Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ys_1179_asha_d_1241_ris__1240_kimshilik_Ad...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық

Атқарушы органдардың жұмысы басқарудың әдістерін қолданумен анықталады. Басқару әдістері дегеніміз: 1.Әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру; 2. Басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу; 3.Басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері;

Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі дегеніміз құрылымдық бөлімшелерді құру және олардың функцияларын белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу; басқарушылық процестерді ресімдеу, т.б. Сонымен, атқарушы билік органы алдына қойылған мақсатына қарай тиісті нәтиже алу үшін өз аппараттарын ұйымдастырады.Басқару процесінде нақты мәселелер жеке (министр,төраға), ақылдасып (алқада,ғылыми әдістемелік кеңесте) немесе бірлесіп ( екі немесе бірнеше минстрліктер, комитеттер, т.б. қатысып) шешілуі мүмкін.Бұл шешімдер қаулы,бұйрық,нұсқаулық түрінде шешіледі. Атқарушы биліктің негізгі міндеті—заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.Бұл міндет басқарудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Басқару формасын заң анықтайды.Формалар құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Басқарудың құқықтық формаларына мыналар жатады:Нормативтік құқықтық актілерды дайындау және қабылдау; Шарттар жасасу.

Нормативтік құқықтық актілерды дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңнамада анықталады. Бұл тәртіп бұзылған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу және жариялау мүмкіндігі де жойылады.Басқарудың құықтық емес формаларына ұйымдық және материалдық –техникалық әрекеттер жатады.Ұйымдық әрекеттерге:Заң және басқа актілердің мазмұнын түсіндіру;Қызметкерлерге, лауазымды адамдарға аттестация жүргізу және нұсқау беру;Басқару органдарының жұмысын тексеру және жинақтап қорыту;Төменгі тұрған басқару органдарының басшыларын қатыстырып кеңс, мәжіліс, екі министрліктің бірлескен алқа мәжілісін өркізу және басқа шаралар өткізу.Материалдық- техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:Органдар мен лауазымды адамдардың жұмысын ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етуді жүргізу;Іс қағаздарын жүргізу ( хат алмасу, құжаттарды көбейту, оларды сақтау).Есепке алу-тіркеу жұмыстары, қабылданған шешімдер негізінде қажетті құралдар беру ( реестерге кіргізу, тиісті нөмірлерін көрсету)Мұндай әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібін арнайы құзірет берілген органдар да ( статистика және т.б.), министрліктердің, ведомстволардың актілері де (нұсқамалар, ережелер) анықтай алады.

2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі

Мемлекетік басқару органдары: 1.Іс әрекеттің заңға сәйкес ережелерін белгілейді; 2.билік ету өкілеттігін жүзеге асырады және 3.әкімшілік әрекетті жүзеге асырады. Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекттік басқару органдары қызметінің ауқымына, құзыреттік сипатына, құрылу тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді.

1.Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғары органдар. Мұндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар; агенттіктер ; мемлекеттік комитеттер; комитеттер; жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік –аумақтық құрылым – облыс; аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады.

2. Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылырдың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық — нақты салалар бойынша басқарылатын (минстрліктер) және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, фукнциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда – ведомстволар) органдар болып табылады.

3. Мемлекттік басқару огандарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Призедентінің Республика Премьер –Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады.