- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
қаржы қатынастарының жиынтығы;
ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
басқарудың қаржылық аппараты.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке
біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Мемлекеттік қаржылар:
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;
Ә) бюджет субсидиялары;
Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
В) ерікті түрдегі жарналар.
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Салық саласы жұмысының ұйымдастырылуы. Қазақстан Республикасының салық салу принциптері.
Салықтардың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі:
Салық – ақшалай нысанда төленеді:
Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:
Салық – баламасыз сипатта болады:
Салық – салықты салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады:
Салық – тұрақты экономиканың қатынас туғызады.
Салықтардың мазмұны мынандай:
материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
заңдық категория жағынан, бұл заң жұзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу
жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы.
Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда:
салық субъектісі
салық объектісі
салық көзі
салық мөлшері
салық жеңілдіктері
салық ставкасы
салық кезеңі
салықты есептеу тәртібі
салық есептілігі
салықты төлеу тәртібі
Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері салық
кодексінде белгіленген салық салу принцтеріне қайшы келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда:
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі,
салық салудың айқындылығы,
салық салудың әділдігі,
салық жүйесінің біртұтастығы,
салық заңдарының жариялылығы принциптері.
Салық салудың міндеттілік принципі.
Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді. Олар мыналар:
салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;
салықтардың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс;
әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;
өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс.
Салық механизмі, бұл ұғымды ұйымдастыру экономикалық категория ретінде сәйкесінше қоғамда жасалған ұлттық байлықты жинақтау барысында қалыптасатын қайта бөлу қатынастарын басқарудың қажетті процесі ретінде түсіндіретін салық теориясының бір бөлігі болып табылады.
Бұл процесте қалыптасатын қатынастардың барлық сферасын 3 ішкі жүйеге бөлуге болады:
салықтық жоспарлау;
салықтық реттеу;
салықтық бақылау.
Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатып сөзсіз. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі бойынша Қазақстаң Республикасында мынадай салықтар қалыптасқан;
1) Корпорациялық табыс салығы;
2) Жеке табыс салығы;
3) Қосылған құнға салынатын салық;
4) Акциздер;
5) Жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері;
6) Әлеуметтік салық
7) Жер салығы
8) Заңды және жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салық;
9) Көлік құралдарына салынатын салық.
Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі деп танылады. Оған сәйкес салық төлуші салық органына тіркеу есебіне тұруға; салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеуішден - оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Қазақстанның 1992 жылға дейін өзіндік салық жүйесінің болмағанын айта кеткен жөн, өйткені ол жалпы Одақтың салық жүйесіне енді. Оның құлдырауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүшелерімен келісе отырып, салық жүйесін қалыптастыру міндеті тұрды.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған " Қазақстан Республикасындағы салық жүйіесі туралы " Заңды тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады.
Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында:
1 Жалпы мемлекеттік салықтар;
2 Жалпыға міндетті төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;
3 Жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді;
Экономикамызда салық жүйесін бағалау критерилері өте маңызды рөл атқарады.
Салық саясаты – мемлекеттің жалпы саясаттық жағдайының құрамды бөлігі болып табылады. Салық саясаты үш негізгі критерийлер арқылы бағаланады. Олардың негізгілері – теңдік, тиімділік және қарапайымдылық болып табылады.
Соңғы 10 жыл ішінде мемлекет салық жүйесінің перманентті реформалау жағдайында болып отыр. Салық жүйесін жетілдіру жолдары шексіз, өйткені қоғам дамуындағы әрбір жаңа кезеңнің экономика дамуында өз артықшылығы бар, бұл өз кезегінде мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы мәселелерді адекватты түрде шешуді талап етеді.
Салық әкімшілігі – салықтардан кетуден гөрі салықтарды төлеу тиімдірек деген деңгейге әлі жеткен жоқ. Жалпы алғанда еліміздің салық жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:
Салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Салық жүйесін максималды түрде ықшамдау;
Салық ставкаларын төмендету мақсатында, салық прессингін әзірлеу;
Салық прессингін әлсіздендіру;
Салықтарды алудың парасатты деңгейін қамтамасыз ету;
Тікелей және жанама салықтарды оңтайлы түрде байланыстыру;
Сонымен қорыта айтқанда, салықтар – мемлекет қазынасын толтырудың, экономиканы дамытудың негізгі көзі болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Ол орталық атқарушы органдарға және үкімет пен мекемелердің құрамына кірмейтін ұйымдарға байланысты:
нормативтік актілерді шығару( құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету);
лицензиялау;
мемлекеттік кәсіпорындарды,мекемелерді,мемлекеттік жеке меншік объектілерін, шаруашылық серіктестіктегі мемлекеттік үлесін басқару;
мемлекеттің меншігіндегі объектілерді жекешелендіруге қатысу (приватизация);
мемлекеттік сатып алулар (закупка),контракт;
антимонополиялық реттеу және баға құрылымы;
мемлекеттік жол қорын басқару;
бақылау және қарау;
халықаралық ынтымақтастық
