- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау, оны ӘҚБтК-ке сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, снодай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тәртібі ӘҚБтК-пен реттеледі және айқындалады.
Қылмыстық немесе азаматтық істерді қарау процесінде соттың әкімшілік жазалар қолдану тәртібі ӘҚБтК-тің ережелерімен және ҚР-ның Қылмыстық іс-жүргізу кодексі мен ҚР-ның Азаматтық іс-жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушы адамдардың, сол істі жүргізіп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) міндетті түрде қарауына жататын өтініш мәлімдеуге құқығы бар. Өтініш жазбаша түрде мәлімденеді және дереу қаралуға тиіс. Өтінішті қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім ұйғарым түрінде шығарылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің өзіне тән қағидалары бар. Бұл қағидаларға жататындар:
әкімшілік іс жүргізуде азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және мүдделерінің басымдығы;
құқық субъектілігін мойындау қағидасы;
иматериалды (объективті) шындық қағидасы;
заң алдында барлығының теңдігі;
кінәсіздік презумпциясы;
кінәлілік қағидасы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын субъектілерді бөлек атап көрсеткен жөн.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысатын тұлғалар:
әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам;
жәбірленуші;
жеке адамның және заңды тұлғаның өкілдері;
қорғаушы;
жәбірленушінің өкілі;
куә;
куәгер;
маман;
сарапшы;
аудармашы;
прокурор.
2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
Әкімшілік өндірістің негізгі сатыларына мыналар жатады:
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау;
ақтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға:
уәкілетті лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін тікелей анықтауы;
құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар;
жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлімдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіздеме болады. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған болып саналады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оның жасалған жері бойынша қаралады. ӘҚБтК-тің 246, 247, 461-487 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдары, кемелер, соның ішінде шағын көлемді кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша да қаралуы мүмкін.
Судья , алқалы орган мүшесі, лауазымды адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға әзірлеу кезінде мына мәселелерді:
бұл істі қарау өзінің құзыретіне жататынын;
бұл істі судьяның, алқалы орган мүшесінің, лауазымды адамның қарау мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
ӘҚБтК-те көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ істің өзге де материалдарының дұрыс рәсімделгенін;
Іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкімшілік жауапқа тартпауға мүмкіндік беретін мән-жайлардың болуын;
өтініштердің жеке бас тартудың болуын;
ӘҚБтК-тің 584-588 баптарында аталған адамдарға іс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бірін шығарады:
әкімшілік жаза қолдану туралы;
іс жүргізуді қысқарту туралы;
істі осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауна беру туралы, сондай-ақ ӘҚБтК-тің 642-бабында көзделген жағдайларда істі көлік құралы (кеме, соның ішінде шағын көлемді кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;
айыппұл салу жөніндегі қаулыны мәжбүрлеп орындату туралы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға ӘҚБтК-ке сәйкес аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтіре алады.
Аудандық және оған теңестірілген сот судьяларының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер ьбойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа шағым беріліп, наразылық келтірілуі мүмкін.
