Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОСН АУДИТА НОВЫЙ 2014 - копия.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Білім алушының оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы

Білім алушының оқытушымен орындайтын өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) – бекітілетін кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының дәрісханадан тыс жұмысы. БАОӨЖ екі қызмет атқарады – кеңес беруші және бақылаушы.

БАОӨЖ мақсаты - әрбір пәннен білім алушының өзіндік жұмысына, бағдарламаны игеруге қажетті материалдармен жұмыс істеуде, оқу материалдарын тереңдете оқытуға үйретуде, ғылыми жұмыс бойынша білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруда кеңес беру.

БАОӨЖ бойынша келесі жұмыстар ұсынылады:

  • бағдарлама бойынша білімді меңгеру және бекіту; пікірталас өткізу, ұсынылған тақырыптар бойынша баяндаманы қорғау, ақпараттық кестелерді толтыру;

  • есептік-графикалық, семестрлік, үй жұмысы тапсырмаларымен жұмыс жасау;

  • өндіріс жағдайында іскерлік ойындарды жүргізу, кейс құрастыру, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

  • күрделі есептерді талдау және шығару, кеңес беру;

  • ғылыми баяндамаларды, рефераттарды, эсселерді, бизнес-жоспарларды жасауда, кейс құрастыру және т.б. үшін оқу әдебиеттерді саралауда;

  • семестрлік, есептік-графикалық, курстық жобалар бойынша;

  • ағымдағы және аралық бақылау сұрақтары бойынша;

  • топтық жоба, презентация, эссе, дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындарға және т.б. дайындауда;

  • оқу курсының терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар дайындауда;

  • зертханалық, практикалық (семинар) сабақтардың қорытындылары нәтижелерін талдау, өңдеу бойынша жүргізіледі.

БАОӨЖ жүргізілетін жұмыстарға сипаттама:

Сабаққа дайындық – дәрісханалық және практикалық сабақтардың материалдарын игеруге, ұсынылған әдебиеттерді оқуға, жекелеген әдебиеттердің қажетті бөлімдеріндегі мақалаларды консекптілеуге арналған жұмыстарды жүргізу.

Іскерлік ойындар – бұл білім алушының болашақ кәсіби қызметіне дағдылануын қалыптастыру мақсатында қажетті рөлдерді бөлу, материалдарды жинақтау жұмысы. Жұмыстың нәтижелері арнайы қорытындылар және ұсыныстармен рәсімделеді.

Ағымдағы және аралық бақылауға дайындық пәнді оқытуда әртүрлі тақырыптар бойынша білім деңгейін ауызша, жазбаша, тест түрлерімен анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеуге даярлық білім алушының курстың бөлімі немесе тақырыбы бойынша материалдарды ыждағаттылықпен оқуын қажет ететін жұмыс. Білім алушы дайындық барысында назарды арнайы терминдерге, атаулы күндердің мазмұнына, формулаларға аударуы қажет.

Үй тапсырмасы оқу бағдарламасына сәйкес білім алушының өзіндік жұмысы.

Реферат орындауда білім алушы белгілі бір мәселелер орындау бойынша ғылыми және арнайы әдебиеттерден алынған қысқаша тұжырымдамалар немесе түрлі әдебиеттер көздерін талдау арқылы арнайы әдебиеттерді пайдалана білуі, статистикалық мәліметтерді қарастырылатын тақырып бойынша сын көзбен талдау және алынған мәліметтерді жазбаша түрде нақты және логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізе білуі керек.

Баяндама жасауда білім алушының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша зерттеушілік дағдыларын меңгеруі, білім алушыны қызықтыратын сұрақтар бойынша мәліметтерді жинақы, түсінікті түрде көрсетуі керек.

Эссе – тақырыптары оқылатын пәннің нақты сұрақтары бойынша орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы. Эссе – білім алушының белгілі бір тақырып бойынша қысқаша ойламы, тұжырымдамасы. Эссенің ерекшелігі – оқытушы берген тақырып бойынша білім алушы өзінің жеке пікірін, ойын, шығармашылық түрде талдайды.

Глоссарий – белгілі тақырып бойынша қазақ, орыс, шет ел тілдерінде терминдердің қысқаша түсіндірмелері.

Семестрлік (бақылау) жұмыстары пәннің үлкен тараулары мен тақырыптары бойынша өзіндік жұмыстардың материалдарын қайта өңдеу, оқу мақсатында жүргізіледі.

Курстық жоба (жұмыс) – білім алушының белгілі бір пән бойынша анықтамалық материалдардан, ғылыми әдебиеттерден, оқу құралдарынан мәліметтерді іздеудің, жинақтаудың әдістемесін игеру, ақпараттарды талдау, арнайы зерттеу жүргізу жұмысы.

Топтық презентация – 3-5 адамнан тұратын білім алушылардың белгілі тақырып бойынша топтық өзіндік зерттеулері мен есептеулері. Әрбір топ өз жобасын даярлап презентация өткізеді.

Жеке презентация - өз еріктерімен, жақсы даярланған білім алушылар орындайды. Жеке презентация - өзектілігі, жаңалығы, зерттеу сипаты бойынша ерекшеленетін, білім алушының ғылыми конференцияда баяндала алатын жұмысы.

Талдау және бағалау жүргізу – студенттердің берілген тақырып, қойылған мәселелер төңірегінде материалдар жинақтап, оларға талдау жасап үйренуі және жүргізілген талдаулар негізінде нақты мәселені бағалауы.