- •Мазмұны
- •1 Негізгі бөлім. Газды сепарациялау технологиясына қысқаша шолу
- •Газды кешенді дайындау қондырғысын сипаттау
- •1.1 Сурет – Газды кешенді дайындау қондырғысының құрылымдық сұлбасы
- •Төмен температуралы сепарациялау қондырғысын сипаттау
- •Газ өнеркәсібіндегі табиғи газды сепарациялау процесі
- •Газды сепараторлардың негізгі конструкциясы
- •Сурет – Ағынды тангенциалды енгізуі бар гравитациялық сепаратор
- •1.3 Сурет – Басатын пластиналары бар көлденең сепаратор
- •1.4 Сурет – Тік сепаратордағы газды ағын бағытының сұлбасы
- •1.5 Сурет – Тік (а) және көлденең (ә) сепараторлардың сұлбасы
- •1.6 Сурет – Сепаратордың сұйықтықты тамшылық және қабықшалы дренаждау элементтері
- •1.7 Сурет – Газды циклонды сепаратордың сұлбасы
- •Дипломдық жоба есептерінің қойылымы
- •Арнайы бөлім. Газды сепаратордағы газдың қысымын автоматты реттеу жүйесін құру
- •Газды төмен температуралы сепарациялаудың технологиялық жүйесі
- •2.1 Сурет – Газды төмен температуралы сепарациялау жүйесінің технологиялық сұлбасы
- •2.2 Сурет – Газды гравитациялы сепаратордың жалпы сұлбасы
- •2.3 Сурет – Газды гравитациялы сепаратордың жұмыс принципі
- •Газды сепарациялау процесінің тиімділігіне әсер ететін факторлар
- •Газды сепарациялау процесі автоматты реттеудің нысаны ретінде
- •2.4 Сурет – Автоматты реттеу нысаны ретіндегі газды сепарациялау процесінің құрылымдық сұлбасы
- •Газды сепаратордың беріліс функциясы
- •2.5 Сурет – Газ қысымын реттеу жүйесі үшін сепаратордың өтпелі сипаттамасының графигі
- •Өндірістегі қысымды автоматты реттеу жүйесінің контурын зерттеу
- •2.6 Сурет – Статикалық режимдегі газ қысымын автоматты реттеу жүйесінің бастапқы құрылымдық сұлбасы
- •2.7 Сурет – Түрлендірудің бірінші кезеңінен кейінгі арж құрылымдық сұлбасы
- •2.8 Сурет – Түрлендірудің екінші кезеңінен кейінгі арж құрылымдық сұлбасы
- •2.9 Сурет – Өндірістік реттеуіші бар арж модельдеу сұлбасы
- •2.10 Сурет – Өндірістік реттеуіші бар арж өтпелі сипаттамасы
- •Автоматты реттеу жүйесінің құрылымдық сұлбасы
- •2.11 Сурет – Автоматты реттеу жүйесінің функционалды сұлбасы
- •2.12 Сурет – Тұйықталған жүйенің құрылымдық сұлбасы
- •Реттеуіштің оптималды параметрлерін анықтау
- •2.13 Сурет - функциясының графигі
- •2.14 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің бастапқы мәніндегі
- •2.14 Сурет – Виртуалды нысан үшін функциясының графигі
- •2.15 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің оптималды мәніндегі тұйықталған жүйенің аплитудалық жиіліктік сипаттамасы
- •2.16 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің оптималды мәніндегі тұйықталған жүйенің фазалық жиіліктік сипаттамасы
- •Тұйықталған жүйені орнықтылыққа зерттеу
- •2.17 Сурет – пид-реттеуіш параметрлерінің оптималды мәніндегі
- •Тұйықталған жүйенің өтпелі сипаттамасы
- •2.18 Сурет – VisSim программасындағы тұйықталған жүйенің моделі
- •2.13 Сурет – Тұйықталған жүйенің өтпелі сипаттамасы
- •Газды сепарациялау процесі кезіндегі қысымды реттеу сапасының көрсеткіштері
- •Автоматты реттеу жүйесінің техникалық құрылғылар кешенін таңдау
- •2.14 Сурет – Siemens simatic s7-300 контроллері
- •2.15 Сурет - abb ас800м контроллері
- •2.15 Сурет - Allen-Bradley 1785 plc-5 контроллері
- •2.12.1.4 Бағдарламаланатын контроллерлердің салыстыру анализі
- •Экономикалық бөлім
- •Автоматтандыру жүйесіндегі шығындарды анықтау
- •Автоматтандыру жүйесінің бірінші нұсқасының құнын есптеу
- •Автоматтандыру жүйесінің екінші нұсқасының құнын есептеу
- •Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері
- •4.1 Сурет – Бөлме сұлбасы
- •4.2 Жұмыс орнының жарықтандыру жүйесін таңдау, бөлменің жасанды және табиғи жарықтандыруын есептеу.
- •4.2 Сурет – Оператор бөлмесіндегі шамдардың орналасу схемасы
- •Жұмыс орнындағы микроклимат
- •Қорытынды
- •Қысқартулар тізімі
- •Қолданылған әдебиет
2.12.1.4 Бағдарламаланатын контроллерлердің салыстыру анализі
Жоғарыда жазылған контроллерлердің техникалық сипаттамаларының салыстыру анализі 2.4 кестеде келтірілген. Ал олардың артықшылықтары мен кемшіліктерінің анализі 2.5 кестеде келтірілген.
2.4 кесте – Сипаттамалардың салыстыру кестесі
Контроллер түрі |
Simatic S7-313С |
АС 800М |
1785 PLC-5, Alen Bradley |
Процессор |
200 Mhz |
24 - 95 Mhz |
150 Mhz |
ОЗУ |
64 КБ |
8 - 32 MB |
6-100 KB |
Flash-жады |
8 MB дейін |
4 MB |
До 256 |
Кіріс/шығыс саны |
256 артық емес |
24 – 96 |
512 |
Коммуникациялық біріктіру саны |
6-32 |
50 |
12 |
Жұмыс температурасы |
-40 ÷ +70 |
+5 ÷ +55 |
-40 ÷ +70°C |
Соққыға тұрақтылығы |
30 G |
20 G |
20G |
Ethernet, RS-232, RS-485, Modbus |
+ |
+ екі еселенген |
+
|
ОСРВ |
+ |
+ |
- |
Қойылатын бағдарламалық қамсыздандыру |
STEP 7 |
Control Builder |
RSLogix 5
|
2.5 кесте – Контроллерлардың салыстыру анализі
Контроллер |
Артықшылығы |
Кемшілігі |
ABB АС800М |
1. Барлық қорек көздерін, жүйенің барлық деңгейіндегі байланыс каналдарын резервтеу сенімді басқару жүйесін құруға мүмкіндік береді . 2. Енгізу/шығару каналының және коммуникациялық каналдардың көпшілігін қолдану мүмкіндігі қиындығы әр түрлі икемді жүйе құруға мүмкіндік береді. |
1. Жүйені орындаудың үлкендігі. 2. Монтаждағы кейбір қиындықтар |
Siemens Simatic S-300 |
1.Баға / сапа / функционалдылық қатынасы тиімді. 2. Операциялық жүйе деңгейіндегі кең функциялар жиынтығы. 3. ТМД елдерінің аумағында, Қазақстанда кең тараған. 4. Эксплуатация және қолданудағы аз шығыны. |
1. Ескірген операциялық жүйе қолданылады. |
Allen-Bradley 1785 PLC-5 |
1. Құрылғылардың бағасы төмен; 2. Жоғары деңгейлі басқару жүйесімен жеңіл біріктіріледі |
1. Бағдарламалық қамсыздандырудың жұмысы тұрақсыз. |
Қазақстан рыногында кең тараған, жүйесі сенімді әрі жеңіл және техникалық сипаттамалары бойынша сәйкес келетіндіктен реттуіш ретінде Simatic S7-300 Siemens компаниясының бағдарламаланатын контроллері таңдалды.
Контроллер құрамына келесі кіреді:
- каркас;
- орталық процессор CPU;
- қорек блогі;
- коммуникациялық процессор.
Орталық процессор ретінде CPU 313C таңдалды, себебі ПИД-реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. CPU 313C құрылымы:
- 24 дискретті кіріс = 24В;
- 16 дискретті шығыс = 24В/0.5А;
- ток күші немесе кернеудің сәйкестендірілген сигналын өлшеуге арналған 4 аналогты кіріс;
- Pt100 температура датчигін қосуға арналған бір аналогты кіріс;
- 2 аналогты шығыс;
- кіріктірме функциялар терімі (жылдамдық санау, жиілікті немесе период ұзақтығын есептеу, ПИД реттеу ).
PS-307 қорек блогі – желі кернеуін (AC 120/230 В ) S7-300 және жүктемесі DC 24 V тізбектердің электроқорегі үшін жұмыстық DC 24 түрлендіреді. PS 307; 10 A қорек көзінің ерекшеліктері:
- кіріс тогы 10 А;
- шығыс кернеуі 24 В;
- қысқаша тұйықталу және тізбектің үзілуінен қорғау;
- EN 60 950 сәйкес сенімді электрлік оқшаулау;
- жүктеменің қорек көзі ретінде қолдануға болады.
CP 343-1 коммуникациялық процессоры SIMATIC S7-300 контроллерлерін Industrial Ethernet желісіне қосылуға мүмкіндік береді.Ол орталық процессорды коммуникациялық тапсырмаладан босатады және келесі функцияларды қолдайды:
- ISO, TCP/IP тасымалдау протоколдары және UDP;
- PG/OP байланыс функциясы (программаторлармен және адам-машиналы интерфейсті құрылғылармен байланыс);
- S7 байланыс функциясы связи (клиент, сервер, мультиплексациялау).
- S5 байланыс функциясы.
Модульде кіріктірілген AUI/ITP және RJ45 интерфейстері бар. AUI/ITP интерфейстері арасындағы ауыстыру автоматты түрде орындалады. Мәліметтерді жіберу дуплексті немесе жартылай дуплексті режимде 10 немесе 100 Мбит/с жылдамдықпен жүреді. CP 343-1 контроллерді желі арқылы алыстан бағдарламалауға және контроллелерді Ethernet кеңселік желіге қосуға мүмкіндік береді. Коммутациялық процессорды үйлесімдеу NCM S7 пакеті арқылы орындалады.
Сигналды модульдер әртүрлі электрлік және уақыттық параметрлері бар дискретті және аналогты сигналдарды енгізуді-шығаруды қамтамасыз етеді.
2.12.2 Өлшеу және басқару құралдарын таңдау
Газды сепарациялау процесі кезіндегі негізгі өлшенетін параметр газдың қысымы болып табылады. Сондықтан өлшегіш аспап үшін қысым датчигі таңдалды. Қысым өлшеуге арналған датчикті таңдау барысында келесі параметрлер ескеріледі:
қолдану аясы;
өлшеу диапазоны;
өлшеу қателігі;
жарылыс қауіпі бар ортада жұмыс жасауы;
бағасы.
Негізгі параметрлерге сүйене отырып қысым датчиктеріне салыстырмалы талдау жасалды.
2.6 к е с т е – Қысым датчиктерін салыстырмалы талдау
Сипаттамалары |
Сапфир 22М-ДИ-2160 |
МИДА-ДИ-12П-05 |
Метран 100 ДИ-1160 |
Өлшеу диапазоны |
0,16 кПа...10 МПа |
0 ... 10 МПа |
0,04 ... 10 МПа |
Өлшеу қателігі |
± 0,15% |
± 0,5% |
± 0,25% |
Қорек көзі |
=24-36 В |
=24-36 В |
=24-36 В |
Шығыс сигналы |
4-20 мА HART протоколы |
4-20 мА |
4-20 мА HART протоколы |
Жұмыс ортасының температурасы |
-40...+70°C |
-40...+80°C |
-40...+70°C |
Талдау нәтижесі бойынша Сапфир 22М-ДИ-2160 датчигі барлық талаптарға сай келеді және өлшеу қателігі аз.
Газды өнеркәсіп саласы атылыс және өрт қаупі бар қауіп-қатерлі нысан болып табылады. Сондықтан орнатылған кран пневможетекті болуы тиіс. Жұмыста Тяжпромарматура DN 1050 PN 10 МПа типті пневможетекті кран таңдалынды, техникалық сипаттамасы 2.7 кестеде көрсетілген.
2.7 к е с т е – Пневможетекті кранның техникалық сипаттамасы
Жұмыс қысымы |
10 МПа дейін |
Қөрек көзі |
12 В |
Шығыс сигналы |
қорек қысымға тең пневматикалық, дискретті |
Қолдану қуаты |
15 Вт |
Жұмыс температурасы |
-45 ... +50 °C |
Орындаушы элемент өндірістік процестерді автоматтандыру жүйесіндегі негізгі элементтердің бірі. Автоматты реттеу жүйесінде қолданылатын орындаушы элемент реттеуіштен келген сигналға байланысты реттеуші элементті жылжытуға бағытталған жұмыс жасайды. ОЭ қойылатын негізгі талаптар: шапшаң әрекеттілікті және қажетті дәлдікті қамтамасыз ету. ОЭ қойылатын қонструктивті, эксплуатациялық және экономикалық талаптар:
- өлшемдері мен салмағы минималды, конструкциясы жеңіл, сенімділігі жоғары болуы тиіс және қозғалтқыш механизмінің байсалды және бірқалыпты қозғаласын қамтамасыз етуі тиіс;
- артық жүктеме мен бұзылудан сақтау құрылғысы және қолмен басқару блогі болуы тиіс;
- эксплуатацияда қауіпсіз, жұмысы тұрақты, реттеуші элементтің орын ауыстыруы жылдамдығы бірқалыпты және жылдамдық пен айналдырушы моментті реттеу мүмкіндігі болуы қажет;
ОМ негізгі көрсеткіштері:
- шығыс валдағы айналдыру моментінің номиналды мәні;
- ПӘК – шығыстағы максималды пайдалы қуаттың қорек көзінен алынатын қуатқа қатынасымен анықталады.
Орындаушы механизмдердің салыстыру талдауы 2.8 кестеде көрсетілген.
2.8 к е с т е – Орындаушы механизмнің техникалық сипаттамасы
Сипаттамасы |
МИП-П |
МИМ |
Жұмыс қысымы |
1 ...10 МПа |
1 ...0,1 МПа |
Кіріс сигналы |
0,02...0,1 МПа |
0,02...0,1 МПа |
Қорек қуаты |
0,04... 1МПа |
- |
Жұмыс температурасы |
-30 ... +50 °C |
-10 ...+50 °C |
Жұмыс ортасының салыстырмалы ылғалдылығы |
95% |
95% |
Массасы |
15,2-31,5 кг |
15-124 кг |
МИП-П орындаушы механизмі барлық техникалық талаптарға сай келеді, және массасы бойынша қолайлы.
