- •1.Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық) ұғымы және экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері.
- •2. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері
- •3. Әлемдік экономиканың хх ғ. Даму кезеңдері
- •5. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік экономикадағы орны мен дамуындағы рөлі
- •6. Әлемдік экономиканың қазіргі замаңғы даму тенденциялары
- •7. Әлемдік экономиканың постиндустриаланудың мәні, себептері мен негізгі белгілері
- •8. Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні, себептері және белгілері
- •9. Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері
- •10) Әлемдегі шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы) мәні, себептері және бағыттары
- •11. Экономиканың жаһандануының мәні, көрінісі және әлеуметтік-экономикалық салдары (мәселелері)
- •12. Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.
- •13.Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. Жіө-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы
- •15. Адами әлеутінің даму индексі (аәди): мәні, көрсеткіштер құрамы және жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттаудағы маңызы
- •16. Әлемнің табиғи ресурстарының негізгі түрлері және олардың елдер арасында бөлінуі
- •17. Табиғи ресурстардың қазіргі заманғы экономиканың дамуындағы рөлі. Өндірістің табиғи ресурстан тәуелділігін азайтудың негізгі жолдары
- •18. Минералды шикізат пен отынның әлемдік қорлары: негізгі түрлері мен қорларын бағалау. Минералды шикізат пен отынды өндіретін және тұтынатын елдер
- •19.Әлемнің жер қорлары: құрылымы, елдердің қамтамасыз етілуі және пайдалану мәселелері
- •20) Әлемнің су ресурстары: қорларын бағалау, елдер арасында бөлінуі, әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •21. Әлемнің орман ресурстары: қорларын бағалау және әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •22. Әлем халқының саны мен елдер бойынша бөлінуі. Дамыған және дамушы елдердің тұрғын халқының өсу қарқындары мен құрылымы.
- •23.Әлемнің еңбек ресурстары: сандық және сапалық аспектілері
- •25. Жұмыс күші сферасын реттейтін халықаралық ұйымдар: қызметінің мақсаттары және негізгі функциялары.
- •26. Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары
- •27. Елдердің ресми алтын резервтік қорлары: маңызы, мақсаттары мен көлемдері
- •28. Әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануы мен оның салдары. Әлемдік қаржы дағдарыстар
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •29.Экономиканың жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстардың маңыздылығы. Әлем елдері бойынша кәсіпкерлік ресурстардың бөлінуі
- •30) Әлемнің ғылыми ресурстары. Жеке елдердің ғылыми ресурстарын сипаттайтың негізгі көрсеткіштері
- •31. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алдынғы қатарлы және артта қалған елдердің құрамы. Әлемдік экономикада күштер арақатынасының өзгеру перспективалары
- •32. Қуып жету дамудың моделдері және олардың тәжірибеде жүзеге асырылуы
- •33.Ұлттық экономиканың ашықтығы: мәні, көрсеткіштері, тиімділігі мен мәселелері
- •35. М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясының негізгі идеялары
- •36. Елдердің бәсекелестік қабілеттілігінің маңызы мен негізгі критерийлері. Бэф (gci) рейтингі: пайда болуы мен негізгі көрсеткіштері
- •37. Мемлекетаралық аймақтық интеграциялық бірлестіктер: түсінігі, мақсаттары, дамудың негізгі этаптары мен негізгі мәселелері
- •38. Еуропалық одаққа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу мен дамуы, елдер саны мен құрамы, әлемдік экономикадағы рӛлі). Ео қазіргі кездегі даму мәселелері неде?
- •39.Nafta (нафта)-ға сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •40) Asean (асеан) және apec (атэс) сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •Құрылымы
- •41. Mercosur (меркосур) мен лаи-ға сипаттама беріңіз (аймағы, елдер құрамы, құрылу мақсаты)
- •42. ЕурАзЭқ-қа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу жылы, елдер құрамы, даму мақсаттары мен міндеттері)
- •43.Беларусь, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы, пайда болуы мен даму нәтижелері. Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасу мәселелері
- •45. Дамушы елдер экономикасының негізгі сипаттары, даму мәселері мен әлемдік экономикадағы орны
- •46. Әлемдік экономикадағы брикс елдері: түсінігі, даму ерекшеліктері, әлемдік экономикадағы орны
- •47. Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриялық елдердің даму ерекшеліктері мен әлемдік экономикадағы орны
- •48. Латын Американың жаңа индустриялық елдердің экономикалық потенциалы мен дамуының негізгі мәселері
- •49.Мұнай-экспорттаушы елдердің экономикасының ерекшеліктері және даму мәселері
- •50) Әлемнің ең кедей елдері және олардың артта қалуының негізгі себептері
- •51. Өтпелі экономикалы елдер экономикасының негізгі сипаттары мен даму мәселері
- •52. Трансұлттық корпорациялардың (тұк) негізгі сипаты. Тұк-дың әлемдік экономикадағы дуализм (екi жақты) жағдайы
- •53.Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі. Тұк қызметінің негізгі салалары
- •55. Oecd (эыдұ/оэср): құрамы мен әлемдік экономикадағы орны
- •56. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері: пайда болуы мен түрлері
- •1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:
- •2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •57. Әлемнің экологиялық мәселелері. Экономиканың тұрақты дамудың концепциясы. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламалары
- •58. Әлемнің демографиялық мәселелері. Әлемдегі халықтың тығыз қоныстануы мәселесі және оны шешу жолдары
- •59.Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі: жалпы жағдайы мен аймақтық-экономикалық аспекті
- •60) Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі және оны шешу жолдары. Fao (атаӛұ/фао) негізгі мақсаттары
19.Әлемнің жер қорлары: құрылымы, елдердің қамтамасыз етілуі және пайдалану мәселелері
Күн жүйесіндегі планеталар ішінде тек қана Жерде тіршілік бар. Себебі мұнда құнарлы топырақ, ал топырақтың әр қилы өсімдіктер өсіп, органикалық заттар қорын жинап ауаға оттегін бөліп шығарып, басқа тіршіліктің дамуына жағдай туғызады. Дегенмен планетамызда да тіршілік дамыған, яғни құнарлы топырақ қабаты бар аймақтар аса көп емес. Жердің басым көпшілігін, 70%-ын мұхиттар алып жатыр, онда тек су өсімдіктері, негізінен балдырлар өседі. Сонда құрғақ жердің үлесі небары 29% ғана. Құрғақ жердің барлығында бірдей құнарлы топырақ қаптап жатқан жоқ. Көп жерлерді мәңгі қарлар мен мұздар алып жатса, біраз аймақтарда жылжымалы құмдар мен жалаңаш тастар, біраз аймақтарды жалтыр, тақыр жерлер қамтиды. Құнарлы жерлердің көп аймақтарын халық мекендеген қалалар мен ауылдар, жолдар мен су қоймалары, аэродромдар т.б. көптеген коммуникациялар алып жатыр.
11-кесте
Әлемдегі жер қорының пайдаланылуы (Р.Ревелъ)
Континенттер, елдер |
Епстікке жарамды жерлер, млн га |
Жыртылған жерлер млн га
|
Игерілген жерлер пайыз |
Австралия мен Жана Зеландия |
150 |
20 |
13 |
Азия |
630 |
520 |
83 |
Солтүстік Америка |
460 |
240 |
51 |
Онтүстік Америка |
680 |
80 |
11 |
Африка |
730 |
160 |
22 |
Еуропа |
170 |
150 |
88 |
Бұрынғы КСРО |
360 |
230 |
64 |
Барлығы |
3200 |
1400 |
44 |
Кестеден халық тығыз мекендеген елдерде (Азия, Еуропада) жерді егістікке игеру мүмкіндігін барынша тауысуға жақындатқанын, керісінше, Оңтүстік Америка, Австралия және Африка елдерінде игеруге жарамды жерлердің әлі де мол екендігін көреміз. Ал бұрынғы КСРО елдерінде жарамды жерлердін әлі дс біршама екендігін байқаймыз. Жалпы бұрынғы Одақ жері әлемнің құрғақ жерлерінің 15%-ын алып жатыр (10-кесте). Ескеретін жай, бұрынғы Одақ елдерінің жер қоры мол болғанымен ауыл шаруашылығы үшін игеруге ыңғайлы жерлер аса көп емес. Оның 58%-ы суық тундра, орманды аймақтарда (тундра. терістік тайга). Жердің 15%-ы шөлді және жартылай шөлді аймақтарда орналасқан. Топырағы құнарлы және климаты ыңғайлы ауыл шаруашылығы жерлері небары 27% ғана (оңтүстік тайга, орманды дала, дала, оңтүстік таулы аудандарымыздың етектері). Бұл аймақтарда қосымша жер игеру болашағы аса көп емес. Сонымен бұрынғы КСРО-да жыртылған жер ауданы 230 млн гектарға жуық, барлық жер көлемінің 10,2%, яғни мекендеген әр азаматқа жыртылған жер көлемі әзірше 0,8 гектардан тиеді, ал келешекте бұл көрсеткіш азая бермек.
Дүниежүзілік топырақ картасының авторының бірі В.А.Ковданың мәліметіне қарағанда (1974), құрғақ жердің басым көпшілігі егіншілікке онша қолайлы емес. Құрғақ жерлердің 70% - аз өнім беретін алқаптар, оның 20% - өте салқын аймақта, 20%- - өте құрғақ аймақта, 20% - өте биіктік беткейлерде орналасқан, ал 10%-ы - топырақ қабаты өте жұқа. Сонымен құрғақ жердің тек 30%-ы ғана ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүр. Оның ішінде 10%-ында егіншілік егілсе, 20%-ы жайылым, шалғынды және шабындық жерлер.
Кейбір мамандардың есебі бойынша, дүние жүзінде ауыл шаруашылығында пайдалануға болатын жер көлемін күрделі мелиорациялаудан кейін 5 млрд гектарға, яғни құрғақ жердің 33%-на жеткізу мүмкіншілігі бар. Ал таяу болашақта аса күрделі мелиорациялаусыз-ақ құрғақ жердің 20-25%-ын, яғни 3,0-3,2 млрд гектар жерді егістікке игеруге болады.
