Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әлемдік экономика шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221 Кб
Скачать
☆

55. Oecd (эыдұ/оэср): құрамы мен әлемдік экономикадағы орны

 ЭЫДҰ 1948 ж. құрылған. Еуропалық ынтымақтастық ұйымының орнына құрылды. ЭЫДҰ мүшелері 31 өнеркәсіптік дамығын елдер болып табылады. ЭЫДҰ жұмысына ЕО комиссиясы , Еуропа еркін сауда қауымдастығы мен Еуропалық көмір және болат бірлестігінің өкілдері қатысады.

ЭЫДҰ ресми мақсаттары:

    • Ұйымға мүше және мүше емес елдердің тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал жасайды.

    • Олардың сауда және жалпы экономикалық саясатын үйлестірудің тиәмді әдістерін әзірлеу;

    • Дамушы елдерге көмек көрсету саласындағы шараларды ынталандыру;

    • Көпжақты және алаламаушылық негізде әлемдік экономикалық айырбастың дамуына ықпал жасау.

ЭЫДҰ-ның жетекші органы құрамына әрбір мүше елден бір өкіл кіретін кеңес болып табылады.

40 жылдан астам уақыт ішінде ЭЫДҰ әлемде ең сенімді статистикалық және әлеуметтік экономикалық мәліметтерді таратушы рөлін орындап келді.

ЭЫДҰ-ның мәліметтер базасы ұлттық есеп жүйесі, экономикалық көрсеткіштер, сауда –саттық денсаулық сақтау және экология сияқты әртүрлі салаларды қамтиды. Ұйымға мүше 30 ел әлемдегі таурлар мен қызметтредің 60 пайзын өндіреді, сондықтан да бұл өте бай ұйым сонымен қатар ұйымға барлығына ашық ұйым. Экономикалық жаһандану жағдайындағы жылдам өзгерістерге байланысты ЭЫДҰ –да өзгеріп отырады.

ЭЫДҰ қызмет ете бастағанннан бастап оның әрекет ету аумағы кеңейіп келеді, оған ұйымға мүше емес елдермен орнатылған кең көлемдегі байланыстарды айтуымызға болады. Бүгінгі таңда Оосындай байланысты 70 – тен астам елмен орнатып отыр. Бұл байланыстрадың мақсаты- ЭЫДҰ-ға мүше елдер тәжірбиесін өзге елдерге жеткізу арқылы экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту.

ЭЫДҰ –ға мүше емес елдермен ынтымақтастықты орнату орталығы ЭЫДҰ-ның өзге елдермен халықаралық қатанастар саласындағы стратегиялық бағыттарды бақылайды және жетілдіреді. Орталық ЭЫДҰ –ның негізгі қызметімен байланысты бірқатар бағдарламаларды үйлестіреді. Мысалы: инвестициялық климатты жақсарту, мемлекеттік және корпоративтік басқару, бәсекелестік және салық салу.

«Басшылық пен басқаруды жетілдіруді қолдау» (SIGMA) атты арнайы бағдарлама Орталық және Шығыс еуропадағы өтпелі экономикалы елдердің мемлекеттік басқаружүйесі мен менеджментін жетілдіругеп көмектесуге бағытталған. Бұл бағдарлама Еуропалық Одақпен бірігіп атқарылады.

56. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері: пайда болуы мен түрлері

Ғаламдық мәселелер - [франц. global - баршаға ортақ] - адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы және әлемдік шаруашылықтың жаһанды мәселелері деп барлық елдерге қатысты аламзат болашағына байланысты мәселелерді айтамыз. Бұл мәселелер ХХ ғасырдың 60-70 жылдары өзін білдіре бастады. Олар әртүрлі және күннен-күнге үдей түсуде. Ғылыми әдебиеттерде бұл мәселелер үш топқа жіктеледі:

1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:

-Соғыс және бейбітшілік мәселелері;

-Этнологиялық мәселелер;

-Дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жеңу мәселесі;

-Космос пен Әлемдік мүхитты бейбіт игеру мәселелері;