- •An 2206 аудит негіздері пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •5В050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •2. Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Аудит негіздері
- •Түсіндірме жазба
- •1. Пәннің мазмұны
- •2.Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы Пәні: Аудит негіздері Мамандығы: 5в050800 «Есеп және аудит»
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Дәрістік, практикалық сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Практикалық / семинар сабақстарының мазмұны
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •«Аудит негіздері » пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) Мамандығы 5в050800 «Есеп және аудит»
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •10. Курс саясаты
- •Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі
- •6. Дәріс сабақтарының кешені
- •1. Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны.
- •Аудит заңы, оның ролі мен маңызы.
- •Аудит субъектісі, олардың құқықтары , міндеттері мен жауапкершілігі.
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқықтары. Шаруашылық субъектісі ретіндегі аудиторлардың міндеттері.
- •Аудит тұжырымдамасы және оның постулаттары.
- •Аудиттің стандарты және нормативтері.
- •1. Диалектикалық әдіс. Дедукция. Индукция. Аналогия.
- •2. Жүйелі талдау. Функциялық бағалануын талдау.Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі. Әдістемелік құжаттау әдісі.
- •3. Нақты тексеру-бақылау әдісі.
- •Аудит этикасының кодексі.
- •Аудит этикасын бақылаушы ұйымдар.
- •Міндетті этика. Орындауға болмайтын істер мен қатынастар.
- •Қазақстандық аудит стандарттарының мақсаты мен негізгі принциптері.
- •Аудиттің халықаралық стандарттары. Қазақстандық аудит стандарттарының мазмұнына қойылатын талаптар.
- •Ішкі аудит стандарттары.
- •Аудиттің бастапқы сатысындағы тараптардың өзара қарым-қатынасы.
- •Аудитті жүргізуге келісім-шарт. Аудиторлық қызмет көрсету құнын бағалау.
- •Аудитордың тапсырыс беруші алдындағы хат-міндеттемесі.
- •Қате және алаяқтық туралы түсінік. Алаяқтық тәуекелділігін арттыратын жағдайлар.
- •Қателерді жіктеу.
- •Сыртқы аудитор және ішкі аудитке деген сенімділік.
- •Ішкі аудиттің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері. Ішкі аудиттің құрамы.
- •Экология саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
- •Экологиялық аудиттің мақсаттары мен міндеттері.
- •Экологиялық аудиттің объектілері. Экологиялық аудит жүргізу бағдарламаларын жасау.
- •1. Операциялық аудиттің түрлері.
- •2. Операциялық аудиттің объектілері және аудит жүргізу бағдарламасы.
- •1.Оперативтік есеп. Статистикалық есеп. Бухгалтерлік есеп.
- •2. Құжаттар. Қаржы есебі және оның мазмұны.
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп кестелерін тексеру.
- •1. Аудиторлық есеп беру нысаны мен құрылымы.
- •2. Аудиторлық есеп беру түрлері. Арнайы аудиторлық есеп беру.
- •3. Тапсырыс берушілер үшін мәлімет.
- •7. Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Практикалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •«Аудит негіздері» пәнінен баоөж тапсырмалары:
- •10. Студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Өзіндік жұмыстың орындалуына қойылатын талаптар.
- •Білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •11. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар
- •12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •13. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
Экология саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
Экологиялық аудиттің мақсаттары мен міндеттері.
Экологиялық аудиттің объектілері. Экологиялық аудит жүргізу бағдарламаларын жасау.
Лекцияның мақсаты: соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан экологиялық аудит туралы жалпы түсінік қалыптастырып, мағлұмат беру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: қысқартылған арнайы, толық арнайы, қысқартылған кешенді, толық кешенді.
Сұрақ 1. Экология саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
1. “Қоршаған ортаны қорғау туралы”ҚР Заңы 15.07.1997ж.
(11.05.1999ж.№381-1 және 29.11.1999ж.№488-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).
2. “Экологиялық сараптау туралы”ҚР Заңы 18.03.1997ж. №85-1(11.05.1999ж.№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерді қоса алғанда)
3.“Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы”ҚР Заңы 15.07.1997ж.№162-1(11.05.1997ж№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімн қоса алғанда).
4.“Жануарлар әлемін пайдалану мен ұдайы өндіру,қорғау туралы”ҚР Заңы 21.10.1993ж. (11.05.1999ж №381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).
5.ҚР Орман кодексі 23.01.1993ж.(11.05.1999ж №381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).
6.ҚР Су кодексі 31.03.1993ж.(11.05.1999ж.№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).
7.“Қазақстан Республикасының қоғамдық және экологиялық қауіпміздігінің концепциялары туралы”ҚР Президентінің жарлығы.30.04.1996ж.№2967
8.“Атомдық энергияны пайдалану туралы”ҚР Заңы.14.04.1997ж.№93-1
9.“Халықтың радиациялық қпуіпсіздігі туралы”ҚР Заңы.23.04.1998ж.№219-1
10.“Қоршаған ортаны ластауға рұқсатты беру Ережесін бекіту туралы”ҚР Үкіметінің қаулысы.06.09.2001ж.№1154(28.10.2004ж№1104 толықтырулар мен өзгертулерді қоса алғанда)
11. ҚР Үкіметінің қаулысымен 23.08.2004ж.№889 төмендегілер бекітілген:
• экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялауға бағытталған мамандану дәрежесінің талаптары;
• экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялаудың ережелері;
• экологиялық аудиторлық қызметті жүргізудің ережелері.
Сұрақ 2. Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып экоаудиттің негізгі міндеттерін егжей-тегжейлі көрсетуге болады:
табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі жөнінде сенімді ақпарат алу, өнімнің экологиялық жаңа технологияларын енгізу арқылы олардың халықаралық нарықта бәсекеқабілеттілігін арттыру;
шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық талаптардың, нормалардың және ережелердің орындалуына бағытталған алдын-ала ескеру шаралырын жүзеге асырудағы өз бетімен басылымдықтарды қалыптастыру мен экологиялық саясатты реттеуде қолдау көрсету;
сақтандыру және қаржы-несие ұйымдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуекелдігінің төмендеуіне жағжай жасау;
табиғатты пайдалануды реттеудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін құралдар жинағын құру;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің басқа да салалармен интеграциялық, «экологиялық шот жүргізуді» енгізу;
экоаудиттің халықаралық принциптерін, әдістерін және процедураларын пайдалану;
экологиялық бухгалтерлік есеп және аудит бойынша мамандарды дайындау;
қорытынды есеп беру мәліметтерінің табиғатты пайдалану саласындағы нормативтерге сәйкестігін анықтау;
табиғатты пайдалану саласындағы кәсіпорын мен оның құрылымдарының «ауру» жерлерін анықтау, олардың келтіретін зиянын анықтау және оларды жою, олардың алдын-алу бойынша шараларды ұсыну.
Сұрақ 3. Экоаудиттің объектісі ретінде қоршаған ортаға әсерін тигізетін құрылыстар мен кәсіопрындар, шаруашылық жүргізуші объектілерді жою және консервациялау, кеңейту реконструкциялау, салу бағдарламаларының немесе жоспарларының жобалары, сонымен қатар территорияны игерудің жобалары саналуы мүмкін.
Сонымен, мұндай жағдайда экологиялық аудиттің объектісі ретінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізетін қандай да бір инвестициялық, шаруашылық немесе әкімшілік қызметтің түрлері танылуы мүмкін. Оларға төмендегілер кіреді:
қызметі халықтың денсаулығы мен қоршаған орта үшін экологиялық
тәуекелділік пен байланысты меншік иелену нысандарының қандай түріне жататындығына қарамасатан ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың дамуының инвестициялық және жекешелендіру бағдарламалары мен жобалары;
несиелік келісімдер, инвестициялық мердігерлік келісім-шарттар:
бұларды жүзеге асыру халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына кері әсер етуіне, экологиялық нормативтердің бұзылуына алып келуі мүмкін;
жүзеге асырылуы экологиялық нормативтердің бұзылуына алы
келетін салалық және жергілікті шаруашылық және әкімшілік шешімдері;
экологиялық тұрғыдан қауіпті объектілер, жүйелер, кешендер;
мемлекеттік кәсіопрындар мен ұйымдардың меншіктерін
жекешелендіру объектілері.
Инвестициялдардың аудиторлық негізделуінің құрамына бөлімдердің жеткілікті саны, оны ішінде қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ) кіреді.
Бұл бөлім аумақтың табиғи жағдайлары және оның жеке компоненттерінің жағдайы туралы ақпаратты қамтиды (әуе кеңістігінің, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, геологиялық ортаның пайдалы қазбалар мен жер ресурстарының, табиғи ландшафтардың, мәдени-тарихи және табиғи ескерткіштердің, жануарлар және өсімдіктердің әлемінің).
Қарастырылып отырған объектінің оның құрылуы, пайдаланылуы және жойалуы кезеңдеріндегі қоршаған ортаға әсер ететін көрсеткіштерін (факторларын) анықтаудың құрамына әсер ету түрі (сипаты), олардың көздері, әсердің жойылған зонасының сипаты және тағы да басқалар кіреді. Кәсіпорынның әсер ету зонасындағы табиғи ортаның жеке компаненттерінің жағдайының мүмкін болатын өзгерістеріне талдау жүргізіледі, сонымен қатар шаруашылық қызметін жүзеге асырудан пайда болған теріс экологиялық және әлеуметтік зардаптардың алдын-алу бойынша кешенді шаралар жасап, шығарылады.
ҚОӘБ процесінде алдын-ала жоспарланған құрылыстың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің ұзақ мерзімді зардаптарын болжамды түрде бағалаудың, сонымен қатар табиғи кешендермен халыққа кәсіпорынды салу мен оны жұмысқа енгізу кезеңдерінде тигізілетін зиянның (оның қатарына жер учаскілерінің бұзылуы, ландшафтың өзгеруі, жануарлар және өсімдіктер әлеміне зиян келтіру және тағы да басқалар жатады) орнын жабуды есептеудің маңызы өте жоғары.
Инвестициялық жобаны оның тиімділігін негіздеу тұрғысынан экономикалық бағалау мен қаржылық талдаудың құрамына барлық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық шектеулер мен талаптардың орындалуын сақтау жағдайында нұсқалар бойынша құрылыстың құнын анықтау, сонымен қатар өндірістің экологиялық шығындарын анықтау кіреді.
Инвестициялық қызметті аудиторлық негіздеудің қорытынды процедурасы болып Инвестициялық пиғылдар туралы декларация және Экологиялық мәлімдеме дайындау табылады. Екі құжат та барша халық пен мамандарға арналғандықтан, нақты және түсінікті түрде жасалуы керек. Еуропалық кеңестегі экоаудит пен экоменеджмент жүйесінің талаптарына сай Экологиялық мәлімдеменің құрамына төмендегілер кіреді:
кәсіпорынның қызметі мен алып отырған шекарасын, инвестициялық
жобаның мақсаттары мен міндеттерін сипаттау;
осы қызметке қатысты бар маңызды экологиялық мәселелерді бағалау;
қоршған ортаға ластаушы заттарды шығару, қалдықтардың
қалыптасуы, шикізаттардың, энергияның және судың шығындалуы, қоршаған ортаға тигізілетін шулы және басқа да әсерлер туралы мәліметтер;
қарастырылып отырған кеңістікте енгізілетін компанияның
бағдарламалары мен басқару жүйесінің, экологиялық саясатының негізгі ережелерін сипаттау.
Тіркеулік үлес пен Экологиялық мәлімдеменің білікті органдар арқылы бекітілуінен кейін ғана кәсіпорынның учаскелерінің (орналасу орындарының) тіркелуі жүзеге асырылады. Егер компания Экологиялық мәлімдемесін ұсынбаса учаске инвестициялық қызмет регистрінен алалынып тасталынады. Белгілі бір жағдайларда екі процедураны да жүргізудің қажеттігі мен мүмкіндігі туындайды. Бұл қазіргі жағдай кезінде, ҚОӘБ-ды жүргізу бойынша талаптар тұрақтандырылғанда, экологиялық сараптамаға өндірістегі өзгерістерді негіздеу материлдарын ұсыну бойынша міндеттер пайда болғанда өте маңызды. Белгілі бір жағдайларда экоаудиттің материалдары ҚОӘБ-ды дайындауда немесе «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі ретінде қолдануда экологиялық сараптамадан өтуде пайдаланылады. Осыған байланысты экоаудитті үнемі жүзеге асырып отыру бірте-бірте кәсіпорынның кәдімгі тәжірибесіне көшуі керек, өйткені алынатын есеп беруле қымбат тұратын ҚОӘБ-ды толықтай алмастыра алады. Шетел тәжірибесінде экоаудит өзінің жоғарғы экономикалық тиімділігін дәлелдейді.
Бұдан басқа, аудиттің материалдары мемлекеттік бақылау органдарына экологиялық қорытынды есепті тапсырудың негізі бола алады.
Аудиттін барлық бағдарламаларын шешілетін мәселелердің көлеміне және мақсаттарының сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
А. Қысқартылған арнайы бағдарламалар.
Бағдарламалардың негізгі мақсаты – экологиялық тұрғыдан қиын жеке шешімдерді қабылдау және оларды жетілдіруді жалпы ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламалардың міндеттерінің құрамына жеке экологиялық мәселелердің шарттарын (тапсырыс берушімен алдын-ала келісім алынған) және оларды шешудің мүмкіндіктерін бағалау мен сипаттау кіреді. Мысал ретінде мамандарды тарту бойынша табиғатты қорғау қызметі аудитінің бағдарламаларын, оларды нәтижелі жұмыс үшін ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету және күрделі экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдаланылатындығын айтуға болады.
В. Толық арнайы бағдарламалар.
Мұндай бағдарламалардың мақсаты – егжей-тегжейлі көрсетілген ұсыныстармен қоса, жекелеген күрделі шешімдерді жасау және қабылдауда жеткілікті деңгейде ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Мұнда шешімдердің баламалы нұсқаларын талап ететін ең күрделі мәселелер бойынша жобалар мен техникалық-экономикалық негіздемелердің конкурстары, ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етулер, алғашқы мәліметтерді жасап шығару бойынша үсыныстар қарастырылуы мүмкін.
С. Қысқартылған кешенді бағдарламалар.
Бағдарламалардың негізгі мақсаты болып жекелеген өндірістердің, территориялар мен аймақтардың экологиялық мәселелерінің жиынтығын бағалау, сипаттау және бекіту табылады. Аудиттің міндеттеріне сонымен қатар алдыңғы қатарлы мәселелерді шешудің бар мүмкіндіктерін бағалау мен талдау, жалпы ұсыныстарды жасау кіреді.
Д. Толық кешенді бағдарламалар.
Бағдарламалардың мақсатына экологиялық бақылау мен басқару бойынша қызметті жеткілікті түрде ақпараттық қымтамасыз ету, оның ішінде тиісті адрестік егжей-тегжейлі көрсетілген ұсыныстарды жасау жатады. Мысал ретінде міндеттеріне территориялық экологиялық бағдарламаларды,өндірістік экологиялық бақылау мен басқарудың жүйлерін,қалдықтар мен ортаға әсер ету көздерінің мониторинггісінің территориялық жүйелерін қалыптастыру мендамыту үшін алғашқы мәлімттерді жасап шығару кіретін бағдарламаларды айтуға болады.
Аудит бағдарламаларын оларға тапсырыпе берушілердің кім екендігіне аудит жүргізіліп жатқан субъект немесе сыртқы тапсырыс беруші ме,сонымен қатар аудитке «үшінші жақ»-мысалы,аудиторлық фирма тартылды ма немесе экоаудит ішкі күштер арқылы жүргізіле ме,осыған байланысты жіктеуге болады.Өзінің міндеттерін орындағаны үшін аудитор тапсырыс берушімен алдын-ала келісілген келісім-шарттың тәртібі бойынша жауап береді. Аудиттің сапасыз және төменгі дәрежеде жүргізілуі кәсіпорынның материалдық шығынға ұшырауына алып келеді. Бұл үшін аудитор келісім-шартта қарастырылған мөлшерде мүліктік жауапкершілікті мойыдауға міндетті (Заңмен белгіленген шектеулерді есепке ала отырып).
Мұндағы ескеретін нәрсе,аудит мамандары өздерінің жауапкершіліктерін өзі жұмыс істейтін аудиторлық фирманын қаржыларының есебінен сақтандыра алады,ал жеке аудиторлар-өзінің қаржыларының есебінен.
Табиғатты қорғау қызметі аудиттің толық кешенді бағдарламасының құрамына мыңадай кезендер кіреді:1) аудиттің міндеттері мен мақсаттарын анықтау және аудиттің тобын құру; 2) жоспарлау; 3) аудитті жүзеге асырудың негізі кезені; 4) қорытында кезең; 5) табиғатты қорғау қызметі аудитінің материалдарын пайдалану.
Экологиялық аудиттеу бағдарламасының жоспарлау кезеңдері төмендегі сатылардан тұрады:
кәсіпорынның негізгі экологиялық құжаттары бойынша алғашқы мәліметтерді алдын-ала жинау, қорытындылау және ұйымдастыру;
алғашқы мәліметтерді талдау, аудиттеудің негізгі объектілерін, бағдарламаның әдістемелері мен бағалаудың шарттарын анықтау;
аудиттің өзіндік жеке бағдарламасын жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық аудит дегеніміз не?
2. Экологиялық аудит объектілері?
3. Экологиялық аудиттің мақсаты міндеттері?
4. Экологиялық аудит бағдарламасы?
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
1. Экологиялық аудитті жүргізу бағдарламалары.
2. Экологиялық аудит бағдарламасының жоспарлау кезеңдері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.
2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.
3. «Қоршаған ортаны қорғау туралы»ҚР Заңы 15.07.1997ж.
(11.05.1999ж.№381-1 және 29.11.1999ж.№488-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).
4. «Экологиялық сараптау туралы» ҚР Заңы 18.03.1997ж. №85-1(11.05.1999ж.№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерді қоса алғанда)
5. «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» ҚР Заңы 15.07.1997ж.№162-1(11.05.1997ж№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімн қоса алғанда).
ЛЕКЦИЯ 13. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ АУДИТ.
