Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айгул апай шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320 Кб
Скачать
☆

57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер

Раса (араб. рас — бас, бастау, шығу тегі) — бір антропологиялық түрге жататын, шығу тегі белгілі бір географиялық ареалда таралған адамдар тобы. Раса термині 17 ғ-дан бастап Еуропа халықтарында тарай бастады. Оны испандықтар мен португалдықтар (Rasse), француздар (la rasa), итальяндықтар (Razza), немістер (Rassа), ағылшындар (the race) және славян халықтары (paca) биол. мағынада кеңінен пайдаланады. ЮНЕСКО шешімі бойынша (1966 ж.) Р. мәселесінің биол. аспектісі туралы арнайы декларация қабылданған. Онда Р. туралы мынадай негізгі ғыл. қағидалар айтылған:

Бүгінгі әлемдегі барлық адам баласы жалпы биол. бір түрге, яғни Homo sapіens-ке жатады және ол бір түбірден тарайды;

адамдардың биол. айырмашылықтары табиғи орта мен адамның генетик. құрылымының бір-біріне тигізген әсерінен пайда болған өзгешеліктер болып саналады;

адамзат топтасуында (папуляциясында) көптеген генетик. айырмашылықтар бар. Оны бірыңғай папуляция тұрғыдан алып қарағанның өзінде адамзат тобында таза раса жоқ;

адамзаттың нәсіл заңдылықтарына орай оның физ. ерекшеліктері шартты түрде үлкен Расаларға, одан кейін кіші расаларға ажыратылады. Жалпы адамзат кем дегенде үш үлкен расаға жүйеленеді; ешқандай халық, ұлт, тіл, дін, мәдени топ өзінше жеке Раса құрай алмайды. Расаның мән-мағынасын тұжырымдаған декларацияда бүкіл әлемдегі адамзаттың барлығының биол. мүмкіншіліктері бірдей екендігі айтылады. Олар қалай және қандай затты және рухани өркениетті дамытам десе ерікті екендігі көрсетілген. Қазіргі уақытта әлем халықтарының антропол. жүйелеу әдістемелері бойынша еуропеоид, негроид, моңғолоид секілді негізгі үш үлкен Р. белгілі. Бұлардың әрқайсысы бірнеше кіші Расаларға ажыратылады (қ. Нәсілдер). Сонымен қатар әрбір үлкен Раса жігінде аралас кіші Расалар бар. Мыс., еуропа тектес және моңғол тектес Расалар жігінде ерте заманнан бері олардың араласуынан пайда болған кіші тұран тектес (оңт. сібір) расалар бар. Оның өзі мынадай үш антропологиялық нұсқаға ажыратылады: қазақстандық антропологиялық нұсқа (өкілі қазақтар), тянь-шань өңірлік нұсқа (өкілі қырғыздар), алтай-саяндық нұсқа (өкілі хакастар).

58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер

Германия халқының саны жөнінен БатысЕуропада бірінші орын алады: мұнда 80 219 695халық тұрады(2014ж 23 наурыз). Елде табиғи өсім 1%о-ге тең болды: кейбір жылдары туған балалар саны (орташа 1000 адамға—9 адамнан) өлгендер санынан (орташа 1000 адамға — 10 адам) кем болады. Соңғы онжылдықта ел халкы репатрианттар есебінен ұдайы толығуда.

Халықтың ұлттыққұрамы салыстырмалы түрде біркелкі: 92%-ы немістер, 2,5%-ы түріктер, 1%-ы югославтар, қалған бөлігін Еуропаның басқаелдерінен келгендер құрайды. Христиан діні мен оның жеке бағыттары (протестанттық, католиктік) басым, сондай-ақ ислам дінінің өкілдері де біршама.

Халқының орташа тығыздығы өте жоғары (1км2-ге 229 адам) болғанымен, ел аумағында біркелкі орналаспаған. Халықтың қоныстану тығыздығы шығысқа қарағанда батыста жоғары (2-суретті қараңдар). Кейіннен қосылған шығыс аумақтар ел ауданының 30%-ын құрағанымен, онда халықтың 20%-ы ғана тұрады. Солтүстік Герман ойпатының шымтезекті батпақтар таралған аудандарында, солтүстік-шығыстағы Мекленбург, Бранденбург жерлерінде халық сиректеу орналасқан (1 км2-ге 50 адамға дейін). Елдің өнеркәсіпті аудандарында халық тығыздығы 1км2-ге 1000 адамнан асады.

Халықтың 86%-ы қалаларда тұрады. Елде ірі қалалар көп: тұрғындарының саны 300 мыңнан асатын 19 қала, 100 мыңнан асатын 84 қала бар. Өнеркәсіпті аудандарда ірілі-ұсақты қалалардың тұтасып кетуінен ірі қала агломерациялары пайда болған. Рур өнеркәсіпті ауданы мен оған көршілес аудандар аумағында аса ірі Рейн-Рур агломерациясы қалыптасқан. Оның құрамында жүзге жуық қала (25-і іріқала) бар, халық саны 11 млн-ғажеткен. Еуропадағы басқа ірі агломерациялардан айырмашылығы — мұнда шағын қалалар бір ғана алып қаланың ("ядро") маңына емес, бірнеше ірі қаланың айналасына шоғырланады. Сондықтанқалаагломерацияларыныңмұндайтүрінкөпядролыдепатайды.

Ауылхалқы, негізінен, тұрғындарыныңсаны 2 мыңнанаспайтынелдімекендердетұрады. Әлеуметтік-экономикалықжағдайыжоғарыболатынГерманиядаадамныңөміржасыныңұзақтығы ер адамдарүшін 75 жас, әйелдерде 81 жастықұрайды. Елдехалыққамедициналыққызметкөрсетужоғарыдеңгейде: мамандәрігерлер саны 270 мыңшамасында, яғни 1 дәрігерге 300 тұрғыннанкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]