- •1.Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық) ұғымы және экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері.
- •2. Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері
- •3. Әлемдік экономиканың хх ғ. Даму кезеңдері
- •5. Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік экономикадағы орны мен дамуындағы рөлі
- •6. Әлемдік экономиканың қазіргі замаңғы даму тенденциялары
- •7. Әлемдік экономиканың постиндустриаланудың мәні, себептері мен негізгі белгілері
- •8. Әлемдік экономиканың трансұлттанудың мәні, себептері және белгілері
- •9. Әлемдік экономикада аймақтану мен интеграция үдерістері: мәні мен себептері
- •10) Әлемдегі шаруашылық өмірдің ырықсыздануы (либерализациясы) мәні, себептері және бағыттары
- •11. Экономиканың жаһандануының мәні, көрінісі және әлеуметтік-экономикалық салдары (мәселелері)
- •12. Әлемдегі елдерінің типологиясының (классификациясының) критерийлері мен негізгі өлшемдері.
- •13.Әлем елдерінің Бүкіләлемдік банктің классификациясы. Жіө-ді есептеу әдістері және елдердің экономикалық даму деңгейін салыстырудағы маңызы
- •15. Адами әлеутінің даму индексі (аәди): мәні, көрсеткіштер құрамы және жеке елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін сипаттаудағы маңызы
- •16. Әлемнің табиғи ресурстарының негізгі түрлері және олардың елдер арасында бөлінуі
- •17. Табиғи ресурстардың қазіргі заманғы экономиканың дамуындағы рөлі. Өндірістің табиғи ресурстан тәуелділігін азайтудың негізгі жолдары
- •18. Минералды шикізат пен отынның әлемдік қорлары: негізгі түрлері мен қорларын бағалау. Минералды шикізат пен отынды өндіретін және тұтынатын елдер
- •19.Әлемнің жер қорлары: құрылымы, елдердің қамтамасыз етілуі және пайдалану мәселелері
- •20) Әлемнің су ресурстары: қорларын бағалау, елдер арасында бөлінуі, әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •21. Әлемнің орман ресурстары: қорларын бағалау және әлемдегі тұтыну қарқындары мен пайдалану мәселесі
- •22. Әлем халқының саны мен елдер бойынша бөлінуі. Дамыған және дамушы елдердің тұрғын халқының өсу қарқындары мен құрылымы.
- •23.Әлемнің еңбек ресурстары: сандық және сапалық аспектілері
- •25. Жұмыс күші сферасын реттейтін халықаралық ұйымдар: қызметінің мақсаттары және негізгі функциялары.
- •26. Әлемнің қаржы ресурстар ұғымы және олардың қозғалысының негізгі бағыттары. Әлемдік қаржы орталықтары
- •27. Елдердің ресми алтын резервтік қорлары: маңызы, мақсаттары мен көлемдері
- •28. Әлемнің қаржы ресурстарының жаһандануы мен оның салдары. Әлемдік қаржы дағдарыстар
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •29.Экономиканың жаһандану жағдайындағы кәсіпкерлік ресурстардың маңыздылығы. Әлем елдері бойынша кәсіпкерлік ресурстардың бөлінуі
- •30) Әлемнің ғылыми ресурстары. Жеке елдердің ғылыми ресурстарын сипаттайтың негізгі көрсеткіштері
- •31. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша алдынғы қатарлы және артта қалған елдердің құрамы. Әлемдік экономикада күштер арақатынасының өзгеру перспективалары
- •32. Қуып жету дамудың моделдері және олардың тәжірибеде жүзеге асырылуы
- •33.Ұлттық экономиканың ашықтығы: мәні, көрсеткіштері, тиімділігі мен мәселелері
- •35. М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясының негізгі идеялары
- •36. Елдердің бәсекелестік қабілеттілігінің маңызы мен негізгі критерийлері. Бэф (gci) рейтингі: пайда болуы мен негізгі көрсеткіштері
- •37. Мемлекетаралық аймақтық интеграциялық бірлестіктер: түсінігі, мақсаттары, дамудың негізгі этаптары мен негізгі мәселелері
- •38. Еуропалық одаққа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу мен дамуы, елдер саны мен құрамы, әлемдік экономикадағы рӛлі). Ео қазіргі кездегі даму мәселелері неде?
- •39.Nafta (нафта)-ға сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •40) Asean (асеан) және apec (атэс) сипаттама беріңіз (пайда болуы, аймағы, елдер құрамы, әлемдік экономикадағы рөлі)
- •Құрылымы
- •41. Mercosur (меркосур) мен лаи-ға сипаттама беріңіз (аймағы, елдер құрамы, құрылу мақсаты)
- •42. ЕурАзЭқ-қа сипаттама беріңіз (аймағы, пайда болу жылы, елдер құрамы, даму мақсаттары мен міндеттері)
- •43.Беларусь, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы, пайда болуы мен даму нәтижелері. Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасу мәселелері
- •45. Дамушы елдер экономикасының негізгі сипаттары, даму мәселері мен әлемдік экономикадағы орны
- •46. Әлемдік экономикадағы брикс елдері: түсінігі, даму ерекшеліктері, әлемдік экономикадағы орны
- •47. Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриялық елдердің даму ерекшеліктері мен әлемдік экономикадағы орны
- •48. Латын Американың жаңа индустриялық елдердің экономикалық потенциалы мен дамуының негізгі мәселері
- •49.Мұнай-экспорттаушы елдердің экономикасының ерекшеліктері және даму мәселері
- •50) Әлемнің ең кедей елдері және олардың артта қалуының негізгі себептері
- •51. Өтпелі экономикалы елдер экономикасының негізгі сипаттары мен даму мәселері
- •52. Трансұлттық корпорациялардың (тұк) негізгі сипаты. Тұк-дың әлемдік экономикадағы дуализм (екi жақты) жағдайы
- •53.Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі. Тұк қызметінің негізгі салалары
- •55. Oecd (эыдұ/оэср): құрамы мен әлемдік экономикадағы орны
- •56. Әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері: пайда болуы мен түрлері
- •1. Халықаралық қатынастар саласымен байланысты мәселелер:
- •2. Жеке түлға мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •3. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты мәселелер:
- •57. Әлемнің экологиялық мәселелері. Экономиканың тұрақты дамудың концепциясы. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламалары
- •58. Әлемнің демографиялық мәселелері. Әлемдегі халықтың тығыз қоныстануы мәселесі және оны шешу жолдары
- •59.Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі: жалпы жағдайы мен аймақтық-экономикалық аспекті
- •60) Жер шары тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі және оны шешу жолдары. Fao (атаӛұ/фао) негізгі мақсаттары
53.Әлемдік экономикадағы трансұлттық корпорациялардың орны мен рөлі. Тұк қызметінің негізгі салалары
Қазіргі трансұлттық корпорациялар (ары қарай ТҰК) әлемдік экономикада үстем рөл атқарады. Оның дәлелі кейіннен БҰҰ-ның сауда және даму конференциясына кірген, зерттеу материалдары мен статистикасы ТҰК дамуының негізгі ресми қайнар көзі болып табылған арнайы комиссияның құрылуы болды. Ол комиссия 1974 жылы БҰҰ-ның ТҰК феноменін зерттеу үшін арнайы құрылған еді. Трансұлттық корпорациялар экономикалық қуаттылығын ұлғайта отырып, халықаралық экономикалық қатынастарға және жалпы осы даму кезеңінде шаруашылықтың әлемдік жүйесінің маңызды экономикалық субъектілеріне айналып келе жатқандығын сеніммен айта аламыз. Бұған ЮНКТАД-тың кейбір статистикалық мәліметтерімен таныса отырып көз жеткізуге болады.ТҰК дүниежүзілік өнеркәсіптік өндірістің 70%-нан астамын, әлемдік сыртқы сауданың 80%-нан астамын, сонымен қатар жаңа техникаға, технология мен ноу-хауға лицензиялар мен патенттердің әлемдік базасының 80%-на жуық бөлігін бақылайды. ТҰК үлесіне дүниежүзіндегі тікелей инвестицияның көп бөлігі тиеді, оның ішіндегі ең алғашқы жүз ТҰК олардың жалпыәлемдік көлемінің 65%-ға жуығын өз қолына шоғырландырады. ТҰК бақылауына бидай, кофе, жүгері, орман материалдары, темекі, кендір мен темір кенінің әлемдік нарығының 90%-ы; мыс пен боксит нарығының 85%-ы; шәй мен қалайы нарығының 80%-ы; бана, табиғи каучук және өңделмеген мұнайдың 75%-ы тиесілі. ТҰК-ның халықаралық өндіріс, сауда, қаржы мен басқа да салалардағы мәні дүниежүзілік трансұлттық өндіріс көлемінің өсу қарқынына үздіксіз пропорционал ұлғаюда, оның динамика фрагменті байқалады .Қазіргі ТҰК-дың экономикалық қуатын және қызмет масштабын ( көптеген сипаттамаларды нанымдылығына сәйкес) олардың дүниежүзінің барлық аймақтарындағы бөлімшелері мен еншілес компанияларының саны, сату көлемі, инвестициялар немесе алатын табыс көлемі бойынша ғана бағалау дұрыс болмаған болар еді. Атап өткен көрсеткіштердің кез келгені, әрине, ең алдымен жалпыәлемдік өндіріс пен айналымдағы салмақты үлесімен үлкен маңызға ие. Алайда бұл жағдайда экономикалық жаһандану дәуіріндегі әлемдік экономикалық үдерістердің объективті өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігінен пайда болатын жүйелік эффект маңыздырақ. Жүйелік эффектіні пайдаланудағы ТҰК артықшылықтары деп мыналарды атап көрсетуге болады.
1. Бір елде кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын және өз қажеттіліктерін экспорт-импорт мәмілелері арқылы шетелдік ресурстармен қанағаттандыратын компаниялар алдында табиғи ресурстарды, капитал мен білімді, әсіресе ҒЗҰКЖ нәтижелерін иемдену артықшылықтарын пайдалану.
2. Ішкі нарық көлемін, экономикалық өсу қарқынын, жұмыс күшінің құны мен біліктілігін, басқа да экономикалық ресурстардың құны мен арзаншылығын, инфрақұрылымның даму деңгейін, сонымен қатар саяси құқықтық факторларды, ең маңыздысы саяси тұрақтылықты есепке ала отырып, әртүрлі елдерде өз мекемелерін үйлесімді орналастыру мүмкіншілігі.
3. Ең төмен салық стратегиясын жасап шығару мақсатымен бүкіл жүйе шеңберінде қаржы есебінің консолидациясы – салық жеңілдіктерін және т.с.с. пайдаланатындары көбірек табыс алатындай етіп, корпорация құрамына кіретін компаниялар арасында табысты қайта бөлу мүмкіндігі.
4. Бүкіл дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің қаржы ресурстарын өз мақсаттарында пайдалану, себебі оларды қаржыландырудың қайнар көзі бас компаниялар ғана емес, қабылдаушы мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары болып табылады. Ол үшін ТҰК шетелдік құрылымдарды қабылдаушы мемлекеттердің, сонымен бірге үшінші мемлекеттердің қаржы институттарының займдарын кең түрде пайдаланады.
5. ТҰК басшылығының қатаң бақылауында болатын және тұрақты жетілдіріліп отыратын рационалды ұйымдастырушы құрылым екендігі.
6. Әртүрлі елдерде тауар, валюта және қаржы нарықтарының конъюнктурасы туралы тұрақты ақпаратпен қамтамасыз етілуі қомақты түрде пайда түсіру үшін жақсы жағдай қалыптастырған елдерге капитал ағымын жедел аударып отыруға және де ең төмен қауіппен қаржы ресурстарын бөліп таратуға мүмкіндік береді.
7. Жақсы диверсификацияланған ТҰК-дың дүниежүзілік шаруашылықтың жекелеген салаларындағы ұзақ мерзімді құбылыстардан салыстырмалы тәуелсіздігі.
ТҰК қызметінің маңызды да жағымды қырларын атай отырып, олардың жаһандық дүниежүзілік шаруашылыққа төмендегідей бағыттар бойынша айтарлықтай үлес қосатындығын айта кету керек:
• Ресурстардың барлық түрлерін тиімді бөліп таратуға ықпал етеді;
• Өндірістің тиімді орналасуына жағдай жасайды;
• Олардың арасында жаңа тауарлар мен технологиялар анағұрлым белсендірек таралады;
• Жергілікті монополиялардың ұстанымдарына кедергі келтіре отырып, бәсекелестіктің күшеюіне ықпал етеді;
• Олардың арқасында халықаралық ынтымақтастық кеңейеді.
ТҰК-дың дүниежүзілік қаржы, материалды-техникалық және еңбек ресурстары саласындағы, шаруашылықтың экономикалық мақсатқа сәйкес және тиімді түріне бірігу тәсілдеріндегі артықшылықтары, ұлттық корпорациялармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігінің айтарлықтай өсімі мен кәсіпкерлік қауіптің
төмендеуін қамтамасыз етті.
54. Дамушы елдердің экономикасына ТҰК қызметінің тигізетін жағымды және жағымсыз әсері. Қазіргі таңда ірі ТҰК-лар арасында дамушы елдердің Азия мен Латын Америкасы елдерінің дербес компьютерлердің мультимедиялық құралдарына маманданған «Дэу», «Криэтив технолоджи» компаниялары жатады. Аталған компаниялар осы өнім бойынша әлемдік нарықтың 60%-ын алады. ТҰК-лар дамушы елдер экономикасына шамамен 500 млдр доллар салды. АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Германия елдерінің ТҰК-лары аталған 500 млрд доллардың 4/5 бөлігін салды. Қазіргі таңдағы ТҰК-лардың экономикалық қызығушылық орнына ие болған зонасына дамушы елдер жатады. Дамушы елдерде экономикалық көмек көрсету ТҰК қызметінің мақсатына жатпаса да, олар объективті түрде өндірістің дамуына ықпал етеді, халық шаруашылығының құрылымын өзгертеді және дамушы елдердің халықаралық экономикалық қатынасқа қатысуын модернизацияландырады. Аталған ТҰК-ң дамушы елдер шекарасында болуының ерекшеліктерінен осы елдерге алып келетін жағымды және жағымсыз жақтарын атап өтсе болады. ТҰК-лардың дамушы елдердің экономикасына тигізетін жағымды жақтарына:
- бірқатар салаларға (тігін, текстиль, электронды өндіріс) өндірістік технологиялардың аударылуы. Корпорациялар инвестор ретінде ғана маңызды рөлге ие емес, олар инвестициялық тауарлар мен технологияларды жеткізуші ретінде де маңызды орынға ие.
- дамушы елдердің экономикасының құрылымының өзгеруін ынталандыруға ықпал ету, қайта өңдеу циклы салаларының құрылуы, дамушы елдерді шикізат экспорттаушы елден дайын өнім жеткізуші елдерге айналдыруы.
- ТҰК-лар инновация үдерісінің жылдамдауына ықпал етеді, дамушы әлемде жұмысбастылық жағдайын жақсартады.
ЮНКТАД эксперттерінің айтуынша, ірі корпорациялар дамушы елдердің шаруашылық құрылымына терең әрі сәтті кірді. Қазіргі таңда орын алып отырған көптеген әлеуметтік мәселелердің көбеюі мен шикізат пен қаржы дағдарысының әсерінен, ТҰК-лар осы елдердің өкіметімен, ірі және ұсақ кәсіпкерлерімен экономиканың өндіру саларына басымдылыққа ие кәсіпорындарды дамытуда одақтастыққа келеді, олар қайта өңдеу өндірісі салаларында бөлімшелері мен еншілес компанияларын құруда.
Жағымсыз жақтарына:
ТҰК-лардың ірі күші мен мықтылығы жергілікті фирмаларды басуы; монополиялық бағалардың орнатылуы; мемлекеттік заңдарды бұзу, мысалы, табыстарды салық салудан бір елден келесі елге ауыстыру арқылы жасыру; өз өндірісі арқылы орналасқан елде қоршаған ортаны ластау; ТҰК бөлімшелерінің жұмысшыларының жалақысының жергілікті фирмалар жұмысшыларының жалақысынан артық болуы нәтижесінде, еңбек нарығында тұрақсыздықтың орны алуы; ТҰК-ң орналасқан елдің үкіметінің саясатына әсер ету мүмкіндігі.
