- •An 2206 аудит негіздері пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •5В050800-«Есеп және аудит»
- •Құрастырушылар:
- •Баймаханова а.А.– оқытушы, статистика магистрі
- •5В050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
- •Оқу бағдарламасы
- •2. Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Аудит негіздері
- •Түсіндірме жазба
- •1. Пәннің мазмұны
- •2.Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізімі
- •Жұмыс оқу бағдарламасы Пәні: Аудит негіздері Мамандығы: 5в050800 «Есеп және аудит»
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Дәрістік, практикалық сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспары Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Практикалық / семинар сабақстарының мазмұны
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының жоспары
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •«Аудит негіздері » пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Syllabus) Мамандығы 5в050800 «Есеп және аудит»
- •4. Пәннің мазмұны Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
- •Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •Баөж-на қойылатын талаптар және қорытынды жұмысты (шағын жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Шағын жобаны жазу барысындағы негізгі талаптар
- •Мазмұны
- •8. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
- •Аралық бақылауды тапсыру кестесі
- •Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
- •Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
- •Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы
- •10. Курс саясаты
- •Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі
- •6. Дәріс сабақтарының кешені
- •1. Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны.
- •Аудит заңы, оның ролі мен маңызы.
- •Аудит субъектісі, олардың құқықтары , міндеттері мен жауапкершілігі.
- •Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқықтары. Шаруашылық субъектісі ретіндегі аудиторлардың міндеттері.
- •Аудит тұжырымдамасы және оның постулаттары.
- •Аудиттің стандарты және нормативтері.
- •1. Диалектикалық әдіс. Дедукция. Индукция. Аналогия.
- •2. Жүйелі талдау. Функциялық бағалануын талдау.Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі. Әдістемелік құжаттау әдісі.
- •3. Нақты тексеру-бақылау әдісі.
- •Аудит этикасының кодексі.
- •Аудит этикасын бақылаушы ұйымдар.
- •Міндетті этика. Орындауға болмайтын істер мен қатынастар.
- •Қазақстандық аудит стандарттарының мақсаты мен негізгі принциптері.
- •Аудиттің халықаралық стандарттары. Қазақстандық аудит стандарттарының мазмұнына қойылатын талаптар.
- •Ішкі аудит стандарттары.
- •Аудиттің бастапқы сатысындағы тараптардың өзара қарым-қатынасы.
- •Аудитті жүргізуге келісім-шарт. Аудиторлық қызмет көрсету құнын бағалау.
- •Аудитордың тапсырыс беруші алдындағы хат-міндеттемесі.
- •Қате және алаяқтық туралы түсінік. Алаяқтық тәуекелділігін арттыратын жағдайлар.
- •Қателерді жіктеу.
- •Сыртқы аудитор және ішкі аудитке деген сенімділік.
- •Ішкі аудиттің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері. Ішкі аудиттің құрамы.
- •Экология саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.
- •Экологиялық аудиттің мақсаттары мен міндеттері.
- •Экологиялық аудиттің объектілері. Экологиялық аудит жүргізу бағдарламаларын жасау.
- •1. Операциялық аудиттің түрлері.
- •2. Операциялық аудиттің объектілері және аудит жүргізу бағдарламасы.
- •1.Оперативтік есеп. Статистикалық есеп. Бухгалтерлік есеп.
- •2. Құжаттар. Қаржы есебі және оның мазмұны.
- •3. Алғашқы құжаттарды және есеп кестелерін тексеру.
- •1. Аудиторлық есеп беру нысаны мен құрылымы.
- •2. Аудиторлық есеп беру түрлері. Арнайы аудиторлық есеп беру.
- •3. Тапсырыс берушілер үшін мәлімет.
- •7. Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Практикалық сабақтарды жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •1. Сабақ жоспары:
- •4. Өз білімін тексеру үшін сұрақтар мен тапсырмалар
- •Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •«Аудит негіздері» пәнінен баоөж тапсырмалары:
- •10. Студенттің өзіндік жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау
- •Өзіндік жұмыстың орындалуына қойылатын талаптар.
- •Білім алушылардың өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар
- •11. Білім алушының оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар
- •12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелденуі (слайдтар тізімі)
- •13. Арнайы мамандандырылған дәрісханалар
- •Дәрісханалар тізімі
1. Операциялық аудиттің түрлері.
2. Операциялық аудиттің объектілері және аудит жүргізу бағдарламасы.
Лекцияның мақсаты: жүйенің жұмысын жетілдіру мақсатымен басқарудың әртүрлі кезеңдеріндегі ұйымдастыру қызметінің тәуелсіз және жүйелі түрде бағалауымен таныстыру, жалпы мағлұмат беру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: функционалды, ұйымдастырушылық, арнайы, салыстырмалы көрсеткіштер.
Сұрақ 1. Операциялық аудиттің негізгі үш түрі бар: функционалды, ұйымдастырушылық және арнайы.
Функционалды операциялық аудит. Ол шаруашылық жүйесінің атқаратын қызметтерінің бірі немесе бірнешеуіне қатысты болады. Мысалы, дебиторлық борыштардың қозғалысы кәсіпорынның үш атқаратын қызметін: қамтамасыз етушілік, өндірістік және сатып - өткізу қызметін қамтиды. Осы арқылы аудитор дебиторлық борыш жөніндегі ақпараттың дәлдігін, дебиторлық борыштың өтімділігін, жоғарыда айтылған қызметтердің әрбір кезеңінде күмәнді талаптар бойынша резервтердің қалыптасуын анықтай алады.
Ұйымдастырушылық операциялық аудит. Ұйымдастырушылық аудитті жүргізу компанияның функционалдық және линиялық бөлімдері қызметінің реттелуі мен үйлестірілуін , жоспарлануын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оның активтері мен капиталының тиімді түрде қалыптасуы мен пайдаланылуына жағдай жасайды. Мұндай кезде мүмкін болғанша шаруашылық есептің барлық түрлерінің, оның ішінде бухгалтерлік, статистикалық және оперативті-техникалық есептің мәліметтері жинақталып, зерттелінуі қажет.
Арнайы операциялық аудит. Арнайы операциялық аудит кезінде кәсіпорын басшылығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақпарат дайындалады. Аудиттің бұл түрі көптеген мәселелерді қамтиды. Мысалы, өнімнің өзіндік құнның төмендеуі, шикізаттар мен материалдарды тиімді түрде пайдалану, еңбек өнімділігінің жоғарылауы және т.б.
Операциялық аудитті, әдетте, келесі үш топтың біреуінің мамандары орындайды: ішкі аудиторлар, аудиторлық фирманың, мемлекеттік сектордың аудиторлары (ревизорлары).
Ішкі аудиторлар. Ішкі аудиторлардың қызметі ішкі және қаржылық қорытынды есептің сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жағдайға ғана емес, сонымен қатар қызметтің тиімділігін анықтауға бағытталғанда, «ішкі аудит» және «операцияялық аудит» деген ұғымдар бірін-бірі алмастыра алатын жағдайға келеді.
Мемлекеттік сектордың аудиторлары (ревизорлары). Мемлекеттік, ведомстволық органдардың аудиторлары (ревизорлары ) жүзеге асыратын операциялық аудит-қаржылық қорытынды есеп беру аудитінің элементі. Бұл аудиторлардың көбі операциялық аудитті де, қаржылық қорытынды есеп беру аудитін де жүргізеді.
Қаржылық қорытынды есепті тексерумен қоса олар келесілерді де тексереді: кәсіпорын қызметінің үкіметтің қаулылары мен заңдарға сай келуі: қолда бар ресурстарды тиімді түрде басқару: тиімсіз және өнімсіз қызметтің себептері және т.б.
Аудиторлық фирмалар. «Аудиторлық қорытынды» деп аталатын 11-бөлімде көрсетілгендей, аудиторлық фирмалар клиенттің қаржылық қорытынды есебінің аудитін орындағанда, аудиттің жеке элементтері болып клиентке пайда әкелетін кепілдемелерді ұсыну мен операциялық қызметтің мәселелерін анықтау саналады. Мұндай кепілдемелер ауызша айтылуы мүмкін, бірақ олар, ереже бойынша, басшылыққа жазбаша түрде тапсырылуға тиісті.
Сұрақ 2. Операциялық аудит – жүйенің жұмысын жетілдіру мақсатымен басқарудың әртүрлі кезеңдеріндегі ұйымдастыру қызметінің тәуелсіз және жүйелі түрде бағалау. Мұнда басты назар ішкі бақылау жүйесі жұмысының және кәсіпорын қызметтерінің жұмысының сенімділігіне аударылады.
Қаржылық қорытынды есеп аудитімен салыстырғанда операциялық аудит бірыңғай емес. «Операциялық аудит» термині «басқару аудиті» терминіне ауысады. Мүмкін бұл операциялық аудиттің қандай да бір шаруашылық жүйесінің қандай да бір кіші жүйелерінің өнімділігі мен тиімділігін анықтау үшін қажет етілуінен шығар.
Операциялық аудит тек бухгалтерлік ақпаратты пайдаланумен ғана шектелмейді, өйткені оның шеңберінде кәсіпорынның өндірістік, қаржылық, сатып-өткізу қызметіне, ұйымдық құрылымына, ішкі бақылау жағдайының бағалануы жүзеге асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, операциялық аудит шаруашылық операцияларын, олардың бухгалтерлік есепті стандарттары мен ережелерімен сәйкестігін бағалау процедураларына қарағанда айтарлықтай күрделі. Операциялық аудит пен контроллинг байланысының тығыздығы анықталған, өйткені контроллингті кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелеріне қол жеткізудің арнайы кешенді әдістері ретінде, яғни оның табыстылығын бақылаудың жүйесі ретінде саналады.
Операциялық аудитті жүргізген кезде кәсіпорын қызметін басқару жүйесінің және есеп саясатының жүзеге асырылуының дұрыстығын бағалауға көп көңіл бөлінеді. Оперциялық аудиттің негізгі мақсаты тұрғысынан қарағанда, яғни тиімділік пен өнімділікті зерттеу тұрғысынан қарағанда, кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің және есеп саясатының әсері мен тиімділігін айыра білу қажеттігі туындайды.
Басты назарды кешенді сипаттағы қаржылық қорытынды есеп мәліметтеріне аудару қажет, олар сол бір ғана шаруашылық операцияларының әртүрлі аспектілерін бейнелейді. Мысалы, бухгалтерлік баланста (№1-нысан) келтірілген мәліметтер «Шығыстар мен табыстар» туралы қорытынды есептегі (№2-нысан) мәліметтерді толықтырады және керісінше.
Операциялық аудитте қаржылық қорытынды есептерді интерпретациялаудың дамығвн әдістері – коеффциенттерді талдау, көлденіңінен, тігінен, трендтік және факторлық талдау кеңінен қолданылады. Көлденеңінен талдаудың басты ерекшелігі абсолютті баланстық көрсеткіштер олардың өсуі мен кемуінің салыстырмалы қарқындарымен толықтырылатын бір немесе бірнеше таңдамалық кестелерді құруы болып табылады. Көлденеңінен талдау процесінде белгілі бір кезең үшін баланстың әртүрлі баптарының абсолютті және қатысты өзгерістері анықталады және бағаланады. Көлденеңінен талдаудың нұсқасы болып есепті кезеңдегі активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің әрбір ұстанымы өткен кезеңдегілермен салыстырғанда және тренд анықталған, яғни кезеңдердің жеке ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерден тазартылған қаржылық қорытынды есептің осы элементтері көлемінің өзгеру динамикасының негізгі тенденциясы анықталған жағдайдағы даму тенденциясын талдау (трендтік талдау) табылады.
Қаржылық қорытынды есепті салыстырмалы көрсеткіштер түрінде ұсынуға мүмкіндік беретін активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды тігінен (құрылымдық) талдауға басты орын беріледі. Тігінен талдаудың мақсаты – баланстың нәтижесіндегі және оның өзгерісін бағалаудағы жеке баптардың массалық үлесін есептеу. Тігінен талдаудың көмегімен кәсіпорын қызметінің тиімділігіне инфляциялық, аймақтық және басқа да әсерлерді тегістеу мен шаруашылық, салалық салыстыруларды сәйкестендіру жүргізіледі.
Есеп саясатының өнімділігі алдағы қойылған мақсаттарға қол жеткізуді сипаттайтынын, ал тиімділігі белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін қолданылатын қаржылық құралдар мен ресурстар екендігін атап айтқан. Компанияның есеп саясатының операциялық аудиті тек дебиторлық және кредиторлық борыштардың немесе жалпы қаражат жетіспеушіліктің жағдайын анықтап қана қоймай, сонымен қатар жаңалықтарды енгізу бойынша кепілдемелер ұсынуы керек.
Э.А.Аренс, Дж.К.Лоббек операциялық аудит пен қаржылық қорытынды есеп аудиті арасында үш негізгі айырмашылықтарды келтіреді:
аудиттің тағайындалуы;
қорытындылардың ұснылуы;
операциялық аудит саласына қаржылық емес салалардың қосылуы.
Аудиттің тағайындалуы. Қаржылық қорытынды есеп беру аудиті мен операциялық аудиттің арасындағы басты айырмашылық – тексерулерді тағайындау. Қаржылық қорытынды есеп беру аудиті кезінде аудитор есеп пен қаржылық қорытынды есептегі шаруашылық операциялық аудит кезінде тиімділік пен өнімділік назарға алынады. Қаржылық қорытынды есеп беру аудиті өткен шаққа, ал операциялық аудит шаруашылық қызметінің болашағына бағытталған.
Қорытындылардың ұсынылуы. Қаржылық қорытынды есеп беру аудиті кезінде аудитордың қорытындысы араларында акционерлер мен банкирлер кездесетін көптеген пайдаланушыларға жеткізіледі; операциялық аудиттің қорытындысы бірінші кезекте әкімшілікке тапсырылады.
Қаржылық аудиторлық қорытындылар үшін олардың кең түрде таралғанын ескере отырып, дәл анықталған тұжырым қажет. Операциялық қорытындылардың шекті түрде таралуы мен тексерулердің әртүрлі сипаттамаларына байланысты тиімділік пен өнімділікті анықтау үшін операциялық аудит бойынша қорытындылар елеулі түрде өзгеруі мүмкін.
Қаржылық емес салалардың қосылуы. Операциялық аудит қандай да бір шаруашылық жүйедегі тиімділік пен өнімділіктің аспектілеріне байланысты болып келеді, сондықтан ол кең түрде қолданылады.
Қаржылық қортынды есеп беру аудиті қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсырудың объективтілігіне әсер ететін мәселелермен шектелген.
Өнімділіктің критерийлерін белгілеуден гөрі тиімділіктің критерийлерін белгілеу оңайырақ, егер тиімділік ретінде өнімділікті төмендетпей шығындарды қысқарту саналса. Сонымен, егер екі түрлі өндірістік процестер кезінде жағыз сапалы өнімнің шығарылуы қамтамасыз етілсе, онда шығындар азырақ кететін процесс тиімді деп саналады.
Алдыңғы параграфта атап айтылғандай, ішкі аудит кәсіпорын басшылығын сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуі керек, сонымен қатар активтердің сақталуын, бухгалтерлік есеп принциптерінің орындалуын қамтамасыз етуі керек және т.б.
Бұл қызметтерді операциялық аудит те атқаруы тиіс, өйткені, шаруашылық операцияларының тиімділігі мен өнімділігін анықтау жоғарыдағыларды талап етеді.
Қаржылық қорытынды есеп беру аудиті үшін ішкі бақылауды бағалау қаржылық қорытынды есептің нақтылығына әсер ететін сұрақтарға жауап ізеумен шектелсе, операциялық аудит кезінде өнімділік пен тиімділікке бақылаудың кез – келген түрінің әсері қарастырылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Операциялық аудит және оның мақсаты?
2. Операциялық аудит түрлері?
3. Операциялық аудит пен қорытынды қаржылық есеп беру аудиті арасындағы айырмашылық?
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:
1. Операциялық аудит түрлеріне сипаттама
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.
2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.
ЛЕКЦИЯ 14. АУДИТТІҢ МӘЛІМЕТ КӨЗІ.
