- •Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлаудың міндеттері мен үрдістеріне сиапттама беріндер
- •2. Халықты ұйымдастыру мен аудандық жоспарлау пәнінің негізгі зерттеу әдістеріне талдау жасандар
- •3. Аумақ - мемлекеттің негізгі даму факторы ретінде ұғымына сипаттама беріп талдау жасандар
- •4. Қр және дүние жүзі елдерінің табиғат жағдайы мен ресурсына сипаттама келтіріндер
- •5. Аудандастыру негізінде табиғат жағдайы мен адам қарым қатынасына салыстырмалы талдау жасандар
- •6. Негізгі демографиялық көрсеткіштер және халықтың құрылымы ұғымдарына тоқталып өтіңдер
- •7. Өндіргіш күштерді орналастыру мен халықтың оңтайлы қоныстануына талдау жасандар
- •8. Механикалық көші – қон: миграциялық баланс, ішкі және сыртқы миграция көрсеткіштерін сипаттандар.
- •9. Халықтың этникалық құрылымы, халық орналастырудағы этникалық процесстерге анықтама беріндер.
- •10. Қр тілдік және діндік құрамына сипаттама беріндер.
- •11. Халықты орналастыру негіздері. Геодемография. Локалитет және локалитет типтеріне анықтама беріндер.
- •14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
- •16. Шаруашылықтың дамуындағы негізгі перспективалары. Қауіпті және қолайсыз табиғат құбылыстары.
- •17. Қоғамның өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуы.
- •19. Қоршаған ортаны қорғау. Тарихи ескерткіштер және мәдениет.
- •20. Халықты орналастырудағы этносаяси кикілжіндер, жікжілдік.
- •21. Дүниежүзі және Қазақстан халықтарының орналасуына әсер ететін әлеуметтік – экономикалық факторлар
- •22. Дүниежүзі халықтарының серпіні. Өндірістік процесстерге әсерін тигізетін факторлар.
- •23. Халықтың туылуы, өлім жітімі, табиғи өсүі. Халықтың табиғи қозғалыс коэффициенті
- •24. Адам нәсілдері, типтері, белгілері және географиялық орналасуы.
- •25. Этнография және этногеография негіздері.
- •26. Әлеуметтік құрылыс және әлеуметтік стратификация. Вебер және Маркс бойынша әлеуметтік стратификация. Қазіргі халықтар стратификациясына анықтама беріндер
- •27. Халықтың территориялық қозғалыс көрсеткіштері. Демографиялық саясат. «Демографиялық жарылыс» және «демографиялық дағдарыс» елдерін талдап өтіндер.
- •28. Халық тығыздығы. Қалалық мекеннің ерекшеліктері. Ауыл және қала мекенінің географиясына сипаттама келтіріндер.
- •29. Геоурбанистика ғылымы, әлем қалаларының типологиясы, мегаполис және агломерация ұғымдарына сипаттама беріндер.
- •31.Дүние жүзі елдерінің еңбек ресурстар балансының құрамын қарастырып талдау жасау
- •32. Ішкі және сыртқы миграция саны
- •34. Дүниежүзінің діндер географиясы
- •36 Дүниежүзі елдерінің халық тығыздығының көрсеткіштеріне талдау жасандар (Экстремум мемлекеттер)
- •37 Ауыл және қала мекенінің географиясы. Халықтардың ауданаралық қоныстану ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер.
- •38 Қр және тмд елдерінің өндіргіш күштерінің аймақтық ұйымдастырылуына сипаттама келтіріндер
- •39 Халықты ұйымдастыру және аудандық жоспарлау негізінде туындайтын экологиялық мәселелерге анықтама беріндер
- •Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану индексі, 2012
- •Өзендердің ластану индексі, 2012
- •40 Облысішілік, аймақішілік, республика ішілік аймақтарды жоспарлау жобасын қарастырындар
- •46.Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне тоқталып өтіндер қр және дүние жүзі бойынша салыстырмалы анализ жасандар
- •47.Шаруашылықтың негізгі және қазіргі жағдайда даму бағыттарына тоқталып өтіндер (ауыл шаруашылығы мысалында)
- •48.Шаруашылық салалары және қоршаған орта қарым қатынасына сипаттама келтіріндер
- •49.Өндіргіш күштердің халық қоныстану аймақтарына әсері және ықпалын бағалап жазындар
- •52. Аймақты инженерлік қамтамасыздандырудың дайындық жұмыстарын жүргізуді сипаттандар
- •53. Тарихи ескерткіштер мен мәдени орталықтарды қарастырып, оларға сипаттама беріндер
- •54. Дүниежүзі халықтарының аймақ бойынша динамикалық сандық анализі. Берілген мәліметтер бойынша үлгі – сызба немесе график құрастырындар
- •55. Дүниежүзі агломерацияларының картосхемасын құрастырындар, транспорттық тораптар мысалында анықтама келтіріндер (Еуропа және Азияның ірі қалалары).
- •56.Халық санағы бойынша дүниежүзі елдерінің халқын есепке алу көрсеткіштеріне талдау жасандар (таңдау бойынша әлем елдері).
- •57.Екі елдің нәсілдік құрамына салыстырмалы талдау жасап Раса ұғымына сипаттама беріндер
- •58.Ақш, Жапония (не басқа ел) мысалында халықтарының аймақ ішілік орналасу ерекшеліктеріне тоқталып өтіндер
- •59.Шетелдік Азия, Африка, Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, снг елдерінің этникалық құрамын талқылап өтіндер
14. Қр еңбек ресурсы және халықтың жұмыспен қамтылуы ұғымдарына талдау келтіріндер.
Еңбек ресурсын есептеуде ең бірінші жас ерекшелігіне көңіл бөлінеді. Еңбек ресурсы дегеніміз - мемлекет экономикасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар. Олар үшкомпоненттен тұрады.
Бірінші компонент- жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер. олардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.Сонымен бірге олар еңбекке кабілетті жас кезеңінің алдында тұр.
Екінші компонент - еңбекке жарамды жас кезеңіндегі еңбекке қабілетті адамдар. Еңбек ресурсының ең саны көбі де осы Қазақстандағы еңбекке жарамды жас, оның төменгі шекарасы 16 жас, ал жоғарғы деңгейі, жасына қарай зейнетке шығу (ерлер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас) жасы. Олай болса еңбекке жарамды жас ерлер арасында 16-63, әйелдер арасында 16-57. Бұл жастағы кейбір адамдар жұмысқа жарамсыз (ауруына байланысты және мүгедектер). Олар еңбек ресурсы қатарына жатқызылмайды.
Үшінші компонент - жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер. Еңбек ресурсы - ұдайы қозғалыста болғандықтан оның мөлшері халықтың жас ерекшелігіне және жұмыс істейтін зейнеткерлерге байланысты. Еңбек ресурсының көптеген бөлігі мемлекетіміздің экономикасына жұмыс істесе (жұмысшылар), біраз бөлігі жұмыс іздеуде (жұмыссыздар).
Жұмысшылар мен жұмыссыздар бірігіп экономикалық белсенді халық деп аталады (ЭБХ). Экономикалық еңбекке қабілетсіз халық саны салыстырмалы түрде өте аз.
Экономикалық белсенді халық өзінің жұмыс күшін жұмысқа арнайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты - жұмыс берушілер - кәсіпкерлер мен мемлекет анықтайды. Жұмыс күшіне деген сұранысты қалыптастыру мен ұсынысты еңбек нарығы деп атайды. Егерде жұмыс орны мен (сұраныс) жұмысшылар саны (ұсыныс) бірдей болса жұмыс нарығында тепе-теңдік қалыптасады, яғни экономикалық белсенді халық толығымен жұмыспен қамтамасыз етіледі. Егерде сұраныс ұсыныстан артық болса жұмыс күші жетіспейтін жағдай туындайды. Керісінше жағдайда, сұраныс ұсыныстан кем болса, жұмыссыздык, пайда болады. Қазақстанның еңбек нарығындағы ұсыныс - 8 , 5 млн экономикалық белсенді халық. Бұл дегеніміз қомақты жөне сапалы жұмыс күші.
Қазақстан нарығындағы жұмыс күшіне дегенбәсекелестік (конкуренция) шетелден келетін жұмысшылар тарапынан да болуда. Экономиканың қарқынды даму жолдарында гастарбайтерлер (шетелден келген жұмысшылар) саныглобализациялау деген ұғымның нәтижесінде күрт көбейіп кетті. Жұмыс орындарының және түрлерінің көбейгеніне қарамастан жұмыс орнына деген сұраныс көбеюде. Экономикалық белсенді халықтың 7%-ға жуығы (0,5 млн адамнан астам) әлі күнге дейін жұмыссыздар.Қазақстандық жұмыссыздардың бүгінгі күнгі көрінісі мынадай: жасы 16-29 аралығындағы, жалпы орта білімі бар, бір жылдан артық уақыттан бері жұмыссыз отырған қала тұрғыны. Жұмыс нарығына елеулі әсер етуші мемлекет, оған жұмыс орнының 1/4 бөлігі тиесілі. Мемлекет жаңа кәсіпорындардын; пайда болуын қолдай отырып жұмыссыздарды қайта дайындау курстарына жіберуде. Жұмысқа орналасу жұмысшының бәсекелестікке қабілеттілігіне де байланысты. Бұл жерде негізгі рөл жұмысшының кәсіби білімділігіне, жаңа мамандықты игеріп кету қабілетіне байланысты. Мамандықтың түрлерін көбірек меңгерсең, соншалықты жұмысқа орналасу мүмкіншілігің жоғарылайды.Қазақстан республикасы Президентінің 2006 жылдың ақпан айындағы Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қарастырылды. Экономиканың аса маңызды басымды дамуының бірі бұл – мемлекет Басшысының «Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты ең пәрменді саясаты болған және болып қалады» деп анықтаған қазіргі тұрақты саясат болып табылады. Барлық бағыттар бойынша бізде бағдарламалар бар, олар қозғалыссыз емес: біз халықаралық тәжірибені енгізіп және жаңа беталыстарға сәйкес, алға қойған міндеттерге жетуді жалғастыруымыз керек.
Жұмыспен қамту 2020 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру[1].
15. Жұмыспен қамтамасыздандырудың негізгі мәселелеріне сипаттама беріндерЖұмыспен қамту 2020 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған мемлекеттік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру[1].Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 % төмендеді.Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу және іске асыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде (2008 – 2010 жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан – еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.
