Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Болатова Ж.А. - дипломдық жоба.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

2.14 Сурет – Siemens simatic s7-300 контроллері

Өнімділігі әр түрлі орталық процессорлардың бірнеше типін пайдалану мүмкіндігі, аналогты және дискретті сигналдарды енгізу-шығару модульдерінің, функционалды модульдер және коммуникациялық процестердің кең гаммасы контроллерді тиімді пайлануға жағдай туғызады.

SIMATIC бағдарламаланатын контроллерлері өндірістің барлық салаларындағы автоматтандырудың негізгі жүйесі болып келеді. Құрамында басқарудың стандартты аппаратурасын және өндірістік бағдарламалық қамсыздандырудың кең гаммасын біріктіреді. Икемділігі жоғары, таратылған енгізу-шығару жүйесін қолдану мүмкіндігі бар және нысанды жаңарту кезіндегі жүйені кеңейту жеңіл.

Техникалық сипаттамалары:

- Кіріктірілген функциялар көлемі көп болғандықтан SIEMENS контроллерінің өнімділігі жоғары;

- Қорғаныс дәрежесі IP 20, IEC 529 сәйкес;

- Жұмыс температуралар диапазоны горизонталды орнату кезінде 0…60°C (-25…60°C - Outdoor), вертикалды орнату кезінде 0…40°C (-25…40°C - Outdoor);

- Салыстырмалы ылғалдылық 5…95%;

- Атмосфералық қысым 795 … 1080 ГПa;

- Тізбек оқшаулауы = 24 В, сынау кернеуі = 500 В.

Орталық процессорлардың 20 типі бар:

  • S7-300C (Compact) орталық процессоры, операциялық жүйесіне технологиялық функциялар біріктірілген және кіріктірме кіріс және шығысы бар 6 модель: CPU 312C/ CPU 313C/ CPU 313C-2 DP/ CPU 313C-2 PtP/ CPU 314C-2 DP/ CPU 314C-2 PtP;

  • орталық прцессоры стандартты орындалған 4 модель: CPU 312/ CPU 314/ CPU 315-2 DP/ CPU 317-2 DP;

  • Industrial Ethernet/ PROFINET интерфейсі кіріктірілген, стандартты орындалғын орталық процессорлар: CPU 315-2 PN/DP, CPU 317-2 PN/DP және CPU 319-3 PN/DP;

  • CPU 315T-2 DP және CPU 317T-2 DP орталық процессорлары, операциялық жүйесіне позициялау және орын ауыстыруды басқару функциялары, PROFIBUS DP/ DRIVE интерфейсі және кіріс-шығыстар кіріктірілген;

  • Операциялық жүйесіне апатқа қарсы қорғаныс және қауіпсіздік фунциялары кіріктірілген 5 орталық процессор: CPU 315F-2 DP, CPU 315F-2 PN/DP, CPU 317F-2 DP, CPU 317F-2 PN/DP және CPU 319F-3 PN/DP.

Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы жоғары: логикалық нұсқауды орындау уақыты 0.01... 0.2 мкс, математикалық операцияны орындау уақыты 0.02... 6 мкс.

S7-300 орталық процессорларын программалау STEP 7, STEP 7 Professional неме STEP 7 Lite орталарындағы LAD, FBD немесе STL тілдерінде орындалады.

2.12.1.2 ABB АС 800M контроллерлары

AC 800M контроллері көптеген байланыс фунциялары бар және көптеген енгізу-шығару жүйесін қолдайтын модульді контроллер (2.15 сурет). Compact Control Builder бағдарламасымен қатар қолданғанда AC 800M басқарудың кез-келген шешімінде қолданылады. Қолдануға дайын функциялардың кодтарын және кітапханаларын қайта пайдалану мүмкіндігі орнату және конфигурация тиімділігін қамтамасыз етеді.

Серия AC 800M сериясы шиналы модульге негізделген және құрамында орталық процессор мен байланыс модулі, электрқорек модулі мен қосымша қондырғылар жиынтығы бар. Енгізу-шығару құрылғылырының кең спектріне ұшқын қауіпсіз типтер кіреді.