Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ys_1179_asha_d_1241_ris__1240_kimshilik_Ad...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.

  2. ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.

  3. ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999

  4. «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы.

  5. «Соғыс жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы.

  6. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 1993 жылғы 13-қаңтардағы.

  7. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361 Заңы.

  8. ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.

  9. «ҚР дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 2001ж. 23- қаңтарда қабылданған Заңы.

  10. «Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.

Оқу әдебиеттері:

  1. Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет

  2. Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.

  3. Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.

  4. Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.

  1. Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.

  2. Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.

  3. Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3

№13-тақырып: Экономика аясын әкімшілік құқықтық реттеу

Дәрістің мақсаты: Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық объект ретіндегі мәртебесін айқындау.

Жоспар:

  1. Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.

  2. Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі. Табиғатты пайдалану және табиғи тесурстарды қорғауды басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.

  3. Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі.

4. Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.

1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.

Қазақстан экономикасы мемлекетпен, тауар өндірушілермен және сатып алушылармен тығыз байланыста. Кез келген экономикалық жүйе – өз қызметі бойынша үш мәселеге мән береді:

  1. Не өндіру керек және қандай мөлшерде;

  2. Қалай өндіру керек және қандай шығындармен өндіру керек;

  3. Кім үшін өндіру керек және өндірілген өнімді қалай бөлу керек.

Қазақстан Республикасында сауданы, сауда аралық қатынастарды реттейтін орталық орган- ол Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрлігі. Оның негізгі функциялары:

  • Республикадағы нарыққа басшылық жасау және сауданың дамуына болжам жасайды;

  • Халыққа, яғни тұтынушыларға тауарды көтерме саудаға өткізу үшін жәрмеңке ұйымдастырады;

  • Сауда құрылымдарын Қазақстан Республикасының «тұтынушылардың құқығын қорғау туралы »заңымен реттейді және оны бақылайды;

  • Отандық және шетелдік сауда әдістерін, сауда жарнамаларын, оның нысандарын сауда саласында дамытуға байланысты шаралар ұйымдастырады;

  • Экономика және сауда саласын дамытудағы күрделі мәселелерді басқа министрліктермен бірге ақылдаса отырып шешеді;

  • Сауда –экономика саласын дамыту үшін Қазақстан Республикасы шет елдермен ақпарат- насихат жұмыстарын өткізеді.

Осы функцияларды орындау үшін министрлік мынандай құқықтарға ие бола алады:

  1. Өндіріс мекемелері мен ұйымдарға, олардың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін, әдістемелік және экономикалық көмек көрсетуге құқылы;

  2. Өндіріс пен сауда саласын тиімді басқаруға құқылы;

  3. Тұтынушы нарығында мемлекеттік қолдауға құқылы;

  4. Министрлік өзіне керекті ақпараттарды өндіріс және сауда салалары бойынша сұрауына құқылы.

Бұл министрлік барлық сауда салаларын нарықты басқару мақсатында және олардың ережелерді дұрыс орындауы үшін –бұйрықтар және инструкциялар шығарады.

Министрліктің құрылымдық бөлімдері:

  • департаменттер

  • басқармалар.

Сауда мекемелерінің жағдайы -жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік бақылауды талап етеді. Үкімет мемлекеттік саясаттың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағдарламаларын қалыптастырады, ал жергілікті мемлекеттік басқару органдары – территориялардың дамуына қатысты экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар қалыптастырып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Мемлекет – салықтық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, әкімшілік бақылауды қамтамасыз етеді. Егер сауда саласында құқықтық нормалары бұзылған жағдайда әкімшілік тергеу салалары да қолданылады. Сауда мекемелерін және сауда жұмыстарын қамтамасыз етудегі барлық жауапкершіліктерді жергілікті мемлекеттік басқару органдары атқарады.