- •An 2206 аудит негіздері пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •5В050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •2. Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Аудит негіздері
- •Түсіндірме жазба
- •1. Пәннің мазмұны
- •2.Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы Пәні: Аудит негіздері Мамандығы: 5в050800 «Есеп және аудит»
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Дәрістік, практикалық сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Практикалық / семинар сабақстарының мазмұны
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •«Аудит негіздері » пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) Мамандығы 5в050800 «Есеп және аудит»
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •10. Курс саясаты
- •Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі
- •6. Дәріс сабақтарының кешені
- •1. Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны.
- •Аудит заңы, оның ролі мен маңызы.
- •Аудит субъектісі, олардың құқықтары , міндеттері мен жауапкершілігі.
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқықтары. Шаруашылық субъектісі ретіндегі аудиторлардың міндеттері.
- •Аудит тұжырымдамасы және оның постулаттары.
- •Аудиттің стандарты және нормативтері.
- •1. Диалектикалық әдіс. Дедукция. Индукция. Аналогия.
- •2. Жүйелі талдау. Функциялық бағалануын талдау.Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі. Әдістемелік құжаттау әдісі.
- •3. Нақты тексеру-бақылау әдісі.
- •Аудит этикасының кодексі.
- •Аудит этикасын бақылаушы ұйымдар.
- •Міндетті этика. Орындауға болмайтын істер мен қатынастар.
- •Қазақстандық аудит стандарттарының мақсаты мен негізгі принциптері.
- •Аудиттің халықаралық стандарттары. Қазақстандық аудит стандарттарының мазмұнына қойылатын талаптар.
- •Ішкі аудит стандарттары.
- •Аудиттің бастапқы сатысындағы тараптардың өзара қарым-қатынасы.
- •Аудитті жүргізуге келісім-шарт. Аудиторлық қызмет көрсету құнын бағалау.
- •Аудитордың тапсырыс беруші алдындағы хат-міндеттемесі.
- •Қате және алаяқтық туралы түсінік. Алаяқтық тәуекелділігін арттыратын жағдайлар.
- •Қателерді жіктеу.
- •Сыртқы аудитор және ішкі аудитке деген сенімділік.
- •Ішкі аудиттің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері. Ішкі аудиттің құрамы.
- •Экология саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
- •Экологиялық аудиттің мақсаттары мен міндеттері.
- •Экологиялық аудиттің объектілері. Экологиялық аудит жүргізу бағдарламаларын жасау.
- •1. Операциялық аудиттің түрлері.
- •2. Операциялық аудиттің объектілері және аудит жүргізу бағдарламасы.
- •1.Оперативтік есеп. Статистикалық есеп. Бухгалтерлік есеп.
- •2. Құжаттар. Қаржы есебі және оның мазмұны.
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп кестелерін тексеру.
- •1. Аудиторлық есеп беру нысаны мен құрылымы.
- •2. Аудиторлық есеп беру түрлері. Арнайы аудиторлық есеп беру.
- •3. Тапсырыс берушілер үшін мәлімет.
- •7. Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Практикалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •«Аудит негіздері» пәнінен баоөж тапсырмалары:
- •10. Студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Өзіндік жұмыстың орындалуына қойылатын талаптар.
- •Білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •11. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар
- •12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •13. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
1.Оперативтік есеп. Статистикалық есеп. Бухгалтерлік есеп.
2. Құжаттар. Қаржы есебі және оның мазмұны.
3. Алғашқы құжаттарды және есеп кестелерін тексеру.
Лекцияның мақсаты: Аудиторлық тексеру жүргізуге негіз болып табылатын құжаттар мен мәліметтерді алу көздері жәнеқаржы есебі мәліметтерін пайдалану туралы мағлұмат беру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: алғашқы құжаттар, заттай, еңбек, ақшалай.
Сұрақ 1. Есеп б.з.д. ІІІ ғ. бұрын Египетте және Римде жоғары деңгейде дами бастаған. Бух.есеп пәні бойынша алғашқы кітапты 1494ж. итальяндық математик Лука Пачоли жазған. Бұл кітаптың аты «трактат о счетах и записях». Ал Ресейде Петр І заманынан бастап бух.есеп дамыған. Есеп дегеніміз шаруашылық процестерін бақылау және басқару мақсатында сандық және сапалық түрде сипаттауды білдіреді.
Бух.есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық — әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым б.т. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бух.есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бух.есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы»-деп атаған. БҰҰ-да 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды»- деген сөздің бекер айтылмағанын атап айту керек.
ҚР егемендік алғанынан бастап бух.есепте өзгерістер болды. АҚШ, Япония, Англия, Турция сияқты негізгі инвесторлардың орналасуымен байланысты бух.есеп 1994ж. бастап бүгінгі күнге дейін ағылшын – американдық жүйемен жүргізіледі.
Бух.есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Бух.есеп кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап, болашақта атқарылатын жұмыстарына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым б.т. Бух.есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын п.б. Тайпалардың арасындағы шаруашылық операцияларына байланысты табылған жазулардың бух.есеп б.з.д. V ғасырларда жүргізілді деген деректер бар. Ал б.з.д. ІІ ғасырларда Грекияда салынған құрылысқа кеткен шығындар есебі есептелініп, салынған үйдің қабырғасына жазылатын болған. Рим империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерді бақылап, оның қорытындысын емтихан қабылдаушы тыңдаған. Осыдан «аудитор» деген термин п.б.
Кез келген ұйымда бух.есеп тұжырымдамасын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі және басты қажетілігі б.т. Бух.есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алу, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді және ұқыпты етіп есептеуге болады. Жалпы бух.есеп кәсіпорында мынандай қызмет атқарады:
Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады.
Ұйымның қаржылық ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды.
Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақытылы беріп отырады.
Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып алатындары жиі кездеседі. Бірақ есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеп, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау, ал бұл мәліметтерді өңдеп , оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыларға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті.
ҚР-да есептің үш түрін біріктіретін шаруашылық есеп жүйесі қалыптасқан. Есептің осы үш түрі бір –бірімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып отырады, бірақ осылардың әрқайсысының өз ерекшелігі мен атқаратын функциялары бар.
Оперативтік – техникалық есеп маңызды шаруашылық операциялардың орындалу барысы туралы мәлімет береді, кәсіпорынның бүкіл шаруашылық жұмысын қамтымайды, тек қана жеке цехтар мен бөлімшелерді күнделікті жұмыс процесінде қажет болып қалған мәліметтерді беріп отырады.
Бұл мәліметтерді телефон арқылы да, телефакс арқылы да, ауызша да бере береді. Оперативтік – техникалық есептің көрсеткіштері тек қана кейінгі жағдайларда есеп беруге қажет болса ғана пайдаланады. Бұл есептің сонымен қатар оперативтік — өндірістік, оперативтік-сауда және т.б. түрлері бар.
Статистикалық есеп сапасы мен түрлері жағынан бір тектес көріністер мен процестерді бақылап отырады. Статистика экономикалық жағдайы жөнінде, жұмыс күшінің қозғалысы жөнінде (жұмыссыздар саны және деңгейі), қалыптасқан нарықтық бағаларды, халықтың жасына, мамандығына қарай топтастырылған саны және т.б. көрсеткіштер жөнінде ақпараттарды жинақтап отырады. Осы мақсатта статистика - бухгалтерлік есеп пен оперативтік есептердің ақпараттарын қолданады.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жұмысын алғашқы құжаттар негізінде бірыңғай,үзіліссіз құжаттық көрінісін береді.
Бірыңғай бейнелеу дегеніміз – барлық мүліктер мен олардың қайнар көздерін толығымен қамтып көрсету.
Үзіліссіз бейнелеу дегеніміз- шаруашылық жұмысындағы ақшалай өндіріс қорларының, құнды қағаздарының және т.б. құралдардың қозғалысын үнемі, яғни үзіліссіз бейнелеп отыру.
Бұл дегеніміз — әрбір шаруашылық операциялары жасалған сайын алғашқы құжаттардың толтырылып отыруы.
Кәсіпорындар мен ұйымдағы күнделікті болып отыратын барлық операцияларды шаруашылық үрдістері мен шаруашылық құралдарының қозғалысын, олардың өнім өндіруге қатысуымен оның нәтижесін есептеу үшін 3 түрлі өлшем қолданылады:
Заттай (натуралдық) өлшем
Еңбек өлшемі
Ақшалай өлшем
1. Заттай (натуралдық) өлшем – кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары мен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл заттай (натуралдық) өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді. (кг, м3,м2, дана, тонна)
2. Еңбек өлшемі — өнімді өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған уақытының санын өлшеуге арналған. Яғни, еңбек өлшемі бір дана өнімді өндіруге қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі бір уақыт аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты, минуты сияқты уақыт өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбек ақы соммаларын және еңбек нормаларын оның өнімділігін есептеу үшін қажет. (адам/ сағ, күн,ай,жыл)
3. Ақшалай өлшем – кәсіпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты өндірілген өнімдер мен т.б. есебін көрсету үшін қажет. Бух.есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне заттай (натуралдық) өлшем және еңбек өлшемі мен бірігіп барлық мәліметтерді жинақтап қорытындылау үшін қолданылады.(теңге, евро, доллар)
Сұрақ 2. Бух.есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорында орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына бақылау жасау. Бух.есептің негізгі бағыты кәсіпорындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есеп жұмысының барысында толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.
Бух.есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау жасалады. Бух.есеп бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып, тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы – шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен уақытында тиімді жұмсалуы бух.есептің мақсаты б.т.
Бух.есептің негізгі міндеті - халықшаруашылығының барлық салаларына нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.
Бух.есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық- ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды), несие берушілерді (банк немесе банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады.
Пайдаланушылар мынадай екі топқа бөлінеді:
- ішкі пайдаланушылар
- сыртқы пайдаланушылар
Пайдаланушылар келесі санаттарға бөлінеді:
- кәсіпорынды басқарушылар (басшылар- таза пайдасының көлемі, табыс көлемінің жоспармен сәйкес келуі, өнімнің өзіндік құнын, қай қызметтен көбірек табыс алатыны қызықтырады)
- кәсіпорыннан тыс орналасқан,
a) бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделілер (қаржы салымшылар (инвесторлар), несие берушілер, жабдықтаушылар, және т.б.)
b) кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделілер (салық органдары, министрліктер мен агенттіктер, аудиторлар, сақтандыру компаниялары , сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және т.б.)
Халықаралық бух.есеп стандарттарына сәйкес бух.есепті қаржылық есеп және басқарушылық есеп деп екі түрге бөлді. Қаржылық есепті ішкі және сыртқы пайдаланушылар қаржылық – ақпараттық мәліметтерді толық қолданатын болса, басқарушылық есеп тек қана кәсіпорынның ішкі пайдаланушылары қолданады.
Сұрақ 3. Бухгалтерлік құжат –шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау .Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады .Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т.б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты.
"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Заңның 6-1 бабына сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады:
- уақтылы жасау;
- позицияның сенімділігі;
- дұрыс рәсімдеу.
Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер (реквизиттер) деп аталады. Құжаттар-кәсіпорындар мен адамдардың арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әртүрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады.
Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды.Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді. Міндетті деректемеге жататындар:
- құжаттың аты,нысанының коды;
- құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);
- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
- шаруашылық операцияның мазмұны;
- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні; - жауапты атқарушының қолы.
Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік нөмірі,ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі,шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және басқалары. Құжаттардың нысандары (формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1) ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
2) еңбек жіне еңбекақы;
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) автокөліктегі жұмыс;
9) түгендеу нәтижелері;
10) кассалық операциялар;
11) сауда операциялары.
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Уақытында толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады жіне ол операцияның бухгалтерлік есепшотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі кешіктірілуі мүмкін. Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен, жазба машинасымен (компъютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек. Құжатты толтырған адам тиісті жеріне өзінің қолын анық етіп қоюға міндетті. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Статистикалық есептің мақсаты және объектілері?
2. Оперативті есеп дегеніміз не әне оның объектісі?
3. Бухгалтерлік есеп және оның ақпаратын пайдаланушылар?
4. Есепте қолданылатын құжаттарға сипаттама беріңіз.
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
1. Бухгалтерлік құжат нысандары
2. Құжат нысандарын толтыруға қойылатын негізгі талаптар.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.
2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.
ЛЕКЦИЯ 15. АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ.
