Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221 Кб
Скачать
☆

58. Әлемнің демографиялық мәселелері. Әлемдегі халықтың тығыз қоныстануы мәселесі және оны шешу жолдары

Демографиядағы ең басты мәселе – халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі – ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Планетада 7млрд-қа жуық адам өмір сүріп жатыр. Халық жедел өсуде, әр секунд сайын 3 адамға көбейіп отыр (21адам туылады, 18адам өледі, күніне 250мың.адамға өседі). Дамыған және дамушы елде әлеуметтік-демографиялық жағдай қарама-қайшы сипатқа ие.

Қазіргі кезде әлемдегі проблемалардың ең бастысы халықтың күрт өсуі болып отыр. Демографиялық күрт өсу (Демографический взрыв; грек, demos— халық, grapho — жазамын) — әлеуметтік- экономикалық немесе жалпы экологиялық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халық санының күрт өсуі.

Заңсыз миграция мен урбанизация келеңсіз жағдайлар туындатуда.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 1999 жылы әлем халқы шамамен 6 млрд адам болған, ал қазіргі уақытта 6,6 млрд адам. Жер шарындағы халықтың саны 1980-1990 жылдары арасында жылына 87 миллионға өсіп отырған болса, 1990-1995 жылдары арасындағы өсім 81 млн адам болған. Бұл сандар бойынша болашақта 2020 жылы әлемдегі халық саны 7,8 млрд, ал 21 ғасырдың ортасында 10,5 млрд адам болады деген болжам бар.  Халықтың орналасуы мен тығыздығына табиғат жағдайлары, тарихи-демографиялық және өндіргіш күштер факторлары өте үлкен ықпал етеді. Дүние жүзінде халық әркелкі орналасқан.Шығыс жарты шарда халықтың 85%-ы, ал батыс жарты шарда 15%. Жалпы халықтың 80%-ы теңіз деңгейінен 500 м-ден аспайтын өңірлерін мекендейді.Дүние жүзі халқының орташа тығыздығы 1км2-ге 45 адамнан келеді. Сонымен қатар халықтың орналасуы мен тығыздығына, оның саны мен құрамына көші-қон үлкен әсерін тигізеді.

Дамыған және өтпелі экономикалы елдердегі демографиялық проблемалар ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жұқпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен аштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады.

Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр.

Көптеген мемлекеттер қазіргі кезде халықының өсімін бақылап отыруға мәжбүр. Сонымен қатар өздерінің демографиялық саясатын жүргізеді. Демографиялық саясат -  халық санын реттеуге бағытталған, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайтын саясаттың бір саласы. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі.

Мысалы, ҚХР халқы орта жас жоғарылығымен сипатталады, “бір отбасы – бір бала” саясатын қолданады. Қытай халқы өсу қарқыны небәрі 0,49% және әлемде 151-орынды алады. Осындай саясатты Үндістан да жүргізеді.

Ал кейбір дамыған елдерде( Ұлыбритания, Германия,Дания) туу көрсеткішінін көтеру үшін саясат қолданылады,яғни екі немесе одан көп балалары бар отбасына көптеген жеңілдіктер мен жәрдемақылар беріледі.