Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221 Кб
Скачать
☆

15. Адами әлеутінің даму индексі (аәди): мәні, көрсеткіштер құрамы және жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттаудағы маңызы

Адам Даму Индексу (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.

АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.

АДИ- әлем елдерін салыстыру және өмір сүру деңгейін өлшеу, сауаттылық, білімділік және жас ұзақтығын зерттелініп отырған аумақтың адами әлеуетін сипаттайтын жыл саын есептелетін көрсеткіш. Ол әртүрлі елдер мен аймақтардың өмір сүру деңгейін жалпы салыстыру үшін қолданылатын стандартты құрал болып табылады. Бұл индекс1990 ж. бері БҰҰ-ның даму бағдарламасының шеңберінде адами даму әлеуетінің есептемелерінде жарияланады.

АДИ үш басты қағидалардан тұрады:

  • Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді

  • Білім деңгейі мен білім бері жүйесі

  • Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді.

Әлеуметтік-экономикалық жіктеліді әлеуметтік дамуды саныдық және сапалық тұрғыдан сипаттайтын ғылыми түрде негізделген жалпылама көрсеткіштер жүйесі мыналарды қамтиды:

  • әлеуметтік топтар, аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуындағы айырмашылықтардың деңгейін сипаттайтын адами даму әлеуеті индексінің жіетелу коэффициенті;

  • бір елдегі, аймақтағы денсаулық жағдайынның басқалармен салыстырғанда қаншалық екенін көрсететін денсаулық индексінің жіктелу коэффициенті;

  • Білім беру индексінің жіктелу коэффициенті. Мұндай көрсеткіш бір елдегі білім беру деңгейінің басқа елдің білім деңгейінен жоғары екенін анықтайтын көрсеткіш.

  • табыс индекінің жіктелу коэффициенті

  • өлім жітім индексінің жіктелі коээфициенті.

  • Кәсіби білім деңгейінің жіктелу коэффициенті

16. Әлемнің табиғи ресурстарының негізгі түрлері және олардың елдер арасында бөлінуі

Табиғи ресурстар – шаруашылықта қолданылып жүрген немесе қолднуға болатын табиғаттың құраушылары.

Табиғат ресурстарының түрлері:

- минералды;

- жер ;

- су;

- орман;

- әлемдік мұхит;

- реаккрациондық.

Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — өндірістік, денсаулық сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі.

Шаруашылықта қолданылатын болғандықтан бұл ресурстарды 2 топқа бөлуге болады:

1)өнеркәсіп өндірісініің ресурстары;

2)ауылшаруашылық өндірісінііің ресурстары.

Ресурстардың запастарының бғааудың әр түрлі әдііісері бар. БҰҰ ң әдістемесі бойынша табиғи ресурстар келесідей бөлінеді:

  1. Барланған. Барлаудың немесе зерттеудің қазіргі әдістерімен анықталған техникалық қолжетімді және тиімді.

  2. Алдын ала бағаланған. Теоретикалық есептеулер мен зерттеулердің негізінде белгіленген нақты анықталып, техникалық жағынан алынатын қорларды немесе резервтерді және қазіргі кезде техникалық және экономикалық себептерге байланысты менгеруге болмайтын табиғи ресурстардың қорлары.

  3. Болжамдалған. Тау кен орнының геологиялық ерекшеліктері туралы болжамдық негізделген.

Әлемдік табиғи ресурстарға деген қажеттілік куннен кунге артуда. Шикізаттық ресурстардың маңызды түрлерінің әлемдік ресурстарының өсу қарқыны әлемдік жалпы өніммен әлемдік өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынына шамамен сай келеді.

1951ж- 1990ж аралығында әлемдік жалпы өнім 3 есе өсті, әлемнің өнкәсіп өндірісі 3,6 есе өсті, ал өндірусаласының өнімі 3,7 есе өсті. Мұнай өндірісі – 4есе, таби5и газ – 5,8 есе, ал пластмасса – 40 есе өсті.

Шикізаттық ресрстардың әлемдік өндірісі мен тұтынылуына абсолютті өсуіне ҒТП ккедергі болады. ҒТП дамуына байланысты дайын өнімнің өндірісі материалды және энерго сиымдылығыны кму үрдісі кедергі болады.

Табиғи ресурстар елдер арасында бірііңғай бөлінбеген. Әлемдегіелдер табиғи ресрстармен қамтамсыз етілуін сипаты мен деңгейі бойынша әр түрлі дәрежеде орналасқан. Шындығында ешқандай ел бүгінгі экономикасы үшін қажетті минерады ресурстармен толық қамтылмаған және оларды импорттаудан бас тарта алмайды.

Тек қана бінеше елдер табиғи ресурстардың ен көп бөлігіне ие олар: АҚШ, РЕСЕЙ; КАНАДА; ҚЫТАЙ және Қазақстанда да жатқызуға болады.

Негізінде жақсы қамтамасыз етілгендер:Бразилия, Үндістан, Австралия, Қазақстан.

Кейбір елдер 1-2 ресурстармен ғана қамтамасыз етілген: олар: Оңт Африка, Таяу Шығыс, Араб елдері.

Сонымен қатар табиғи ресурстардың ең аз қоры: Жапония, Африка елдері, Бурунди, Чад.

Әлем халқының 4,5% және минералды ресуртардың 20% ие болып отырған АҚШ әлемдік табиғи ресурстардың 40% тұтынады, әсіресе отын шикізаты. Ал Жапония , Канада әлемнің халқының 9% ие және табиғи ресурсардың 30% түтынады. Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т және 23 трлн м3-ге жеткен. Қоңыр көмірдің барланған қорынын басым бөлігі және оны өндіретін өнеркәсіптің көпшішгі дамыған елдерде шоғьгрланған. Қоңыр көмір коры жөнінен АҚШ, Германия және Аустралия алдынғы орында. Дамушы елдердің көпшілігінде не мұнайдың, не көмірдің ірі қорлары жоқ, ол елдер сондықтан өндірістік-энергетикалық ресурстардың импортына тәуелді. Ал аса дамымаған елдерде отынға деген сұраныстың айтарлықтай бөлігі ағаш отын және биомассаның өзге түрлері(сабан, көк) есебінен қамтамасыз етіледі. Темір кені дүниежүзінің көптеген аймақтарында өндіріледі (оларды картадан анықтаңдар). Марганец кенін өндіруден ТМД өзге елдерден айтарлықтай алдыңғы орында (Аустралиядан 1 млн т, Бразилиядан 990 мың т, Үндістаннан 400 мың т артық). Қазақстанның жер қойнауынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табыл- ған. Еліміз вольфрамның барланған қоры бойынша дүниежүзінде 1-орында, уран, фосфор және хромит кендерінен 2-орында, ал молибден мен қорғасыннан 4-орында.