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды. Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез келген мүшесін қызметінен босату туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы бар. Премьер –министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

  2. Ұйымдастырушылық шаралар қалай жүзеге асады?

  3. Басқару актілеріне қойылатын талаптар және олардың сақталуының нәтижелері қандай?

  4. Басқару қызметінің құқықтық нысандары мазмұны бойынша қалай бөлінеді?

  5. Баскарудың құқықтық актілерінің түрлерін жіктеңіз.

Глоссарий:

  1. Мемлекеттік басқару

  2. агенттіктер

  3. мемлекеттік комитеттер

  4. комитеттер

  5. жергілікті басқару органдары

  6. регламент;

  7. ереже;

  8. қағида;

  9. нұсқаулық.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.

  2. ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.

  3. ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999

  4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж.17 сәуірдегі Заңы//Егеменді Қазакстан. 1995ж. 24 маусым.

  5. ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.

  6. «ҚР дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 2001ж. 23- қаңтарда қабылданған Заңы.

  7. «Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.

Оқу әдебиеттері:

  1. Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет

  2. Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.

  3. Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.

  4. Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.

  5. Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.

  6. Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.

№7 -тақырып: Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық әдістері

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің басқару әдістерінің түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер мен жанама басқаруға әсер етуші әдістердің мемлекеттік басқарудағы аспектілерін көрсету.

Жоспар:

  1. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі.

  2. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері,мәні.

  3. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері, мәні.