- •1.Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық) ұғымы және экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері.
- •2. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері
- •3. Әлемдік экономиканың хх ғ. Даму кезеңдері
- •5. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік экономикадағы орны мен дамуындағы рөлі
- •6. Әлемдік экономиканың қазіргі замаңғы даму тенденциялары
- •7. Әлемдік экономиканың постиндустриаланудың мәні, себептері мен негізгі белгілері
- •8. Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні, себептері және белгілері
- •9. Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері
- •10) Әлемдегі шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы) мәні, себептері және бағыттары
- •11. Экономиканың жаһандануының мәні, көрінісі және әлеуметтік-экономикалық салдары (мәселелері)
- •12. Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.
- •13.Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. Жіө-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы
- •15. Адами әлеутінің даму индексі (аәди): мәні, көрсеткіштер құрамы және жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттаудағы маңызы
- •16. Әлемнің табиғи ресурстарының негізгі түрлері және олардың елдер арасында бөлінуі
- •17. Табиғи ресурстардың қазіргі заманғы экономиканың дамуындағы рөлі. Өндірістің табиғи ресурстан тәуелділігін азайтудың негізгі жолдары
- •18. Минералды шикізат пен отынның әлемдік қорлары: негізгі түрлері мен қорларын бағалау. Минералды шикізат пен отынды өндіретін және тұтынатын елдер
- •19.Әлемнің жер қорлары: құрылымы, елдердің қамтамасыз етілуі және пайдалану мәселелері
- •20) Әлемнің су ресурстары: қорларын бағалау, елдер арасында бөлінуі, әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •21. Әлемнің орман ресурстары: қорларын бағалау және әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •22. Әлем халқының саны мен елдер бойынша бөлінуі. Дамыған және дамушы елдердің тұрғын халқының өсу қарқындары мен құрылымы.
- •23.Әлемнің еңбек ресурстары: сандық және сапалық аспектілері
- •25. Жұмыс күші сферасын реттейтін халықаралық ұйымдар: қызметінің мақсаттары және негізгі функциялары.
- •26. Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары
- •27. Елдердің ресми алтын резервтік қорлары: маңызы, мақсаттары мен көлемдері
- •28. Әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануы мен оның салдары. Әлемдік қаржы дағдарыстар
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •29.Экономиканың жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстардың маңыздылығы. Әлем елдері бойынша кәсіпкерлік ресурстардың бөлінуі
- •30) Әлемнің ғылыми ресурстары. Жеке елдердің ғылыми ресурстарын сипаттайтың негізгі көрсеткіштері
- •31. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алдынғы қатарлы және артта қалған елдердің құрамы. Әлемдік экономикада күштер арақатынасының өзгеру перспективалары
- •32. Қуып жету дамудың моделдері және олардың тәжірибеде жүзеге асырылуы
- •33.Ұлттық экономиканың ашықтығы: мәні, көрсеткіштері, тиімділігі мен мәселелері
- •35. М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясының негізгі идеялары
- •36. Елдердің бәсекелестік қабілеттілігінің маңызы мен негізгі критерийлері. Бэф (gci) рейтингі: пайда болуы мен негізгі көрсеткіштері
- •37. Мемлекетаралық аймақтық интеграциялық бірлестіктер: түсінігі, мақсаттары, дамудың негізгі этаптары мен негізгі мәселелері
- •38. Еуропалық одаққа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу мен дамуы, елдер саны мен құрамы, әлемдік экономикадағы рӛлі). Ео қазіргі кездегі даму мәселелері неде?
- •39.Nafta (нафта)-ға сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •40) Asean (асеан) және apec (атэс) сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •Құрылымы
- •41. Mercosur (меркосур) мен лаи-ға сипаттама беріңіз (аймағы, елдер құрамы, құрылу мақсаты)
- •42. ЕурАзЭқ-қа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу жылы, елдер құрамы, даму мақсаттары мен міндеттері)
- •43.Беларусь, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы, пайда болуы мен даму нәтижелері. Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасу мәселелері
- •45. Дамушы елдер экономикасының негізгі сипаттары, даму мәселері мен әлемдік экономикадағы орны
- •46. Әлемдік экономикадағы брикс елдері: түсінігі, даму ерекшеліктері, әлемдік экономикадағы орны
- •47. Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриялық елдердің даму ерекшеліктері мен әлемдік экономикадағы орны
- •48. Латын Американың жаңа индустриялық елдердің экономикалық потенциалы мен дамуының негізгі мәселері
- •49.Мұнай-экспорттаушы елдердің экономикасының ерекшеліктері және даму мәселері
- •50) Әлемнің ең кедей елдері және олардың артта қалуының негізгі себептері
- •51. Өтпелі экономикалы елдер экономикасының негізгі сипаттары мен даму мәселері
- •52. Трансұлттық корпорациялардың (тұк) негізгі сипаты. Тұк-дың әлемдік экономикадағы дуализм (екi жақты) жағдайы
- •53.Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі. Тұк қызметінің негізгі салалары
- •55. Oecd (эыдұ/оэср): құрамы мен әлемдік экономикадағы орны
- •56. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері: пайда болуы мен түрлері
- •1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:
- •2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •57. Әлемнің экологиялық мәселелері. Экономиканың тұрақты дамудың концепциясы. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламалары
- •58. Әлемнің демографиялық мәселелері. Әлемдегі халықтың тығыз қоныстануы мәселесі және оны шешу жолдары
- •59.Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі: жалпы жағдайы мен аймақтық-экономикалық аспекті
- •60) Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі және оны шешу жолдары. Fao (атаӛұ/фао) негізгі мақсаттары
42. ЕурАзЭқ-қа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу жылы, елдер құрамы, даму мақсаттары мен міндеттері)
Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ) – өзіне кіретін елдердің сыртқы ортақ кеден шекарасын құруға, бірыңғай сыртқы экономикалық саясатты, тарифтерді, бағаны және жалпы нарықтың жұмыс істеуін құраушыларды жасап шығаруға байланысты функциялар берілген халықаралық экономикалық ұйым.
Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы шартқа 2000 жылы 10 қазанда Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан президенттерімен Қазақстанның астанасы Астана қаласында қол қойылды.
Кеден одағының құқық иеленушісі болып ұйым БҰҰ принциптері мен халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес құрылды. Ол халықаралық құқықтық субъектілікке ие. 2003 жылы Еуразиялық экономикалық қауымдастық БҰҰ Бас ассамблеясында бақылаушы мәртебесін алды.
Қауымдастықтың мақсаты
ЕурАзЭҚ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің Кеден одағына қатысушы-елдерді құру процесін тиімді алға жылжыту, әлемдік экономика мен халықаралық сауда жүйесіне интеграциялау кезінде олардың тәсілін үйлестіру үшін құрылды.
Ұйым қызметінің басты векторларының бірі – халықтың өмір сүру деңгейін арттыруда олардың экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану кезінде әлеуметтік-экономикалық түрлендіруді келісу жолымен Қауымдастық елдерін динамикалық дамытуды қамтамасыз ету.
Қауымдастықтың негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:
еркін сауда режимін толық көлемде рәсімдеуді аяқтау, бірыңғай кеден тарифін және тарифтік емес реттеу шараларының бірыңғай жүйесін құру;
тауралар мен қызметтердің саудасының ортақ тәртібін және олардың ішкі нарыққа қол жетімділігін белгілеу;
валюталық реттеу және валюталық бақылаудың бірыңғайланған тәртібін енгізу; кедендік реттеудің бірыңғайланған ортақ жүйесін құру;
әлеуметтік-экономикалық дамудың бірлескен бағдарламасын әзірлеу және іске асыру; өндірістік және кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдай жасау;
көлік қызметінің ортақ нарығын және бірыңғай көлік жүйесін құру; ортақ энергетикалық нарық құру;
ЕурАзЭқ құрамы
Бес мемлекет - Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылған сәтінен бастап оның мүшелері болып табылады. 2002 жылы мамыр айында Молдавия мен Украина басшылығының өтінішімен бұл елдерге ЕурАзЭҚ жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді. 2003 жылы Арменияның осындай өтініші қанағаттандырылды. Өзбекстан 2006 жылы қаңтар айында ЕурАзЭҚ мүшесі болды.
ЕурАзЭҚ басшы органдарының құрылымы: Мемлекетаралық кеңес, Біріктіру комитеті, Парламентаралық Ассамблея, Қоғамдастық соты.
ЕурАзЭҚ бюджеті
Қоғамдастықтың бюджеті әр бюджет жылына Біріктіру комитетімен Қоғамдастық мемлекеттерімен келісім бойынша әзірленеді және Мемлекетаралық кеңес бекітеді.
Қоғамдастық бюджеті үлес жарналары есебінен қалыптастырылады: 40 пайызын Ресей, 15 пайыздан Белоруссия, Қазақстан, Өзбекстан, 7,5 пайыздан Қырғызстан мен Тәжікстан енгізеді.
43.Беларусь, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы, пайда болуы мен даму нәтижелері. Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасу мәселелері
Кеден одағы бұл – Беларусь, Қазақстан, Ресей арасындағы сауда – экономикалық интеграция;
Бірыңғай кедендік аймақ;
Өзара сауда қатынастарында баж салығы т.б экономкалық
сипаттағы кедергілердің қолданылмауы ;
Үшінші елдермен бірыңғай кеден тарифі, саудалық реттеу қолданылуы.
Құрылу тарихы
1995 ж. Қазақстан, Беларусь, Ресей кейіннен Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан КО құру туралы келіссөз жүргізді
2007 ж. Қазақстан, Беларусь, Ресей ортақ кедендік аумақ құру және КО қалыптастыру туралы келісімшартқа қол қойды;
2009 ж. КО-ның негізін құрайтын 40 халықаралық келісімшартқа қол қойылды;
2009 ж. 28 қараша. Үш ел басшыларының Минскіде, үш ел аумағында 2010 ж. 1 қаңтарынан бастап бірәыңғай кедендік кеңістік құру туралы кездесу өтті.
2010 ж. көктемде қатысушы мемлекет басшылары арасында келіспеушілік туындап, 28 мамырда Ресей төрағасы В.В Путин одақ Беларусиясыз жұмыс жасайды деп мәлімдеді.
2010 ж.маусымда Беларусия, КО үш жақты форматта КО-ның Кеден кодексі негізінде күшңне енеді деп растады;
2010 ж. 1шілде. Кеден кодексі Ресей мен Қазақстан территориясында қолданыла бастады.
2010 ж. 6 шілде. Кеден кодексі үш ел территориясында күшіне енді
2011 ж. 1сәуір. Үш ел шекарасында кедендік бақылау жойылды;
2012 ж. 1 қаңтар КО мен БЭК дамуын қамтамасыз ету үшін, Евразиялық экономикалық комиссия құрылды. Оның құрамына әр елден бір мүше кіреді.
Евразиялық экономикалық комиссияның қалаптасуы КО мен БЭК-тің Евразиялық одаққа айналуына жасалған қадам болып табылады
КО елдерінің өзара тауарағымдары :
2012 ж. қаңтар –желтоқсан. Өзара тауар операциялары:
Ресей- Беларусь: $43,9 млрд, өсім - 9,6%,
Ресей- Қазақстан : - $23,8 млрд, өсім - 6,8%,
Беларусь- Қазақстан: - $0,9 млрд, өсім - 15,1%,
Бірыңғай экономикалық кеңістік- КО елдерінің интеграциялық бірлестігі. БЭК 2012 ж. 1 қаңтарынан бастап жұмыс жасайды. Толыққанды 2012 ж. шілдесінен бастап жұмысына кірісті. БЭК- Нұрсұлтан Назарбаев бастама етіп жариялаған Еуразиялық одақтың бастапқы негізі.
Негізгі қағидалары:
Таурлар саудасының еркіндігі;
Қызметтер саудасының еркіндігі;
Қаржылық капиталдарыдың еркін қозғалысы;
Адам капиталының еркін қозғалысы.
БЭК-ті құрудың төрт принципті мәселесі:
Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады.
Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі интеграция идеясы.
Үшіншіден, қауіпісізідікті бір ғана елдің күш-жігерімен қамтамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі.
Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі.
44. Өнеркәсібі дамыған елдер экономикасының негізгі сипаттары мен әлемдік экономикадағы орны. Дамыған елдерді әлемдік шаруашылықтың ядросы деп атауға болады. Олар әлем бойынша ЖІӨ-ң жартысынан көбін алады, әлемнің басқа елдеріне ориентир болып табылатын әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жеткен. Дамыған елдер тобы 30-дан астам елдер мен территориялдарды қамтиды. Дамыған елдердің негізгі белгілері: 1) жан басына шаққандағы ЖІӨ жоғарғаы көлемі; 2) экономикасының көп салалық құрылымы; ғылымды көп қажет ететін салалар, қызмет көрсету саласы басты орын алған; 3) қоғамның әлеуметтік құрылымы бойынша өте бай және өте кедей халықтар арасындағы алшақтықтың үлкен еместігі (кедей халық-20%, бай халық-20%); 4) орта класс орны өте көп. ЖІӨ көлемі бойынша нарықтық экономикалы дамыған елдер тобына жататын 7 елге: Германия, Италия, Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жапония жатады және басқа да Батыс Еуропа елдері, сонымен қатар Еуропалық қауымдастық, Солтүстік Америка және Жапония жатады. Дамыған елдер тобы әлемнің индустриалды дамыған елдерінің ішінде маңызды орынға ие, әлемдік ЖҰӨ 47%-ын және халықаралық сауданың 51%-ын қамтамасыз етеді. Дамыған елдер тобының ішінен 3 орталықты атап өтуге болады, оларды триада деп атайды: ЕО, НАФТА мен Азияның дамыған елдері, бастысы Жапония. Бұл триаданы бөліп көрсететін себебі, онда әлемнің ЖІӨ-ң жартысы өндіріледі, сонымен қатар ЕО, НАФТА мен Азияның дамыған елдері заманауи капитализмнің түрлі әлеуметтік-экономикалық моделдерін ұсынады. Еуропалық континентте әлемнің ірі 7 индустриалды елдерінің 4-уі орналасқан, ондағы маңызды бірлестіктердің бірі ЕО елдері, олар әлемдік ЖІӨ-нің 21%-ын, экспорттың 41%-ын, ЕО елдерінің ЖІӨ-ң 73%-ын және экспортының 64%-ын алады. Триаданың әрбір мүшесінің өз перифериясы бар, ол эконмикалық тығыз байланыстағы елдерден тұрады. НАФТАда ол Латын Америкасы, ЕО – орт-шығыс Еуропа, таяу және орта Шығыс (жерортатеңіз елдері), Африка. Азия- Шығыс, оңт-шығыс Азия мен Австралия. Аталған 3 топ бір-бірімен халықаралық экономикалық қатынастың барлық формаларымен бәсекелесуде. Дамыған елдер әлемдік саудада басымдылыққа ие, бірақ та соңғы он жылдарда олардың үлесі төмендеп барады. Әлемдік экономикадығы АҚШ рөлі. АҚШ әлемдік экономикалық жүйенің жетекші державасы болып табылады және ол келесідей басымдықтарға байланысты негізделген: 1. ірі шаруашылық әлеуеті – табиғи-шикізаттық, .демографиялық, өндірістік, ғылыми-техникалық; 2. Ішкі нарықтың үлкен сыйымдылығы; 3. Өндіріс пен капитал орталықтандырудың ірі масштабы; 4. Ірімасштабты ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізуі; 5. Өндіріс пен қызмет сферасының жаңа салаларының дамуы, заманауи экономикалық (постиндустриалды) құрылым; 6. Дамудың тұрақты жоғарғы қарқыны; 7. елдің экономикалық саясатының негізін анықтайтын қағидаттардың жиынтығы мен басымдылығы – экономикалық қызметтің еркіндігін қолдау, еркін бәсекелестікті қорғау, кәсіпкерлік белсенділіктің кеңеюі, монополияны шектеу. АҚШ өзінің экономикалық және қаржы әлеуетін ұстай отырып,еңбектің өнімділігі, ЖІӨ-ң қарқыны бойынша, ғылми-техникалық үдерісте және сыртқыэкономикалық байланыстардың даму деңгейі бойынша бәсекелестерінің алдында. АҚШ ғылыми-техникалық әлеуеті бойынша әлемде бірінші орынды алады. Батыс Еуропаның әлемдік экономикадағы рөлі. Еуропалық экономиканың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін салаларға: 1. Дәстүрлі: автокөлікқұрылысы –Германия, Франция. Авициялық өндіріс – Ұлыбритания, Германия, Франция. Текстиль өнеркәсібі – Италия, Франция. 2. Жаңа: бағдарламалық қамсыздандыру – Германия, Бельгия, Нидерланды. Цифрлық телекөрініс – Франция, Германия. Мобилді байланыс – Швеция, Ұлыбритания, Финляндия.
